Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 4,25 Mb.
бет6/17
Дата01.01.2018
өлшемі4,25 Mb.
#6865
түріПротокол
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Сурет 7. Несие қозғалысының сызбасы

Несие беруші мен қарыз алушы несие қатынасына түсу арқылы өздерінің мақсаттары мен мүдделерінің бірдей екенін көрсетеді. Олар несие қатынасы шеңберінде орындарын алмастыруы да мүмкін. Егер орындарын алмастыратын болса, несие беруші қарыз алушыға, ал қарыз алушы несие берушіге айналады.

Несиенің екі нысаны белгілі: ақшалай және тауарлай. Сәйкесінше несиелендірудің екі түрі бар; бастапқыда шаруашылық субъектілерінің несиелік қатынастары банкпен қатынастар секілді пайда болатын тікелей банктік несиелендіру және несиелік қатынастар алғашқыда шаруашылық субъектілерінің арасында пайда болып, соңынан банкпен қатынастарға трансформацияланатын жанама несиелендіру.

Тікелей банктік несиелендіруде қарыз несие берушілермен тікелей қарыз алушыға ұсынылады. Несие беруші банк, ал қарыз алушы – шаруашылық субъектісі болып табылады. Банкаралық несиеде неси беруші де және қарыз алушы да банктер болып табылады, яғни бір банк басқа банкіге несие береді.

Коммерциялық несиелендіруде несие беруші де және қарыз алушы да шаруашылық субъектілері болады, яғни бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға тауар нысанында несие береді, бұл мәміле вексельмен рәсімделеді, яғни қарыз алушы несие берушіге тауар нысанында несие алуын растайтын құжат – вексельді береді. Одан әрі несие беруші осы вексельдің кепілдігіне қарыз (ссуда) ақша бер деп банкіге барады. Ослайша коммерциялық несие банкілік несиеге түрлендіріледі.

Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімдері бойынша – қысқа мерзімді ( 1, жылға дейін ), орта мерзімді ( 1- ден 5 жылға дейін ) және ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары);

қамтамасыз ету түрлері бойынша – қамтамасыз етілмеген (қарыз алушыға сенімге негізделген және қамтамасыз етілуі жоқ банкілер) және қамтамасыз етілген; банктің роліне байланысты (неси беруші немесе қарыз алушы) – активтік және пассивтік қарыздық операциялар (активтік – бұл клиентті және басқа банктерді несиелеу; пассивтік – орталық банктен және басқа коммерциялық банктерден банкаралық несие алу); несиелендіру мақсатына байланысты – негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздар.

Несиелік операциялар басқа белгілері бойынша да жіктеле алады: қарыз алушылардың түрлері бойынша, пайдалану сипаты бойынша, мөлшері бойынша, ашу шарттары бойынша және басқалар. Мысалы, қарыз алушылардың түрлері бойынша қарыздар былай жіктеледі: сауда өнер- кәсібіне, жылжымайтын мүлік кепілдігіне, жеке тұлғаларға, бағалы қағаздарға, ауыл шаруашылық, қаржы органдарына және т.б.

Несиені пайдалану сипаты бойынша оны өндірістік және тұтынушулық қолма-қол және қолма-қолсыз (тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыруға) деп бөлуге болады. Несиенің мұндай жіктелуінің негізінде формальды белгілер жатқанын атап көрсету қажет. Шет елдердің экономикалық әдебиетінде несиенің және несиелік операциялардың бірыңғай жіктелуі жоқ.

Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттердің өзара қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттеліп жасалған несиелік келісімшарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісімшарттардың шарттары коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір нақты сәтіне байланысты. Ол несиелік тәртіппен байланысты. Қарыз алушылар несиенің қайтарымдылығын және несиелеудің басқа қағидаларын сақтауды, ал банктер – несиелердің мөлшерін реттеу тәртібі, олардың төлеу мен өтеу шарттарын қамтамасыз етуі тиіс. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздық саясат табылады. Банк клиентпен бірге жалпы банктік ережелер негізінде іріленген объект құрамын және несиелердің жекелеген объектілерін, несиенің берілу және өтелу тәртібін, кәсіпорынның меншік және қарыз қаражаттарын тиімді пайдалану бойынша шараларды, пайда алуға жетуге әрекет ететін басқа шаралар және де несиелік келісім шартты Несиелік келісімшартта қарастырылған шарттармен коммерциялық банктер несиенің пайдалануын бақылауға, инженерлік және тексерулерді жүргізуге, несиелік келісім шартты бұзушы қарыз алушыларға экономикалық әсер етуші шараларды қолдануға міндетті. Несиенің белгіленген мерзімдегі қайтарымдылығы мен төлемділігі шешуші мәнге ие екні сөзсіз. Бұл принциптерсіз несие өзінің мәні мен мақсатын жоғалтады. Таяу уақытқа дейін банктердің қарыздары қорытындысында мемлекеттің кәсіпорын мен ұйымдарға беретін қайтарымсыз және тегін дотациясына айналып келген болатын. Кейбір жағдайларда және күні бүгінде осы жай қайталануда. Бірақ, республикада жүзеге асырылып жатқан банк реформасы ең әуелі экономикалық категория ретіндегі несие берудің негізгі қағидалары мен позициясын қалпына келтіруге бағытталған. Қазір қарыздардың қамтамасыз етілуі жаңаша көрініс табуда. Сондай- ақ, әрбір берілген қарыз нақты материалдық қамтамасыз етілуі тиіс деп болжамдалады.

Қарыз алушының белгіленген мерзімде несиені қайтарудың нақты мүмкіндігін ескермеді. Қазіргі кезде клиенттің өтінішіне, оның өзінің міндеттемелері бойынша есеп айырысу мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді.

Бұл сараптау жұмыстарына қатысты экономикалық аппараттын жаңа қатынасын оның формальды жұмыс әдістерінен бастап қызмет көрсететін шаруашылық ұйымдардың ісін жақсы білу негізінде несиенің қағидаларын жүзеге асыруға бетбұрыс жасауын талап етеді.

Қарыздарды (ссудаларды) қамтамасыз ету банк активтерінің сақталуы мен табыс табуының кепілдігі үшін қажет. Несиелік қамтамасыз етідің негізгі түрлеріне төмендегілер жатады:



  • кепілге алу – тапсырма бір жақты міндеттемелі келісім шарт. Бұл жағдайда тапсырма беруші қарыз алушының қарызын қажет уақытында өтеп беру туралы банк алдындағы міндеттемесі;

  • кепілдік – кепілдеме уақыты жеткенде қарыз алушы өз міндеттемесін орындамай жатқан жағдайда, анықтаушы соманы өтеп беру туралы кепілдік міндеттемесі;

  • бағалы қағаздар тауарлар және басқа да мүліктерді кепілдікке салу. Кепіл құқығы – қарыз алушы өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда, оның кепілдікке салған мүліктерін сату барысында түскен түсімнің белгілі бір бөлігін алу немесе сол мүліктерді (ғимарат, жер учаскесі, жылжымалы мүліктер) толығымен иемдену құқы;

  • жылжымайтын мүлікті кепілдікке салу құқығы; несиеледі қамтамасыз етуде негізгі роль ипотекаларға жүктеледі және ғимараттар мен жер учаскелері жылжымайтын мүліктерді кепілдікке салу заңының негізі болып табылады. Оларды кепілдікке салу арқылы иегерлері несие алады.

Несиеледі қамтамасыз етудің, материалдық формаларына: жер, құнды қағаздар, тауар – материалдық құндылықтар, сақтандыру политері және т.б. жатады.

Банктерде клиенттерге қарыз беру үшін қарыздарды есепке ала отырып әрбір несиелендіру объектісі бойынша арнайы қарыздық шоттар ашылады. Жекелеген баланстық шоттарда бір клиентке берілген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздарды есепке алу жүргізіледі. Қарыздық шоттардың дебетінде алынған қарыздардың сомасы, ал кредитінде қайтарылғаны көрсетіледі.

Клиенттердің қажет етуіне және қызығушылығына байланысты әр банкте жай қарыздық немесе арнайы қарыздық шоттар ашылады.

Арнайы қарыздық шоттардың жай шоттардан айырмашылығы – қарыз беру әр уақыт сайын құжаттық түрде негізделмей – ақ, қарыз алушының арнайы қарыздық шот ашқызу барысында банкке өткізген міндеттемелік өтініші негізінде жүргізіледі. Қарыз қажетті жағдайда есеп айырысу құжаттарында өтеу жолымен беріліп түскен түсімдерді арнайы қарыздық шоттарға аудару арқылы жойылады.

Қазір, сонымен қатар, контокорренттік шоттардан да беріледі . Бұл шотта бір жағынан түскен түсімдер көрсетілсе екінші жағынан қарыздармен төлемдер көрсетілетін айрықша шот түрі. Онда тек дебеттік немесе кредиттік сальдо ғана болады.

Контокорренттік шоттардан берілетін несие контокорренттік несие деп аталады. Негізінен ол есеп айырысу құжаттарын өтеп беру үшін немесе бағалы қағаздар сатып алу, векселдерді өтеу үшін қолма – қол ақша түрінде берілу мүмкін. Контокоррентік несиелерді ұсыну тәртыптері сақтала отырп келісім шарт бекітіледі. Банктердің контокорренттік шот бойынша әрбір қарыз алушы үшін несие шамасын шектеуде лимит белгіленеді. Аталған несиені қамтамасыз құрамына ипотека, бағалы қағаздар және т. б. жатады. Бұл несие біздің республикамызда әлі дамыған жоқ. Соңғы уақыттары жекелеген коммерциялық банктер контокорренттік шотты пайдаланады.



Сұрақ 2.

Қысқа мерзімді несиелер – күнделікті айналым операцияларына қажетті айнылым капиталының құнын өтеу үшін беріледі. Оларға жататындар; несиелік желі (линия) соның ішінде маусымдық және жанармалы қағаздар күтпеген оқиғаларға жұмсалатын несиелер мен қарыз алушының айналым капиталын толықтыру үшін берілетін қарыздар.

Орта мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар – күрделі құрылыс шараларын жүргізу үшін, үй және қондырғалар сатып алу үшін, сонымен қатар, негізгі капиталды қаржыландыру үшін беріледі. Оларға жататындар: мерзімдік қарыздар, мүлікті кепілге алып берілетін қарыздар, құрылыстық қарыздар және қаржылық лизингтер.

Несиелік желілер – анықталған тәртіптерді сақтай отырып белгіленген уақыт аралығында несиелерді пайдалануға мүмкіндік беретін, несиелердің максималды сомасые алу туралы банк пен қарыз алушы арасындағы келісім шарт. Жақсы табыс тауып жиі несие қолданып жүрген фирма қажетті жағдайда көлемі алдына ала белгіленген қарызды банктен алуға келісім шарт жасасады. Бұл қарыз бір жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Несиелік желінің мынадай түрлері болады:



Маусымдық - өндірістің маусымдық болуымен байланысты айналым құралдарының жетіспеушілігінен банктерге беріледі.

Жанармалы – айналым құралдарының ұзақ мерзімге жетпеуіне байланысты қарыз алушыға берілетін несие.

Көптеген оқиғаларға жұмсалатын қарыздар қарыз алушының айналым құралындағы күтпеген жағдайларға бір жолғы қажеттілігін қаржыландыроу үшін беріледі.

Айналым капиталын толықтыруға арналған пермоненттік қарыздар – айналым құралындағы ұзақ мерзімді тапшылықтарды табу үшін беріледі. Бұл қарыздар күрделі капитал еңгізілетін салаларда өте кеңінен қолданылады.

Салыған мүітура акті бріе қарыздр - өндіріс ғимараттарын, зауыт құрылысын, үйлерді, жер учаскелерін сатып алу, немесе қаржыландыру үшін қолданылады. Олар 15 жылға, немесе одан жоғары мерзімге есептеліп, ай сайын көлемі алдына ала белгіленген жарналар арқылы өтеледі. Бұл несиелер біздің елімізде толық дамыған.

Құрылыстық қарыздар – ғимараттар мен құрылғылар құрылысының мерзіміне арнап беріледі.Қарыз алушы бұл несиенің өсім ақысын үнемі төлеп отырады, сонан кейін қарыздардысалынған мүлік туралы актіге қайта рәсімдейді

Лизинг – қымбат бағалы күрделі жабдықтарды жалға алуды қаржыландыру үшін қолданылады, мысалға: кеме, ұшақ, компьютер, автомашиналар және т.б. Лизингтік келісімде көрсетілгендей, жалдаушы жабдық иесіне ай сайынғы тиісті соманы төлеу арқылы, оларды ұзақ мерзімге пайдалану мүмкіндігін алады, елімізге бұл несие де әлі өз деңгейінде дамыған жоқ.

Жекелеген қарыз алушыларға коммерциялық банктер тұтыну несиелерін береді. Ол, негізінен, тұрған үйлер, ұзақ мерзім пайдаланатын тауарлар және пәтерлер сатып алумен байланысты болады. Бұл несиелерге жанармалы несиелер, ұзақ мерзім пайдаланылатын несиелер және мерзімі мерзімі өтелетін несиелер жатады.

Несиенің бұл түрі шет елдерде өте жоғары деңгейде дамыған. Мысалы, АҚШ- та 50% үй несиеге сатып алынады. АҚШ-тағы жалпы несиелердің 85% негізгі үш бөліктен құралады: несиенің 32%-ы сауда-өндірістік компаниялар мен фирмаларға, 37%-ы тұрғын үй үшін,19%-ы жеке қарыз алушыларға беріледі.



Жылжымайтын мүлікке берілетін қарыздар – құрылыс мерзімі екі жылдай көлемге созылатын құрылыстық фирмаларға берілетін несие. Сонымен қатар, бұл несие сатып алу үшін 15-25 жылға да беріледі.

Жеке тұлғаларға берілетін қарыздар – ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алу үшін берілетін тұтыну несиесі.

Коммерциялық жанама несиелендіруге толық тоқтала кеткеніміз жөн. Коммерциялық несиелер бұрынғы Кеңес Одағынан басқа барлық елдерде кеңінен тараған. Қазіргі кезде экономикалық дағдарыстан шығуда оның атқарар ролі зор болар еді, бірақ Республикамызда әлі бұл несие еш қолдау тапқан жоқ.

Коммерциялық несиелер, негізінен, вексельдер арқылы жүзеге асырылады. Вексель- белгілі уақыт өткеннен кейін вексель ұсынушыға белгілі бір соманы төлеу ьуралы, вексель иесінің нұсқамасы, немесе жазбаша түрдегі хаттамалы анықтама.

Коммерциялық несиелендіруде жабдықтаушы сатып алушыға несиеге тауар береді. Оны алушы жабдықтаушының атына вексель толтырып ұсынады және жабдықтаушы ол вексельді банкке кепілдікке беру арқылы қарыз алады. Бұл арада қарыз алу уақытында тауарлы түрдегі вексель қарызды қайтару уақыты жеткенде ақшалай қайтарылады.

Коммерциялық несиенің банктік несиеге өту дисконттау, яғни вексельдерді, шот – фактураны (факторинг) және басқа басқа да коммерциялық бағалы қағаздарды есепке алу жолымен, немесе вексельдерді кепілге алып, қарыздар беру нәтижесінде жүзеге асырылады. Есепке алу операциясы банктің ақшалай қарыздық міндеттемелерді сатып алуын сипаттайды, вексельді есепке ала отырып, банк клиенті өтімді қаражаттарға ие болады, сондай-ақ банкке алынған соманы қайтару міңдетінен құтылады, себебі, банк оларды тікелей вексель берушіден талап етеді.



Бірлестірілген несие. Дәстүрлі мерзімді банк несиесі туралы келісім банк пен шаруашылық жүргізуші субъектінің арасында бекітіледі. Яғни, оған екі жақ қатысады. Шаруашылық жүргізуші субъект пен банктер (А,В,) арасында жеке несие келісімі бекітіледі, Алайда субъектіге аса ірі сома қажет болған кезде банк көп мөлшерде несие беруден бас тартатын болса, яғни үлкен тәуекелдік жүгін өз мойнына алғысы келмесе немесе шаруашылық жүргізуші субъект өзін-өзі қаржыландыру үшін тек бір ғана банкпен шектеліп қалғысы келмесе, онда бірлестірілген несие қажет болады. Мұндай несиені қарыз алушыға бірнеше банк береді (8-сурет).


жүктеу 4,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау