|
Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №156 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметіЖарықсигнал жабдығының сипаттамасы
|
бет | 5/62 | Дата | 22.05.2018 | өлшемі | 10,41 Mb. | | #15764 |
| Жарықсигнал жабдығының сипаттамасы
222. ҚЖО-І, ҚЖО-ІІ, ҚЖО-ІІІ жүйелерінде қону және ұшыпкөтерілудің жарықсигнал құралдарының жарықтылығын кем дегенде бес сатымен жарықтың орташа күшінің номиналдық мәнінің 1:3: 100%, 30%, 10%, 3% и 1% арақатысымен реттеу қарастырылуы керек.
223. ҚАО және глиссадалық оттар жүйелерінде, оттардың жарықтылығын кем дегенде үш сатымен: 100%, 30% и 10% реттеу көзделуі тиіс. Қону немесе ұшыпкөтерілу бағытындағы жарық күші 200 кд дейін ҰҚЖ-ның бүйірлік оттары пайдаланылатын ҚАО жүйелерінде оттардың жарықтылығын реттеу қажет емес.
224. Барлық БЖЖ оттары әуеайлақтық белгілері мен «тоқта» желілерінің оттары үшін жарықтылықты кем дегенде үш сатымен: 100%, 30 %, 10% реттеу қарастырылуы тиіс.
225. ҚАО жүйелерінде оттардың жарықтылығы 10-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес реттелуі тиіс.
226. ҚЖО-I, ҚЖО-II, ҚЖО-III жүйелерінде оттардың жарықтылығы 10-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес реттелуі тиіс.
227. ҚАО жүйелерінде әр түрлі арналымдағы оттар жарығы күшінің ҰҚЖ бүйірлік оттары жарығының күшіне келесі арақатыстықтары сақталуы тиіс:
1) жақындау және жарық көкжиегі оттарының орталық қатары: 1,5 – 2,0;
2) ҰҚЖ-ның кіру оттары: 1,0 – 1,5;
3) ҰҚЖ-ның шектегіш оттары: 0,25 – 0,5.
228. ҚЖО жүйесі оттарының жарық шоғырларын орнату бұрыштары 9-қосымшаның 2, 3-кестелерінде келтірілген мәндерге, ал ҚАО жүйелерінде – 9-қосымшаның 1-кестесіндегі мәндерге сәйкес болуы тиіс.
229. Қону және жүрудың жарықсигнал құралдарын басқару органдары (тақталар немесе пульттер) тиісті ӘҚҚК пункттері диспетчерлерінің жұмыс орындарында орналасады.
230. Қондыру диспетчерінің жедел басқару тақтасынан оттардың жарықтылығын реттеу кезінде оттардың өшірілуінсіз және жырқылдауынсыз оттардың үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілуі тиіс.
231. ҚАО жүйелерінде басқару жүйесі мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
1) ұшу бағытын таңдау;
2) жақындау оттарының, ҰҚЖ оттарының, БЖЖ-ның бүйірлік оттарының, глиссадалық оттардың жарықтылығын жеке немесе топтастырып басқару және олардың жарықтылығын 10-қосымшаға сәйкес реттеу, сондай-ақ олардың жай-күйінің сигнал беруін (қосылған, өшірілген);
3) глиссадалық оттарды топтастырып басқару кезінде жекелеп басқару мүмкіндігі;
4) авариялық жарық және (өшіріле алатын) дыбыс сигнал беруін.
232. ҚЖО-I, ҚЖО-II, ҚЖО-III жүйелерінде басқару жүйесі, жарықсигнал жабдықтың басқарылуын бір немесе кеңістікте алшақ орналасқан бірнеше диспетчерлердің жұмыс орындарынан берілетін командалар бойынша басқаруды қамтамасыз етуі тиіс, атап айтқанда:
1) ұшу бағытын таңдау;
2) 10-қосымшаға сәйкес, жарықсигналдық қону құралдарын топтастырып басқару;
3) глиссадалық оттарды, қону аймағының оттарын, ҰҚЖ-ның осьтік оттарын, «тоқта» желісінің оттарын және оларға тәуелді БЖЖ осьтік оттарын жеке басқару мүмкіндігі;
4) импульстік оттарды басқару;
5) 1) – 5) т.т. көрсетілген операциялардың жарық сигнал беруін;
6) «тоқта» желісінің барлық оттарын бір мезгілде қосу;
7) әуеайлақ бойынша жермен жүру бағдарын таңдау және іске қосу;
8) БЖЖ-ның бүйірлік және осьтік оттарының және «тоқта» желілері оттарының жарықтығын реттеу;
9) рөлдеу бағдарының іске қосылуына тәуелсіз БЖЖ-ның барлық бүйірлік оттарын қосу.
233. ҚЖО-I, ҚЖО-II, ҚЖО-III жүйелерінде басқару жүйесі мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
1) үнемі белгілі бір ғана оттарды диспетчерлердің екі немесе одан астам жұмыс орындарынан бір мезгілде басқару мүмкіндігіне жол бермеу;
2) диспетчерлердің және техникалық персоналдың жұмыс орындарында басқарылатын жарықсигнал құралдарының жай-күйінің көрсетілуін;
3) техникалық персоналдың жұмыс орындарында байланыс желілері мен трансформаторлық қосалқы станциялардағы (бұдан әрі – ТҚС) қоректендіру көздерінің көрнекі бейнеленуін;
4) диспетчерлердің және техникалық персоналдың жұмыс орындарында жалпы көрнекі және өшіріле алатын дыбыстық авариялық сигнал беруді;
5) тиісті диспетчерден басқару тапсырылғаннан соң техникалық персоналдың жұмыс орнынан жарықсигналдық құралдарды басқару мүмкіндігі;
6) КДП-де кернеу жоғалғанда, КДП-ТҚС байланыс желілері үзілгенде, КДП-дегі жабдық істен шыққанда, ТҚС-да кернеудің қысқа мерзімді жоғалуы кезінде команда беру ақпаратының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
234. ҚЖО-I, ҚЖО-II, ҚЖО-III жүйелерінде есептеу техникасының жүйесінде бар болған жағдайда мұрағаттауға жататын бағдарламалық жабдық пен ақпарат оған рұқсатсыз енуден қорғалуы тиіс.
235. Электрлік қоректендіру кем дегенде екі кабельдік желілермен екі қоректендіру көздерінен келесі оттарды қоректендіру үшін жүзеге асырылуы тиіс:
1) ҚЖО-I, ҚЖО-II және ҚЖО-III жүйелерінде орталық қатардың жақындау оттарын және жарық көкжиектерінің оттарын;
2) бүйірлік жақындау оттарын;
3) ҚЖО-I, ҚЖО-II және ҚЖО-III жүйелеріндегі ҰҚЖ қондыру оттарын;
4) ҚЖО-I, ҚЖО-II және ҚЖО-III жүйелеріндегі ҰҚЖ кіру оттарын;
5) ҚЖО-I, ҚЖО-II және ҚЖО-III жүйелеріндегі шектегіш оттарды;
6) ҰҚЖ-ның осьтік оттарын;
7) қону аймағының оттарын;
8) PAPI глиссадалық оттарын;
9) «тоқта» желісінің оттарын;
10) ҰҚЖ-дағы кері бұрылыс алаңшасының оттарын;
Бұл ретте, келесі оттардың бірлескен қоректендірілуі жүзеге асырылуы мүмкін:
1) орталық қатардың жақындау оттарын және жарық көкжиектерінің оттарын;
2) ҰҚЖ-ның қону, кіру, шектегіш оттарын және ҚЖО-І үшін ҰҚЖ-дағы бұрылу алаңшаларының оттарын;
3) ҰҚЖ-ның қону, шектегіш оттарын және ҚЖО-ІІ, ҚЖО-ІІІ үшін ҰҚЖ-дағы бұрылу алаңшаларының оттарын;
4) 218-т. талаптары орындалған жағдайда «тоқта» желісі оттарының және БЖЖ-ның осьтік оттарының.
236. Электрлік қоректендіру бір немесе одан астам кабельдік желілер арқылы келесі оттар (белгілер) үшін жүзеге асырылуы тиіс:
1) жақындау оттары және шеңберлі шолудың жарық көкжиегінің оттары (бірлесіп);
2) қону, кіру, шектегіш оттары және шеңберлі шолуы бар ҰҚЖ-дағы кері бұрылыс алаңшаларының оттары (бірлесіп);
3) барлық типтегі жүру оттары, әуеайлақтық белгілердің оттары;
4) APAPI глиссадалық оттары;
237. Оттарды тізбектеп қоректендірудің кабельдік желілері оқшаулағышының кедергісі кем дегенде 1 МОм, ал 1000 В дейінгі кабельдік желілер үшін кернеуі – кем дегенде 0,5 МОм болуы тиіс.
238. Оттарды электрмен қоректендіру көздерінің шығыс токтары немесе кернеуі 9-қосымшада көрсетілген оттар жарықтылығының сатыларын қамтамасыз етуі тиіс.
Әуеайлақтық белгілер
1. Орындау үшін міндетті әуеайлақтық белгілер құрамына: ҰҚЖ-ны белгілеу белгілері, І, ІІ және ІІІ санаттағы күту орындарының белгілері, ҰҚЖ-дағы күту орындарының белгілері және «Кіруге тыйым салынады» белгілері және көрсету белгілерінен (орналасқан орнының белгілері, қозғалыс бағытының белгілері, ҰҚЖ-дан шығу белгілері, қиылысу орнынан ұшыпкөтерілу белгілері және межелі орынның белгілері) кіреді.
2. Әуеайлақтық белгілерге қатысты ақпараттық материал 11-қосымшада берілген.
239. Ішкі жағынан жарықтандырылатын әуеайлақтық белгілер ҚЖО-I, ҚЖО-II, ҚЖО-III бойынша жарақтандырылған әуеайлақтар немесе ҰҚЖ үшін міндетті түрде қолданылуы тиіс. Г, Д, Е класстағы, жабдықталмаған және құралдар бойынша қонуға кіруге арналатын ҰҚЖ кластары үшін жарық шағылыстыратын жабындысы бар белгілерді ғана қолдануға болады.
240. Әуе кемесі ұшыпкөтерілу немесе жүру үшін ҰҚЖ-ға шығардан бұрын тұрақтай алатын ҰҚЖ жанындағы күту орындары БЖЖ-ның екі жағынан белгіленуі тиіс:
1) егер ҰҚЖ-да бір күту орны қамтамасыз етілетін болса, А типіндегі ҰҚЖ-ның жанындағы күту орындарының таңбалауында орнатылған ҰҚЖ-ын көрсететін белгілерімен (11-қосымшаның 1-суреті). ҰҚЖ-ын белгілеу белгілері (БЖЖ-дан едәуір алыстатылған) сыртқы жағынан орнатылатын орналасу белгілерімен ғана толықтырылуы мүмкін (11-қосымшаның 2, 3-суреттері);
2) жоғарыда аталған ҰҚЖ-ын таңбалау белгілерімен (11-қосымшаның 1-суреті) және егер РМЖ-мен жабдықталған ҰҚЖ жанында бірнеше күту орындары қамтамасыз етілетін болса, Б типіндегі ҰҚЖ-дағы күту орнының таңбалауында орнатылған І, ІІ, ІІІ санаттағы күту орындарының белгілерімен (11-қосымшаның 2, 3-суреттері). Бұл жағдайларда І, ІІ, ІІІ санаттағы күту орындарының белгілерін қандай да бір белгілермен толықтыруға болмайды.
241. ҰҚЖ-ын тек әуе кемелерінің кесіп өтуіне арналған немесе көлік құралдарының пайдалануына арналған ҰҚЖ-дағы күту орындары А типіндегі ҰҚЖ жанындағы күту орындарының таңбалауында орнатылатын ҰҚЖ жанында күту орындарының белгілерімен белгіленуі тиіс (11-қосымшаның 1-суреті). ҰҚЖ жанындағы күту орнының белгілері қандай да бір белгілермен толықтырылмауы тиіс.
242. Кіруге тыйым салынған аймақ қандай да бір белгімен толықтырылмауы тиіс «Кіруге тыйым салынады» деген белгімен белгіленуі керек. Рульдеу жабдықтарын қалпына келтіргенге дейін аталған белгінің орнына «ТОҚТА» (STOP) белгісі қолданылуы мүмкін.
243. ҰҚЖ-ын, І, ІІ, ІІІ санаттағы күту орындарын, ҰҚЖ-дағы күту орындарын белгілеу белгілері А, Б, В, Г класындағы ҰҚЖ-ы үшін БЖЖ-дан 10 – 21 м қашықтықта және Д, Е класындағы ҰҚЖ үшін 5 – 12 м қашықтықта тиісті таңбалаудың әрбір жағынан орнатылады.
244. «Кіруге тыйым салынған» белгісі кіруге тыйым салынған аймақ басталар алдында, БЖЖ шетінен бастағанда 3 м-ден кем емес қашықтықта БЖЖ-ның әрбір жағынан орналасуы тиіс.
245. ҰҚЖ ҰҚЖ-дан шығу белгілерімен жабдықталуы тиіс.
246. ҰҚЖ-дан шығу белгілері А, Б, В, Г класты ҰҚЖ-дан 8 – 15 м қашықтықта, әдетте ҰҚЖ-ның осьтік желісімен бұрылу желісінің жанасатын нүктесінен 60 м-ден кем емес алыстықта және тисінше Д және Е кластағы ҰҚЖ үшін 5 – 12 м және 30 м-ден кем емес қашықтықта БЖЖ-ның тиісті жағындағы ҰҚЖ-ның бүйір жағынан орнатылады.
247. БЖЖ-ның қиылысу немесе тармақталу орындары, ҰҚЖ-ның БЖЖ-ға жанасатын орындары және БЖЖ-мен қиылысу орындарында БЖЖ бағытының күрт өзгеру жерлері, сондай-ақ аралық күту орындары БЖЖ-ның сол жағынан орналасатын орналасу орны белгілерімен және олармен бірге орнатылатын қозғалыс бағытының белгілерімен жабдықталуы тиіс (11-қосымшаның 4-суреті).
Белгілерді сол жақтан орнату мүмкін болмаған жағдайда олар оң жақтан орнатылады. «Т» типіндегі қиылыстағы қозғалыс бағытының белгісі БЖЖ-ға қарай беткі жағымен, қиылысуға қарама-қарсы жаққа орнатылады. Рульдеу жабдықтарын қалпына келтіргенге дейін аталған белгілердің орнына БЖЖ және қозғалыс бағытын белгілеу белгілерін қолдануға жол беріледі.
248. Орналасқан жер белгісі мен қозғалыс бағытының белгілерін бірлесіп пайдаланған жағдайда (түзу бойымен қозғалу, сол жақ немесе оң жақ бұрылысы) сол бұрылысқа немесе тігінен қозғалуға қатысты қозғалыс бағытының барлық белгілерін орналасқан орын белгісінің сол жағына, ал оң бұрылысқа қатысты барлық белгілер – оның оң жағына орналастыру керек. Жанасу орнында қиылысатын бір БЖЖ тұратын болса, орналасу орнының белгісін сол жағынан орналастыруға болады.
249. Орналасу орнының белгісінен басқа көрсету белгісі орындауға міндетті нұсқаулықты қамтитын белгімен бірге орнатылмайды.
250. Межелі орынның белгісі орналасу орнының белгісімен немесе қозғалыс бағытының белгісімен бірге орнатылмайды.
251. БЖЖ-ның қиылысқан немесе тармақталған жерлеріндегі және БЖЖ-ның БЖЖ-ға түйісу орындарындағы белгілер БЖЖ-дан 243-т. аталған қашықтықта бұрылыс басталғанға дейін 30 – 35 м қашықтықта орнатылуы тиіс.
252. Қиылысу орнынан ұшып-көтерілу белгісі (ол болған жағдайда) БЖЖ-ның сол жағынан (ҰҚЖ-ға қарай қозғалу бағыты бойынша) А, Б, В, Г кластағы ҰҚЖ-дан 60 м-ден кем емес және қалған ҰҚЖ үшін кем дегенде 45 м қашықтықта және БЖЖ-дан 243-тармағында аталған қашықтықта орналасуы керек.
253. Белгілер, оларға жақындап келе жатқан ӘК-нің немесе көлік құралының бағытында беткі жағынан көрініп орналасуы керек.
254. Орындау үшін міндетті нұсқаулықтарды қамтитын белгілердің қызыл аяда ақ түсті жазуы болуы керек. Қажет болған жағдайда жазу қара түсті жиекпен көмкерілуі мүмкін.
255. Қара аяда сары түсті жазуы бар орналасу орнының белгісінен басқа көрсету белгілері сары аяда қара түсті болуы және тек бір ғана белгі орнатылған жерде оның сары түсті жиегі болуы керек.
Көрсету белгілерінің мысалдары 11-қосымшада берілген.
256. ҰҚЖ-ын белгілеу белгісіндегі жазба ҰҚЖ-ның екі жағынан санмен белгіленуі немесе егер белгі ҰҚЖ-ның соңына жақын жерде орнатылатын болса, бір ҚМЖБ сандық белгісінен тұруы мүмкін (11-қосымшаның 5-суреті). Әуеайлақта ҚМЖБ бірдей сандық белгілері бар екі ҰҚЖ болған жағдайда, ҰҚЖ-ны белгілеу белгісіндегі жазу сол немесе оң ҰҚЖ-ның символымен (мысалы, "27L") толықтырылуы тиіс. Әрекеттегі әуеайлақтарда оларды қалпына келтіргенге дейін сол немесе оң ҰҚЖ белгісінің орнына ҰҚЖ-ның нөмірімен толықтыру қолданылуы мүмкін (мысалы, «ҰҚЖ-1» немесе «RWY-1»).
257. І, ІІ немесе ІІІ санаттағы күту орындарының белгісіндегі жазу әріптер мен сандардан тұрады: «САТ І», «САТ ІІ» немесе «Сат ІІІ» және ҚМЖБ сандық белгісінен тұрады.
258. ҰҚЖ жанындағы күту орнының белгісіндегі жазу БЖЖ-ны белгілейтін жазудан тұрады.
259. Қозғалыс бағытының белгісіндегі жазу БЖЖ-ны көрсететін әріптік, сандық немесе әріп-сандық жазудан, сондай-ақ тиісінше бағытталған бұрамадан немесе бұрамалардан тұрады.
260. Межелі орынды белгілеу белгісіндегі жазу межелі орынды көрсететін әріптік, әріптік-сандық немесе сандық жазудан, сондай-ақ қозғалыс бағытын көрсететін бұрамадан тұрады.
261. Белгілердегі шартты белгілердің биіктігі 23-қосымшада келтірілген мәндерге сәйкес келуі тиіс.
Орналасу орнының белгісі ҰҚЖ-ны белгілеу белгісімен бірге орнатылатын жерлерде шартты белгілердің өлшемі орындауға міндетті нұсқауларды қамтитын белгілер үшін белгіленген өлшемдерге сәйкес келеді.
262. Беттік панельдердің өлшемдері және орнатылған белгілердің биіктігі 42-қосымшада келтірілген мәндерге сәйкес болуы керек.
263. Әуеайлақтардағы топырақтық ТО, қара түсті сандары және жиектері бар сары түсті ТО белгісімен белгіленеді. Белгілер ТО-ның бүйірлік шектерінен 2-6 м қашықтықта орнатылады.
Топырақтық БЖЖ үшін БЖЖ-ның сары белгілерін 0,08-0,1 м ені бар жиектемесімен және БЖЖ белгісінің екі жағынан салынатын қызғылт-қызыл түсті символдармен қоса қолдануға рұқсат етіледі.
ТО және БЖЖ белгілерінің үлгілері 11-қосымшада келтірілген.
Маркерлер
264. Тек Г, Д, Е класстағы ҰҚЖ-мен қолданылатын БЖЖ-да, сонымен бірге осьтік оттары бар барлық БЖЖ-да БЖЖ-ның бүйірлік оттарының орнына жарық шағылыстырушы жабындысы бар БЖЖ шеттерінің маркерлерін қолдануға жол беріледі.
265. Тіксызықтық учаскедегі БЖЖ шеттерінің маркерлері 30 м аспайтын бойлық аралықпен орнатылады. БЖЖ-ның бұрылыстарында маркерлерді 7,5 м аспайтын аралықпен орнатқан жөн.
266. Маркерлер БЖЖ шетінің 3 м аспайтын қашықтықта орналасуы керек.
267. БЖЖ шеттері маркерлерінің жарық шағылыстырушы жабындысы көк түсті болуы керек.
Топырақтық ҰҚЖ таңбаларының сипаттамасы 43-қосымшада берілген.
268. А - Д кластағы ТҰҚЖ арналған жақындау маркерлері (39-қосымшаның суреті) ТҰҚЖ осьтік желісінің жалғасына оның басталуынан 1200, 1400, 1600, 1800 және 2000 м қашықтықта және 40Ү бұрышпен қону бағытына қарай иілумен жердің үстінен 1,0 м биіктікте орналасуы тиіс.
ЖҰҚЖ бар әуеайлақтарда топырақтық ҰҚЖ үшін жақындау таңбаларын орнату қажеттлігі жергілікті жағдайлармен анықталады (мысалы, әуеайлақ ҰҚЖ-ның орналасуы, ТҰҚЖ және ЖҰҚЖ қону бағыттары және басқалар).
269. ҰЖ соңы мен ЖМРМ арасындағы осьтік маркерлер ТҰҚЖ осьтік желісінің жалғасына ТҰҚЖ басталуынан 600 және 800 м қашықтықта орналасуы тиіс.
ЖМРМ ТҰҚЖ басталуынан 1000 м асатын қашықтықта орналасқан жағдайда бір бірінен бірдей қашықтықта үш маркер орнатылуы тиіс. ЖМРМ болмаған жағдайда оның орнына қосымша маркер орнатылуы керек.
ТҰҚЖ басталуынан алғандағы бірінші маркер көлденең бағытқа 150, екіншісі - 300 және үшіншісі - 450 бұрышпен орнатылуы тиіс.
Бар әуеайлақтардағы топырақтық ҰҚЖ-ның ҰЖ шегінен тыс осьтік маркерлерді орнату қажеттігі 268-тармағының ескертуінде көрсетілген жергілікті жағдайлармен анықталады.
270. Шекаралық маркерлер ТҰҚЖ бойымен 100 – 200 м арақашықтықпен және оның бүйірлік шекарасынан 1 - 5 м қашықтықта орнатылуы тиіс (39, 40-қосымшаларының суреттері). Әрбір шартты маркерлік белгінің ортасында (11-қосымшаның суреті) шекаралық маркер орналасуы керек. Е класстағы ТҰҚЖ-да шекаралық маркерлер ретінде арақашықтығы 50 м аспайтын жалаушаларды пайдалануға болады.
271. Кіру маркерлері ТҰҚЖ желісі басталатын жерде оның бүйірлік шекарасынан 1 – 5 м қашықтықта орналасуы тиіс (44, 45-қосымшаларының суреттері).
272. Қону аймағының маркерлері А - Д кластағы ТҰҚЖ-ның екі жағынан да оның бүйірлік шекарасынан 1 – 5 м қашықтықта, отырғызу «Т» маркировкасынан 50 м алда және оның соңынан 150 м орналасуы керек (44-қосымшаның суреті).
273. ТҰҚЖ орталығының маркері қону бағытына қарай сол жағынан көкжиекке 45Ү иіле отырып, ТҰҚЖ-ның бүйірлік шекарасынан кем дегенде 10 м қашықтықта орналасуы тиіс (44-қосымшаның суреті).
274. Бүйірлік шекараның маркерлері (39-қосымшаның суреті) ТҰҚЖ бүйірлік шекарасының жалғасынан 1 – 5 м-де бір бірінен және А, Б, В және Г кластағы ТҰҚЖ-ның басталуынан 100 м қашықтықта және Д кластағы – 80 м қашықтықта орнатылады.
275. Топырақтық БЖЖ, перрондар мен ТО шектері шекаралық маркерлермен белгіленеді. Маркерлер перрондарда 100 – 200 м аралықпен, БЖЖ және ТО – 20 м, олардың бүйірлік шекарасынан 1 – 5 м қашықтықта орнатылады.
276. Түнгі уақытта пайдалануға арналған перрондар прожекторлық жарықтандырумен жабдықталуы тиіс.
277. Перрондық прожекторлардың орналасуы ұшудағы немесе жердегі ӘК-нің ұшқыштарына, әуе қозғалысын басқаруды қамтамасыз ететін диспетчерлерге және перрондағы қызметкерлерге барынша аз шағылыстыру арқылы, перрондағы барлық қызмет көрсету аймақтарын тиісінше жарықтандыруды қамтамасыз етуі тиіс. Прожекторларды орнату сұлбасы мен олардың іс-әрекетінің бағыттары көлеңкені барынша азайту мақсатында ӘК тұрағын екі немесе одан да көп жақтан жарықтандыратындай етіп таңдап алынады.
278. Перрондық прожекторлардың спектральды сипаттамасы ТО-ғы қызмет көрсету орындарының таңбалары және жасанды жабындылар мен кедергілерді таңбалау үшін қолданылатын құралдардың түстерін дұрыс анықтауды қамтамасыз етуі тиіс.
279. Перронды прожекторлық жарықтандыру перрондағы ӘК-нің тұрағын жарықтандырудың келесі орташа деңгейлерін қамтамасыз етуі тиіс: 20 лк – орташа жарықтандырудың барынша аз шағылыстыруға қатысты 4:1 аспайтын жағдайда жердің деңгейінен көлденең жазық бетте; 20 лк – тиісті бағыттардағы перрон бетінен 2 м биіктікте тік жазық бетте. Перронның басқа бөліктеріндегі жарықтандырудың орташа деңгейі жер бетінің деңгейінде көлденең жазық бетте орташа жарықтандырудың барынша аз жағылыстыруға қатысты 4:1 болған кезде ӘК тұрақтарын жарықтандырудың орташа деңгейінен 50 % кем емес құрайды.
280. Жел көрсеткіштері Е класстағы әуеайлақта орнатылуы және ұшып келе жатқан әуе кемесінен немесе әуеайлақтағы жұмыс алаңынан көрінетіндей болып, және оған жақын орналасқан объектілер тудыратын ауаның толқулары әсер етпейтіндей етіп орналастырылуы тиіс.
Жел көрсеткіштің сипаттамасы 46-қосымшада келтірілген.
281. ТО-да телескопиялық трап болған жағдайда түйісу жүйесі арқылы ӘК-нің нақты орналасқан жерін көрсету керек болып, ал басқа балама әдістер, мәселен, сигнал берушілерді қолдану мүмкін болмайтын жағдайларда телескопиялық траппен түйісу жүйесі көзделу тиіс.
282. Жүйе азимутальды жүргізу блогы мен тоқтап тұру орнының көрсеткішінен тұруы тиіс.
Азимутальді жүргізу блогы мен тоқтап тұру орнының көрсеткіші бірлескен (бірыңғай) индикация блогы болып табылады.
283. Азимутальді жүргізу блогы тұрақ орнының осьтік желісінің жалғасына немесе жалғасына жақын жерде, сигналдар түйісудің барлық маневрлері кезінде ұшқыштың кабинасынан көрініп тұратындай болып әуе кемесінің алдына орналасуы керек.
284. Тоқтап тұру орнының көрсеткіші азимутальды сигналдар секілді тоқтап тұру орны көрсеткішінің сигналдарын ұшқыш басын бұрмастан бақылап отыратындай болып азимутальді жүргізу блогымен бірге немесе оған жақын орналасуы керек.
1. Құрылыстарда жоғары, орташа қарқындылықтағы қоршау оттарының орналасуы, сондай-ақ олардың аз қарқындылықтағы оттармен араластыру жөніндегі талаптар 55-қосымшада берілген.
2. Жылжымайтын объектілердің жарықтық қоршау мысалдары 65-қосымшада берілген.
285. Түнгі уақытта немесе күрделі метеорологиялық жағдайлар кезінде күндіз пайдалануға арналған әуеайлақтарда 126-тармаққа сәйкес таңбалауға жататын, сондай-ақ 130-тармақта көрсетілген объектілердің таңбалауының болмауына рұқсат етілетін жылжымайтын оъектілерді жарықтық қоршау қамтамасыз етілуі тиіс.
286. Бөгегіш оттары ретінде шағын, орташа немесе жоғары қарқындылықтағы оттар не болмаса олар үйлестіріліп пайдаланылуы тиіс. Жылжымайтын объектілер А немесе Б типіндегі шағын қарқындылықтағы қоршау оттарымен қоршалуы керек. Ұзындығы үлкен немесе жер бетінің деңгейінен 50 м асатын биіктіктегі объектілер А, В немесе С типіндегі орташа қарқындылықтағы қоршау оттарымен қоршалуы тиіс, ал А және С типіндегі орташа қарқындылықтағы бөгегіш оттар жеке қолданылады, ал В типіндегі орташа қарқындылықтағы бөгегіш оттар – не жеке не болмаса В типіндегі шағын қарқындылықтағы қоршау оттарымен үйлестірілуі тиіс.
Ағаштар немесе ғимараттар тобы ұзаққа созылған объект ретінде қарастырылады.
287. Егер авиациялық зерттеу нәтижелері мұндай оттарды күндізгі уақытта объектіні тану үшін қажет екенін көрсететін болса, жер бетінен 150 м астам биіктіктегі объектілер А типіндегі жоғары қарқындылықтағы қоршау оттарымен жарықтық қоршалуы тиіс. Объектіде орналасқан оттар бір уақытта жануы тиіс.
288. Егер авиациялық зерттеу нәтижелері мұндай оттар электр беру желілерін тану үшін қажет екенін көрсететін болса, аспалы сымдарды, кабельдер мен т.б. белгілеу үшін В типіндегі жоғары қарқындылықтағы оттар қолданылуы тиіс. Оттар: ең биік тірек нүктесіне, сымдардың немесе кабельдер иілулерінің ең төменгі деңгейінде және шамамен осы екі деңгейдің ортасында орнатылуы тиіс және келесі кезектілікпен жарық беруі тиіс: орташа от, жоғары от, төменгі от (49-қосымшаның кестесі).
289. А және В типіндегі жоғары қарқындылықтағы қоршау оттарын орнату бұрышы 50-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес келуі тиіс.
290. Телескопиялық трап секілді қозғалысы шектеулі объектілерде А типіндегі төмен қарқындылықтағы бөгегіш оттар орнатылуы тиіс.
291. Әуеайлақтың жұмыс алаңындағы көлік құралдары мен басқа да жылжымалы объектілер (оларға қызмет көрсету үшін жабдықталған әуе кемелерін, тек перронда ғана қолданылатын жер үсті көлік құралдарын, сонымен бірге ілеспелеу автомобильдерін қоспағанда) көк түсті (авариялық қызметтің немесе қауіпсіздік қызметінің көлік құралдары) және сары түсті (басқа көлік құралдары мен жылжымалы объектілер) С типіндегі шағын қарқындылықтағы жалтылдау оттарымен жарақтандырылуы тиіс.
292. Ілеспелеу автомобильдерінде D типіндегі төмен қарқындылықтағы бөгегіш оттар орнатылуы тиіс.
293. Қарқындылықтары аз, орташа немесе жоғары бір немесе бірнеше бөгегіш оттар объектінің ең биік нүктесіне барынша жақын орнатылуы керек. Жоғарғы оттар ең болмағанда кедергілерді шектеу бетіне қатысты ең жоғары асып кетуі бар объектінің шетін немесе нүктесін белгілейтіндей болып орнатылуы тиіс.
294. Құбырды немесе балама мақсаттағы басқа құрылысты жарықтық қоршау кезінде жоғары оттар жиегінен төмен 1,5 ч 3 м-де орнатылуы керек.
295. Жоғары қарқындылықтағы қоршау оттарымен жабдықтауға жататын және жайтартқыш немесе биіктігі 12 м асатын антенна секілді қосымша қондырғысы бар мачталарда немесе антенналарда жоғары қарқындылықтағы қоршау оттарын қосымша қондырғының ұшына орнату мүмкін болмаған жағдайда мұндай от мүмкіндігіне қарай жоғары нүктеге, ал егер ол тіпті мүмкін болмаса оның ұшына төмен қарқындылықтағы қоршау оты орнатылуы керек.
296. Ұзынға созылып жатқан объектіні жарықтық қоршау кезінде жоғары оттарды объектінің жалпы пішіні мен ұзындығын анықтауға болатындай етіп орналастыру керек. Егер кедергілердің екі немесе одан да көп шеттері бір биіктікте болса, ұшу алаңына жақын шеті таңбаланады. Төмен қарқындылықтағы оттар пайдаланылған жағдайда олардың арасындағы бойлық қашықтық 50 м аспауы керек, ал орташа қарқындылықтағы оттарды қолданған кезде – 900 м болуы керек.
297. Кедергілерді шектеу беті иілген болса немесе оның деңгейінен ең жоғары нүкте объектінің ең биік нүктесі болмаған кезде объектінің ең биік бөлігіне қосымша қоршау оттарын орнату қажет.
298. Егер объект А типтегі орташа қарқындылықтағы қоршау оттарымен белгіленсе, ал объектінің ең биік нүктесі қоршаған жергілікті жердің деңгейінен немесе таңбаланатын объектіні қоршап тұрған ғимараттардың ең биік нүктелерінен 100 м астам биіктікте болса, аралық деңгейлерде қосымша оттарды пайдалану көзделеді. Бұл қосымша аралық оттар мүмкіндігіне қарай жоғары оттар мен жер беті деңгейінің немесе жақын орналасқан ғимараттардың биік нүктелері деңгейінің арасында бір-бірінен бірдей қашықтықта қажет болған жағдайда 100 аспайтын аралықпен орналасады. (293, 296-тармақтарға қараңыз).
299. Объект В типтегі орташа қарқындылықтағы оттармен белгіленген жағдайда, ал объектінің ең биік нүктесі қоршаған жергілікті жердің деңгейімен немесе таңбаланатын объектіні қоршап тұрған ғимараттардың ең биік нүктесімен салыстырғанда 50 м астам биіктікте болса, аралық деңгейлерде қосымша оттарды қолдану көзделеді. В типіндегі төмен қарқындылықтағы және В типіндегі орташа қарқындылықтағы бөгегіш оттар болып табылатын бұл қосымша аралық оттар мүмкіндігіне қарай жоғары оттар мен жер беті деңгейінің немесе жақын орналасқан ғимараттардың биік нүктелерінің деңгейінің арасында бір бірінен бірдей қашықтықта қажет болған жағдайда 50 аспайтын аралықпен орналасады.
300. Объектіде орналасқан А және В типіндегі орташа қарқындылықтағы бөгегіш оттар бір мезгілде жарық беруі тиіс.
301. Объект С типтегі орташа қарқындылықтағы бөгегіш оттармен белгіленген жағдайда, ал объектінің ең биік нүктесі қоршаған жергілікті жердің деңгейімен немесе таңбаланатын объектіні қоршап тұрған ғимараттардың ең биік нүктесімен салыстырғанда 50 м астам биіктікте болса, аралық деңгейлерде қосымша оттарды қолдану көзделеді. Бұл қосымша аралық оттар мүмкіндігіне қарай жоғары оттар мен жер беті деңгейінің немесе жақын орналасқан ғимараттардың биік нүктелері деңгейінің арасында бір бірінен бірдей қашықтықта қажет болған жағдайда 50 м-ден аспайтын аралықпен орналасады.
302. А типіндегі жоғары қарқындылықтағы бөгегіш оттар, таңбаланатын объект ғимараттармен қоршалған жағдайда және осы ғимараттардың ең биік нүктелерінен асу оттар деңгейін анықтау кезінде жер беті деңгейінің баламасы ретінде қолданылатын жағдайларды қоспағанда жер беті деңгейі мен 299-тармақта көрсетілген жоғарғы от (тар) арасына 100 м-ден аспайтын бірдей аралықпен орналастырылады.
303. Ұшу және қону курстарында (алыс жетектік радиомаркерлік пункт (бұдан әрі – АЖРМ), ЖЖРМ, КРМ және т.б.) орналасқан объектілерде орнатылатын бөгегіш оттар ұшу бағытына перпендикулярлы сызықта, кем дегенде 3 м аралықпен орналастырылуы керек.
304. Төмен, орташа және жоғары қарқындылықтағы қоршау оттарының әрбір деңгейдегі саны мен орналасуы объект барлық бағыттарда көлденең жазықтықта белгіленетіндей болуы керек. Егер қандай да бір бағытта от объектінің басқа бір бөлігімен немесе жақын орналасқан обектімен көлеңкеленетін болса, бұл объектіде қосымша оттар қарастырылуы және жарықтық қоршалатын объект туралы жалпы түсінік беретіндей болып орналасуы керек. Егер көлеңкеленген от жарықтық қоршалатын объектінің жалпы сипатын бере алмаса, ол орнатылмауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|