Қазак, орыс тілдерінің қалыптасуындағы ерекшеліктер


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



жүктеу 2,5 Mb.
бет7/11
Дата10.02.2018
өлшемі2,5 Mb.
#9193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі грамматикалық категориялар

  • . Қазақ және орыс тілдеріндегі сөздердің топтастыру принциптері.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі сөз таптары.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға

  • Аффиксоидтер және интерфикстер.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі аналитикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі лексика-семантикалық тәсіл.

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.


7 тақырып: Сын есім.

Дәріс жоспары:
1. Шырай формасы.

2. Сын есімнің септелуі.

3. Сын есімдердің жасалу жолдары.

Мақсаты: . Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің шырай формасы.

Екі тілдегі сын есімнің септелуі. Сын есімдердің жасалу жолдары



Мазмұны: Екі тілде де заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін және басқа сол сиякты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалык сөз табы сын есім деп аталады.

Қазак тіліпде сык есім зат есімге тіркесіп негізгі қызметін атқарганда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім кептік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, оны анықтайтын сын есім зат есімнін түлғасына үйлеспейді де, қиыспайды да. Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай загты сыр-сипат жағынан анықтайды, бірақ ол анықтауыш қызметін атқарып түрғанда, еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді. Мы-

Ал орыс тілінде сын есім анықталатын зат есім мен бірдей өзгеріске үшырайды, яғни көптеледі, септеледі, тек (род) категориясы бойынша өзгереді. Мысалы: каменный дом - ка-иенные дома, каменным домам; болъшая комната т.б.

Қазақ тілінде зат есімге тән көптік, тәуелдік, септік жалғаулары зат есімнің де, сын есімнің де қызметтерін бірдей атқаратын синкретикалық омоним сөздерге қажетінше жалғана берумен қатар, белгілі бір контексте қолданылу ыңғайына қарай субстантивтенетін сын есімдерге де жалғана береді. Мысалы: Үлкенге улкенше, кішіге кішіше кызмет ет.

Сын есім мен зат есімнің тіркесі қазақ тіліне изафет тіркесі ретінде беріледі. Мысалы: морская вода - теңіз суы.

Қазақ тілінде сын есім зат есіммен тіркескен жагдайда үнемі зат есімнің алдында түрады. Мысалы: әдемі гул.

Орыс тілінде сын есім зат есімнен кейін де, алдында да түра береді. Мысалы: доска ровная, ровная доска.

Екі тілде де сын есім семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сапалық және қатыстық сын есім деп екі топқа топтастырылады.



Сапалық сын есімдер дегеніміз мағынасы жағынан зат-тын әр алуан сыр-сипатын, яғни түрі мен түсін, сыры мен сапа-сын, көлемі мен аумағын, дәмі мен иісін білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздер.

Сапалық сын есімдер ешбір қосымша формалар жалғанбаған түбір сөздер деген пікір қалыптасқан. Бірақ А.Ысқақов кейбір түбір соз деп қарастырып келген сын есімдер тарихи даму түрғысынан қарағанда тиісті қосымшалар арқылы не басқа тәсілдер бойынша жасалған туынды сөздер болып ке-леді дейді1. Мысал ретінде мына түбірлес сөздерді келтіреді: узын — узаң, улкен — улкейген, ащы — ашыган, момын — момакан,



Орыс тілінде сын есімдердің өздеріне тән, оларды баска сөз таптарынан ерекшелейтін форманттары бар. Мысалы: боль-шоіі, хороишй, лучшнІі, тяжелый т.б.

Екі тілде де сапалык сын есімдерге інырай формалары тән. Мысалы: әдемі - әдемілеу - өте әдемі; красивый - красивее ~ очень красивый т.б.

Орыс тілінде сапалық сын есімдердің толық (полная) және ықшамдалған (краткая) түлғалары бар, ал қазақ тіліндегі сапалық сын есімдерге ықшамдалған тұлға тән емес. Орыс тіліндегі сапалық сын есімдердің толық түлғасына -ый, -ой, -ий, -ая, -яя, -ое, -ее жалғаулары жалғанып, көптеледі, септеледі, тек категориясы бойынша өзгереді. Ал ықшамдалған түлға септел-мейді, бірак көителеді, тек категориясы бойынша өзғереді, ал ер тегінде (мужской род) жалғау жалғанбайды. Сын есімнің бұл түрі сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: белый, -ая, -ое, -ые және бел, бела, бело, белы т. б. Он был очеиъ красив. Она была мила.

Сапалық сын есімдердің ықшамдалған түлғасы былайша жасалады:

а) толық түлғаға тек категориясы жалғауларының жалғануы арқылы. Мысалы: полный - полна, полно т.б.; ә) кейде о-е дауыстыларының морфема жігінде алмасуы арқылы. Мысалы: близкий - близок, бойкий - боек т. б.

Сөздің түбірі к дауыссызына аяқталып, ақырғы дауыс-сыздың алдында щипящий немесе жіңішке дауыссыз тұрса, жүрнағының алдында дауыстысы келеді. Мысаяы.сильнъш -силен, оольнои — оолен т.о.

Ал кислый - кисел, острый - остер, светлый - светел, теплый - тепел, хитрый - хитер деген сын есімдерден басқа р, л дауыс-сыздарына аяқталатын сөздерде о-е дауыстыларының алма-суы кездеспейді. Мысалы: добрый - добр, круглый - кругл т.б.

Орыс тіліндегі сын есімдердің кейбіреулерінде ықшамдалған түлға жоқ. Ондай сын есімдерге мыналар жатады:

а) -ск, -ов, -н жүрнақтарынан түратын етістіктерден жұрнағы
арқылы жасалған сын есімдер: дохлый, т. б.;

ә) жан - жакуарлардың түр - түсін білдіретін сын есімдер: бу.ш-ный, вороной т.б.;



б) күшейтпелі мағына үстейтін пре-, раз- сөз алды қосымшалары
(приставкалар) арқылы жасалған сын есімдер: предобрый, пре-
болъшой
т.б.

Сын есімдердің толық түлғасы мен ықшамдалган түлғасының лексикалык мағынасы кейде бір-біріне сейкес кел-мейді. Мысалы: видный - виден, волъный - волен т.б.



Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттын я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атай-мыз. Екі тілде де қатыстық сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады, яғни катыстык сын есімдер туынды сын есімдер тобына жатады. Мы-салы.' с\'лы жер — водная местность, облыстық әкімшілік об-ластной акимат т.б.

Бірак қазак тілінде кейбір қатыстық сын есімдер қосымшасыз, зат есім арқылы беріледі. Мысалы: темір қасьщ - железная ложка, агаш уй - деревянный дом т.б. Бұлар тектік сын есімдер деп аталады. Өйткені олар заттың тегін (неден жасалғанын) білдіреді.

Орыс тілінде кейбір қатыстық сын есімдер сапалық мағынаны да білдіре алады. Мысалы: золотое колъцо — золотая пора - золотое сердце т. б.

Қазақ тілінде де осындай құбылысты байқауға болады. Мысалы: темірдей қатты агаш - темір кереует, алтын сырга - аліпын адам т.б.



Сапалык сын есімдер мен қатыстық сын есімдердің тағы мынадай ерекшеліктері бар екенін айта кеткен жөн: а) сапалық сын есімдер антонимдік жұп құрай алады (жақсы - жаман, улкен - кіші, хороший - плохой, болыиой - маленький), қатыстық сын есімдерде бұндай қасиет жоқ;

ә) сапалық сын есімдер заттың сапасының, сынының әртүрлі реңін білдіре алады, яғни шырай жасай алады (одемі - әдемілеу, өте әдемі, красивый - красивее - оченъ красивый).

Орыс тілінде қатыстық сын есімдердің мекшіктік мағына білдіретін притяжательные деп аталатын түрі бар. Бұл сьщ есімдер меншіктілік мағына білдіреді, соңдықтан қазақ тіліне тәуелдік жалғаулы зат есім, изафет арқылы беріледі. Мы-салы: мамино платье - шешемнің көйлегі, студенческие вече-ринки - студенттердің кештері т.б.

Меншіктік мағына білдіретін сын есімдер (притяжатель-ные прилагательные) орыс тілінде зат есімдерден -ов-ев, -ин-иин, 'Чй-ья-ье журнақтары арқылы жасалады. -Ин-нин, -ое-ее о жұрнақтары арқылы жасалатын меншіктілік сын есімдер үнемі Ыкпіамдалған тұлғада тұрады. Мысалы: мамин брат, дядина машина т.б. Егер бұл сын есімдерді толық тұлғада қолдансақ, меншіктілік мағынасын жоғалтады. Мысалы: орлиный нос, сло-новая кость т.б.



-Ий, -ья, -ье жұрнақтары арқылы жасалған сын есімдер көбінесе қатыстық сын есімдерге жакын мағынаны білдіреді. Мысалы: бараний жир, лисий хвост т.б. Бұл мағына қазақ тілінде изафет арқылы беріледі: қус тумсық, қой майы, тулкінің қуйрыгы, піл суйегі.

Шырай формасы(Степени сравнения)

Қазақ тілінде де, орыс тілінде де сын есімдерге шырай формасы тән дедік. Бірақ шырай формасына байланысты айыр-машылықтар да баршылық.

Қазақ тілінде кейбір мағынасына қарай және топтау ба-рысында бір топқа жататын сан есімдердің кейбіреулерінің шы-рай формасы бар, ал кейбіреулерінде жоқ. Мысалы: саңырау -саңыраулау, қисьщ - қисықтау, ал соқыр, бойдақ деген сын есімдердің шырай формасы жоқ.

Салыстырып отырған тілдерде шырайдың үш түрі де :•. кездеседі:



а) жай шырай (положительная степень);
ә) салыстырмалы шырай (сравнительная степень);

б) күшейтпелі шырай (превосходная степень).

Заттың белгісін, түсін (түрін), сапасын, көлемін, сал-мағын, аумағын, тағы басқа сондай негізгі сын-сипаттарыи білдіретін сапалық сын есім жай шырай (положительная сте-пень) деп аталады. Жай шырай формасы шырайлардың баска түрлерін мағына жағынан да, форма жағынан да салыстыратын негізгі форма болып саналады. Мысалы: жылы уй (теплын дом), әсем сурет (прекрасный портрет) т.б.



^_ алыстырмалы шыраи (сравнительная степень^ иір зат-тың сынын екінші заттың сынына салыстырып, сол салыстыры-латын белгілердің бір-бірінен не кем, не артық екенін білдіреді. Салыстырмалы шырай тұлғасы, негізінен, жұрнақтар аркылы жасалады.

Қазақ тілінде салыстырмалы шырай тудыратьш жүрнақтар төмеидегідей:



а) -рақ-рск; -ырақ-ірек: көгірек, жасылырақ т.б.;

ә) -лау-леу; -дау-деу; -тау-теу: улкендеу (бірақ үлкенірек), қаттылау (қатқыл, сонда «қыл» мен «лау» синонимдес болып ціығады);

б) -қыл, -гыл, -қылт, -гылт, -тым, -шыл, -шіл, -қай, -аң, -гыш:
дымқыл, көкшіл, саргыш
т.б. Мынадай тұлға да кездеседі:
шзгылтьш, ашқылтым.

Орыс тілінде салыстырмалы шырай (сравнительная сте-пень) мына жүрнақтар аркылы жасалады:

а) -ее-ей: красивее, прекрасней т.б.;
ә)
-е, -ше: реже, болъше т.б.

Бүл жерде жүрнағы арқылы салыстырмалы шырай жасау ба-рысында г, к, х, д, т, ст дауыссыздарына аяқталған сын есімдерде к-ч, г-ж, х-ш, д-ж, т-ч, ст-щ дауыссыздарының ал-масуы байқалады. Кейбір сын есімдерде к жүрнағы түсіп қалады да, дауыссыз дыбыстардың алмасуы орын алады. Мысалы: гласЬ кий - глаже, жидкий - жиже т.б.

б) -оват, -еват жүрнақтары арқылы: желтоватый, синеватый
т.б.

Салыстырмалы шырайдың жасалу барысында мынадай да ерекшеліктер байқалады:



  1. Салыетырмалы шырай басқа түбірден жасалады, Мысалы: хороший ~ лучше, маленький - меныие т.б. Бүл қүбылыс супплетивизм деп аталады.

  2. Бір сын есімнен екі тәсіл аркылы салыстырмалы шырай жа-сауға болады. Мысалы: поздний — позднее, позже, далекий -далее, дальше. Бүны ерекшелік деп атауға болмайтын сияқты, өйткені қазақ тілінде де екі тәсіл арқылы бір сын есімнен салыстырмалы шырай жасалады. Мысалы: көктеу -көгірек, қаттылау - қаттырак т.б.

  3. -ш, -ий жүриақтары арқылы жасалған кейбір сын есімдер бірнеше мағына білдіреді. Мысалы: лучший - салыстырмалы мағынаны да, күшейтпелі мағынаны да білдіреді.

Орыс тілінде салыстырмалы шырайдын күрделі формасы да бар. Олар сапалық сын есімдердің более, менее сөздерімен тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: более твердый, мгнее Жесткий т.б.

Екі тілде де сын есімнің күшейтпелі шырай (превосходная степень) категориясы бар. Заттың бастапкы сындық касиетін күшейте түсетін, асыра котеретін не асыра төмендететін сын есімнің формасын күшейтпелі шырай (превосходная степень) дейміз. Қазак тілінде бүл шырай негізгі сын есімдерге күшейткіш буынды қабаттастыру арқылы жасалады. Мысалы: жап-жасыл, жүп-жумсаң т.б.



Күшейтпелі шырай формасын жасайтын тағы бір тәсіл -сын есімдер мен аса, өте, тым, нагыз, нақ, ең, орасан, керемет сияқты көмекші сөздердің тіркесуі. Мысалы: ец қурметті, ора-сан, зор, аса, үлкен т.б.

Орыс тілінде күшейтпелі шырайдың (превосходная сте-пень) жай және күрделі түлғасы болады. Күшейтпелі шырайдың жай түлғасы мынадай жолдар арқылы жасалады:

  1. -ейш-айш жүрнақтары арқылы: красивейший, тончайший т.б. Бүл жерде г, к, з, х дауыссыздарына аяқталатын сын есімдердің түбірінде г-ж, к-ч, з-ж, х-ш сияқты дыбыстардың алмасуы бар: тихо - тишайший, близкий - ближайший т.б. Осы жүрнақтар наи- сөз алды қосымшасымен (приставка) бірге де күшейтпелі мағына білдіреді: наиближайший, наи-сложнейший т.б.;

  2. жүрнағы салыстырмалы шырай формасымен бірге күшейтпелі шырай түлғасын да жасайды. Мысалы: низший, высший т.б.

Күшейтпелі шырайдың күрделі түлғасы сын есімдер мен самый есімдігінің тіркесуі арқылы жасалады: самый болыиой, самый маленький т.б,

Слишком, крайне, чрезвычайно, в высшей степени сияқты үстеулер арқылы да күрделі түлга жасалады: слишком красивый, крайне неприятный т.б.

Екі тілде де сын есім субстантивтенеді, Кейбір сын есімдер кез-келген контексте зат есімнің қызметін аткарады, яғни олар толық субстантивтенгендіктен сын есімнін қызметін мүлде атқармайды. Мысалы: вселенная, гостиная, портной, жаркое, приданое, мороженое, столовая, рабочий; шешен, шебер т.б.



Сын есімнің субстантивтенуі негізінен контекске байла-нысты болады. Мысалы: Үлкенді сыйлау керек. - Старишх надо уважать.

Қазак тілінде субстантивтенген сын есімдер зат есімдер сиякты көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Мысалы: қызылдар келді, қарамен ойнадым т.б.



Орыс тілінде субстантивтенген сын есімдерде септік ка-тегориясы түрлі лексикалык мағына білдіреді. Мысалы: По-уісертвовал самым дорогим. Не хочешь ли сладенького?

Екі тілде де субстантивтенген сын есімдер сөйлемде сөЙлем мүшесі бола алады. Мысалы: Ол биікке әрең шықты. -Он еле добрался до высоты.



Субстантивтенген сын есімдердің негізгі мағыналары екі тілде бірдей:

а) адамнын денсаулыгына, кемшілігіне байланысты пайда
болған сын есімдер: соқыр - слепой, ақсақ - хромой, керең - глу-
хой, мас - пьяный, ауру - больной
т.б.

ә) адамның мінезі мен сыртқы пішінін суреттейтін сын есімдер: жас — молодой, ақылсыз — глупый, батыл смелый т.б.

б) адамның жағдайын, шығу тегін, атағын сипаттайтын сын
есімдер: жалгыз — одинокий, жумыссыз безработный т.б.

в) мамандық пен кызмет атауларын білдіретін сын есімдер:
тігінші - портной, қызметші әйел - горничная т.б.

г) жылқынын түр-түсін білдіретін сын есімдер: шубар - чуба-
рый, қула сур - буланый, қула - саврасый
т.б.

Бүлардан басқа орыс тілінде мекендік мағына білдіретін сын есімдер де субстантивтенеді: детская, учительская, опера-ционная, булочная, приемная т.б.

Бүндай сын есімдер қазақ тіліне тәуелдік жалғаулы зат есім мен анықтауыш сөздің тіркесі арқылы беріледі. Мысалы: детская - балалар бө.шесі, учителъская - мугалімдер бөлмесі, приемная - қабылдау болмесі, читалъня - оқу залы, булочная -нан дукені, молочная — сут сататын орын т.б.

Орыс тілінде аралық тектегі (средний род) сын есімдер субстантивтенген жағдайда дерексіз зат есімдердің мағынасын білдіреді. Мысалы: Сейте разумное, доброе, вечное. Из малого создается великое, прекрасное т.б.

Екі тілде де субстантивтенген сын есімдер түрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің қүрамына енеді. Мысалы: Сы-паиы сырын жасырмас. Пойти на мировую, задеть за живое.


Сын есімнін септелуі (Склонение имен прилагательных)

Қазак тілінде сын есім зат есімге тіркесіп негізгі қызметін атқарғанда, зат есімнің тұлғасына үйлеспейді де, қиыспайды да, яғни тәуелденбейді, көптелмейді, септелмейді дедік. Тек субстантивтенген жағдайда зат есімдер сияқты көптеледі, септеледі, тәуелденеді.

Орыс тілінде толық формадағы сын есімдер (полные
прилагательные) көптеледі, септеледі, тек категориясы бойынша
өзгереді. Бірақ көптік тұлғада тек категориясы бойынша
өзгермейді. Сын есімнің бұлайша түрленуі зат есімнің
тұлғасына байланысты болады. Өйткені орыс тілінде сын есім §
зат есім сөзбен қиыса байланысады, қазақ тілінде қабыса байла- )
нысады. I

Жеісеше тұлғадағы ер (мужской), аралық (средний) тек тұлғасында жуан және жіңішке жалғаулы сын есімдерге тән жалғаулар төмендегідей:

Ер тек (м.р.), Атау септігінде(И.п.) -ый, -ой, -ий;



Аралық тек (ср.р), Атау септігінде (Ш.п.)-ое, -ее;

Аралық тек (ср.р.), ер тек (м.р.), Ілік септігінде (Р.п.) -ого, -его;

Ер (м.р.), аралық (ср.р.) тек, Барыс септігінде (Д.п.) -ому, -ему;

Ер (м.р.), аралық (ср.р.) тек, Табыс септігінде (В.п.) - Атау


және Ілік сеитіктерінде (И.п., Р.п.) сиякты; 1

Ер (м.р.), аралық (ср.р.) тек, Көмектес септігінде (Тв.п.) -ым, -'\\ им; Ер (м.р.), аралық (ср.р.) тек, Предложный падежде -ом, - ем.

Ал әйел тегінде (ж.р.) Ілік (Родительный), Барыс (Да-тельный), Көмектес (Творительный), Предложный септіктерінде жуан дауыстылардан тұратын түбірге -ой жалғауы, жіңішке дауыстылардан тұратын түбірге -ей жалғауы жалғанады. Мыса-лы: широкой улицы, широкой улице, широкой улицей. о гиирокой улице, утренней зари т.б.

Жекеше түлға Табыс септігінде (Винительный падежде)


тұрған жуан дауыссыздардан тұратын сын есімдерге -ую^і
жіңішке дауыссыздардан тұратын түбірге -юю жалғауиі
жалғанады (широкую улицу, утреннюю зарю т.б.). Орыс тілінде меншіктік мағына білдіретін сын есімдерге жалғанатын жалғаулар өзгешелеу. Ол өзгешелік мынадай: Ер тегіндегі (м.р.) Атау (И.п.) және Табыс (В.п.) септіктерінен баска септіктерде -ий, -ья, -ье жүрнактары арқылы жасалған тәуелдік сын есімдерде септік жалғаулары алдында жінішкеліктің белпсі (-ь) еақталады (лисий — лисьих, лисьему, о лисьих, лисьими т.б.).

Ал -ов-ев, -ин-ын жұрнақтары арқылы жасалган тәуелдік сын есімдер жекеше, көпше тұлғадағы ер (м.р.), әйел (ж.р.), аралық (ср.р) тектегі Атау және Табыс септіктерінде (Именительный, Винительный падеждерде) және жекеше формадағы ер (м.р.), аралык (ср.р.) тектегі Ілік, Барыс (Родительный, Дательный) септіктерінде зат есімдер сияқты септеледі. Мысалы: мамин -мамин; мамин -маминого, маминому т.б.



Сын есімнің сөйлемдегі қызметі (Синтаксические функции имен прилагательных)

Қазак, орыс тілдерінде сын есім сөйлемде төмендегідей қызмет атқарады:

  1. Екі тілде де сын есімнің негізгі қызметі - сөйлемде аныктауыштың қызметін атқаруы. Мысалы: жасыл жапы-рак. - зеленый лист. Орыс тілінде анықтауыштың қызметін сапалық сын есімдердін тек толық түлғасы ғана атқарады (хороший дом). Ал салыстырмалы шырайдағы -е, -ее, -ей, -ше жұрнактары арқылы жасалған сын есімдер тек қиыспайтын анықтауыш ретінде ғана жұмсалады. Мысалы: Его дети постарше моих. Эти цветы душистее садовых т.б.

  2. Екі тілде де субстантивтенген сын есімдер сөйлемде бас-тауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Үлкендер жацсы көреді. - Старише любят.

3- Екі тілде де сын есімдер сөйлемде баяндауыш бола алады. Мысалы: Луна светлая. - Ай жарьщ. Орыс тіліндегі сын есімнің ықшамдалған тұлғасы (краткзя форма) сөйлемде баяндауыштың қызметін атқарады, ал қазақ тілінде ондай сын есімдерге баяндауыштын қызметін атқаратын сын есімдер сәйкес келеді. Мысалы: Наши апуденты дисциплинированы. - Біздің студенттер тәртіпті. Қазак тілінде сын есімдер сөйлемде предикативті тұлғада баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Мен бақыттымын, сен улкенсің т.б. Орыс тілінде толық, ықшамдалған тұлғадагы Кемектес септіктегі, салыстырмалы, кұшейтпелі шырай формасындағы сын есімдер сөйлемде баяндауыштың қызметін атқарады. Мысалы: красивая жизнь, жизнь ко-ротка; был и я молодым, он моложе меня т.б.

4. Қазақ тілінде сын есімдер сөйлемде пысықтауыштың да
қызметін атқарады. Мұндай жағдайда сын есім баян-
дауыштың алдында тұрады. Мысалы: Ол ауыр курсінді.
Қатыстық сын есімдерде пысықтауыштьщ қызметін
көбінесе -дай-дей, -тай-тей жұрнақтары аркылы жасалған
сын есімдер атқарады. Мысалы: Көзі туздай. Тілі мірдің
огыидай.

Орыс тілінде сын есімдер пысықтауыш бола алмайды. Бірақ кейбір жағдайда зат есіммен тіркесіп келген сын есім сөйлемде зат есіммен бірге сөйлемнің бір мүшесі ретінде қарастырылып, пысықтауыш болады. Мысалы: Последние слова он нроизнес спокойным и тихим голосом.

Орыс тілінде сапалық сын есім түбірлерінен жасалған біралуан сөздер үстеу құрамына еніп кеткен. Сөйтіп бір сөздін екі түрлі тұлғасы пайда болып, олар екі түрлі сөз табына сара-ланған. Мысалы: хороший -хорошо, плбхой - плохо т. б.

Қазак тілінде де нақ осы процесті көреміз. Бірақ мүнда мағыналық саралану бар да, түлғалық саралану жоқ. Мысалы: Болат жақсы бала. Жақсы - сын есім, анықтауыш. Болат жақсы оқиды. Жақсы - үстеу, пысықтауыш. Бұлардың тұлғасы бірдей, ал мағыналары сараланған. Пысықтауыш қызметіндегі «жаксы» сын есім бе, үстеу ме? Бүл әлі шешімін таппаған мәселе. Сапалық сын есімдердің ешқандай өзгеріске түспеуі (септелмейді, тоуелденбейді, көптелмейді) оларды үстеуге жақындата түседі. Орыс тілі фактілерімен салыстыра отырып қарасақ, бүларды үстеу деуге болатын сияқты.



5. Екі тілдс де субсташивтенгсн сын есімдер сойлемде то-
лықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Жақсыны
көрмек ушін. Объясіште это больному.


жүктеу 2,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау