§ 1. Жалпы ережелер
7. Ұшуға (ұшуларға) алдын ала дайындау мыналарды көздейді:
1) алдағы ұшудың (ұшулардың) міндетін айқындау;
2) ұшуды (ұшуларды) орындау үшін қажетті құжаттаманы таңдау және жинау;
3) ұшу маршрутын (ауданын), оның географиялық және климаттық ерекшеліктерін зерделеу;
4) межелі әуеайлақты (әуеайлақтарды) және қосалқы әуеайлақтарды (соның ішінде басқа ведомстволардың әуеайлақтарын) аэронавигациялық ақпарат құжаттары бойынша зерделеу;
5) ұшу маршруты бойынша навигациялық құралдардың орналасуын, оларды пайдалану тәртібі мен ерекшеліктерін зерделеу;
6) ұшу (ұшулар) маршруты (ауданы) бойынша әуе қозғалысына қызмет көрсету ұйымдарының міндетті хабарламалар пункттері арасындағы қызмет көрсетуді қабылдау-беру шептерін және радиобайланыс жүргізу тәртібін зерделеу.
Әуе трассаларында, ЖӘЖ, әуеайлақтар (аэротораптар) аудандарында әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсаттары үшін міндетті хабарламалар пункттері (бұдан әрі – МХП), ӘҚҚК бақылау нүктелері немесе беру (қабылдау) шептері анықталады:
ӘҚҚК органдарының жауапкершілік аудандары (аймақтары) арасындағы шекараларда;
әуе кемелерінің ұшу бағытын өзгерту, әуе трассалары мен ЖӘЖ қиылысу, әуе трассасына және ЖӘЖ кіру (шығу) нүктелерінде;
бейне түрінде немесе борттық радиолокаторлардың көмегімен танылатын тән бағдарларда;
биіктікті алу немесе төмендеу (эшелонды ауыстыру) нүктелерінде, белгіленген ұшу режимдері бар аймақтарда (аудандарда);
биіктік алу, төмендеу және қонуға бет алу схемаларының, күту аймақтарының тән нүктелерінде.
Ұшуларды орындау және ӘҚҚК жүзеге асыру кезінде міндетті хабарлар белгіленеді, олар:
буксирлеуге, қозғалтқыштарды іске қосуға, алдын ала және атқарушылық стартқа рульдеуге, ұшып көтерілуге (қонуға) дайындығы туралы және оларды орындаулары туралы, қону жүйелерін, қонуға бет алу схемаларын пайдалану, қонудан кейін ҰҚЖ босату және тұраққа рульдеу туралы;
ӘҚҚК аудандарына (аймақтарына) кіру, шығу, міндетті хабарламалар шептерінен нақты және есептік ұшып өту уақыты, схемаларда белгіленген бақылау нүктелерінен ұшып өту, берілген эшелонға көтерілу немесе төмендеуді бастау және жаңадан берілген эшелонда (биіктікте) ұшу туралы;
ұшу метеожағдайлары (қауіпті метеорологиялық құбылыстар), сондай-ақ құстардың (олар бар болған кезде) шоғырланулары мен ұшулары туралы;
әуеайлақ, әуе трассалары, ЖӘЖ бойынша, ұшу маршруттарында және авиациялық жұмыстар аудандарында бар нақты әуе кемесіне қатысты шектеулер туралы әуе кемелері экипаждарының рұқсаттарға және хабарларға сұрау салуларын, ӘҚҚК органдары диспетчерлерінің нұсқауларын және ақпараттарын қосады;
7) әуе кеңістігін және шекара маңы жолағын пайдалануға (шекара маңы аудандарда ұшулар кезінде) тыйым салуларды, шектеулерді оны ұшу картасында ерекшелей отырып зерделеу;
8) әуе кемесінің борттық жүйелерін алдағы ұшудың (ұшулардың) нақты шарттарына қатысты пайдалану ерекшеліктерін зерделеу;
9) алдағы ұшудың (ұшулардың) нақты шарттарына қатысты азаматтық авиация саласында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес ұшудың ерекше жағдайларында экипаж мүшелерінің өзара әрекеттесу тәртібін оны орындаудың барлық кезеңдерінде зерделеу.
8. Алдын ала дайындау экипаждың ұшуға (ұшуларға) дайындығын бақылай отырып, ойнап өтімен аяқталады, оны ұшқыштар бөлімшесінің басшысы немесе оның орынбасары аға мамандардың қатысуымен өткізеді.
9. Авиациялық жұмыстарды орындау бойынша ұшуларға дайындау қосымша мыналарды қосады:
1) авиациялық жұмыстың әрбір түрі бойынша ұшуларды ұйымдастыру мен орындауды регламенттейтін арнайы нұсқаулықтар мен басшылықтарды зерделеу;
2) ұшу аудандарын, тән бағдарларды және жергілікті жер рельефін, әсіресе шекара маңы аудандарында егжей-тегжейлі зерделеу;
3) аз және өте аз биіктіктерде ұшулар кезінде бейне бағдарды жүргізу ерекшеліктерін зерделеу;
4) ойда есептеу дағдыларын пысықтау;
5) тыйым салулар мен шектеулерді, ЖӘЖ желісін және жасанды кедергілердің орналасуларын ескере отырып, маршрутты таңдау және салу;
6) экипаждың (пилоттың) ұшулар маршруты бойынша және ауданындағы аэронавигациялық жағдайды және жергілікті жер ерекшеліктерін білуі;
7) алдағы қону ауданын білуі және қону пунктінің ауданындағы тән бағдарларды әуеден қатесіз тани білуі.
§ 2. Халықаралық ұшуларды орындауға дайындау
10. Халықаралық ұшуларға дайындау Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) ұсынылатын тәжірибесінің және стандарттарының талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі және орындалады.
11. Халықаралық ұшуларды орындауға, келесіні білуге арнайы дайындықтан өткен, әуе кемелерінің экипаждары жіберіледі:
1) Конвенцияны, ИКАО халықаралық стандарттары, ұсынымдары мен рәсімдерін, сондай-ақ олардың әуе кеңістігінде ұшу орындалатын шетел мемлекеттерінің ұшу ережелерін;
2) халықаралық әуе трассалары жөніндегі аэронавигациялық ақпарат жинақтарын, сондай-ақ шетелдік басылымдағы радионавигациялық карталарды және анықтама материалдарды пайдалану тәртібін;
3) кедендік және паспорттық бақылау рәсімдерін, халықаралық рейстердің ұшып шығуын (келуін) рәсімдеумен ұйымдастыруын;
4) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының "Әуе қозғалысының құрылымы" Doc.4444 ATM/501, ИКАО құжатына сәйкес ұшу жоспарын (флайт жоспарды), қайталанған ұшу жоспарларын толтыру және ұсыну және ұшар алдындағы аэронавигациялық ақпаратты алу ережелерін;
5) Конвенцияға "Халықаралық аэронавигацияны метеорологиялық қамсыздандыру" 3-қосымшасына сәйкес шетел мемлекеттерінде ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету тәртібін;
6) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды;
7) Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық келісім-шарттарына сәйкес халықаралық әуе қатынасы туралы жолаушылар, багаж, жүк және пошта әуе тасымалдарының қағидаларын;
8) Шетел мемлекеттерінде пайдаланылатын іс-тәжірибеге сәйкес, төмендеуге, қонуға бет алу кезінде және ұшып көтерілгеннен кейін маневрлерді жасау схемаларын.
12. Халықаралық ұшуларды орындайтын әуе кемелерінің экипаждарын пайдаланушының және (немесе) ӘҚҚК органының тиісті қызметтері аэронавигациялық құжаттамамен қамтамасыз етеді.
§ 3. Ұшу карталарын таңдау және дайындау
13. Ұшуға тапсырманың сипатына қарай бағыт (ұшу) карталарын таңдау және дайындау жүргізіледі. Аспаптар бойынша ұшу қағидалар бойынша (АҰҚ) ұшуларды орындаған кезде қолданылатын негізгі бағыт (ұшу) карталары радионавигациялық карталар (бұдан әрі - РНК), сондай-ақ мамандандырылған ұйымдар шығарған карталар болып табылады.
Визуалды аэронавигацияның талаптарын сақтау үшін визуалды ұшулар қағидалары бойынша ұшуларды орындаған кезде визуалды бағдарлау үшін барлық қажетті деректер мамандандырылған картада қамтылмаса 1:1 000 000 масштабты немесе одан ірі (1:500 000, 1:250 000) масштабтағы аэронавигациялық карталар (аэронавигация үшін арнайы жер беті учаскесінің, оның бедерінің және жасанды құрылғыларының шартты белгісі) қолданылады.
Бағыт (ұшу) карталарына мыналар салынуы тиіс:
1) шектеу межесінің сызығы (пеленгтер, азимуттер) қара түспен;
2) ӘҚҚК аудандарының шекаралары және олардың атаулары жасыл түспен;
3) берілген жол жолақтары (бұдан әрі – БЖЖ) және БЖЖ айырылыстарында МБП, МБұП және МСП пункттері арасындағы қашықтықтар;
4) тірек меридиандардан өлшенген ортодромдық бағыттық аспаптармен ұшуларды орындаған кезде – ортодромдық магниттік немесе шынайы жол бұрыштары (сәйкесінше – ОМЖБ, ШЖБ) және БЖЖ бойынан ұшу бағытындағы бағыттағышы бар ағымдағы – бастапқы (маршруттың ұзақтығы үлкен учаскелерінде 3-50 шамасына өзгеру кезінде қайталанатын) магниттік жол бұрыштары;
5) локсодромдық бағыттық аспаптармен ұшуларды орындаған кезде – маршрут учаскелері бойынша орташа меридиандардан өлшенген магниттік жол бұрыштары (бұдан әрі – МЖБ); бұл жағдайда маршруттың ұзақтығы үлкен учаскелерінде әрбір 50 – 200 км сайын тән бақылау бағдарлары таңдалады, олардың жанынан МЖБ жаңа мәндері көрсетіледі;
6) басым биіктіктер: жолақта маршрут осінен екі жаққа 50 км-дан; әуеайлақ ауданында – әуеайлақтың бақылау нүктесінен (бұдан әрі – ӘБН) 50 км радиусте қара түсті тікбұрыштарда;
7) магниттік жіктеу мәндері әуеайлақ ауданында және маршруттың әрбір учаскесінде диаметрі 8 мм шеңберлерде 10-тан кейін;
8) шектеу шекарасының (пеленгтер, азимуттер) сызықтары қара түспен;
9) ӘҚҚК аудандарының шекаралары және олардың атаулары жасыл түспен.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 29.07.2013 № 577 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
14. Ұшу бағыттарының учаскелерінде таулы әуеайлақтарға әуеайлаққа дейінгі қашықтықты және төменгі қауіпсіз эшелонды көрсетумен белгіленген межелер қойылады. Бағыт (ұшу) карталарындағы пилотажды деректерді өңдеу және индикациялаудың кешенді жүйесімен жабдықтамаған әуе кемелері үшін.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 29.07.2013 № 577 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15. Таулы жерде ұшу кезінде қажеттілігі бойынша бағыт (ұшу) картасының бос орнына:
1) АҰЕ бойынша ұшулар үшін кешенді өңдеу және пилотаждық деректерді индикациялау жүйесімен жабдықталмаған әуе кемесі үшін газтурбиналы қозғалтқышы бар ұшақтар үшін төмендеу және биіктікке көтерілу учаскелерінде, ал поршеньді қозғалтқыштары бар ұшақтар үшін жалпы маршрут бойынша маршрут осінен екі жаққа ені 25 км-дегі жолақта;
2) БҰЕ бойынша ұшулар үшін әуе трассасы енінің шегінде жер рельефінің кескіні салынады.
Ұшу бағытын үздiксiз беруді қамтамасыз ететiн кешенді өңдеу және пилотаждық деректерді индикациялау жүйесімен жабдықталған әуе кемесі үшін бағыт (ұшу) картасында төмендеуді бастаудың белгіленген межесін және жер рельефінің кескінін көрсету талап етілмейді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 29.07.2013 № 577 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
16. Орындалатын ұшу тапсырмасының сипатына тәуелді ұшу картасына қосымша мыналар салынады:
1) тірек меридианының немесе ұшып шығу (қону) әуеайлағының бойлығын көрсете отырып, әрбір МБП жанындағы тірек меридианнан ОМЖБ немесе ШЖБ; ОМБЖ бастапқы меридианмен қатар, МЖБ оған перпендикуляр, ал ШЖБ жол жолағының бойынан жақшада салынады;
2) ортодромдық жол бұрыштарымен ұшу кезінде гироскоптық бағыт аспаптарын түзету үшін түзетулер (меридиандардың жанынан, ұшу бойынша БҰЖ-дан оң жақтан ыңғайлы қашықтықта шеңберлерде). Маршрут учаскелерінің ОМБЖ (ШЖБ) мәндері, түзетулер шамалары және басқа деректер арнайы кестелерге (палеткаларға) енгізіледі;
3) аэронавигациялық деректер, жердегі радиотехникалық құралдардың шартты белгілері (бұдан әрі – РТҚ) және ұшуды орындау үшін қажетті басқа ақпарат;
4) орталықтары РТҚ орналасқан нүктелердегі азимуттық шеңберлер. Азимуттерді және қашықтықтарды цифрлеу еркін таңдалады, бірақ әуе кемесінің орнын (орын жолағын) анықтаудың қажетті дәлдігін қамтамасыз етуі тиіс;
5) БҰЖ бойынан МБП және МХП дейін радиолокациялық бағдарларға дейінгі қашықтық.
17. Барынша жоғарғы ұшып көтерілу салмағы 5700 кг төмен ұшақтардың және 3180 кг төмен тікұшақтардың БҰЕ бойынша ұшулары үшін жасанды кедергілер ұшу карталарына бөлшекпен салынады: алымында – салыстырмалы, бөлімінде – абсолюттік асу. Арнайы мақсаттағы карталарды таңдау және дайындау орындалатын ұшу тапсырмасының сипатына тәуелді жүзеге асырылады.
Ұшу картасына әуе трассалары және ЖӘЖ бойынша ұшу режимін шектейтін шектеу пеленгтері, азимуттері және шептері ғана салынады.
18. Ұшу карталарын дайындау кезінде олардың көрнекілігін арттыру үшін:
1) қара түспен – маршрут пункттерін; МХП, БҰЖ, қашықтықтарды, ШЖБ, тірек меридиандарын, биіктіктерді, ҰҚЖ суреттерін, түзетулерді және басқаларын;
2) қызыл түспен – ОМЖБ, ШЖБ, шектеу шептерін, пеленгтерін, азимуттерін, магниттік жіктеулерін, азимуттық шеңберлерді;
3) жасыл түспен - ӘҚҚК аудандарының шекараларын және олардың атауларын;
4) сары түспен – радиолокациялық бағдарларды салу ұсынылады.
Ұшу және радиолокациялық карталарға салынатын шартты белгілер осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
§ 4. Іздестіру-құтқару ұшуларын орындауға дайындау
19. Экипаждарды іздестіру-құтқару жұмыстарды орындау бойынша ұшуларға дайындау қосымша мыналарды көздейді:
1) іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі арнайы нұсқаулықтарды, басшылықтарды зерделеу;
2) іздестіру-құтқаруды қамтамасыз ету аудандарын, тән бағдарларды және жергілікті жер рельефін егжей-тегжейлі зерделеу;
3) бейне бағдарлау жүргізу ерекшеліктерін зерделеу;
4) әртүрлі іздестіру әдістерін зерделеу және бұл мақсаттар үшін борттық және жердегі радиотехникалық құралдарды пайдалану;
5) экипаждың іздестіру ауданындағы навигациялық жағдайды білуі.
20. ИКАО Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенциясына "Іздестіру және құтқару" 12-қосымшаның талаптарына сәйкес іздестіру-құтқару ұшуларына дайындау келесілерді көздейді:
1) метеомәліметтер және болжамдар, NOTAM хабарлары және басқалары сияқты іздестіру-құтқару операциялары үшін маңызды ақпаратты алу әдістерін зерделеу;
2) суға қонуды жүргізуге мәжбүрлі әуе кемелерін су үсті кемелерінің орналасу ауданына көздеу әдістерін зерделеу;
3) іздестіру-құтқару және басқа әуе кемелерін апатқа ұшырау жағдайындағы әуе кемелеріне көздеу әдістерін зерделеу;
4) жердегі іздестіру-құтқару командаларымен өзара әрекеттесу әдістерін, әуе кемесінің экипажы беретін "әуе – жер" сигналдарын қолдану тәртібін және жердегі іздестіру-құтқару құралдарының экипаждарымен сигналдармен алмасу тәртібін зерделеу.
21. Іздестіру және құтқару бойынша кезекшілікті ұйымдастыру кезінде іздестіру-құтқару әуе кемесінің экипажы нұсқау беру барысында келесіні орындайды:
1) кезекшілікке міндет алады;
2) ұшулар ауданында радиотехникалық құралдарының жұмыс режимін нақтылайды;
3) ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар көздейді;
4) іздестіру және құтқару ауданының шекараларын және кезекшілік уақытына ұшулар жоспарын нақтылайды.
22. Кезекшілікке тұрар алдында іздестіру-құтқару экипажы келесілерді орындайды:
1) іздестіру-құтқару әуе кемесінің кезекші экипажының нұсқаулығын зерделейді;
2) іздестіру және құтқару жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын зерделейді;
3) іздестіру аппаратурасы мен десант жабдығының ақаулығы мен жұмысқа жарамдылығына ерекше назар аудара отырып, іздестіру-құтқару әуе кемесін ұшар алдындағы дайындауды жүргізеді;
4) іздестіру-құтқару әуе кемесінің бортында авариялық-құтқару мүлігінің және жарақтардың бар болуын және жай-күйін тексереді;
5) ауа райының іс жүзіндегі жай-күйін және болжамын зерделейді;
6) байланыс арналарының дұрыстығын тексереді;
7) ұшар алдындағы медициналық бақылаудан өтеді;
8) кезекшілікке тұрғандығы туралы баяндайды.
Іздестіру-құтқару экипаждарының дайындалуын бақылауды ұшқыштар қызметінің басшысы жүзеге асырады.
23. Кезекші іздестіру-құтқару әуе кемелерінің ұшып шығуға дайындық мерзімдері "Дабыл" командасын алу сәтінен бастап:
1) 30 минут – жазда;
2) 45 минут – қыста, белгіленеді.
3. Ұшуларға ұшар алдындағы дайындау
§ 1. Жалпы ережелер
24. Ұшар алдындағы дайындауды әуе кемесінің командирі нақты аэронавигациялық жағдайды және ұшудың (ұшулардың) метеорологиялық жағдайларын ескере отырып, ұшуға тапсырманың және ұшу (ұшулар) жоспарының негізінде азаматтық авиация қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің әуе кемесі экипажының жұмыс технологиясының талаптарына сәйкес ұйымдастырады.
25. Ұшар алдындағы дайындауды бастар алдында, ұшу алдындағы медициналық қаралу пунктінде (бұдан әрі - медициналық пункт) әуе кемесінің командирі экипаждың ұшуға тапсырманы орындауға дайындығына, экипаж мүшелерінде авиация персоналының куәліктерінің және бекітілген нысанды киімінің бар болуына көз жеткізеді, бұдан кейін брифинг бойынша диспетчеріне экипаждың ұшар алдындағы дайындауға дайындығы туралы хабарлайды.
26. Базалық әуежайда ұшар алдындағы дайындауға экипаж көзделген (жоспарлы) ұшып шығу уақытына дейін 1 сағаттан кеш емес (оның басы экипаждың медициналық пунктке келу уақыты болып саналады), ал аралық әуеайлақтарда қысқамерзімді тұрақтар кезінде экипаждың брифинг бөлмесіне келу сәтінен бастап кіріседі.
Ұшар алдындағы дайындалу әуе кемесін жөнелтуге 5 минут қалғанда аяқталады және қозғалтқыштарды іске қосуға рұқсатқа сұрау салумен белгіленеді.
27. Қажет болған кезде, әуе кемесінің командиріне экипаждың ұшар алдындағы дайындалу уақытын арттыруға рұқсат беріледі, бұл туралы ол пайдаланушының тиісті қызметіне және брифинг бойынша диспетчеріне хабарлайды. Бұл ретте экипаждың жұмыс уақыты барлық жағдайларда азаматтық авиация саласындағы заңнамалық актілерде белгіленген нормативтерден аспайды.
28. Экипаждың барлық мүшелері ұшып шығудан кемінде 2 сағат бұрын медициналық бақылаудан өтеді және денсаулық жағдайы бойынша ұшуды орындау мүмкіндігіне (ұшуға тапсырмада медициналық пункт қызметкерінің белгісі түрінде) медициналық қорытынды алады.
Қандай да болмасын себептер бойынша әуежайларда медициналық байқаудан өту мүмкіншілігі болмаған жағдайда, базалық емес әуежайдан ұшып шығу кезінде, әуе кемесiнiң командирі экипаж мүшелерiнiң ауызша мәлiмдемесi негiзiнде ұшуға дайындығы туралы ұшу тапсырмасына тиiстi жазба жасайды.
29. Экипаждың ұшар алдындағы дайындауының сапасын бақылау әуе кемесінің командиріне жүктеледі.
30. Ұшар алдындағы дайындалу осы Қағидаға 2-қосымшада көрсетілген әуе кемелерінің экипаждарын ұшар алдындағы дайындаудың технологиялық кестесіне сәйкес жүргізіледі және келесілерді көздейді:
1) әуе трассасы, ЖӘЖ, ұшу маршруты немесе ауданы бойынша, межелі (негізгі) әуеайлақтағы және қосалқы әуеайлақтардағы метеорологиялық жағдайды зерделеу және аэронавигациялық жағдайды нақтылау;
2) ұшуды орындау үшін қажетті құжаттаманы алу;
3) ұшу биіктіктерінің қауіпсіздіктерін және төменгі қауіпсіз эшелонды (эшелондарды) анықтау;
4) ұшудың жұмыс жоспарын (навигациялық есептеуді) толтыра отырып, алдын ала есептеуді орындау немесе аэронавигациялық ақпарат органдары ұсынған ұшу маршруты бойынша навигациялық есептеуді бақылау;
5) ұшу бағдарламаларын алу және әуе кемесінің навигациялық кешенінен енгізу;
6) болжамды желді және аэронавигациялық отын запасын ескере отырып, ұшып шығу пунктінен межелі әуеайлаққа дейін ұшуға тұтынылатын отын мөлгерін есептеу;
7) қосалқы әуеайлаққа кету (кері қайту) шебін есептеу;
8) әуе кемесінің осы үлгісінің ҰПБ көзделген жұмыстарды әуе кемесінде орындау.
31. Ұшудың жұмыс жоспары (навигациялық есеп) әрбір көзделген ұшуға немесе ұшулар сериясына пайдаланушының ҰОБ сәйкес жасалады. Ұшудың жұмыс жоспарын әуе кемесінің командирі және, бұл ҰОБ көзделген кезде, ұшуларды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкері (ұшудың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз етуде әуе кемесінің командиріне көмектесетін пайдаланушы тағайындаған тұлға) бекітеді.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 29.07.2013 № 577 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
32. Ұшудың жұмыс жоспарына келесі ақпарат енгізіледі:
1) әуе кемесінің үлгісі;
2) рейс нөмірі, ұшу күні, әуе кемесінің мемлекеттік тіркеу нөмірі;
3) әуе кемесінің экипажы;
4) ұшып шығу және қону әуеайлақтары,
5) бұрылу пункттерін және міндетті хабарландыру пункттерін қоса алғанда, ұшу маршруты, олар арасындағы қашықтық, уақыт және қосалқы әуеайлақтарға ұшуды қоса алғанда, маршруттағы берілген жол бұрыштары;
6) жоспарланған іс жүзіндегі және крейсерлік жылдамдық және жалпы ұшу уақыты, көрсетілген пункттерді қиып өтудің есептік және іс жүзіндегі уақыты;
7) ұшудың ең аз қауіпсіз биіктіктері (эшелондары), ұшудың жоспарланған биіктіктері (эшелондары);
8) отынды, ұшуда отын шығысын бақылау жазбалары бойынша есептеу;
9) қосалқы, межелі, ұшып шығу және маршруттағы әуеайлақтар;
10) ұшуда өзгертілген ұшулар жоспарын есептеу;
11) метеорологиялық ақпарат;
12) пайдаланушы ҰОБ белгілеген қосымша ақпарат;
13) егер жоғарыда тізілгеннің кез келгеніндегі ақпарат әуе кемесінің экипажына қол жетімді басқа құжатта болса, ол ұшудың жұмыс жоспарында келтірілмеуі мүмкін.
Ұшулардың жұмыс жоспарының бір данасы пайдаланушының өкіліне беріледі немесе, бұл мүмкін болмаса, ұшып шығу пунктінде сақтауға тапсырылады.
33. Әуе кемесінің командирі брифингте келесі ақпаратты нақтылайды:
1) әуе кемесі туралы мәліметтер, оның тіркеу нөмірі, конструкция массасы, орталықтандыру, техникалық дайындығы және тұрақ нөмірі;
2) ұшып шығу уақыты (ұшу жоспары өзгертілген жағдайда);
3) ұшу маршрутындағы және қону әуеайлақтарындағы өзгерістер;
4) қосалқы әуеайлақтар, негізгі және қосалқы әуеайлақтардың техникалық дайындығы;
5) аэронавигациялық запасты ескере отырып, отынның қажет етілетін мөлшері;
6) шекті және көзделетін коммерциялық жүктеме;
7) ұшып көтерілудің және қону әуеайлақтарының нақты шарттары үшін әуе кемесінің рұқсат етілетін ұшып көтерілу массасы;
8) ұшу режимі жөніндегі ақпарат.
34. Экипаж құрамында болған жағдайда, брифинг бөлмесінде алдағы ұшу бойынша қажетті ақпаратты алғаннан кейін, бортинженер немесе бортмеханик әуе кемесіне оны дайындау үшін барады.
Әуе кемесінің командирі, екінші пилот және штурман метеорологиялық қамтамасыз ету пунктінде немесе брифинг бөлмесінде азаматтық авиация қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен анықталған кезеңге метеорологиялық жағдайлармен, трасса бойынша жел режимімен, ұшып шығу әуеайлағындағы, қону пункттеріндегі және қосалқы әуеайлақтардағы іс жүзіндегі және болжанатын ауа райымен танысады. Қосалқы әуеайлақ өзгерген жағдайда әуе кемесінің командирі әуе кемесіне қосымша отын құю туралы шешім қабылдайды немесе ӘҚҚК органдарымен қосымша аралық қонуды келіседі.
35. Ұшуды дайындау және орындау үшін, пайдаланушының немесе пайдаланушымен уағдаластық бойынша басқа авиациялық ұйымның аэронавигациялық қызметтері экипаж мүшелеріне: штурманға, екінші пилотқа, әуе кемесінің командиріне немесе борт радистіне бақылау даналарымен салыстырылған, ұшу карталары бар аэронавигациялық деректер жинақтары мен регламенттерін қоса алғандағы, қаражат пен жабдық заттарын береді.
§ 2. Брифинг бөлмесіндегі ұшар алдындағы дайындалу
36. Әуе кемесінің командирі:
1) экипаждың штурмандық дайындалуын ұйымдастырады және өткізеді;
2) экипаж мүшелерінен алдағы ұшу үшін ұшу және ақпараттық құжаттардың бар болуы туралы баяндамалар қабылдайды;
3) экипаж мүшелерімен бірге аэронавигациялық жағдайды, рульдеу, ұшып шығу, биіктікке көтерілу және әуеайлақ ауданынан шығу схемасын нақтылайды;
4) ұшуды орындаумен байланысты барлық ескертулермен және шектеулермен аэронавигациялық деректер жинақтары мен регламенттері және ескертулер парағы бойынша танысады;
5) ұшып көтерілудің әрбір нақты жағдайы, ұшып көтерілу кезіндегі жылдамдық, ұшу дистанциясының ұзындығы үшін әуе кемесінің ең жоғары ұшып көтерілу массасын есептеу дұрыстығына көз жеткізеді;
6) жергілікті жердің сипатына сай, авариялық қону үшін алаңдардың бар болуына, тәулік мезгіліне және метеожағдайларға қарай авариялық жағдай пайда болу жағдайларындағы, соның ішінде ұшып көтерілуден кейін жедел қону жағдайларына экипаждың нақты іс-әрекеттерін айқындайды;
7) брифинг бойынша диспетчеріне Халықаралық азаматтық авиация ұйымының "Әуе қозғалысының құрылымы" Doc.4444 ATM/501, ИКАО құжатына сәйкес толтырылған флайт жоспарды (ұшу жоспарын) ұсынады.
37. Екінші пилот:
1) ұшып шығудың нақты жағдайы үшін әуе кемесінің ең үлкен ұшып көтерілу массасын, шекті коммерциялық жүктелуді есептейді, рұқсат етілген массаны ұшудың навигациялық есебін (жұмыс жоспарын) салыстырады. Өзгерістер туралы брифинг бойынша диспетчеріне хабарлайды;
2) ҰҚЖ жай-күйін және ілініс коэффициентін және әуе кемесінің ҰПБ сәйкес басқа деректерді ескере отырып, ұшып көтерілудегі жылдамдықты, ұшу дистанциясының ұзындығын анықтайды. Алынған мәндерді әуе кемесінің командиріне және штурманға (ол экипажда болған кезде) навигациялық есепке (ұшудың жұмыс жоспарына) енгізу үшін хабарлайды;
3) экипаж мүшелерімен бірге навигациялық жағдаймен нақтылайды, ұшуды орындаумен байланысты барлық ескертулермен және шектеулермен танысады;
4) экипажда штурман болмаған кезде, егер олар болса, ұшудың навигациялық есебіне немесе ұшудың жұмыс жоспарына, соның ішінде SITA арналары бойынша өзгерістер енгізеді;
5) маршрут бойынша қауіпсіз биіктіктерді, кету (кері қайту) шептерін және бұл кезде қажетті отын мөлшерін есептейді;
6) әуе кемесінің командирімен бірге, ұшудың навигациялық есебін жүргізеді.
38. Екінші пилот, экипаж құрамында бар жағдайда - штурман:
1) әуе кемесінің командиріне қажетті ұшу құжаттамасының бар болуы туралы баяндайды;
2) экипажбен бірге ұшуды орындаумен байланысты ескертулермен және шектеулермен танысады;
3) ұшудың толық навигациялық есебін орындайды (аэронавигациялық ақпарат қызметтерінен ұшудың навигациялық есебі немесе жұмыс жоспары болмаған кезде) немесе штурмандық борттық журналды толтыра отырып, аэронавигациялық ақпарат қызметтері ұсынған ұшудың навигациялық элементтерінің дұрыстығын бақылайды;
4) ұшудың қауіпсіз биіктіктерін және төменгі эшелондарын, ал таулы жерде маршрут учаскелері бойынша АҰЕ және БҰЕ бойынша ұшулар үшін есептейді, ал төменгі эшелоннан төмен ұшулар кезінде төменгі эшелоннан төмен ұшудың қауіпсіз биіктігін және әуеайлақ ауданында қауіпсіз ұшу биіктігін қосымша есептейді;
5) кету (кері қайту) шептерін және бұл кезде қажет отын мөлшерін есептейді;
6) жеке сағатының көрсеткіштерін бақылау сағатының көрсеткіштерімен салыстырады және әуе кемесінің командиріне навигациялық дайындалуды аяқтау туралы хабарлайды.
39. Штурман ұшар алдындағы дайындалу үдерісінде:
1) қауіпті метеорологиялық құбылыстары бар аймақтардың ұшу маршруты бойынша орналасуына, навигациялық құралдардың, қону жүйелерінің жұмыс тәртібіне және әуе кеңістігін пайдалану бойынша шектеулердің бар болуына ерекше назар бөле отырып, метеорологиялық және навигациялық жағдайды зерделейді;
2) әуе трассалары бойынша бақылау данасымен салыстырылған ұшу карталарын аэронавигациялық ақпарат жинақтарын алады;
3) ұшып көтерілу, қону және қосалқы әуеайлақтардың ауданында ұшу үшін ең аз қауіпсіз биіктікті аэронавигациялық ақпарат деректері бойынша нақтылайды;
4) аэронавигациялық немесе радионавигациялық карталардың деректері бойынша маршрут бойынша төменгі қауіпсіз эшелондарды, ал таулы жерде төмендеуге маршрут учаскелері бойынша есептейді немесе нақтылайды. Төменгі эшелоннан төмен ұшулар кезінде әуеайлақ ауданында ұшудың қауіпсіз биіктігін есептейді;
5) аэронавигациялық ақпарат қызметтерінен ұшудың жұмыс жоспарының немесе SITA ақпаратының басылымы болмаған кезде ұшудың жұмыс жоспарын жасайды – аэронавигациялық запасты ескере отырып, жел болжамын және отынның тұтынылатын мөлшерін ескеріп, ұшудың навигациялық элементтерін маршрут учаскелері бойынша есептейді;
6) қосалқы әуеайлаққа кету (кері қайту) шебін және кету (кері қайту) шебінен отынның тұтынылатын мөлшерін есептейді;
7) жеке және борттық сағаттардың көрсеткіштерін бақылау сағатының көрсеткіштерімен салыстырады;
8) ұшып шығар алдында әуе кемесінің ҰПБ көзделген жұмыстарды орындайды және әуе кемесінің командиріне ұшуға дайындық туралы баяндайды.
Экипаж құрамында штурман болмаған кезде ұшар алдындағы дайындалу үдерісінде оның міндеттерін екінші пилот орындайды.
40. Екінші пилот, экипаж құрамында бар жағдайда - штурман әуе кемесінің командиріне ұшу үшін қажетті құжаттаманың бар болуы және оған енгізілген өзгерістер туралы баяндайды. Экипажбен бірге алдағы ұшумен байланысты шектеулермен және ескертулермен, навигациялық жағдаймен танысады, радиобайланыс жүргізу схемасын нақтылайды.
41. АМСА-да әуе кемесінің командирі, екінші пилот, штурман ұшып шығу, қону және қосалқы әуеайлақтардағы болжамдар және іс жүзіндегі ауарайы туралы ақпаратты нақтылайды. Барийлік жүйелердің, қарсы бөлімдердің, ағынды ағымдардың, тропоүзілістердің сипаттамасын қосатын ауызша консультация алады. Әуеайлақ ауданында қауіпті метеорологиялық құбылыстардың бар болуын метеорологиялық радиолокатордың деректері бойынша нақтылайды, трассаға қауіпсіз шығу мүмкіндігін бағалайды.
Ескертпе: Экипажды метеорологиялық дайындау көлемі мен мазмұны азаматтық авиация қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қамтамасыз етіледі.
42. Әуе кемесінің командирі немесе пайдаланушының тағайындалған өкілі (ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкері) брифинг бөлмесінде дайындықты аяқтаған соң Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу үшін ұшу жоспарын ӘҚҚК органының брифинг диспетчеріне ұсынады.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 29.07.2013 № 577 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |