Қазақ тілін өзге тілде оқытатын мектептің 6- сыныбына арналған


- тапсырма. Берілген сөйлемдерді оқып, үстеулерді анықтаңдар



жүктеу 11,41 Mb.
бет35/46
Дата07.02.2018
өлшемі11,41 Mb.
#8938
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46

5- тапсырма. Берілген сөйлемдерді оқып, үстеулерді анықтаңдар.

Едәуір жұмыс бітірмекпіз.Қаншама адам жүр. Мира біраз ойланып тұрды. Бір- бірден сана. Кітапты көп оқы.Әлі талай жұмыс істейміз. Сонша қонақ отыр.


6- тапсырма. «Шығармашылық жұмыс.» Жол ережесіне байланысты тірек сөздермен өлең құрастыру. Балалар, тротуар, ұмытпа, сақта!


5 сабақ

Нәтиже сабақ «Қауіпсіз жол»
1. Көліктің қандай түрлері бар?

2. Каспий теңізінде қызмет атқаратын көлік көліктің қай түріне жатады?

3. Қашан? Қайда? Қалай? Қанша? Қайдан? Деген сұраққа қай сөз табы жауап береді?

4.Үстеу тұлғасына қарай неше топқа бөлінеді?

А) 3 Ә) 2 Б) 4

5. Бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесің бе?

6. КЖТ деген сөзді қалай түсінесің?

7.Жол белгілері мен ережелерін тарихта ең алғашқы болып еңгізген кім?

8.Сонша, қаншама, едәуір, біраз… үстеудің қай түріне жатады?

9. Көп нүктенің орнына қойылатын дұрыс жауапты тап.

1. Мен ... жиі барамын A) жаңа бассейн туралы

2.Біз ... туралы айттық. B) бассейнге

3. Менің танысым ... жұмыс істейді. C) бассейнде

1. - ... 2. - ... 3. - ... D) бассейнмен


10. «Қауіпсіз жол» әңгіме жазу

6 сабақ

Теміржол вокзалы



1- тапсырма. Диалогты пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер.
-Астана қаласына тура баратын пойыз бар ма?

- Билет қанша тұрады?

- Пойыз қай жолдан жүреді?

- Астанаға дейін неше сағат жүреді?

- Билетті алдын – ала сатып алуға бола ма?
2- тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер.


Теміржол вокзалы

( Қарағанды Теміржол вокзалы)
Теміржол вокзалы жолаушыларды қабылдап жөнелтеді және оларға қызмет көрсетеді.

Ғимараттың жобасын «Ленгипротранс» институтты жасаған (авторы П.А.Ашастин, М.Б.Бениолинсон).

Вокзалда жолаушылардың 2 күту залы, уақытша тоқтағандар дем алатын бөлмелері, байланыс бөлімшесі және телефонмен сөйлесетін пункті, анықтама бюросы, Темір жолы билеттерін сататын кассалары, дәрігерлік пункті, кол жүгін сақтайтын қоймалары, шаштаразы, азық-түлік сататын, дәріхана және газет-журнал киоскілері бар.

Вокзалдың іші және күту залдары мүсінші, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген суретшісі П.К.Антоненконың барельефтерімен әшекейленген.

Жыл сайын вокзал орта есептен 1,5млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді.

3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінен сөйлемдер құрыңдар.

Жолаушылар көлігі, шақырым, ұшқыр көлік, қалааралық автобус, іссапар, әрқашан, бірнеше.
4- тапсырма. Бірыңғай күрделі сөздерден құралған қатарды белгілеңдер.

A) Саржайлау, өмір, жетпіс, келген.

B) Ер-тұрман, киім-кешек, сексен алты, ауылшаруашылық.

C) Шөпшек, үйшік, ҚазМУ, абыр-сабыр, келбетті.

D) Сен-ақ, келген-ді, үп-үлкен, Ақмола, кіріп шық.

E) Кел, бар, отыр, жүр.



5-тапсырма. «Менің бағытым ойыны» ойын ойнау
1 Оқушы биледі

2 Әнші өсті

3 Балалар оқыды

4 Гүл шырқады

5 Биші ұшты

6 Ұшақ жүзді



7 Кеме ойнады

7 сабақ

Әуежайда




1- тапсырма. Диалогты пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер.

  • Кешіріңіз, сіз де Астанаға барасыз ба?

  • Иә, бірақ 1 сағатқа кешігеміз.

  • Не себепті?

  • Ауа райына байланысты.

  • Қап! Елімізді қатты сағынып келе жатыр едім.

  • Астанада көптен бері болмағаныңыз көрінеді.

  • Иә, мен 2 жыл Вашингтонда оқыдым.

  • Мен сізді түсінемін, себебі өзім де шетелде 2 жыл болып келе жатырмын.

  • Қай елде болдыңыз?

  • Ең қызығы мен де АҚШ-танмын, тек Нью-Йорк қаласында болдым.

  • Ұнады ма?

  • Ұнады, дегенмен өз еліңдей қайдан болсын.

  • Иә, ата-бабаларымыз «Туған жердің жуасы да тәтті», - деп бекер айтпапты.

  • Ұшуға рұқсат берілді, ұшақта әңгімемізді жалғастырамыз.


2- тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер.
Астана халықаралық әуежайы

Ақмола (Астана) авиаторларының тарихи белесі Алматы астанасын ауыстыру болып табылады. Әуеайлақты қайта жаңарту құрылысы қысқа мерзім ішінде басталды және аяқталды: ұшу-қону жолағы 3500 м дейін жасанды жабынмен ұзартылып, рулежді жолдар мен перрон кеңейтілді. Жарық жүйесі және радионавигациялық жабдықтар ауыстырылды, VIP ғимараты салынды, аэробекет кешені қайта жаңартылды.

2002 жылдан 2005 жылға дейінгі аралықта әуежайды қайта жаңартудың ірі масштабты халықаралық жобасы жүзеге асырылды. 2005 жылғы 2 ақпанда әуежайдың жаңа жолаушылар терминалы салтанатты түрде ашылды.

Бүгінгі күні Астана халықаралық әуежайы ІІІА – Азаматтық Авиацияның Халықаралық Ассоциациясы санатына ие, сондай-ақ ұшу массасына шектеу қойылмаған әуе кемелерінің барлық түрлеріне - Ил-76, Ан-124, Б747-400F қызмет көрсетеді.


жүктеу 11,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау