Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №156 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі



жүктеу 10,41 Mb.
бет3/62
Дата22.05.2018
өлшемі10,41 Mb.
#15764
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62

Кедергілерді шектеу
      64. Жабдықталмаған ҰҚЖ үшін кедергілерді шектеудің келесі беттері қолданылуға тиіс:
      1) конустық бет;
      2) ішкі көлденең бет;
      3) қонуға кіру беті;
      4) ауыспалы бет.
      Кедергілерді шектеу бетінің сипаты мен параметрлері 7-қосымшада келтірілген.
      65. Кедергілерді шектеу бетінің 64-қосымшада көрсетілген қатысы бар биіктігі мен еңістігі 7-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген өлшемдерден аспауы қажет, ал оның басқа өлшемдері кестеде көрсетілгеннен төмен болмауы қажет.
      66. Қонуға кіру бетінен, ауыспалы, ішкі көлденең және конустық беттерден көтеріліп тұрған объектілер кедергілер болып саналады және олар осы ҚР АА ӘПЖН 126-140 және 284-304 тармақтарына сәйкес таңбалануы және жарықпен оқшаулануы қажет, сондай-ақ осы ҚР АА ӘПЖН 82-тармағына сәйкес ескеріледі.
      Жаңа немесе қолданыстағы жасанды объектілердің көлемін ұлғайту қонуға кіру бетінен, ауыспалы, ішкі көлденең және конустық беттерінен жоғары көтеріліп тұрмауы қажет, бұған қолданыстағы жылжымайтын объектілермен оқшауланған объектілер кірмейді.
      Көлегейлеу ұстанымдарын қолдану СБӘ-де баяндалған.
      67. Аспап-құралдар бойынша ҰҚЖ-ға қонуға кіру үшін кедергілерді шектеудің келесі беттері қолданылады:
      1) конустық беті;
      2) ішкі көлденең беті;
      3) қонуға кіру беті;
      4) ауыспалы беттер.
      Кедергілерді шектеу бетінің сипаты мен параметрлері 7-қосымшада берілген.
      68. Кедергілерді шектеу бетінің 67-т көрсетілген биіктігі мен еңістігі 7-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген өлшемдерден аспауы қажет, ал оның басқа өлшемдері кестеде көрсетілгеннен төмен болмауы қажет, бұған қонуға кіру учаскесінің беті кірмейді (69-т. қараңыз). Қонуға кіру беті мен ауыспалы беттің өлшемдері ұшуларды іске асыру бойынша шектеулердің енгізілу есебінен өзгеруі мүмкін емес (мысалы, шектеуші пеленгтердің).
      69. Қонуға беттеу бетінің еңістігі 2,5% жазықтықтың көлденең жазықтықпен қиылысатын нүктесінен тыс көлденең орналасқан, әуеайлақ биіктігінен 150 м биіктікте немесе қонуға беттеу беті аймағындағы ең жоғарырақ орналасқан объектінің көлденең жазықтықпен, қай биіктік үлкен болуына байланысты сәйкес келеді.
      70. Қонуға беттеу бетінен, ауыспалы, ішкі көлденең және конустық беттерінен жоғары көтеріліп тұрған қолданыстағы объектілер кедергілер болып табылады және осы ҚР АА ӘПЖН 126-140 және 284-304 тармақтарына сәйкес таңбалануы және жарықпен оқшаулануы қажет, сондай-ақ осы ҚР АА ӘПЖН 82-тармағына сәйкес ескеріледі.
      71. Жаңа немесе қолданыстағы жасанды объектілердің көлемін ұлғайту қонуға кіру бетінен, ауыспалы, ішкі көлденең және конустық беттерінен жоғары көтеріліп тұрмауы қажет, бұған қолданыстағы жылжымайтын объектілермен оқшауланған объектілер кірмейді.
      Көлегейлеу қағидатын қолдану СБӘ-де баяндалған.
      72. I, II, III санатты қонуға дәлме-дәл кіру үшін жабдықтауға ҰҚЖ-ны дайындау үшін кедергілерді шектеудің келесі беттері қолданылады:
      1) конустық беті;
      2) ішкі көлденең беті;
      3) қонуға кіру беті;
      4) ауыспалы беттер;
      5) қонуға кірудің ішкі көлденең беті;
      6) ішкі ауыспалы беттер;
      7) үзілген қону беті.
      Кедергілерді шектеу бетінің сипаты мен параметрлері 7-қосымшада берілген.
      73. Кедергілерді шектеу бетінің 72-т. көрсетілген биіктігі мен еңістігі 1-кестеде көрсетілген өлшемдерден аспауы қажет, ал оның басқа өлшемдері осы кестеде көрсетілгеннен төмен болмауы қажет, бұған қонуға кірудің көлденең учаскесінің беті кірмейді (74-т. қараңыз.). Қонуға кіру беті мен ауыспалы беттің өлшемдері ұшуларды іске асыру бойынша шектеулердің енгізілу есебінен өзгеруі мүмкін емес (мысалы, шектеуші пеленгтердің).
      74. Қонуға кіру беті еңістігі 2,5% жазықтықтың көлденең жазықтықпен қиылысатын нүктеден тыс көлденең орналасқан, әуеайлақ биіктігінен 150 м биіктікте немесе қонуға кіру беті аймағындағы ең жоғарырақ орналасқан объектінің көлденең жазықтықпен, қай биіктік үлкен болуына байланысты сәйкес келеді.
      75. Жылжымайтын объектілер қонуға кірудің ішкі бетінен, ішкі ауыспалы беттен және үзілген қону бетінен шығып тұрмауы керек, бұған қызметтік міндеті бойынша ұшу жолағының шегінде орналасқан сынғыш объектілер кірмейді. ҰҚЖ-ны қону үшін қолдану кезінде осы беттердің үстінен жылжымалы объектілер көтеріліп тұрмауы қажет.
      76. Қонуға беттеу бетінен, ауыспалы, ішкі көлденең және конустық беттерінен жоғары көтеріліп тұрған қолданыстағы объектілер кедергілер болып табылады және осы ҚР АА ӘПЖН 126-140 және 284-304 тармақтарына сәйкес таңбалануы және жарықпен оқшаулануы қажет, сондай-ақ осы ҚР АА ӘПЖН 82-тармағына сәйкес ескеріледі.
      77. Жаңа немесе қолданыстағы жасанды объектілердің көлемін ұлғайту қонуға кіру бетінен, ауыспалы, ішкі көлденең және конустық беттерінен жоғары көтеріліп тұрмауы қажет, бұған қолданыстағы жылжымайтын объектілермен оқшауланған объектілер кірмейді.
      Көлегейлеу ұстанымдарын қолдану СБӘ-де баяндалған.
      78. Ұшып көтерілу үшін пайдаланылатын ҰҚЖ бағыты үшін ұшып-көтерілу беті көзделеді.
      79. Ұшып көтерілу бетінің еңістігі 7-қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген өлшемдерден аспауы қажет, ал оның басқа өлшемдері осы кестеде көрсетілгеннен төмен болмауы қажет, бұған ұшу үшін беттің аталған бағыттағы ұшудың тиісті шаралары қабылданып, қысқа ұзындықтың қабылдану жағдайы кірмейді. Ұшып көтерілу бетінің ені ұшуларды іске асыру бойынша шектеулердің енгізілу есебінен өзгеруі мүмкін емес (мысалы, шектеуші пеленгтердің).
      80. Ұшып көтерілу бетінен жоғары көтеріліп тұрған қолданыстағы объектілер кедергілер болып табылады және осы ҚР АА ӘПЖН 126-140 және 284-304 тармақтарына сәйкес таңбалануы және жарықпен оқшаулануы қажет, сондай-ақ осы ҚР АА ӘПЖН 82-тармағына сәйкес ескеріледі.
      81. Жаңа немесе қолданыстағы жасанды объектілердің көлемін ұлғайту ұшып көтерілу бетінен жоғары көтеріліп тұрмауы қажет, бұған қолданыстағы жылжымайтын объектілермен оқшауланған объектілер кірмейді.
      Көлеңкелеу ұстанымдарын қолдану СБӘ-де баяндалған.
Кедергілерді есепке алу және жою
      82. Кедергілер мына жағдайда есепке алынады:
      1) қонуға кіру сызбасын жасағанда және кедергілерден ұшып өтудің ең аз қауіпсіз биіктігін белгілегенде;
      2) әуеайлақ ауданынан ұшып шығуды белгілеу кезінде.
      РМЖ үшін кедергілерден ұшып өтудің ең аз қауіпсіз биіктігін статистикалық әдіспен есептеу кезінде кедергілермен соқтығысу ықтималдығы 1х10-7 мәнінен жоғары болмауы қажет.
      83. Осы ҚР АА ӘПЖН 82-тармағының 1) тармақшасына сәйкес белгіленген кедергілерден ұшып өтудің ең аз қауіпсіз биіктігі ҰПН-да (Әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында), ұшу жинақтарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағында көрсетілуға тиіс.
      84. Жаңа немесе өлшемдері ұлғайтылған объектілердің қолда бар жылжымайтын объектімен қалқаланатын жағдайларынан басқа, жаңа, немесе өлшемдері ұлғайтылған объектілердің қонуға бағыт алу бетінің немесе өтпелі беттің төменгі шегінен 3000 м шығуына жол берілмейді.
      85. Егер қалқаланбаған кедергілердің еңкіштігі ұшып көтерілудің төменгі шегіне қатысты 1,2%, немесе одан 100 м-ге жоғарырақ болса және ұшып-көтерілу бетімен бірге басталса, ұшып көтерілу бетінің және одан жоғары шектердің ішіндегі қалқаланбаған кедергілер ҰПН-да (Әуеайлақтың аэронавигациялық паспорты) сондай-ақ халықаралық ұшуларды қамтамасыз ететін әуеайлақтарға арналатын АИП жинағында жеке көрсетілуға тиіс, сондай-ақ жер өңірі мен кедергілері туралы электрондық деректердің мемлекеттік тізімдемесіне енгізілуі керек.
      Көлеңкелеу ұстанымдарын қолдану СБӘ-де баяндалған.
3. Көзкөрінімді құралдар
Жалпы талаптар
      Әуеайлақтың шолу құралдары деп мыналар түсініледі:
      1) жасанды төсемдерді таңбалау;
      2) әуеайлақтың топырақ элементтерін белгілеу таңбалары;
      3) шектеулі пайдалану аймағын таңбалау;
      4) кедергілерді таңбалау және жарықпен қоршау;
      5) оттар;
      6) белгілер;
      7) таңбалар;
      8) перрондарды прожекторлармен жарықтандыру;
      9) телескоптәрізді басқышпен визуалды түйісу жүйесі;
      10) желмеңзегіш.
      86. Әуеайлақта шектеулі пайдалану аймақтарының (бар болған жағдайда) және кедергілер аймағының, тиісті төсемдерінің таңбалануы қамтамасыз етілуі қажет.
      87. Түнгі уақытта, сонымен бірге күндіз күрделі метеожағдайда пайдаланылатын ҰҚЖ (бағыт) 8 және 26-қосымшаларға сәйкес қарқындылығы аз оттар (жүйесі) жарық-сигналдық жабдығының жүйесімен (бұдан әрі – ҚАО), ҚЖО-I, ҚЖО-II немесе ҚЖО-III жарық-сигналдық жабдығы жүйесімен 8 және 26-қосымшаларға сәйкес жабдықталуы қажет.
      Осы жарық-сигналдық жабдық жүйесі деп осы тарауда көрсетілген құралдар кешені түсініледі. Мазмұнын жеңілдету үшін және қолданыстағы тәжірибені ескере отырып, бұл кешендер ҚАО, ҚЖО-I, ҚЖО-II немесе ҚЖО-III түрінде белгіленеді.
      88. Жалпыөндірістік агрегаттарды (дизель-генераторларды, үздіксіз қоректендіру көздерін, төмен вольтті таратқыш қалқандарын) қоспағанда, жарық-сигналдық жабдықтың барлық элементтерінің ICAO және/немесе ХАК талаптарына сәйкестігінің сертификаттары болуға тиіс.
      89. ҚЖО-I, ҚЖО-II және ҚЖО-III оттарының жүйесі нақты жағдайларға байланысты оттардың қарқындылығының түзетуін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті құралдардың болуын көздейді.
      Қарқындылықты жеке бөліп реттеу немесе өзге де тиісті тәсілдері төменде көрсетілген жүйелерді орнатқан жағдайда қарқындылықты үйлесімдеп реттеу үшін көзделеді:
      1) жақындау оттарының жүйелері;
      2) ҰҚЖ қону оттары;
      3) ҰҚЖ кіру оттары;
      4) ҰҚЖ-ның шектегіш оттары;
      5) ҰҚЖ-дағы кері бұрылыс алаңшасының оттары;
      6) ҰҚЖ-ның осьтік оттары;
      7) қону аймағының оттары;
      8) импульстік оттар;
      9) глиссаданы көзкөрінімді таңбалау жүйелері;
      10) БЖЖ-ның және әуеайлақтық белгілердің оттары;
      11) «тоқта» сызығының оттары.
      Оттардың тиісті бұрышпен орнатылуына және басқарылуына қатысты талаптар 9 және 10-қосымшаларда келтірілген.
      90. ҚАО, ҚЖО-I, ҚЖО-II және ҚЖО-III оттар жүйесінің электрлік қоректендіру тізбегі жарық бейнесін сақтауға және тізбектің жекелеген тоқырауында жүйенің тұтас жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз етуға тиіс.
      Аталған жүйелердің оттарының электр қорегіне байланысты қойылатын талаптар осы ҚР АА ӘПЖН 235-238 тармақтарында келтірілген.
      91. ҚЖО-ІІ және ҚЖО-ІІІ жүйелерін қашықтан басқаруы мен сигнал беруінің тізбектері мен арналары олардың ішінара істен шығулары кезінде жарық бейнелерінің сақталуын және жалпы жүйенің жұмыстық қабілетінің сақталуын қамтамасыз етуға тиіс.
      92. Жақындаудың және жарық көкжиектерінің жер үсті оттары және олардың тіректері сынғыш болуы қажет, бұған ҰҚЖ табалдырығынан тыс тіректерінің биіктігі 12 м құрайтын 300 м бөліктер, немесе тіректері сынбайтын объектілер қоршауында тұрған бөліктер кірмейді. Бұл жағдайда 12 метрлік тіректің жоғарғы жағы ғана немесе сынбайтын объектілер қоршауынан көтеріліп тұрған бөліктері тиісінше сынғыш болуға тиіс.
      93. ҰҚЖ, СТЖ және БЖЖ жер үсті оттары, әуеайлақ оттары және таңбалары сыңғыш болуға тиіс және де тірек құрылымның негіздері жердің немесе төсемнің бетінен жоғары көтеріліп тұрмауы қажет, ал босаңдатылған қимасы әрқашан осы беттің деңгейінде орналасуы қажет. Топырақтық ҰҚЖ, СТЖ, МС және БЖЖ-ға жақын орналасқан таңбалардың құрылымдық элементтерінде босаңдатылған қималары болуы мүмкін.
      94. Жер үсті оттарының арматуралары немесе тіректері жеткілікті түрде көрінбеген жағдайда, олар әдетте таңбаланады (қызғылт сары немесе сары түспен боялады).
      95. ҚАО, ҚЖО-I, ҚЖО-II немесе ҚЖО-III оттар құрамына кірмейтін және осы оттарды анық байқауға кедергі келтіретін немесе бағдарды бұлыңғырлататын, ҰҚЖ алдында немесе оның артында орналасқан кез келген оттар осындай жағдайларды болдырмау үшін жұмыс алаңынан әкетілуі, оқшаулануы немесе жетілдірілуі қажет. Сондай-ақ, жұмыс алаңынан нұсқаулықты міндетті түрде орындауға арналған белгілерге кірмейтін беткі тақтасы қызыл түсті барлық белгілер алынып тасталуы қажет.
      1. Аталған пунктте айтылған ҰҚЖ және одан тыс аумаққа ҰҚЖ табалдырығынан бастап ұзындығы 2000 м және оның бүйір жағынан ені 700 м (А, Б, В, Г класты ҰҚЖ үшін), 350 м (Д, Е класты ҰҚЖ үшін), ҰҚЖ өсінен әр жағына қарай созылатын аумақ кіреді.
      2. Міндетті түрде орындалуға тиісті нұсқаулар 11-қосымшада келтірілген.
Әуеайлақтарды, кедергілерді және объектілерді таңбалау
      Әуеайлақтың жасанды төсемдерін ашық беттерінде таңбалау белгілерін қара түсті бояумен жиектесе жақсы көрінетіні анықталған, сондықтан осылай жиектеуге рұқсат берілген.
      96. ҰҚЖ төсеміне келесі таңбалау белгілері салынуы қажет (12 және 13-қосымшалар):
      1) табалдырықтар;
      2) осьтік сызықтар;
      3) қондырудың магниттік жолдық бұрыштары (ҚМЖБ);
      4) қону аймағы (Е класындағы ҰҚЖ-дан басқа);
      5) тұрақталған арақашықтық аймағы (Г, Д, Е класындағы ҰҚЖ-дан басқа);
      6) ҰҚЖ бетінің жиегіне жанасатын және оның қонуға дұрыс кіруді көрсететін шеттері шектерінің арасында қайшылық болмаған жағдайдағы I, II және III категориялы немесе басқа да ҰҚЖ-ның жиектері;
      7) қонуға кіру жағынан ҰҚЖ-ның орналасуы (параллельді ҰҚЖ үшін): "L" – сол жақ, "C" – орталық, "R" – оң жақ.
      97. ҰҚЖ-да таңбалау белгілерінің орналасуы, олардың көлемі мен саны 14-қосымшадағы мәліметтерге сәйкес келуі қажет. ПМПУ-дың сандық белгілері мен параллельді жатқан ҰҚЖ-ны таңбалаудың белгілерін 12 және 13-қосымшалардың суреттеріне сәйкес орналастыру қажет.
      98. ҰҚЖ-ның осьтік сызығын таңбалау оның осі бойынша жүргізілуға тиіс. ІІ және ІІ санаттағы қонуға дәлме-дәл беттеу ҰҚЖ-ында осьтік сызықтың ені 0,9 м болуға тиіс.
      99. Ұшу-қону жолақтары қиылысатын телімде бас ҰҚЖ-ның таңбалауы сақталуға тиіс, ал қосалқысыныкі үзіледі.
      100. ҰҚЖ-ның (тұрақты немесе уақытша) ығыстырылған табалдырығының таңбалауы 13-қосымшаға (Б) сәйкес жүргізілуға тиіс. Бұл ретте барлық таңбалау белгілері ығыстырылған табалдырыққа дейін жойылуы қажет, бірақ ҰҚЖ-ның осьтік сызығы таңбалау белгілері сақталады және олар бағыттағыш-көрсеткіштерге түрлендіріледі.
      101. ЖҰҚЖ шетінің таңбалау белгілері, шектері мен бүйірлік қауіпсіздік жолақтарының немесе қоршаған өңірдің арасында қайшылық жоқ болған жағдайда А, Б, В класындағы ЖҰҚЖ-ына салынуға тиіс. ЖҰҚЖ шетінің таңбалауы БЖЖ-ның ҰҚЖ-ға түйісетін жерлерінде және ҰҚЖ қиылыстарында үзілуға тиіс.
      102. ЖҰҚЖ-ның барлық таңбалау белгілері ақ түске боялуға тиіс.
      103. БЖЖ төсеміне келесі таңбалау белгілері салынуы мүмкін (12, 15 және 16-қосымшалар):
      1) осьтік сызық;
      2) ӘК-тің күту орны;
      3) БЖЖ шеттері (шектері мен жиегі бетінде айтарлықтай айырмашылық болған БЖЖ-дан басқа);
      4) БЖЖ қиылысындағы күту орнының аралығында (қажет болған жағдайда).
      1. Қажет болған жағдайда ҰҚЖ-ның күту орнында БЖЖ-ға бірнеше таңбалау белгілері салынуы мүмкін (РМЖ мен жабдықталған ҰҚЖ үшін ғана) (15-қосымшаны қараңыз).
      2. Егер әуе кемелерін жылжыту маршруттары қиылыспайтын болса БЖЖ-ға күту орнының аралық белгілері салынбауы мүмкін.
      3. IIIВ санаттағы жағдайда пайдаланылатын БЖЖ-ның қиылыстарында күту орнының аралық белгілері әрқашан салынады.
      104. БЖЖ осьтік сызығының таңбалау түзусызықтық және қисықсызықтық телімдерде, сондай-ақ БЖЖ қиылысатын тұстарда ені ең болмағанда 0,15 м тұтас сызықты болуы қажет.
      БЖЖ-ның түзусызықтық телімінде осьтік сызықтың таңбалауын бойлық осьпен жүргізу қажет.
      БЖЖ осьтік сызығын таңбалауды жүргізу оның осін бойлай одан ауытқу арқылы жүргізуге болады, бұл ретте, таңбалаудан БЖЖ-нің кез келген шетіне дейінгі қашықтық БЖЖ-ның қажетті енінің жартысынан кем болмауға тиіс.
      БЖЖ-ның қисықсызықты учаскесінде таңбалауды түзусызықты учаскеден жалғастырып жасау қажет, мүмкіндігінше қисықсызықты учаскенің сыртқы шетіне дейін тұрақты қашықтықты ұстап тұру керек, бұл ретте, таңбалау сызығының дөңгелектеу радиусі ең болмағанда ӘК-тің ең төмен бұрылысынан кем болмауы қажет, аталған БЖЖ-да ӘК-тің ең көп қолданылатын ең төмен бұрылыс радиусы көзделеді.
      БЖЖ қиылысатын орындарда таңбалау сызығының дөңгелектеу радиусі ең болмағанда ӘК-тің ең төмен бұрылысынан кем болмай орындалуы (түзу сызықты учаскелерден) тиіс, осы БЖЖ-да пайдаланылатын ӘК-тің ең көп қолданылатын ең төмен бұрылыс радиусы көзделеді.
      БЖЖ-ның ішкі шеттерінен таңбалау сызықтарына дейінгі қашықтық қисықсызықты учаскелерде осы учаскеден бұрып-жылжыған кезінде ӘК доңғалақтарының БЖЖ шетінен қауіпсіз алыстауына мүмкіндік жасауға тиіс.
      БЖЖ-ның қиылысатын жерлерінде осьтік таңбалау сызығы (түзусызықты учаскелерден бастап) осы БЖЖ-да пайдаланылатын ӘК-тің ең көп қолданылатын ең төмен бұрылыс радиусынан кем болмауға тиіс.
      105. ҰҚЖ-мен түйісетін учаскеде БЖЖ-ның осьтік сызығын таңбалау ҰҚЖ-ның осьтік сызығымен параллельді орындалуы қажет, оның қашықтығы олардың жанасатын нүктелерінен 60 м-ден кем болмауы қажет.
      106. РМЖ мен жабдықталған ҰҚЖ-дағы күту орнын таңбалау А типті болуы қажет (15-қосымша) және келесі талаптарды сақтай отырып салынады:
      1) ҰҚЖ-ның осьтік сызығына дейінгі таңбалаудың ең аз қашықтығы 120 м-ден кем болмауы қажет;
      2) таңбалаудың ешқандай да бөлігі РМЖ-нің қауіпті аймағының шегінде жатпауға тиіс.
      БЖЖ-ның ҰҚЖ-дағы бірнеше күту орындарының таңбалауын салған кезде мынадай талаптар сақталуға тиіс:
      1) ҰҚЖ-ға ең жақын таңбалау А типті болуы қажет (15-қосымша), бұл ретте, ҰҚЖ-ның осьтік сызығынан таңбалауға дейінгі қашықтықтың ең аз қашықтығы 120 м-ден кем болмауы қажет.
      2) күтудің едәуір шалғай жатқан орнын таңбалау Б типті болуға тиіс (15-қосымша), бұл ретте таңбалаудың ешқандай да бөлігі РМЖ-нің қауіпті аймағының шегінде жатпауы керек.
      ҰҚЖ-ның бірнеше күту орындары болған жағдайда оларды пайдалану реті анықталуы қажет.
      107. РМЖ-імен жабдықталмаған ҰҚЖ-дағы күту орнын таңбалау А типті болуы қажет (15-қосымша) және келесі талаптарды сақтай отырып салынады:
      1) ЖҰҚЖ-ның осьтік сызығынан бастап ӘК күту орнына дейінгі қашықтық мынаны құрайды: А, Б, В класты ЖҰҚЖ үшін 90 м-ден кем емес; Г, Д класты ЖҰҚЖ үшін 75 м-ден кем емес; Е класты ЖҰҚЖ үшін 41 м-ден кем емес;
      2) ӘК-тің ешқандай бөлігі ұшу жолағының жоспарланған бөлігінің шегіне шығып тұрмауы керек.
      108. Жол жиегінің жүктемесіз төсемін БЖЖ төсемінен бөліп тұратын БЖЖ шеттерінің таңбалау белгілері, арақашықтығы 0,15 м, ендері 0,15 см қос тұтас сызықтан тұрады.
      Сыртқы бұру-жылжу таңбалауының жолағы, оның сыртқы шеті БЖЖ төсемінің шетімен сәйкес келетіндей етіп салынуға тиіс.
      109. БЖЖ қиылысатын орнының таңбалауы 16-қосымшаның 1-суретіне сәйкес орындалуы қажет.
      110. БЖЖ қиылысатын орнының таңбалауы қиылысатын БЖЖ-ның осьтік сызығынан 41-т. көрсетілген қашықтықтан кем емес болып орындалуы қажет.
      111. БЖЖ қиылыстарында және басқа учаскелерде, оларда бұрылған жағдайда БЖЖ жолағының және оның осьтік сызығының таңбалауын ажырату қиын болған жағдайларда немесе, егер пилот жүктемеге есептелген төсемнің БЖЖ бүйірлік жолағы таңбалауының қай жағында екеніне сенімді болмаса, төсемдері әлсіз учаскелерде қосымша көлденең сызықтарды салу қажет (16-қосымшаның 2-суреті).
      Көлденең сызықтар БЖЖ-ның бүйірлік жолақтарының таңбалауына перпендикулярлы орналасуға тиіс. Қисықсызықты учаскелерде сызықтар, олардың арасындағы аралықтар қисықтың әрбір жанасатын нүктесінде және қисық бойындағы аралық нүктелерде 15 м-ден аспайтындай етіп орналастырылуға тиіс. Егер осындай көлденең сызықтарды түзусызықты шағын учаскелерде салу қажет болса, олардың арасындағы аралықтар 30 м-ден аспауы керек. Сызықтардың ені 0,9м-ді құрауға тиіс, және олар төсемі қатты учаскенің шегіне дейін 1,5 м жетпей салынуы немесе олардың ұзындығы 7,5 м болуға тиіс (екі мәннің төменгісі алынады). Көлденең жолақтардың түсі бүйірлік жолақтың таңбалауымен бірдей (сары) болуға тиіс.
      112. БЖЖ-ның таңбалау белгілері сары (қызғылт) түсті болуға тиіс.
      113. Перрондар мен тұрақ орындарының төсемдерінде мынадай таңбалау белгілері (17-қосымша) салынуы қажет:
      1) ӘК-ті бұру осьтері (бұрып-ену, кері бұру, бұрып-шығу);
      2) ӘК тоқтауының Т-бейнелі белгілері;
      3) тұрақтардың нөмірлері;
4) ӘК-ке қызмет көрсету аймағының контурлары (қауіпсіз қашықтық сызығы);
      5) арнайы көліктердің жүру жолдары мен тоқтайтын орындары.
      ӘК тұрағы орнын кешенді таңбалау кезінде ӘК-ке қызмет көрсету аймағының құрылымында 17-қосымшаның суреті көрсетілгеннен өзгеше аймақ жиегінің (ӘК-нің әр түрлі типтері үшін есептелген) конфигурациясына жол беріледі.
      114. БЖЖ-ға жанасатын ӘК-ті (тұрақ орындарын) мұздануға қарсы өңдеу алаңшаларының төсемдерінде аралық күту орындарының таңбалары салынуға тиіс (109, 110-т. қараңыз).
      115. Перронның және тұрақ орнының таңбалану белгілері мынадай түстерде болуы керек:
      1) ӘК-ті жылжытудың осі үшін – сары (қызғыл сары), ӘК тоқтайтын орында Т-бейнелі белгілер және тұрақ нөмірлері;
      2) қызыл - ӘК-ке қызмет көрсету аймағының контурлары;
      3) ақ - арнайы көліктердің жүру жолдары мен тоқтайтын орындары.
      ТҰҚЖ-ын таңбалау белгілерінің сипаттамалары 42-қосымшада берілген.
      116. Әуеайлақтардың топырақ ҰҚЖ-ы 18-қосымшаға сәйкес таңбалау белгілеріне (таңбаларына) ие болады.
      117. Таңбалау белгілерінің орналасуы 19 және 20-қосымшаларда көрсетілген сызбаларға сәйкес келуі қажет.
      118. «Т» қондыру белгісін таңбалау ТҰҚЖ-ның ӘК-ті қондыру бағытының сол жақ шегінен 3 – 15 м-де және ТҰҚЖ-ның басталуынан: А, Б және В класстары үшін 200 м, Г класы үшін – 150 м, Д класы үшін – 100 м, Е класы үшін – 50 м қашықтықта орналасады.
      119. Бұрыштық таңбалау белгілері А-Д класты ТҰҚЖ бұрыштары бойынша орналастырылуға тиіс (19-қосымша).
      120. Осьтік маркерлік белгі топырақ бетімен бірдей орналастырылады және А-Д классты ТҰҚЖ осьтік сызығының жалғасуында оның басынан 200 және 400 м қашықтықтарда орналасады.
      121. Барлық ӘК қозғалысы үшін үнемі немесе уақытша жабық тұратын ҰҚЖ-да, БЖЖ-да немесе олардың жекелеген учаскелерінде олардың жабықтығын көрсететін таңбалау көзделуі қажет.
      122. ҰҚЖ қозғалысы немесе оның жекелеген учаскелері үшін жолдың жабықтығы олардың соңдарында таңбаланады, ал егер олардың ұзақтығы 300 м-ден асса, қосымша 300 м-ден аспайтын аралық үзілістерімен қоса жасалады.
      123. Жабық БЖЖ-ны таңбалау БЖЖ-ның әрбір аяқталатын жеріне немесе оның жекелеген жабық тұстарына жүргізіледі.
      124. ЖҰҚЖ-ның немесе жасанды төсемді БЖЖ-ның жабықтығын көрсететін таңбалау крест түрінде болады, оның ең төменгі өлшемдері 21-қосымшада кертірілген. Таңбалау ҰҚЖ үшін ақ түсті, ал БЖЖ үшін сары түсті болуы керек.
      1) ҰҚЖ мен БЖЖ-дағы қозғалыс үшін уақытша жабық аймақтарды олардың төсемін сырмен таңбалау арқылы ғана емес, басқа да материалдармен іске асыруға рұқсат етіледі.
      2) Ұшулар үшін жабық ТҰҚЖ тыйым салу белгілерімен таңбаланады, өзара перпендикулярлы, өлшемдері кем дегенде 6,0 х 0,9 м сары немесе ақ түсті еннен орындалады және ТҰҚЖ осі бойынша белгілері арасындағы ең төменгі аралығы 300 м-ден аспайтындай етіп орналастырылады.
      125. Егер ҰҚЖ, БЖЖ немесе олардың жекелеген учаскелері ӘК үшін тұрақты түрде жабық болса, онда олардың бетіндегі барлық таңбалар алынып тасталады (тек 121-т. көрсетілген таңбалар ғана қалады).
      1. Осы ҚР АА ӘПЖН келтірілген таңбалауға жататын кедергілер тізімі өзге кедергілер таңбалауға жатпайды дегенді білдірмейді, сонымен бірге әуеайлақ әкімшілігінің пікірінше оларға жатпайтын объектілер де таңбалауды қажет етеді.
      2. Өзге кедергілер ретіндегі кедергілер үлгісіне сыртқы көлденең беттен жоғары көтеріліп тұрған кедергілер жатады (сыртқы көлденең беттің сипаты мен қолданылу ережесі СБӘ-де келтірілген), ал кедергі деп саналмайтын объектілер ретінде ұшып-көтерілу және қонуға кіру беттеріне жанасатын объектілер жатады, сондай-ақ, кедергілерді шектеу беттерінің сыртында жатқан объектілер кіреді.
      3. Жоғарыда, 1 және 2-ескертпелерде көрсетілген кедергілер мен объектілерді таңбалау қажеттігін анықтаудың барлық жағдайларында 126-т. 2) және 3) тармақшаларындағы ерекшеліктер ескеріледі.
      126. Ішкі көлденең, конустық немесе ауыспалы беттен сыртқа шығып тұрған жылжымайтын кедергілер, сондай-ақ ұшып-көтерілу немесе қонуға кіру бетінің ішкі шектерінен 4000 м шегінде шығып тұрған кедергілер таңбалауға жатады, бірақ мынадай жағдайларда ғана таңбаланбайды:
      1) кедергі басқа жылжымайтын кедергімен көлегейленгенде;
      2) кедергі күндізгі уақытта А типіне жататын қарқындылығы орташа бөгегіш оттардың жарығымен көлегейленгенде және оның биікті жердің деңгейіне қатысты 150 м-ден аспайтын жағдайда;
      3) егер 2) тармақшада көрсетілген кедергі қарқындылығы жоғары бөгегіш оттардың жарығымен көлегейленген болса;
      4) өңірдің жылжымайтын объектілері немесе түзу емес бет бедерлері ішкі колденең, конустық немесе сыртқы көлденең беттердің үстінен жоғары шығып тұрса.
      Бұл ретте ұшу қағидасы арнайы шектеулер енгізген, мысалы, бұл кедергілердің пайдалану жағдайына әсер етпейтінін куәландырса тек белгіленген бағдарлармен ғана ұшулар және/немесе ұшуларды шектеу аймақтары немесе авиациялық зерттеу.
      Қалқаланған кедергілерді анықтау және авиациялық зерттеу жөніндегі нұсқаулар СБӘ-де келтірілген.
      127. Ұшу жолағында оның жоспарланған бөлігінен тыс жатқан жылжымайтын тұрақты немесе уақытша объектілер PAPI/APAPI жүйелерінің белгілері мен оттарынан басқа жағдайда таңбалануға тиіс.
      128. Әуеайлақта орналасқан ӘҚҚК, байланыс, радионавигация және қондыру объектілері (командалық-диспетчерлік пунктті (бұдан әрі – КДП) қоспағанда), сондай-ақ метеорология жабдықтарының объектілері таңбалануға жатады.
      129. Әуеайлақтың жұмыс алаңында жүрген жер беті көлік құралдары және басқа қозғалатын объектілер кедергілер болып саналады және олар таңбаланады, бұларға әуе кемелері кірмейді.
      130. Өзенді, өңірді немесе күрежолды кесіп өтетін егер олар авиациялық зерттеулер нәтижесінде әуе кемелері үшін қауіп тудыруы мүмкін болса, ілмелі сымдарды, кабельдерді және басқа коммуникацияларды, таңбалау және бөгегіш оттармен жарақтандыру қажет. Егер күндізгі уақытта қарқындылығы жоғары оттары жарықтарымен қоршалған болса, тіректердің таңбалауын жүргізбеуге болады.
      131. Таңбалауға жататын барлық жылжымайтын объектілер іс жүзінде мүмкін болған жағдайда қайшылықты қызыл (қызғылт сары) және ақ түспен боялуы қажет, болмаған жағдайда олардың үстіне маркерлер мен жалаушалар орнатылуы қажет. Бұларға өзінің пішіні немесе түсі арқылы жеткілікті дәрежеде аңғарылатын объектілер кірмейді және таңбалауға жатпайды.
      Мұндай объектілерге мысал болып қызыл кірпіштен тұрғызылған мұржалар және басқа құрылыстар, сондай-ақ ескерткіштер, әуейлақтан тыс орналасқан ғимараттар және сыйыну құрылыстары жатады.
      132. Таңбалауға жататын қозғалатын объектілер сырланады және жалаушалармен белгіленеді.
      133. Жылжымайтын объектілер кезектесіп келетін қайшылықты жолақтармен сырлануы қажет, егер:
      1) ол бір жағы көлденең немесе тік бағытта 1,5 м, ал басқа жағы 4,5 м кем емес біртұтас бетті құраса;
      2) ол биіктігі мен ені 1,5 м-ден асатын қаңқалы құрылыстан тұрса.
      Жолақтар үлкендеу жағына қарай перпендикуляр бойынша жүргізілуі қажет. Бұл ретте, жолақтың ені, қайсысының кіші болуына байланысты, ең үлкен өлшемнің 1/7 бөлігін немесе 30 м құрауы қажет.
      Жолақтардың түсі қоршаған фонмен жақсы ажыратылатын қайшылықта болуы қажет.
      Объектілерді таңбалаудың үлгілері 22-қосымшада берілген.
      134. Биіктігі 100 м-ге дейінгі объектілер (құбырлар, теле және метеомұнаралар, электрберілісі желілерінің тіректері және т.б.) жоғарғы нүктесінен бастап кедергілерді шектеу беттерімен қиылысына дейін, бірақта олардың биіктігінің 1/3 бөлігінен кем емес биіктікке дейін таңбалануы тиіс. Таңбалау түстері бойынша кезектесетін, ені 0,5 - 6,0 м көлденең жолақтармен жүргізіледі. Кезектесетін жолақтардың ең аз саны - үш, ал шеткі жолақтары күңгірт түске боялады.
      133- т. ескертпесін қараңыз.
      135. Биіктігі 100 м-ден жоғары құрылыстар және қаңқалы-торлы құрылыстар (олардың биіктігіне байланыссыз) жоғарғы жағынан іргесіне дейін түсі бойынша кезектесіп келетін жолақтармен таңбалануы қажет, олардың ені 24-қосымшаның кестесінде келтірілген мәліметтерге сәйкес болуы тиіс, бірақ 30 м-ден аспауы қажет. Жолақтар перпендикуляр бойынша үлкен өлшемге қарай жүргізіледі, шеткі жолақтар күңгірт түске боялады. Жолақтардың ені бірдей болуы қажет және 24-қосымшаның кестесінде келтірілген мәндерден айырмашылығы ары кеткенде 20%-дан аспауы тиіс.
      136. Іс жүзінде тегіс беті бар объектілер:
      1) тікбұрыштармен (шаршы) шахмат тәртібімен қабырғалары 1,5 м-ден кем емес және 3 м-ден аспайды, егер беткі объектінің кез келген көлбеу жазықтығы қос өлшем бойынша 4,5 м-ге тең болса немесе одан аспаса, сонымен қоса бұрыштары күңгірттеу түспен боялады.
      2) сырлау үшін қызыл мен ақ немесе қызғылт және ақ түстерді пайдалану керек;
      3) жақсы көрінетін бір түске (қызыл немесе қызғылт сары), егер оның кескіні кез келген көлбеу жазықтықта ені мен ұзындығы бойынша 1,5 м-ден кем болған жағдайда сырлануы қажет.
      133-т. ескертпесін қараңыз.
      137. Жылжымалы объектілерді таңбалау үшін авариялық көлік құралдары үшін қызыл түс және қызметтік көлік құралдары үшін сары түс пайдаланылады.
      138. Әуеайлақта VOR тексеру пункті болған жағдайда, ол тиісті таңбалаумен белгіленіп, көрсету белгілерімен жабдықталуы қажет.
      139. Әуеайлақтың VOR тексеру пунктін таңбалаудың орталығы ретінде VOR сигналын қабылдауға арналған ӘК орнатылатын орын жатады.
      140. Әуеайлақтың VOR тексеру пунктінің таңбалауы, диаметрі 6 м ені 15 см сызықпен құралатын шеңбер түрінде орындалады (25-қосымшаның А суреті).
      Егер ӘК белгілі бағытқа қарай орнатылса, онда шеңбердің ортасы арқылы қажетті азимутқа сәйкес сызық жүргізіледі. Сызықтың ені 15 см, шеңбердің сыртынан 6 м шығып тұруы қажет және жебемен аяқталады (25-қосымшаның Б-суреті).
      Таңбалау сызығының түсі (әдетте, ақ) басқа мақсаттағы таңбалау түстерінен ерекшеленіп тұруы қажет (егер ол VOR тексеру пункті орналасқан жерде бар болса). Соңғы жағдайда таңбалау сызығын қара түсті бояумен жиектеп шығуға рұқсат етіледі.
жүктеу 10,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау