Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Аудандық диспетчерлік орталықтар үшін ақпарат



жүктеу 3,41 Mb.
бет9/18
Дата20.11.2018
өлшемі3,41 Mb.
#21887
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

3-параграф. Аудандық диспетчерлік орталықтар үшін ақпарат
468. Тиісті әуеайлақтық метеорологиялық орган/метеорологиялық қадағалау органы АДП төмендегі метеорологиялық ақпаратпен жабдықтайды:

1) METAR және SPECI мәліметтерімен, оның ішінде, әуе айлақтар және басқа да нүктелер бойынша қысым туралы ағымдағы деректермен, TAF болжамдарымен және «тренд» түріндегі болжамдармен, ҰАА немесе диспетчерлік ауданды және ұшу ақпараты орталығының немесе аудандық диспетчерлік орталықтың сұрау салуы бойынша көршілес ҰАА әуеайлақтарын қамтитын өңірлік аэронавигациялық келісімге сәйкес оларға түзетулерімен;

2) биіктіктерде желмен ауа температурасының болжамдарымен, ұшу бағыттары бойынша түзетулермен ауа райының ерекше құбылыстарының болжамдарымен, нақтылағанда шолу ұшуларының ережелері бойынша ұшуларды орындауға кедергі болатын құбылыстардың болжамы, SIGMET және AIRMET ақпаратымен, ұшу ақпаратының ауданы немесе диспетчерлік аудан бойынша борттан арнайы хабарлармен және өңірлік аэронавигациялық келісіммен сәйкес және ұшу ақпарат орталығының сұранысы бойынша, ұшу ақпаратының көршілес аудандары бойынша;

3) МРЛ деректерімен (бар болған жағдайда);

4) ұшудағы әуе кемелерінің талаптарын қанағаттандыру үшін АДП-мен сұратылған өзге метеорологиялық ақпаратпен тиісті ӘМО/МҚО ақпарат жайлы хабарсыз болса, ол басқа метеорологиялық органнан көмек сұрайды;

5) SIGMET мәліметі шықпаған жанар тау күлінің бұлты туралы алынған ақпаратпен (ӘМО/МҚО және АДО арасындағы келісім бойынша);

6) оның жауапкершілік ауданында VAAC шығаратын жаңа тау күлі туралы консультативтік ақпаратпен;

7) атмосфераға радиоактивті материалдардың апатты тастамасы туралы алынған ақпаратпен (тиісті МҚО және АДП арасындағы келісім бойынша).



4-параграф. Ұшуларды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге тартылған ұйымдарға арналған ақпарат
469. Іздестіру – құтқару жұмыстарды орындау үшін ұшатын әуе кемелерінің экипаждарына қажетті метеорологиялық ақпарат ұшу басшысының немесе іздестіру - құтқару жұмыстарын басқаратын лауазымды тұлғаның сұрауы бойынша ӘМО/МҚО қысқа мерзімде ұсынылады.

470. АНҚЖ тағайындаған әуеайлақтық метеорологиялық органдар немесе метеорологиялық қадағалау органы іздестіру-құтқаруды қамтамасыз етуге тартылған ұшуды ұйымдастыруды өзара келісім негізінде белгіленген нысанда метеорологиялық ақпаратпен жабдықтайды. Осы мақсатта тағайындалған әуеайлақтық метеорологиялық орган мен метеорологиялық қадағалау органы іздестіру – құтқару қызметінің органымен байланысты барлық іздестіру құтқару үрдісі бойы қолдайды.

471. Іздестіру және құтқарудың үйлестіру орталықтары жабдықталатын ақпарат хабарсыз кеткен әуе кемесінің соңғы орналасу жері туралы, сондай ақ келесіні көрсетуімен осы әуе кемесінің белгіленген бағыты бойынша метеорологиялық жағдайлар туралы деректерді қамтиды:

1) ұшу бағыттары бойынша ауа райының ерекше құбылыстарын;

2) бұлттардың(көбінесе будақ - жаңбырлы) түрін және санын және бұлттардың жоғарғы және төмен шеттерінің биіктігін;

3) көрінуді нашарлататын көріну мен құбылыстарды;

4) жерге жақын желді және биіктіктердегі желді;

5) жер бетінің қалпын, негізінде қар немесе су жабынын;

6) теңіз бетінің температурасы, теңіздің, мұз жабынын қалпы (қажет болған жағдайда іздеу ауданын көрсету кезеңінде);

7) теңіз деңгейіндегі қысым.

472. Егер әуеайлақ метеорологиялық орган сұранған қайсысы бір ақпаратқа жауап бере алмағанда, ол басқа метеорологиялық органдарға шағымданады.

473. Іздеу және құтқарудың үйлестіру орталығының сұрауы бойынша әуеайлақтық метеорологиялық орган хабарсыз кеткен әуе кемесінің экипажына ұсынған ұшу құжаттамасы, соның ішінде ұшудағы әуе кемесінің бортына берілген болжамға барлық түзетулер туралы нақты деректерді алу үшін шараларды қабылдайды.

474. Іздеу – құтқару операциялардың өткізілуіне ықпал ету үшін тағайындалған метеорологиялық орган сұрау бойынша мыналарды ұсыну тиіс:

1) іздеу аймағында ағымдағы және болжанудағы метеорологиялық жағдайлар туралы нақты және толық ақпаратты;

2) ұшулар бағыттары бойынша, соның ішінде іздеу жүргізілетін әуеайлақтан кету және оған қайту кезеңінде іздеу әуе кемелері орындайтын бағыттар бойынша ағымдағы және болжанудағы метеорологиялық жағдайлар туралы ақпаратты;

3) апатты жағдайға байланысты қажетті кез келген басқа ақпаратты.

475. Іздеу және құтқарудың үйлестіру орталығының сұрауы бойынша тағайындалған метеорологиялық орган осы әуеайлақтың жауапкершілік ауданына кіретін айдындарда іздестіру – құтқару операцияларын орындайтын су бетіндегі кемелерді қажетті метеорологиялық ақпаратпен жабдықтау (жабдықтау үшін шаралар қолдану) тиіс.

5-параграф. Авиациялық қақтығыстар және оқиғалар болған жағдайда метеорологиялық органнан талап етілетін әрекеттер
476. ӘҚҚ тиісті органынан нұсқау алғанда: әуеайлақта болған (әуеайлақ ауданында) авиациялық қақтығыстар (бұдан әрі - АҚ) немесе оқиғалар туралы «ДАБЫЛ» командасы бойынша «БАҚЫЛАУ ӨЛШЕМІ» әуеайлақтық метеорологиялық орган нәтижесі метеорологиялық ақпаратты бейнелетін құралдарда және/немесе бақылауды жасаған тұлғаның фамилиясын көрсетумен ауа райы күнделігіне тіркеледі және телефон бойынша беріліп, нақты ауа райын метеорологиялық бақылаудың толық кешенін жүргізеді.

477. Әуеайлақтық метеорологиялық орган авиациялық қақтығыстар мен оқиғаларға байланысты сұрау бойынша мынадай ақпаратты ұсынады:

1) ұшу экипажының мүшелеріне кеңес беру кезеңінде ұсынылған, немесе ұшу құжаттамасы ретінде оларға көрсетілген ұшу құжаттамасы жиынтығының көшірмесін;

2) ӘҚҚ органының сұрау салуы бойынша алғашқы хабарлау үшін оқиға болған сәтіне метеорологиялық жағдайды сипаттайтын ақпаратты ұсынады.

478. Метеорологиялық орган авиациялық оқиға немесе оқиғаны тергеу бойынша комиссия талап ететін барлық метеорологиялық құжаттарды (баспалық нысанда немесе компьютерлік файл түрінде), мәліметтерді және басқа құжаттардың 30 күнтізбелік күн ішінде сақталуын қамтамасыз етеді.

6-параграф. Аэронавигациялық ақпарат қызметінің органдары үшін ақпарат
479. АНҚЖ-сі метеорологиялық өкілетті органмен үйлесу арқасында Қазақстан Республикасында азаматтық авиацияның олар өзінің қызметін орындау үшін қажетті соңғы метеорологиялық ақпаратпен ұсынуды ұйымдастырады.

480. Аэронавигациялық ақпарат қызметінің органына келесі ақпарат ұсынылады:

1) Қазақстан Республикасы Аэронавигациялық ақпараттың жиынтығына енгізу үшін арналған халықаралық аэронавигацияны метеорологиялық қызмет көрсету туралы ақпарат;

2) NОТАМ немесе ASHTAM дайындау үшін ақпарат келесі ақпаратты қамтиды:

авиациялық метеорологиялық қызмет көрсетуді ұсынуда маңызды өзгерістерді енгізу, тоқтату туралы. Осы ақпарат аэронавигациялық ақпарат қызметінің органына NОТАМ шығару мақсатында күшіне ену күніне дейін алдын ала ұсынылады;

атмосфераға радиоактивті материалдарының апатты тастамасы туралы;

вулкандық қызметтің пайда болуы.

481. Осы Қағиданың 480-тармағында көрсетілген ақпарат ААҚ-нің келісімі негізінде ұсынылады (онда метеорологиялық ақпараттың мерзімі, көлемі және сапасы, сондай-ақ оны тарату әдістері айқындалған).



7-параграф. Өндірісті басқару органдары үшін ақпарат
482. Әуе кемелерінің ұшу алдындағы дайындығы мен ұшудан кейін қызмет көрсету кезеңіндегі ұшуларды орындау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, және ұшып кетудің, қонудың, әуе кемелері тұрақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әуеайлақтық құрылыстарды, әуежайлар мен авиакомпаниялардың әуежайлық және авиациялық-техникалық қызметін ұстау үшін, осы Қағидалардың сәйкес әуеайлақтарда нақты және күтілетін ауа райының жағдайы туралы ресми метеорологиялық мәліметтер ұсынылады.

9-тарау. Метеорологиялық ақпаратты таратқа кездегі байланыс және оны пайдалану
1-параграф. Метеорологиялық ақпаратты таратуға арналған байланыс құралдары
483. АНҚЖ-ші өзінің метеорологиялық органдарын қамтамасыз етеді:

1) Әуеайлақта әуе қозғалысына қызмет көрсететін органдарды қажетті метеорологиялық ақпаратпен жабдықтау үшін аталған әуеайлақтарға қызмет көрсететін әуеайлақтық «Мұнара» ДП, ЖДП және авиациялық электр байланысы станцияларын қоса алғанда электр байланыстың тиісті құралдарымен;

2) АБДО болжамды өнімді алу үшін тиісті электр байланыс құралдарымен;

3) метеорологиялық органдар жедел метеорологиялық ақпаратпен өзара алмасуда тиісті электр байланыс құралдарымен.

484. Әуеайлақтық метеорологиялық органдар мен ӘДП/ӘАДП немесе ЖДП арасындағы электр байланысының құралдары тікелей дауыс каналы бойынша байланысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, бұл ретте байланысты орнату жылдамдығы қажетті орындармен байланысты 15 секунд ішінде орнату үшін жеткілікті болып табылады.

485. Әуеайлақтық метеорологиялық органдар және ұшу ақпаратының орталықтары, аудандық диспетчерлік орталықтар, іздеу мен құтқару үйлестіру орталықтары және авиациялық электр байланысының станциялары арасында электр байланыс құралдары келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз ету тиіс.

1) тікелей дауыс каналдары бойынша байланыс, бұл ретте байланысты орнату жылдамдығы коммутацияны қоса алғанда, қажетті орындармен байланысты 15 секунд ішінде орнату үшін жеткілікті болу тиіс;

2) ақпаратты алушылар деректердің жазылуын талап еткен жағдайда әріпті басатын байланыс, хабарлауды тарату уақыты, ретрансмиссияны қосқанда 5 минуттан аспауы тиіс.

486. Осы Қағидалардың 483,484-тармақтарында көзделген электр байланысының құралдары қажет болғанша шолу немесе дыбыс байланысымен толықтыру қажет.

487. Авиациялық белгіленген қызметтің тізбегі жедел метеорологиялық ақпаратты жинау үшін өңірлік және өңіраралық негізінде осы ақпаратпен алмасу, сондай-ақ жедел метеорологиялық деректердің халықаралық банктеріне қол жеткізу үшін пайдаланылады. Авиациялық белгіленген қызметінің шеңберінде өңірлік және өңіраралық негізінде жедел метеорологиялық ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету үшін жаһандық аймағын қамтамасыз ететін деректерді таратудың AFS жерсеріктік жүйелері пайдаланылады.

488. Әуеайлақ метеорологиялық органдары метеорологиялық бақылау органдарының функцияларын орындайтын әуеайлақтық метеорологиялық органдар ӘҚҚ органдарын және ҰАА, ДА шегінде іздестіру-құтқару қызмет органдарын, диспетчерлік аудандарды және іздестіру мен құтқару аудандарын қажетті метеорологиялық ақпараттармен жабдықтау үшін электрбайланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі, аталған метеорологиялық органдар ақпараттарды ұсынғаны үшін жауапты болады.

489. ОРМЕТ халықаралық банктерге метеорологиялық ақпаратты тарататын халықаралық әуеайлақтардың метеорологиялық органдары осы мақсаттары үшін авиациялық жерүсті электр байланысын пайдаланылады.

490. Жедел метеорологиялық ақпаратпен алмасу үшін электр байланысының құралы ретінде авиациялық белгіленген қызмет AFS немесе жедел метеорологиялық ақпараттың уақыты бойынша сыни емес алмасу үшін оның қанағаттанарлық жағдайында Интернеттің бұқаралық желісі пайдаланылу тиіс.

491. Тұрақты хабарлар үшін арналған метеорологиялық бюллетендер кестеге сәйкес көрсетілген уақытта тұрақты берілуі керек. METAR мәліметтері бақылаудың нақты уақытынан кейін 5 минуттан кешіктірмей беру керек. TAF болжамдары олардың әрекет ету кезеңі басталғанға дейін 1 сағат бұрын хабар үшін берілуі керек.

492. Әуеайлақтар және басқа мүдделі пайдаланушылардың арасында метеорологиялық ақпаратпен алмасу үшін мыналар пайдаланыланылады:

1) автоматтандырылған компьютерлік жүйелер;

2) телефондық байланыс;

3) AFTN байланыс арналары;

5) ИКАО стандарттары негізінде азаматтық авиацияда қабылданған деректерді тарату хаттамасын пайдалану арқылы байланыс қызметтерінің операторлар желісі.

493. Метеорологиялық ақпаратты берудің сенімділігін, ақпаратты тарату рәсімдерін қамтамасыз ету үшін, соның ішіне байланыстың резервті және (немесе) авариялық құралдарын ұйымдастыруды қоса алғанда, ӘҚК органының және басқа пайдаланушылардың келісімі бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізуші анықтайды және әуеайлақта ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта көрсетіледі



2-параграф. Әуеайлақта және әуеайлақтар арасында метеорологиялық ақпаратты тарату және алмасу
494. Әуеайлақтарда метеорологиялық ақпаратты тарату тәртібі кесте түрінде әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету бойынша нұсқаулыққа қосылады және мынадай мәліметтерді құрайды:

1) ақпараттың түрлері;

2) оны ұсынуға жауапты метеорологиялық органның бөлімшесі,

3)пайдаланушыларға ақпаратты тарату мерзімі мен кезектігі;

4) жоғарыда көрсетілген мақсат үшін пайдаланылатын байланыс құралдары.

495. Әуеайлақта орналасқан авиациялық пайдаланушыларға метеорологиялық ақпаратты тарату кезектігі олардың жұмыс қызметтерімен белгіленеді.

496. Әуеайлақта таратылатын метеорологиялық ақпаратты құжаттау үшін әуе және жердегі электр байланысының тиісті каналдарыy бақылау дыбыс жазумен қамтамасыз етіледі.

497. Метеорологиялық органдар арасында метеорологиялық ақпаратпен алмасу деректерді автоматтандырылған жүйелердің арналары бойынша және авиациялық жерүсті электр байланысының желісі бойынша жүзеге асырылады.

498. Кесте бойынша авиарейстермен байланысты немесе осы рейстер үшін қосымша болып табылатын әуеайлақтардың метеорологиялық органдар әуеайлақ бойынша тұрақты мәліметтермен (арнайы) және ауа райының болжамдарымен алмасады.

3-параграф. AFTN құралымен OPMET ақпаратын тарату
499. Жедел метеорологиялық ақпаратты қамтитын және авиациялық белгіленген қызметтерінің AFS құралдары арқылы таратуға жататын метеорологиялық бюллетеннің келесіден құрылатын атауы бар:

1) төрт әріптен және екі цифрден құрылатын шартты белгі;

2) метеорологиялық бюллетенді шығарған немесе жасаған метеорологиялық органның географиялық жағдайына сәйкес орналасу жерінің ИКАО қолданылатын төрт әріпті индекс;

3) «күні – уақыт» тобы;

4) үш әріпті индекс (қажет болған жағдайда).

500. AFTN құралының көмегімен берілуге жататын және жедел метеорологиялық ақпаратты құрайтын метеорологиялық бюллетендер AFTN хабары нысанының мәтіндік бөлігіне қосылады. Оларды табыстау уақыты 5 минуттен кемірек болу тиіс.

501. Авиациялық жердегі электр байланысының желісі (AFTN қоса алғанда), бойынша таратылатын жедел хаттарға, олардың мазмұнына тәуелді келесі жеделдіктің санаты беріледі:

1) FF – арнайы мәліметтерді, әуе кемелерінің борттарынан хабарларды, ұшу бағыттар және аудандар бойынша ескертулерді, SIGMET және AIRMET ақпаратты қамтитын жедел хаттарына;

2) GG –, TAF әуеайлақтар бойынша ауа райы болжамдарын, SPECI арнайы мәліметтері мен METAR тұрақты мәліметтерді, ұшу бағыттары және аудандары бойынша ауа райының болжамдарын қамтитын жедел хаттары.

4-параграф. Интернет бойынша OPMET ақпаратын алу
502. Бұқаралық интернет осындай желі және оның қанағаттанарлық пайдалану сипаттамасы болған жағдайда OPMET ақпаратының уақыты бойынша алмасу үшін пайдаланады. Ұшуды жоспарлау үшін пайдаланатын OPMET ақпараты уақыт бойынша сыни емес ретінде қарастырылады, осыған байланысты бұқаралық Интернет бойынша таратылады.

503. Төменде аталған метеорологиялық ақпараттар уақыт бойынша сыни емес ретінде қарастырылады және оны Интернет бойынша беруге болады:

1) болжамдарға қатысты метеорологиялық ақпарат, мысалы, TAF, (SPECI) әуеайлақ бойынша арнайы метеорологиялық мәліметтерді және (METAR) әуеайлақ бойынша тұрақты метеорологиялық мәліметтер ретінде тиісті бақылаулардың нәтижелері және аймақтық және бағыттық болжамдары;

2) аймақтық болжамдардың бүкіләлемдік ұйымымен (АББҰ) ұсынылатын метеорологиялық ақпарат, мысалы ауа райының ерекше құбылысының картасы және жел картасы, температура қатысты ылғалдылық;

3) вулкан күлі бойынша консультативтік орталықтармен берілетін (VAG) графикалық нысанда вулкандық күл туралы консультативтік хабарлама;

4) GAMET аймақтық болжамы.

504. Интернет желісі бойынша таралмайтын, уақыт бойынша сыни емес ретінде қарастырылмайтын ұшу қауіпсіздігіне қатысты авиациялық метеорологиялық хабарламалардың санына мыналар жатады:

1) SIGMET ақпараты;

2) борттан арнайы ақпар (AIREP);

3) AIRMET хабары;

4) вулкандық күл туралы консультативтік хабар;

5) тропикалық циклондар туралы консультативтік хабар;

6) әуеайлақ бойынша өзгертілген болжамдар (TAF).

505. Бұқаралық Интернет немесе AFS құралдарының көмегімен хабарлауға жататын және жедел метеорологиялық ақпаратты құрайтын метеорологиялық бюллетендердің мыналардан тұратын тақырыптамалары бар:

1) төрт әріптен және екі саннан тұратын шартты белгі;

2) шығарылған және құралған метеорологиялық бюллетень, метеорологиялық органның тиісті географиялық жағдайына орналасқан орнының төрт әріптік ИКАО-ға қолданылуы;

3) «күн – уақыт» тобы;

4) қажет жағдайында үш әріптік индекс.

5-параграф. Метеорологиялық ақпаратты тарату үшін радиотарату хабарларын және мәліметтерді тарату желілерін пайдалану
506. Әуеайлақтағы келіп қонатын және ұшып шығатын әуе кемелерін метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ATIS радиотарату хабарлары және D-ATIS мәліметтерді тарату желілері («жоғарыға» байланыс желісі).

507. Ұшудағы әуе кемелерінің экипаждарын метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін VOLMET радиотарату хабарлары және D-VOLMET мәліметтерді тарату желілері («жоғарыға» байланыс желісі) пайдаланылуы мүмкін.

508. ӨЖЖ- немесе ЖЖ-сөйлеу арналары бойынша, сондай-ақ D-VOLMET мәліметтерді тарату желілері мүмкін жүзеге асырылатын VOLMET радиотарату хабарлары ұйымдастырылса, олар авиациялық жылжымалы байланыс қызметінің бөлігі болып табылады. Мұндай жағдайларда көрсетілген байланыс жүйелерінің екеуін де ӘҚҚ органдары VOLMET радиотарату хабарларын немесе D-VOLMET мәліметтерді тарату желілерін ұйымдастыру және пайдалану бойынша нұсқаулыққа (процедураларына) сәйкес құрастыруды және пайдалануды қолдану тиіс.

509. Метеорологиялық ақпаратты тарату үшін ATIS, VOLMET радиотарату хабарлары немесе D-ATIS, D-VOLMET мәліметтерді тарату желілері («жоғарыға» байланыс желісі), ұйымдастырылу жағдайында АНҚЖ:

1) D-VOLMET қызметімен таратылатын (және VOLMET радиотарату хабарларында) метеорологиялық ақпарат әуеайлақ шегінен тыс таратылатын метеорологиялық мәліметке (мысалы METAR, SPESI) сәйкес келуді;

2) D-ATIS қызметімен таратылатын (және ATIS радиотарату хабарларында) метеорологиялық ақпарат осы әуеайлақта таратылатын метеорологиялық мәліметке (яғни жергілікті тұрақты немесе арнаулы мәліметке) сәйкес келуді қамтамасыз етеді.

510. VOLMET, ATIS радио хабарлау бағдарламалары стандартты радио телефон фразеологиямен пайдаланумен жүзеге асырылу тиіс.

511. ATIS, VOLMET радиотарату хабарлары немесе D-ATIS, D-VOLMET мәліметтерді тарату желілері («жоғарыға» байланыс желісі), ұйымдастырылу жағдайында АНҚЖ бақылайды, ал тиісті метеорологиялық орган мәліметтерді тарату желілерін немесе радиотарату хабарларын пайдаланатын әр қызметте тиісті датчиктер мен орташалау мерзімдері болуын қамтамасыз етеді. Мысалы, D-VOLMET/ВЧ-VOLMET ақпаратында жел туралы ақпарат 10 минут кезеңде орталықтанады, ҰҚЖ әуеайлақтағы бар жағдай үшін көрнекті. D-ATIS/ATIS немесе ОВЧ-VOLMET ақпаратында 2 минут кезеңінде орталықтанады, ҰҚЖ жағалай және ҰҚЖ тию аймағы үшін көрнекті.

512. ӘҚҚ органына ӨЖЖ- және ӨЖ-диапазондарында VOLMET радиохабар таратуды қамтамасыз ету үшін АНҚЖ тапсыратын белгіленген АНҚЖ метеорологиялық органнан немесе байланыс орталығынан келіп түсетін қажетті METAR/SPECI, SIGMET және AIRMET хабарламалары мен TAF болжамы берілуі тиіс.

513. ӨЖЖ- арналары арқылы жүзеге асырылатын мүмкіндігі бар VOLMET үздіксіз радиохабар тарату кезінде, («тренд» түріндегі болжамды қоса METAR және SPECI ағымдағы мәліметті трансляциялау жасалады.

514. ӨЖ- арналары арқылы жүзеге асырылатын мүмкіндігі бар VOLMET үздіксіз радиохабар тарату кезінде, («тренд» түріндегі болжамды қоса METAR және SPECI ағымдағы мәліметті, және бұл TAF және SIGMET ақпараты болжамының тұтынушыларымен келісімімен белгіленген жағдайларда трансляциялау жасалады.

515. Тұрақты радиохабарлар тарату үшін арналған метеорологиялық ақпаратты ұсыну қажет:

1) METAR ауа райы мәліметі үшін – бақылаудың нақты уақытынан кейін 5 минуттан кешіктірмей;

2) TAF ауа райы болжамдары үшін – олардың әрекетінің басталуына дейін 1 сағат бұрын.

516. VOLMET бағдарламасына, ӨЖ- арналары бойынша берілетін VOLMET түрі бойынша радиохабар тарату бағдарламалар жүзеге асырылатын әуеайлақтан 800 километр дейінгі қашықтықта орналасқан шамамен оннан астам әуеайлақтан ауа-райы туралы ақпарат енгізіледі.

517. VOLMET радиохабарлар тарату бағдарламалары кезінде ақпарат және ауа-райы хабарланатын әуеайлақ тізімі және беру тәртібі мен уақытын метеорологиялық өкілетті органмен келісімі бойынша АНҚЖ анықтайды.

518. VOLMET тұрақты радио хабарлау бағдарламаларына SIGMET мәліметтері енгізілетін ҰАА өкілетті метеорологиялық органының келісімі бойынша АНҚЖ анықтайды.

SIGMET мәліметі бағдарламаның басында немесе басында 5 - минуттік уақыттың аралығында хабарлану тиіс.

519. ӨЖ- арналары бойынша VOLMET радиохабарлар тарату басына әуеайлақтан METAR мәліметі түспеген жағдайда, бақылау мерзімі көрсетіліп, соңғы алынған мәлімет беріледі.

520. ӨЖ- арналары бойынша VOLMET тұрақты радиохабарлар таратудың бөлігі болып табылатын TAF болжамдарының 9, 24 және 30 сағат әрекет ету мерзімі бар, қажетті жағдайда радио арқылы берілетін әр болжам тиісті әуеайлақтық метеорологиялық органның соңғы пікірін көрсету үшін түзетіледі.

521. Егер осы аудан үшін ұшу ақпараты SIGМЕТ қолданыстағы ақпараты жоқ болса, SIGМЕТ ақпараты VOLMET тұрақты радио хабарлау бағдарламасына қосылған жағдайда, «NIL SIGМЕТ» нұсқауы беріледі.

522. Әуе кемелерінің бортына берілетін және SIGMET ақпараты мен болжамдарының мазмұны мен нысаны және VOLMET тұрақты радио хабарлау бағдарламасының бөлігі болып табылатын осы Қағидалардың 3,4,5,6-бөлімінің талаптарына сәйкес.

523. Ұшулар немесе әуе қозғалысының шамалы қарқындылығы болмаған кезеңде VOLMET радио хабарлау бағдарламалары ӨЖЖ- арналары бойынша тоқтатылуы мүмкін. Осы жағдайда метеорологиялық ақпаратты ӘҚҚ тиісті органдары әуе кемелерінің экипаждарына тапсырылады.

524. D-VOLMET мәліметтері ағымдағы METAR және SPECI мәліметтерін, сондай ақ «тренд» түріндегі болжамдарды, TAF болжамдарын, SIGMET ақпаратын, SIGMET енгізілмеген және AIRMET барысында әуе кемелерінің бортынан арнайы хабарларды қамтиды.

525. Соңғы қолданыстағы METAR және SPECI мәліметтері, TAF болжамдары және SIGMET және AIRMET мәліметтері ұшудағы әуе кемелерінің бортына «жоғарыға» байланыс желісі бойынша берілу тиіс.

526. METAR және SPECI, TAF мәліметтері болжамдары ұшудағы әуе кемелерінің бортына «жоғарыға» байланыс желісі бойынша берілуге жататын әуеайлақтар аэронавигациялық ұйымның келісімі бойынша АНҚЖ анықтайды.

527. SIGMET және AIRMET мәліметтері ұшудағы әуе кемелерінің бортына «жоғарыға» байланыс желісі бойынша берілуге жататын ҰАА аэронавигациялық ұйымның келісімі бойынша АНҚЖ анықтайды.

528. D-VOLMET мәліметінің бөлігі болып табылатын TAF болжамдары, ұшудағы әуе кемесінің бортына «жоғарыға» байланыс желісі бойынша хабарлау үшін тиісті метеорологиялық органның соңғы пікірін көрсету үшін әр дайындалған болжаммен түзетілу тиіс.

529. Егер ұшу ақпаратының осы ауданы үшін қолданыстағы SIGMET ақпараты жоқ болса, D-VOLMET ақпаратына NIL SIGMET нұсқауын қосу керек.

530. D-VOLMET ақпаратының бөлігі болып табылатын SIGMET және AIRMET мәліметтері мен болжамдары, мәліметтерінің мазмұны мен нысаны осы Қағидалардың 3,5,6 - тарауларының ережелеріне сәйкес келеді.



жүктеу 3,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау