Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 3,41 Mb.
бет8/18
Дата20.11.2018
өлшемі3,41 Mb.
#21887
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

4-параграф. 100 төменгі эшелоннан төмен (ӘҚҰ ұйымдарымен белгіленген 150 ұшу эшелонына дейін немесе таулы аудандарда одан төмен) биіктікте ұшуды қамтамасыз ету үшін ақпаратты беру
406. 100-ден төменгі эшелоннан төмен биіктекте ұшуға арналған ұшу құжаттамасы (ӘҚҰ ұйымдарымен белгіленген таулы аудандарда 150 эшелоннан төмен немесе эшелоннан төмен) картографиялық үлгіде (мысалы биіктікте ауа температурасының және желдің болжамын және кіші биіктіктер үшін SIGWX болжамдарының айтылуы) немесе осы Қағиданың 5-бөлімі 7, 8 және 9 парагрофтарда көрсетілген (GAMET) қысқартылуымен ашық мәтінде ұсынылуы мүмкін.

407. 100-ден төменгі эшелоннан төмен биіктекте ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету үшін (ӘҚҰ ұйымдарымен белгіленген таулы аудандарда 150 эшелоннан төмен немесе эшелоннан төмен) ӘМО аэродромға ұшулардың метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулығын қосады:

1) ЖДП жауапкершілігі аймағындағы карта-сызбасы;

2) аудандар бойынша болжамдарға түзетулер шығару үшін критерилер;

3) ұшуларды орындау кезінде және ұшар алдындағы дайындық кезінде әуе кемесінің экипаждарына дейін метеорологиялық мәліметтерді жеткізу тәсілдері;

4) әуе кемесінің экипажынан метеорологиялық мәліметтерді алу тәсілдері;

5) ӘҚҰ ұйымдарына дейін метеорологиялық мәліметтерді жеткізу тәсілдері.

408. ЖДП-ға жауапты аудандардың карта-сызбасы 100-ден төменгі эшелоннан төмен ұшуларда (ӘҚҰ ұйымдарымен белгіленген таулы аудандарда 150 эшелоннан төмен немесе эшелоннан төмен) қызмет көрсетуге қатысушылар ӘҚҰ және ӘМО ұйымдарының мамандары бойынша жұмыс орнында орналастырады.

409. ӘҚҰ (ЖДП) ӘМО ұшу аэродромы басқа ауданда ұшуды қамтамасыз ету үшін осы берілген аудандарды қамтамасыз ететін ӘМО-дан жұмыс аймағы бойынша ауа райының болжамын сұратады.

410. Берілген аудандардың тізімі және оны өзгерту ӘҚҰ ұйымдарына сәкес ӘҚҰ (ЖДП) іргелес аудандардың ұшуын қамтамасыз ететін ӘМО мекенжайына жіберіледі.

411. 100-ден төменгі эшелоннан төмен (немесе қажет болғанда 150 ұшу эшелонына дейін немесе таулы аудандарда одан төмен) ұшуды орындайтын әуе кемесінің экипаждары ұшу алдында және ұшу барысында метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етіледі. Осы ақпарат ұшудың уақытына, биіктігіне және бағдарына (ауданына) сәйкес болуы тиіс. Ұшу алдындағы дайындық кезеңінде әуе кемелерінің экипаждары төмендегідей қамтамасыз етіледі:

1) Сол көрсетілген ауызша метеорологиялық кеңес берулердің, оның ішінде, нақты іс жүзіндегі немесе 5000 м шамаға дейін ауқымды кеңістікте көрінудің төмендегені көрсетілген жағдайда әр түрлі құбылыстардан пайда болуға болжанатын немесе нақты іс жүзіндегі немесе ұшуды орындауға әсер ететін сол бұлттардың көрінудегі әсерлері көрсетіледі;

2) қордағы және қонуға, ұшу аэродромы бойынша болжамдары және нақты көрсетілген ауа райының мәліметтері (METAR және SPECI мәліметтері және TAF және «тренд» үлгісіндегі болжамдар);

3) SIGMET және AIRMET ақпараттары;

4) GAMET аймақтық болжамдармен немесе SWL карт түріндегі кіші биіктіктердегі ұшулар үшін аймақтық болжамдар (ерекше ауа райы құбылыстарының картасымен);

5) жер бетіндегі метеорологиялық радиолокаторлардың көмегімен алынған ақпараттар (бар болған жағдайда).

412. 100-ден төмен эшелоннан кіші биіктіктерде ШҰЕ бойынша ұшулар үшін ұшу құжаттамасы (ӘҚҰ ұйымдарымен белгіленген таулы аудандарда 150 эшелоннан төмен немесе эшелоннан төмен) және осы Қағиданың 411-тармағында 2)-5) тармақшаларында аталған ақпараттарды қосады.

413. 100 эшелоннан төмен ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету үшін (ӘҚҰ ұйымдарымен белгіленген таулы аудандарда 150 эшелоннан төмен немесе эшелоннан төмен) бағыттары бойынша аймақтық болжамдар және ұшу аудандары пайдаланылады.

414. Кіші биіктіктерде ұшудың ауданы/бағыты бойынша болжамдар карта түрінде немесе Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымымен қабылданған есептелген өлшемдер мен қысқартуларды пайдаланумен GAMET болжамы үлгісінде беріледі.

415. Ашық теңізде құрылысқа ұшуды орындайтын тікұшақтарды пайдаланушылармен ұшу барысында алдын ала жоспарлау және қайта жоспарлауды жүзеге асыруға арналған метеорологиялық ақпаратқа 100 ұшу эшелонына дейін және теңіз деңгейінің қабаты бойынша мәліметті қосу.

Ерекше турбуленттілік пен мұзданудың күтілетін және нақты пайда болуын, теңіз деңгейінде орташа қысым, теңіз үсті температурасын, теңіз жағдайын, 100 ұшу эшелонынан төмен бұлттың ұшын және негізін, түрін, санын, беттегі күтілетін көрінуді көрсету керек. (Егер осындай мәліметтер болған жағдайда)

416. Іздестіру-құтқару жұмыстары үшін метеорологиялық мәліметтерді беру тәртібі осы Қағиданың 8-бөлімі 4 параграфында анықталған.

5-параграф. Авиациялық жұмыстарды метеорологиялық қамтамасыз ету ерекшеліктері
417. Авиациялық жұмыстардың технологиялық ерекшеліктерін орындау және ережелерді орындау үшін олардың мақсаттарына байланысты төмендегідей негізгі түрлерге бөлінеді:

1) авиациялық-химиялық жұмыстар;

2) әуе түсірілімі;

3) орманавиациялық жұмыстар;

4) құрылыс-монтаж жұмыстары және тиеу-түсіру жұмыстары;

5) көліктік-байланысты жұмыстар;

6) ашық теңіз аралдарына ұшу;

7) теңіз кемелерімен үшу және теңіз бұрғылау қондырғылары;

8) халыққа медициналық көмек көрсету үшін ұшу және санитарлық шараларды жүргізу:

9) эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ұшулар;

10) десант түсіру және парашютисттерді шығару немесе парашютта жүктерді лақтыру бойынша ұшу;

11) іздеу және авариялық-құтқару жұмыстары;

12) аэродромдық схемаларды және авиациялық радиобайланыстарды ұшуларға радиотехникалық жердегі құралдарын қамтамасыз ету ұшуды тексеру (аралап ұшу);

13) мамандандырылған орындауларға байланысты авиациялық жұмыстардың басқа да түрлері

418. Авиациялық жұмыстарды орындау кезінде оперативтік орындардан табылған әуе кемесін пайдаланушылар осы Қағиданың 282-292 тармақтарына сәйкес белгіленген аймақтар бойынша аэродромдық метеорологиялық ұйымдармен берілген ауа райының болжамдарымен қамтамасыз етеді.

419. Оперативтік орында авиациялық жұмысының алдында сол аэродромдық метеорологиялық органдар жоқ жерлерде әуе кемесінің экипажы аэродромдық метеорологиялық органға ауа райы мәліметтерін беру үшін ӘҚҰ ұйымының диспетчерлеріне айа райы туралы мәліметтерді хабарлайды. Көрінімділікті бақылау кезінде аэродром шегарасында қондырылған (отырғызу алаңы) нақты бағдары пайдаланылады. Желдің жылдамдығын бағалау үшін қол анемометрі қолданылады.

420. Авиациялық жұмыстады орындау кезінде әуе кемесінің экипажы ауа райының өзгеруі туралы жағдайды бақылап, ол туралы ӘҚҰ диспетчеріне ауа райының құбылыстары мен қолайсыз ауа райының жағдайлары туындағанын хабарлайды. ӘҚҰ диспетчері аэродромдық метеорологиялық органға осы мәліметтерді береді.

Қауіпті метеорологиялық құбылыстармен кездескен жағдайда:



  1. найзағай;

  2. бұршақ;

  3. мұз болып қатқан жауын-шашын (көктайғақ);

  4. қоңыр салқын немесе қатты мұздану;

  5. қоңыржай немесе қатты турбуленттік;

  6. құйын;

  7. дауыл;

  8. қатты шаңды боран;

  9. қатты нөсерлі жауын-шашын;

10) вулкандық күл;

Осындай деректер болған жағдайда тез арада хабарланып, берілуі қажет.

421. Нақты ауа райы туралы ақпарлар болмаған жағдайда жұмыс аймағы бойынша бірінші ауа райының болжамы құрастырылады. Нақты ауа райы туралы ақпарларды алғаннан кейін аэродромдық метеорологиялық орган анықталған ауа райының болжамын жібереді.

422. Ауа райының болжамдарын беру және ЖДП аймақтарына ескерту байланыс құралдары мен арналарының тәсілдерімен жүзеге асырылады.

423. Таулы жерлерде ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету ұшулар аймағында орографиялық негіздердің тіркелуімен жүргізіледі.

424. Таулы мекендерде ұшулар үшін жасалатын ауа райының болжамдарына орографикалық турбуленттігі және ол күтілетін қабаттың қалыңдығы туралы деректер, сондай-ақ, егер әуеайлақ деңгейінен 2000 м немесе одан кем биіктікте күтілетін бұлттылық туралы ақпарат енгізіледі.

425. Ұшулардың бағдарлары және аудандары бойынша болжамдарда найзағайдың болуына және таулардың бұлттармен жабылуына, тұмандардың және таулы баурайларда төмен бұлттылықтың және жергілікті желдің пайда болуына ерекше назар аударылады.

426.Таулы мекендерде ұшулар барысында метеорологиялық жағдайлар туралы мәліметтер теңіздің деңгейіндегі биіктіктерде көрсетіледі.

427. «CAVOK» термины таулы әуеайлақтары үшін мәліметтерді жасау және аэрофотобейне жұмыстарының кезеңінде пайдаланылмайды.

428. Жедел санитарлық тапсырмалар бойынша ұшуларды орындау кезінде апатты құтқару және іздеу құтқару жұмыстарында табиғи апаттарда және ірі апаттық оқиғаларды жою бойынша ұшуларда ұшуды орындау аймағында орналасқан гидрометеорологиялық қызметтің құрылымдық бөлімшелерінің мәліметтері пайдаланылады.

429. Теңіз кемесінде және ашық теңіздегі платформаларға ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету ұшулардың тәуліктік жоспары негізінде жүзеге асырылады.

430. Ұшу кезеңдерінде теңіз кемесі тұрған жерінің аймағындағы ауа райының шарттары туралы бағыты бойынша және желдің жылдамдығын, көрінулігін, ауа райының құбылыстарын, түрін және бұлттардың төменгі қабатының биіктігін және атмосфералық қысымның, температураның мәліметтерін қосқанда сағат сайын осы мәліметтер туралы метеорологиялық органның мекенжайына беруді қамтамасыз етеді.

431. Сағат сайынғы бақылауға қосымша төмендегідей жағдайларда метеорологиялық ақпар түрінде дайындалған арнайы бақылау жүргізіледі:

1) желдің жылдамдығы белгіленген шекті мәндерінен жоғары үлкейтіледі;

2) көрінуі және (немесе) бұлттардың төменгі қабатының биіктігі тікұшақ командирінің төменгі минимумының мәніне дейін төмендейді;

3) қатты турбуленттік, жауын шашында мұз басу бақыланады.

432. Метеорологиялық бақылауларының мәліметтерінің жеделхаттары METAR коды бойынша бірізділікте құрылады.

433. Айдынды теңізден өтушілердің бағыттары үшін қосымша теңіз қабатының температурасы және жай-күйі туралы ақпараттар пайдаланылады.



6-параграф. Ұшу алдындағы дайындықтың

автоматтандырылған жүйелері
434. Ұшар алдындағы автоматтандырылған жүйені ӘМО пайдалану кезінде (оның ішінде web-сайтты), авиациялық пайдаланушыларға метеорологиялық ақпараттарды көрсету және беру үшін, ұшуды жоспарлау үшін дербес нұсқаулық беру мақсатында ұшу экипажының мүшелеріне және ұшу құжаттамасын құруға осы Қағиданың 7-бөлімінің 1-5-параграфтағы ережелеріне сәйкес ұсынылуға берілген құжаттамалар болып табылады.

435. Ұшу экипажының мүшелерінің пайдаланушыларына ұсынылған ұшу алдындағы ақпараттардың автоматтандырылған жүйесі (оның ішінде web-сайт) және метеорологиялық ақпараттарға біріздендірілген жалпы терминалына қол жеткізуге басқа мүдделі авиациялық қызметкерлерге және авиациялық ақпараттар берілген қызметтерге АНҚЖ белгіленеді.

436. Ұшу экипажының мүшелерінің пайдаланушыларына ұсынылған ұшу алдындағы ақпараттардың автоматтандырылған жүйесін қолдану кезінде және метеорологиялық ақпараттарға біріздендірілген жалпы терминалына қол жеткізуге басқа мүдделі авиациялық қызметкерлерге және осындай авиациялық ақпараттар берілген қызметтерге (оның ішінде web-сайт) тиісті метеорологиялық орган метеорологиялық ақпараттың сапасын басқаруды қамтамасыз етеді және басқару үшін жауапкершілікті сақтайды.

437. Метеорологиялық деректерді ұсыну үшін ұшу алдындағы ақпараттың автоматтандырылған жүйелері ұшуға дербес дайындау, ұшу алдындағы жоспарлау және ұшу құжаттамасын жасау мақсатында:

1) жүйенің деректер базасын уақытымен үнемі жаңартуды және сақталатын метеорологиялық ақпараттың тұтастығына бақылауды қамтамасыз ету;

2) авиациялық пайдаланушыларға және ұшу экипажының мүшелеріне, сондай ақ басқа мүдделі авиациялық пайдаланушыларға тиісті байланыс құралдарын пайдаланумен жүйеге қол жеткізуді ұсыну;

3) қысқартулармен ашық мәтінде және тиісті жағдайларда ИКАО орналасу жерінің көрсеткіштері, сондай-ақ ДМҰ ұсынған авиациялық метеорологиялық кодтардың деректері түрінің көрсеткіштері негізінде немесе пайдаланушының интерфейсіндегі меню базасында негізделген қол жеткізу және сұрау үрдістерін, немесе өкілетті метеорологиялық орган және тиісті пайдаланушылардың және АНҚЖ арасында келісілген басқа тиісті механизмдерді пайдалану;

4) ақпаратқа қатысты пайдаланушылардың сұратуына жауапты дер кезінде беру тиіс.

438. Дербес нұсқама үшін құралдарды ұсынатын ұшу алдындағы ақпараттың автоматтандырылған жүйелерінде қажет болғанда авиациялық пайдаланушыларға және ұшу экипажының мүшелеріне әуеайлақ метеорологиялық органына телефон арқылы немесе басқа байланыс құралдарын пайдаланумен консультация алу үшін қол жеткізу көзделеді.

7-параграф. Ұшудағы әуе кемелерінің экипаждары үшін ақпарат
439. Әуеайлақтық метеорологиялық орган немесе метеорологиялық қадағалау органы ӘҚҚ тиісті органын ұшудағы әуе кемелеріне арналған метеорологиялық ақпаратпен жабдықтайды және оны D-ATIS, D-VOLMET хабарламаларында немесе ATIS және VOLMET радио хабарламаларында беруге ұсынады.

440. Егер ұшудағы әуе кемелерінің экипажы метеорологиялық ақпаратты сұратса, сұратуды алған әуеайлақтық метеорологиялық орган немесе метеорологиялық қадағалау орган, аталған әуе кемесінің экипажын ақпаратмен жабдықтау үшін шаралар қабылдайды немесе басқа ӘМО/МҚО көмегі арқылы (қажет болған жағдайда).

441. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары 8 тарауда жазылған талаптарға сәйкес ұшудағы әуе кмемелеріне арналған метеорологиялық ақпаратпен жабдықталады.

442. D-VOLMET хабарламасындағы немесе VОLМЕТ радиохабар таратудағы метеорологиялық ақпарат (олар болған жағдайда) 9 тарауда жазылған талаптарға сәйкес беріледі.

443. Ұшудағы әуе кемелерінің мүддесінде пайдаланушы жүзеге асыратын жоспарлауға арналған метеорологиялық ақпарат ұшу уақытында ұсынылады және мынадай элементтердің бірін қамтиды:

1) METAR және SPECI метеорологиялық мәліметтер («тренд» түріндегі болжамдарды қоса), TAF болжамдары және оларға түзетулер;

2) SIGMET және AIRMET ақпаратын, егер олар SIGMET хабарларында көрсетілмеген жағдайда ұшуға жататын борттан арнайы хабарламалар;

3) биіктіктерде жел және ауа температурасы туралы ақпарат;

4) ұшуға қатысы бар жанартау күлі және тропикалық циклондар туралы консультациялық ақпарат.

5) аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізуші мен тиісті пайдаланушылар арасындағы уағдаластыққа сәйкес басқа метеорологиялық ақпарат.



8-тарау. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органы, іздестіру-апаттан құтқару қызметі және аэронавигациялық ақпарат қызметі үшін ақпарат
1-параграф. Ақпаратты таратуға қатысты жалпы ережелер
444. ӘҚҚ әрбір органымен өзара әрекет етуі үшін аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізуші ӘМО/МҚО тағайындайды. Егер жергілікті жағдайларға сәйкес тиісті ӘМО/МҚО міндеттерін екі немесе одан да көбірек ӘМО/МҚО жүктеу пайдалырақ болса, жауапкершілік саласын бөлу АНҚЖ-мен іске асырылады.

445. Оларды метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін әуеайлақтық метеорологиялық орган ӘДП/АӘДП және ЖДП-мен өзара әрекет етеді.

446. ӘДП/АӘДП және ЖДП әуеайлақта ауа райының жағдайын көзбен шолу үшін ӘМО-да пайдаланатындарға ұқсас метеорологиялық ақпаратты бейнелейтің құралдар орналастырылады.

447. МҚО оларды метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ЖДП (ҰАО) және АДП өзара іс-әрекет жасайды.

448. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарын метеорологиялық қамтамасыз ету осы органдардың барлық жұмыс кезеңі бойы жүзеге асырылады.

449. Метеорологиялық органдар арқылы алынатын ақпараттан басқа Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарын органдарының жұмысында әуе кемелерінің бортынан ұшу бағыттарында, сондай-ақ ұшу және қонуға бет алу аймағында метеорологиялық жағдайлар туралы деректерді қамтитын деректер пайдаланылады.

450. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органы апатты жағдайға байланысты сұраған кез келген ақпарат барынша қысқа мерзімде ұсынылады.

451. Жедел ақпарат әуе қозғалысына қызмет көрсету органымен дереу беріледі.

452. Метеорологиялық органдар мен әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының арасындағы байланыс құралдары метеорологиялық ақпаратты және оны беру үшін сұраныстарды жедел таратуды қамтамасыз ету тиіс. Баспа және графикалық ақпаратты беру барысында барынша электрондық құралдарды пайдалану қажет.

453. Таратудың техникалық құралдары болмаған жағдайда метеорологиялық ақпарат әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары диспетчерлеріне қағаз түрінде қол қою арқылы беріледі.

454. ӘҚҚ органы әуеайлақтық метеорологиялық орган/метеорологиялық қадағалау органына ақпаратты уақытылы беруді қамтамасыз етеді:
1) ұшу бағыты бойынша әуе кемесінің бортынан алынатын, сондай-ақ ұшуды немесе қонуды жасаған метеорологиялық ақпарат (мысалы, желдің ауысуы, турбуленттілік, мұздану туралы);
2) метеорологиялық станциямен берілген ақпаратты жаңарту немесе толықтыру үшін әуе қозғалысына қызмет көрсету органының персоналымен жүргізілген визуалдық метеорологиялық бақылау деректерімен.

455. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары жергілікті және арнайы мәліметтермен, METAR және SPECI мәліметтері, TAF болжамы және «тренд» түріндегі божамдары, SIGMET және AIRMET ақпаратымен, биіктіктерде желдің және ауа температурасының болжамымен және оларға жасалған және басқа метеорологиялық органдарға жіберілген немесе олардан алынған нысандағы түзетулермен әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықпен қарастырылмаса басқа метеорологиялық органдарға жолданады.

456. Басқа әуеайлақтар бойынша METAR/SPECI мәліметтер, TAF болжамдары, сонымен қоса басқа АҰА бойынша SIGMET, AIRMET ақпараты АҰА/ӘҚАО, ӘДП/АДО ұсынылады.

457. ӘҚҰ органдарына ақпаратты ұсыну кезеңінде ерекше назар осы Қағидалардың 318 және 328 тармақтарында көрсетілген әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне ықпал ете алатын бағыттарда ауа райының қауіпті құбылыстарына бөлінеді. Осы Қағиданың 12-қосымшасына сәйкес ӘҚҰ органдармен алынатын метеорологиялық ақпарат, вулкандық күлі және тропикалық циклондар туралы консультациялық ақпарат, SIGMET және AIRMEТ туралы ақпарат қоса алғанда, авиациялық метеорологиялық болжамдардың, ескертулердің тәртібі таралуына сәйкес таратылады.

458. Аталған құбылыстарды анықтау үшін осы Қағидалардың 318 және 328-тармақтарында көрсетілген борттан арнайы хабарлар, жерсеріктік деректері және метеорологиялық ақпараттың графикалық көрсетулері, сондай-ақ метеорологиялық радиолокаторлардың деректері пайдаланылады.

459. Осы органдарға қызмет көрсететін электрондық есептеу машиналарда одан әрі пайдалану мақсатында цифрлы нысанда ӘҚҰ органдары үшін тұрақты тордың торабында атмосфераның жоғарғы қабаттары туралы деректерді электрондық есептеу машиналарда өңдеуі қамтамасыз етілген жағдайда деректерді таратудың мазмұны, нысаны және ережелері өкілетті метеорологиялық орган және аэронавигациялық ұйымдардың арасындағы келісім бойынша белгілену тиіс. Осы деректерді болжамдарды өңдегеннен кейін жедел түрде ұсынылады.

560. Автоматтандырылған жүйелерді және әр түрлі деңгейде ӘҚҚ автоматтаудың құралдар кешенін метеорологиялық қамтамасыз ету техникалық талаптарға жауап беруі және ӘҚҚ ұйымдарында АҚ автоматтандырылған метеорологиялық өлшеу жүйелерімен және метеорологиялық деректерді тарату құралдарымен үйлесу арқылы жүзеге асырылады.

461. Әуеайлақтық метеорологиялық орган ӘҚҚ органының кезекшілікке келетін диспетчерлер ауысымын кеңес берумен қамтамасыз етеді. Консультацияда келесі ақпарат хабарланады:

1) әуе қозғалысына қызмет көрсететін бақыланатын аудандарда метеорологиялық жағдайдың жалпы сипаттамасы;

2) әуе жолдарында және ұшу аудандарында, ұшу, қону және қосымша әуеайлақтарында нақты және күтілетін метеорологиялық жағдайлар;

3) әуе қозғалысына қызмет көрсететін бақыланатын аудандарында ауысым жұмыс кезеңінде іске қосылатын радиозондарының ауысу болжанатын траекториялары;

4) жергілікті әуеайлақта ауа райының жағдайы туралы соңғы деректер, атмосфералық қысымның мағынасы және оның өзгеру тенденциясы;

5) метеорологиялық жабдықтардың, байланыс құралдарының техникалық жағдайы, метеорологиялық органның кезекші ауысымның дайындығы.

462. Орналастыру жағдайынан кезекші метеорологтың болуы қамтамасыз етілмеген әуежайларда қозғалыс қызметі ауысымының нұсқаулық жүргізуде, метеорологиялық кеңес беру қолданыстағы байланыс құралдарын пайдаланумен ұсынылады.

463. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының ұшу басшысы (аға диспетчер) және әуеайлақ метеорологиялық органының аға ауысымы жұмыс кезінде метеорологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша жедел өзара әрекеттесуді жүзеге асырады.

2-параграф. Әуеайлақтық диспетчерлік пункттері үшін ақпарат
464. Әуеайлақтық метеорологиялық орган рульдеу диспетчерлік пунктін (РДП) және старттық диспетчерлік пунктін (СДП) келесі ақпаратпен жабдықтайды:

1) «тренд» түріндегі болжамдарды қоса жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтермен;

2) желдің ауысуы туралы хабарламамен және ескертулермен.

465. Әуеайлақтық метеорологиялық орган/метеорологиялық қадағалау органы шеңбердің диспетчерлік пунктін және «Мұнара» ДП, ал олар біріктірілген әуеайлақтарда ӘДО/АӘДП келесі ақпаратпен жабдықтайды:

1) «тренд» түріндегі болжамдарды қоса жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтермен;

2) METAR және SPECI мәліметтерімен, TAF және «тренд» түрдегі болжамдармен және ұшу қону және қосалқы әуе айлақтар бойынша оларға түзетулермен (сауал бойынша);

3) МРЛ деректерімен (бар болған жағдайда);

4) шеңбердің және 100 метр биіктігінде жел туралы деректермен (жел туралы нақты деректер болмағанда шеңбердің биіктігіндегі желдің болжамы хабарланады);

5) әуеайлақ бойынша және желдің ауысуы туралы ескертулермен және хабарламамен;

6) осы әуеайлақтық диспетчерлік пунктінің жауапкершілік ауданындағы әуе кеңістігіне жататын SIGMET және AIRMET ақпараттарымен жабдықтайды.

466. Әуеайлақтық метеорологиялық орган/метеорологиялық қадағалау органы КДП төмендегі ақпаратпен жабдықтайды:

1) жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтермен, METAR және SPECI мәліметтермен, TAF болжамдарымен және «тренд» түріндегі болжамдармен, кіру диспетчерлік органы қызмет көрсететін әуеайлақ (тар) үшін оларға түзетулермен;

2) SIGMET және AIRMET ақпаратымен, желдің ауысуы туралы ескертулермен және хабарламамен, кіру диспетчерлік пункті қызмет көрсететін әуе кеңістігіне жататын борттан арнайы хабарлармен және әуеайлақ бойынша ескертулерімен;

3) МРЛ деректерімен (бар болған жағдайда);

4) оған қатысты келісімі бар кез келген қосымша метеорологиялық ақпаратпен;

5) ол туралы SIGMET мәліметі әлі шығарылмаған (метеорологиялық қадағалау органы мен аудандық диспетчерлік орталығы арасындағы келісім бойынша) жанар тау күлінің бұлты туралы алынатын ақпаратпен;

6) келісімнің негізінде жолданатын атмосфераға радиоактивтік материалдарды кездейсоқ шығару туралы.

467. Әуеайлақтық метеорологиялық орган/метеорологиялық қадағалау органы жергілікті диспетчерлік пунктін (ЖДП) келесі ақпаратпен жабдықтайды:

1) тренд» түріндегі болжамдарды қоса жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерімен;

2) қону және қосымша әуеайлақтары бойынша METAR, SPECI (сұрату бойынша) мәліметтерімен;

3) TAF болжамдарымен және өзінің әуеайлағы бойынша оларға түзетулермен, GAMET аймақтық және ұшу бағыттары және аудандары бойынша болжамдарымен;

4) әуеайлақ бойынша ескертулерімен, желдің ауысуы туралы ескертулер мен хабарламалармен, ұшу аудандары бойынша ескертулерімен;

5) сұраныс бойынша TAF болжамдарымен және қону мен қосымша әуеайлақтары бойынша оларға түзетулерімен (сұрату бойынша)

6) МРЛ деректерімен (бар болған жағдайда);

7) SIGMET ақпаратымен (кіші биіктіктерде ұшулар қауіпсіздігіне ықпал ететін) және (немесе) AIRMET ақпаратымен, осы хабарламалардың деректеріне енгізілмеген борттан тиісті арнайы хабарламамен;

8) осы сәтке SIGMET және (немесе) AIRMET ақпараттарына енгізілмеген жанар тау күлінің бұлты туралы алынған ақпарат;

9) Әуеайлақтық метеорологиялық орган/метеорологиялық қадағалау органы мен әуе қозғалысы қызмет көрсетуші органы арасында келісілген кез келген қосымша метеорологиялық ақпаратпен;

10) келісімнің негізінде жолданатын атмосфераға радиоактивтік материалдарды кездейсоқ шығару туралы.



жүктеу 3,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау