ұға алмады. Біресе өздері беріп тұрып: "же" дейді. Біресе сондай тамақты өзі тауып алып
жеп жатса, ұрып салады. Сол себепті кей кездері алдына дайындап қойған тамақты да
жемей, көзінің астымен жалт-жалт қарап жатушы еді.
…Осымен жүріп жаз ортасы ауған кезде Көксерек зіңгіттей көк шолақ қасқыр болып
шықты. Енді қара ала төбет те талай алмайды. … Көксерек арлан еді. Сондықтан бұның
бойы биіктене берді. …Өскен сайын сызданып, суықтанып келеді.
— Енді бұны өлтіріп, терісін алу керек осы кәпір түбінде ел
болмайды, - дейтін де болып
еді. Бірақ Құрмаш көнбеді.
— Түу, мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл боп кетіпті-ау, тұқымын сезген екен мына
жүзіқара қой балам, енді мұны өлтіріп, терісін алайық, - деп еді. Құрмаш бұл сөзге
көнбеді. Бірақ осы кештен екі күн өткен соң, Көксерек бір түн ішінде жоқ болды. Құрмаш
қашып кетті деуге қимай, айналадағы ши-қарағанды, жар-жыраларды тегіс арылтты. Таба
алмады. Осымен жұрттың бәрі кеттіге есептеп қойып еді, үш күн өткенде бір күні
таңертең ойда жоқта Көксерек өз-өзінен сап ете түсті. Құрмаш пен әжесі қасқырдың бұл
мінезіне сүйсініп, қуана қарсы алды.
…Күздің бір қара дауылды қара түнінде Көксерек тағы жоқ боп шықты. Бұл жолғысы
шын болды. Енді қайтып оралмастай болып кетті. …Түн баласында бір ауылдың шуын бір
ауылдікіне қосып, бықпырт тигендей қылады. Жаздай жеген қозы, бұзауының саны елу-
алпысқа жетті.
…Жаз бойы жалғыз тіршілік етті. Ащы көлдің солтүстік жағын жайлаған бес-алты ауыл
Көксеректен тағы да көресіні көрді. Күндіз келіп көл жағасындағы қамыста жатады.
…Қайтадан қарлы, боранды қыс келді. Аязды, елсіз ұзақ далаларда аштық түндері
басталды. ...Қойшы үлкен емес, бала даусы шошытпайды. Қой дүркіреп үркіп, қойшыға
қарай қашты. Қасқыр жақындап, бір қызыл қойға ауызды салғалы ентелеп келіп қалып еді,
бағанадан айғайлап келе жатқан қойшы қасына кеп қалыпты. Еріксіз жалтарып бұрыла
беріп еді, қойшы бастырып қуып жөнелді. …Туғаннан бергі барлық көресі осыдан — екі
аяқтыдан дегендей, жығылып домалап жатқан балаға тап берді. …Екпіндеп секіріп,
ырылдап кеп баланы бас салды. Бұл бала Құрмаш еді. Қойшы ауырып қалып, әкесі бір
күнге қойға жіберген еді. Содан әрі баланың үні өшті….
http://alashainasy.kz/proza/muhtar-auezov-kokserek-52914/
М.Әуезов «Қасқыр» әңгімесі (үзінді).
Аударма. Джек Лондоннан
Сонымен таудағы үйге Қасқыр қайта оралып келді.
Бұл жолы оны бір жұмадай шынжырлап қойысты. Ері мен әйелі кезек-кезек күтіп
барынша құштар болды. Бірақ бұлар барынша жақсы көріп сөйлесе де, ол ылғи ырылдай
қоя береді. Бөтенсіп бойына дарытпайды. Өзі еш уақытта үрмейді. Мыналар бірде-бір
үрген дыбысын естімеді.
Оны бойға үйір қылу өте ауыр болды. Бірақ Ирвин осындаймен арпалысуды жақсы
көруші еді. Ол қарғы жасатып, соған: "Калифорния, Сонома елкесі, Глин-Элендегі Уолт
Ирвинге қайтарылсын" деген жазу жаздырып, иттің мойнына кигізді. Содан кейін
шынжырдан босатып еді, ит сол сәтте жоқ болды. Арада бір күн өткен соң, Мендосино
өлкесінен телеграмм келді. Жиырма сағат шамасында Қасқыр жүз шақырым жерге кетіпті.
Беті ылғи Терістік. Жолда ұстап алмаса — кете беретін.
Оны жүк поезымен тағы қайта әкелді. Үш күндей шынжырда тұрып, төртінші күн
босатқанда тағы қашты. Бұл жолы Орегонға жеткен жерден ұстап қайтарыпты. Келесі
жолы қашқанда бұл қаңғыбас Калифорнияның жарымын кесіп өтіп, Орегон штатынан
асып, Вашингтон штатының да көп жерінен асқанда барып ұсталыпты. Жүрісінің
жылдамдығы тіпті ғажап!
Тынығып, тамақтанып, әл жиып алған сайын шырқап жөнеледі. Қашатыны ылғи
Терістік. Бірдеңе бастағандай, ұдайы солай тартады.
Ақыр аяғы бір жыл бойы қаша-қаша құтылмайтын болған соң, әйтеуір кеп көнді…
Ирвиндер Қасқырдың бұрынғы иесі кім екенін біле алған жоқ. Бұларға сүт әкеп
тұратын көрші әйел миссис Джонсон бұл Клондайкадан шыққан ит дей беретін…
Бір күні бұлар сейіл құрып, соқпақпен келе жатыр еді. Қалың түп тоғайдың
арасымен бір жіп-жіңішке су ағып жатыр екен. Сол судың соқпақты кесіп өтіп жатқан
жеріне бұлар
жете бергенде, төмен жақтан бір дыбыс естілді…
Бағанадан бері тоғай арасында жортып жүрген қасқыр дәл осы кезде көрінекке шыға
кеп еді. Скиф Миллердің жүзі жарқ еткендей болды. Ол итке қадалып қарап қалғанда,
барлық денесі бір нәрсеге қатты ғажаптанғанның белгісін білдіргендей еді. Жай, салмақты
үнмен:
— Міне, ғажап! — деді.
Мұның үні шыққанда Қасқырдың екі құлағы жымиып, езуі күлгенге ұқсап ыржия
бастады. Ол жүргіншіге таман жүгіріңкіреп кеп, қолын иіскелеп, жалап алды.
Скиф Миллер иттің басын сипап қойып, тағы да жай салмақты үнмен:
— Міне ғажап! — деп тұрып, — ғафу етіңіз, ханым!
— Біз де аң-таңбыз, — деп Медж үн қатып, — біз Қасқырдың бөтен кісіге бүйткенін
көріп тұрғанымыз осы! — деді.
— Жирен! — деп қалып еді, ит құлағын жымитып еркелегендей болды.
Сонымен
анау — ти! — дегенінде шыр айналып оңға қарап тұра қалды.
Медж дауысы қалтырап тұрып:
— Бірақ енді алып кетпейсіз ғой? — деп еді, анау болмайды дегендей қып басын
шайқады.
— Енді былай болсын. Өзі не тілесе, сол болсын. Сіз екеуіңіз осы
арада отырып қалыңыз,
мен қоштасып кетейін. Егер маған еріп кетсе, кеткені болсын. Бірақ мен шақырмаймын,
сіздер де шақырмаңыздар, — деді де Меджге күдіктене қарады…
… Қасқырдың қысылуы ұлғая берді. Мұның бір уақытта екі жерде бірдей болғысы келеді.
Бұрынғы
иесін де, жаңа иесін де қимады. …Барлық ықыласы соқпаққа ауған
тәрізді. …Қасқыр басында жортақтап бара жатыр еді, енді шаба жөнелді. Артына бір де
бір қараған жоқ. Мүйістен бір-ақ секіріп айналғанда, көзден ғайып болды.
https://kitap.kz/books/muxtar_auezov_qasqyr
А) екі үзінді бойынша топта
жоспар құрып, екі әңгіменің мазмұнын салыстыр.
«Көксерек»
«Қасқыр»
Ә) екі әңгіменің мазмұнына сәйкес келетін 3 дұрыс ақпаратты анықта.
№
Ақпарат
«Иә»
«Жоқ»
1
Екі шығармада адам мен табиғат арасындағы байланыс
көрсетілген.
2
Қасқыр есейген сайын бостандықты сағынбайды.
3
Құрмаш өзі бағып-қаққан жануардан қиянат көреді.
4
Жирен адалдығын танытып, бірінші иесін танып,
артынан
еріп кетті.
3-тапсырма. Ит пен қасқырдың айырмашылығын топта әңгімелеп, Венн диаграммасын
толтыр (айырмашылығы, ортақ белгілер, ұқсастықтары).
4-тапсырма. Топта пікір алмасып көр.