Мемлекеттік мекеме
|
Павлодар облысы әкімі
|
Қызмет алушылар
|
Жеке тұлғалар
|
Қызмет көрсететін орын
|
Павлодар облысы аудандарының, қалаларының жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру баламалы негізде:
аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
"Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы;
www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
|
Қызмет құны
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы/тегін жеке тұлғаларға көрсетіледі.
Мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:
1) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті бергені үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш
|
2) Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілері туралы куәлікті бергені үшін – 0,3 АЕК
|
3) азаматтық хал актілері туралы куәлікті ТМД елдерінен сұратып алдырған үшін – 0,5 АЕК
|
4) азаматтық хал актілері туралы куәлікті ТМД елдерін қоспағанда, басқа шет мемлекеттерден сұратып алдырған үшін – 1 АЕК
|
Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 537 - бабына сәйкес, белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.
Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - тууы туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін;
2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесін анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актiлер жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн;
3) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берiлген куәлiктер алмастырылып берiлгенi үшiн;
4) жеке тұлғалар - ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) және әкесін анықтауға байланысты тууы туралы куәлік қайтадан берілгені үшін растайтын құжаттар ұсынған ретте мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
Орталықта мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.
|
Қызмет көрсету мерзімі
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
азаматтық хал актілері 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кезде, («АХАТ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі қызмет еткен сәтінен бастап) анықтамаларды электрондық форматта беру - 1 (бір) жұмыс күн
|
|
«АХАТ» тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбаларының электронды нұсқасы болған жағдайда және тіркеуші органның мұрағатында азаматтық хал актісі болған жағдайда көрсетілетін қызмет алушымен осы стандарттың 9-тармағымен бекітілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 5 (бес) (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) жұмыс күні ішінде көрсетіледі, дайын құжаттар 5 (бес) жұмыс күні беріледі, егер басқа мемлекеттік органға сұрау жолдау қажет болса, қарау мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін ұзартылады
|
|
азаматтық хал актісін басқа тіркеуші органда тіркеген кезде - күнтізбелік 30 (отыз) күн (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді)
|
|
порталда – өтінішті алғандығын растау бөлігінде хабарлама алу - 1 (бір) жұмыс күні
|
«Электронды үкімет» порталында қызмет көрсету
|
иә
|
Мемлекеттік мекеме арқылы қызмет көрсету
|
жоқ
|
ХҚО арқылы қызмет көрсету
|
иә
|
Қызметті көрсету нәтижесі
|
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
1) Орталықта – қағаз жеткізгіштегі қайталама куәлік немесе электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар;
2) порталда:
қайталама куәлік алғанда – электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама;
электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар алу.
|