Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 177,5 Kb.
Дата27.01.2020
өлшемі177,5 Kb.
#27415


Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2016 жылғы «___» ____

№ бұйрығына

2-қосымша
Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы «17 » сәуірдегі

№219 бұйрығына

3-қосымша
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Шетелден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді немесе анықтамаларды сұратып алдырған кезде көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну қажет.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

азаматтық хал актілері 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кезде («АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі қызмет еткен кезден бастап) анықтамаларды электрондық форматта беру - 1 (бір) жұмыс күні;

«АХАТ» тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбаларының электрондық нұсқасы болған кезде және тіркеу органының мұрағатында азаматтық хал актісі болған кезде көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында бекітілген қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап 5 (бес) (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) жұмыс күні ішінде көрсетіледі, дайын құжаттар 5 (бес) жұмыс күні беріледі, басқа тіркеу органына сұрау салуды жолдау қажет кезінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін ұзартылады;

азаматтық хал актісін басқа тіркеу органында тіркеген кезде - күнтізбелік 30 (отыз) күн (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

2) порталда – өтінішті алғандығын растау бөлігінде хабарлама алу - 1 (бір) жұмыс күні;

3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

1) Мемлекеттік корпорацияда – қағаз жеткізгіштегі қайталама куәлік немесе электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар;

2) порталда:

қайталама куәлік алған кезде – электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама;

электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар алу.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы/тегін жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

Мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:

1) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті бергені үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

2) Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілері туралы куәлікті бергені үшін – 0,3 АЕК;

3) азаматтық хал актілері туралы куәлікті ТМД елдерінен сұратып алдырғаны үшін – 0,5 АЕК;

4) азаматтық хал актілері туралы куәлікті ТМД елдерін қоспағанда, басқа шет мемлекеттерден сұратып алдырғаны үшін – 1 АЕК.

Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 537-бабына сәйкес белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың құжаттарды берген орны бойынша есепке алынады.



Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар: 

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - тууы туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін; 

2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесін анықтау, бала асырап алу туралы актiлер жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн; 

3) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берiлген куәлiктер алмастырылып берiлгенi үшiн; 



4) жеке тұлғалар - бала асырап алу және әкесін анықтауға байланысты туу туралы қайталама куәлік берілгені үшін растайтын құжаттар ұсынған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, үзіліссіз, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;

Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.

2) порталда – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы не оның уәкілетті өкілі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) мемлекеттік қызметті алушыға алуға қажетті құжат түріне байланысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша туу, неке қию, некені бұзу, әкелікті анықтау, бала асырап алу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, қайтыс болу туралы қайталама куәлікті (анықтама) және некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беру туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі;

4) қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат;

Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш берген кезде қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттар қосымша ұсынылады.

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын не бұрын тұрған азаматтарға көрсетілетін қызметті берушімен беріледі.

Егер адам Қазақстан Республикасынан тыс жерге кеткенге дейін бір әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрақты тұрған болса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының бар екендігін тексеру он алты жастан бастап жүргізіледі, өзге жағдайда анықтама осы аумақта тұрған кезден бастап беріледі.

Егер қызметті алушы некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама алу үшін қосымша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлiгінің немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәлiгінің көшірмесі қоса беріледі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген акт жазбалары негізінде берілген куәліктер ұсынылмайды).

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың көшірмесін тексереді, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтер, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорация қызметкеріне «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден беріледі.

Қайтыс болу туралы куәліктерден басқа, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер өздеріне қатысты тиісті акт жазбасы жасалған адамдарға, сондай-ақ осы адамның (сенім білдірушінің) атынан уәкілеттік берілген адамға (сенім білдірілген адамға) жазбаша (нотариатта куәландырылған сенімхат) өкілеттік берілген басқа тұлғаға (сенім білдірген өкілге) беріледі.

Қайтыс болу туралы қайталама куәліктер қайтыс болған адамдардың мұрагерлерінің тізіміне кіретін туыстарына беріледі.

Шет мемлекеттердің құзыретті мекемесі не өзіне арнайы уәкілеттік берілген тұлға өзінің құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған, шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекiтiлген құжаттар тек арнайы куәландырылған рәсімнен өткеннен кейін (заңдастырылған не апостильденген) қабылданады.

Порталға жүгінген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініші;

2) ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлемі;

3) егер азаматтық хал актілері Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген жағдайлардан басқа, электрондық көшірме түріндегі көрсетілетін қызметті алушының құжаттары.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін ұсынады.

Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды беру кезінде өтініштің қабылданғанын растайтын:


  1. портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу тәртібі көрсетіледі.

  2.   Мемлекеттік корпорацияда:  сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні, сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, құжаттарды беру күні, уақыты және орны, құжаттарды ресімдеуге қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы арқылы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша өкілінің) қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация нәтиженің сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен соң өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға табыс ету үшін жолдайды.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық бермеген жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдап алудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану басшылардың атына немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне (бұдан әрі – ҚР Әділетмині) беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы көрсетiледі.

Шағым жұмыс кестесі бойынша пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация немесе ҚР Әділетмині арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ҚР Әділетминінің қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгіне алады.


4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Тұрмыс-тіршілігін шектейтін кемістігіне байланысты ағза функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мемлекеттік қызмет берушінің және Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.

«Азаматтық хал актілерін тіркеу

туралы қайталама куәліктер немесе

анықтамалар беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша
Нысан

____________________________________ (тіркеу органының атауы)

___________________________________

(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

______________________________________

тұратын мекенжайы бойынша

______________________________________

жеке куәлік № _________________________

(нөмірі, кім және қашан берді)

Туу туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш


Туу туралы қайталама куәлік (анықтама) беруді (салып жіберуді) сұраймын.

Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

Тегі ___________ Аты_____________ Әкесінің аты (бар болса)_______________
Туған жері ________________________________________________________

(облыс, аудан, қала/село, туған жылы, айы, күні)

Ата-анасы:
Әкесі______________________________________________________________
Анасы____________________________________________________________
Құжат _____________________________________________ байланысты қажет

(себебін көрсету)

20__ж. «___»____________ Өтініш берушінің қолы ______________________

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мәлiметтерді хабарлағаным үшін әкiмшiлiк жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.

__________ «__» ____ __ 20 жыл

(қолы)


         Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін

  __________ «__» ____ __ 20 жыл

(қолы)

Нысан


____________________________________ (тіркеу органының атауы)

___________________________________

(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

______________________________________

тұратын мекенжайы бойынша

______________________________________


жеке куәлік № _________________________

(нөмірі, кім және қашан берді)


Неке қию туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш
Неке қию туралы қайталама куәлік (анықтама) беруді (салып жіберуді) сұраймын.

Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

Тегі __________ Аты_____________ Әкесінің аты (бар болса) ______________
Неке _____________________________________________________ қиылды

(жұбайының/зайыбының Т.А.Ә (бар болса))

Неке қиюды тіркеу орны_______________________________________________

(қала, аудан, тіркеу органы)

Неке қиюдың тіркелген уақыты_________________________________________

(жылы, айы, күні)


Құжат _____________________________________________ байланысты қажет

(себебін көрсету)


20____ж. «____»__________ Өтініш берушінің қолы__________________
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мәлiметтерді хабарлағаным үшін әкiмшiлiк жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.

__________ «__» ____ __ 20 жыл

(қолы)

         Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін



  __________ «__» ____ __ 20 жыл

(қолы)
Нысан

__________________________________

(тіркеу органының атауы)

___________________________________

(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

______________________________________

тұратын мекенжайы бойынша

______________________________________

жеке куәлік № ________________________

(нөмірі, кім және қашан берді)

Неке бұзу туралы қайталама куәлік

(анықтама) беру туралы өтініш
Неке бұзу туралы қайталама куәлік (анықтама) беруді (салып жіберуді) сұраймын.

Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

Тегі _____________ Аты __________Әкесінің аты (бар болса) _______________
Неке______________________________________________________ бұзылды

(жұбайының/зайыбының Т.А.Ә (бар болса))

Неке бұзуды тіркеу орны_______________________________________________

(қала, аудан, тіркеу органы)

Неке бұзу уақыты_____________________________________________________

(жылы, айы, күні)

Құжат ______________________________________________байланысты қажет

(себебін көрсету)

20____ж. «____»__________ Өтініш берушінің қолы__________________
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мәлiметтерді хабарлағаным үшін әкiмшiлiк жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.

__________ «__» ____ __ 20 жыл

(қолы)

         Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін



  __________ «__» ____ __ 20 жыл

(қолы)
Нысан

_______________________________

(тіркеу органының атауы)

________________________________

(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

тұратын мекенжайы бойынша

_________________________________

жеке куәлік № ___________________

(нөмірі, кім және қашан берді)


Әке болуды (ана болуды) анықтау туралы қайталама куәлік

(анықтама) беру туралы өтініш


Әке болуды анықтау туралы қайталама куәлік (анықтама) беруді (салып жіберуді) сұраймын.

Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

Тегі ___________ Аты _______________ Әкесінің аты (бар болса)____________
Әке болуды анықтауды тіркеу орны______________________________________

(қала, аудан, тіркеу органы)

Әке болуды анықтауды тіркеу уақыты____________________________________

(күні, айы, жылы)

Құжат _____________________________________________ байланысты қажет (себебін көрсету)

20____ж. «____»__________ Өтініш берушінің қолы__________________


«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мәлiметтерді хабарлағаным үшін әкiмшiлiк жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.

__________ «__» ____ __ 20 жыл

(қолы)

         Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін



  __________ «__» ____ __ 20 жыл

(қолы)

Нысан

_______________________________



(тіркеу органының атауы)

_________________________________

(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

тұратын мекенжайы бойынша

_________________________________

жеке куәлік № ____________________

(нөмірі, кім және қашан берді)
Бала асырап алу туралы қайталама куәлік (анықтама)

беру туралы өтініш


Бала асырап туралы қайталама куәлік (анықтама) беруді (салып жіберуді) сұраймын.
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

Тегі___________Аты____________Әкесінің аты (бар болса) ________________


Бала асырап алуды тіркеу орны_____________________________________

(қала, аудан, тіркеу органы)

Бала асырап алуды тіркеген уақыты___________________________________

(жылы, айы, күні)

Құжат ______________________________________________байланысты қажет

(себебін көрсету)

20____ж. «____»__________ Өтініш берушінің қолы__________________


«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мәлiметтерді хабарлағаным үшін әкiмшiлiк жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.

__________ «__» ____ __ 20 жыл

(қолы)

         Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін



  __________ «__» ____ __ 20 жыл

(қолы)
Нысан

____________________________________ (тіркеу органының атауы)

______________________________________

(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

тұратын мекенжайы бойынша

_____________________________________
жеке куәлік № _________________________

(нөмірі, кім және қашан берді)

Тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш

Тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны туралы қайталама куәлік (анықтама) беруді (салып жіберуді) сұраймын.

Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

Тегі ____________ Аты ____________ Әкесінің аты (бар болса) _____________

Ауыстыруды тіркеу орны______________________________________________ (қала, аудан, тіркеу органы)

Ауыстыруды тіркеу уақыты____________________________________________ (жылы, айы, күні)

Құжат _____________________________________________ байланысты қажет (себебін көрсету)

20____ж. «____»__________ Өтініш берушінің қолы__________________


«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мәлiметтерді хабарлағаным үшін әкiмшiлiк жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.

__________ «__» ____ __ 20 жыл

(қолы)

         Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін



  __________ «__» ____ __ 20 жыл

(қолы)


Нысан

______________________________________ (тіркеу органының атауы)

____________________________________

(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

тұратын мекенжайы бойынша

______________________________________________

жеке куәлік № _________________________

(нөмірі, кім және қашан берді)


Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш
Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) беруді (салып жіберуді) сұраймын:

Тегі_____________ Аты _____________ Әкесінің аты (бар болса)_____________


Қайтыс болуды тіркеу орны____________________________________________

(аудан, қала, тіркеу органы)

Қайтыс болуды тіркеу уақыты_______________________________________

(жылы, айы, күні)

Құжат _____________________________________________ байланысты қажет

(себебін көрсету)

20____ж. «____»__________ Өтініш берушінің қолы__________________
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мәлiметтерді хабарлағаным үшін әкiмшiлiк жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.

__________ «__» ____ __ 20 жыл

(қолы)

         Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін



  __________ «__» ____ __ 20 жыл

(қолы)

Нысан

____________________________________ (тіркеу органының атауы)



___________________________________

(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

тұратын мекенжайы бойынша

______________________________________

жеке куәлік № _________________________

(нөмірі, кім және қашан берді)


Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беру туралы өтініш
Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беруді (салып жіберуді) сұраймын.

Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

Тегі ___________ Аты____________ Әкесінің аты (бар болса) ______________
Некеде тұрмаған. Некеде аз.______________________________________тұрған
(керегінің астын сызу) (жұбайының/зайыбының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Неке ________________________ негізінде ____________________ тоқтатылған

                                   (күні, айы, жылы)


____________________________________________________________________
(тіркелу орны - аудан, қала, облыс, елі, тіркеу органы)
Құжат ______________________________________________байланысты қажет
                                        (себебін көрсету)

_________________________________________________________________елге

Тексерісті______________________________________________бастап жүргізу қажет
20____ж. «____»__________ Өтініш берушінің қолы__________________
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мәлiметтерді хабарлағаным үшін әкiмшiлiк жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.

__________ «__» ____ __ 20 жыл

(қолы)

         Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін



  __________ «__» ____ __ 20 жыл

(қолы)


«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы

қайталама куәліктер немесе

анықтамалар беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша
Нысан
Шет мемлекеттің құзыретті органдарына

ұсыну үшін


Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама

« » _____________ 20 ___ жыл. № ­­­­­­________

 

____________________________________________________________________



(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_____________________________________________________________берілген.

(күні, айы, туған жылы)

Оған қатысты неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасын тіркеу жүргізілмеген________________________________________________________.

(аудан, облыс (қала) атауын көрсету)
Тексеріс _________________ бастап _________________________ жүргізілген.

(мезгілін көрсету)


Тексеріс өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген.
Анықтама берілген күнінен бастап үш ай бойы жарамды .
Тіркеу органының басшысы ____________________________________________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


____________________

 (Қолы)
М.О.


«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы

қайталама куәліктер немесе

анықтамалар беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша


Нысан

________________________________

(Т.А.Ә (бар болса) не көрсетілетін

қызметті алушының атауы)

_________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)


Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат


 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

жоқ құжаттардың атаулары:


  1. ________________________________________;

  2. ________________________________________;

  3. ________________________________________.

ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін) көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Осы қолхат әр тарапқа бір-біреуден 2 данада жасалды.

_________________________________________________________________

(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ә (бар болса) қолы)

Орындаушы: Т.А.Ә (бар болса)_____________

Телефоны __________



Алдым: Т.А.Ә (бар болса) / көрсетілетін қызметті алушының қолы______________________

20__ жылғы «___» _________
жүктеу 177,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау