«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет27/34
Дата14.05.2018
өлшемі1,08 Mb.
#12315
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34

106

107


Өзімнің оқытушым ақын Әріп,

Басталған атасынан өлең дарып,

Сүйінбай атақты ақын Жамбылменен,

Айтысқан Алматыда ерте барып.

Әріптің өзі Абайдың сөзін оқып,

Сақтаған көкейіне жастан тоқып,

Солардың түпсіз терең сөздерінен,

Бір әсер жүрегіме қонған толқын. 

(Семей облыстық “Екпінді” газеті, №53,16 март,1945ж.)

Бұдан  Әріп  кейінгі  халық  ақындарына  үлкен  әсер  етіп, 

оларды  жазба  әдебиеті  үлгісінде  тәрбиелеген.  Әріп  ұлы 

ұстазының әдебиеттегі дәстүрін таза сақтап, өзі де ақындарға 

ұстаз болған.



Абай өнегесінің Әріп шығармасымен байланысы

Суырып  салма  дарынымен  айтыс  өнерінде  танылған 

Әріптің  жүйріктігін  Сәдір,  Әсет,  Бейсеке,  Қуанышбай, 

Көкбай, Боранбайлармен айтысынан білеміз.

Шығыс  ертегілерінің  сюжетіне  құрып  жазған  4 

қисса  үлгісі,  сондай-ақ  ислам  дінін  жақсы  біліп,  артына 

аталы  сөз  өрнегін  қалдырған  Әріп  ақынның  да  өз  елінің 

атқамінерлерінен көрген әділетсіздікке арнау өлеңі арқылы 

ұшқыр, жебедей өткір сөздерін пайдалана жазған. Мысалы: 

Изембайға, Қабділдәға, Бейсекеге, Ғапылдың тірлігі,Тұрғали 

болысқа,  Әжібайға,  Мырзаларға  т.б.б.арнау  өлеңдерінен 

халық  есебінен  күн  көретіндерді  сын  тезіне  салғанын 

аңғаруға болады.Сөздері тұрлаусыздар, елге келер зілзаладан 

кем емес екенін ашына айтады. Турашыл, бірбеткей шындық 

қысқанда  арқасы  қозып,  сыйластықты  ысырып  тастап, 

пендешілік  кездерін  бетке  басатын  Әріптің  мінезіне  төтеп 

бере алмағандар сырттай айбаттанып, арыз- шағым арқылы 

тұқыртпақ болады. Алайда  ол сауатты, біліктілігімен оларды 

сан соқтырып отырады.

Әріп-Абайдың  талантты  шәкірттерінің  бірі.  Өз 

шығармашылығы  арқылы  Абай  дәстүрін  үйренуші,  ілгері 

жалғастырушы.  “Абай  мұрасы  уақыт  өткен  сайын  қазақ 

қаламгерлерінің  сөзіне–тұздық,    ой-пікіріне  қаншама 

дәйекті,  мәйекті  сөз  болып,  өнерлі  сөздің  өресі  болғаны, 

айқын  жол  сілтей  білгені  анық.  Оның  рухани  мұрасын 

жанына азық, өнеріне қазық еткен тұлғалар оны әр қырынан 

танып, Абайдың ақын шәкірттері боп жалғасын тауып жатыр. 

Мың  құбылған  заман  ағымында  заңғар  биігінен  көрініп, 

көзі  ашық,  көкірегі  ояу  тұлғалардың  ізгі  нұрын  дарытқан 

дана  Абай  құдіреті  жанам  деген  жүректің  рухани  азығына 

айналғанын көреміз.”

Ақын шығармаларының тақырыбы да сан алуан. Қолма 

–қол  суырып  салып  айтқан  әзіл-қалжың,  арнау,  жұмбақ, 

махаббат,  айтыс  өлеңдері  бар.  17  ақынның  айтыстары 

өзін қатты қызықтырған, суырып салып айтуды өмір бойы 

тастамаған.  Өмір  бойы  қолынан  қаламы  түспеген  ақынды 

мектеп  бағдарламасына  лайықтап,  жергілікті  ақын–

жазушылар шығармаларын насихаттайтын курсқа негіз етіп 

алуға болатын өлеңдерін атап көрейік.

Ақынның 


Міржақып 

Дулатұлы 

мен 

Әлихан 


Бөкейханұлына  арнаған  арнау  өлеңі  арқылы  жұрты 

үшін  бейнет  көргендер  тұлғасын  беруде  Абай  дәстүрін 

жалғастырып, “Жаужүрек қыран көзді арыстаным, азуы алты 

қарыс айдаһармен, халқы үшін сөз жібермей намыстанғаны, 

азаттық жолындағы саналы көзқарасы, жұртын жаңа заман 

ағымына бастай білген саңылақ ерлердің шынайы келбетін 

арнау өлеңдерінен байқаймыз. 

Я, раббым, рахметіңмен сақта жолын,

Ауыстыр кеңшілікке істің сорын.

“Ел дұшпансыз болмайды” деген сөз бар

Жарық қыл қасіреттен көңіл буын.

Болғанда бірің-Төре,  бірің –Арғын,

Жетіліп жаңа шыққан жасыл шалғын.

Данышпаны қазақтың екі көзі

Ұлты үшін бейнет шеккен егіз балғын,



108

109


-  дей  келе  қазақтың  қамын  ойлаған  қос  қыраным, 

арыстаным,  сом  алтыным  деп  әдемі  ой  өрнегімен  бере 

отырып, халқым, ұлтым деп жүргендерге  елі ақ құс сияқты 

көрінер  дегенмен  соның  бәрі  сұңқар  емес,  қанаты  бар 

дегенмен  олардың  арасында  қарғалардың  да  жүргенінің 

оқыс жағдай бола қалса, қазақ соқырға айналатынын  өлең 

шумағына шебер қолдана отырып, метафоралық тіркестерді, 

афоризмді,  мақал-мәтелдерді  сәтті  пайдалана  білген. 

Мысалы:  қанды  көз,  мұзды  балақ,  қос  қыраным,  өлшеусіз 

бағасы  жоқ  сом  алтыным,  шешен  тіл  саясаттың  саясында, 

жарық қыл қасіреттен көңіл буын. (1.186-187-бб.)

”Тәуба”  өлеңі  де  кез  келген  пендені  ойландырып 

-толғандырары  сөзсіз.  Жастық  шақтың  жалын  атқан  асау 

тұлпар кезінде жігіттерге Аллаға жалын, қастық ойлап, бір- 

біріңе зиян етпе, пайдасыз бос сөйлеме, пендеге рақым етіп 

нұр  шашатын  да  Аллаң.  Тәубаға  тірі  тұрғанда  берік  бол, 

білместік -қараңғы жол, содан қорық, бұл күнің бір күндік 

боп кетер солып дегендей үлгілі сөз өрнегін арнай отырып, 

адам бойындағы жағымсыз мінді мінейді.

Абайдай  ұстазынан  үлгі  ала  отырып,  өз  пайымдауын 

былай жеткізеді.

Қатты сөз жарымдайды ақылыңды,

Майда сөз әркім тыңдар ақырын-ды.

Өзі теріс өзгені бұзық дейді

Өз мінезін ойламас тентек жынды.

Байқамас өзге дұрыс өзі бұзық,

Осы мінез барады елді бұзып.

Шайтанның жетегіне ерген екен

Бала емес тыңдағанға сөзі қызық. (1.172-бет)

Мінез адамзат баласын өрге де, көрге де сүйрейді. Айтарын 

айтып  кеткендердің  сөзін  салмақтай  отырып,  өз  керегіңе 

жарату-кейінгілердің  ісі.  Керегін  ал,  керексізі  өз  сөзім 

дегендей  “Абайдың  ақын  шәкірттерінің”  шығармаларын 

сұрыптап  қолданып,  оқытып  үйретсең  кейінгі  толқынның 

кеудесіне мінез дарқандығын дарытар едік.

“Дәл  ертең  өзгереді  бүгінгі  күй”  өлеңінде  Абай  сөзінің 

артықшылығын,  тәлімгерлік  тәрбиесінің  мол  екенін 

ескертеді  де  тұжырымдайды.  Жастардың  санасын  жаулап 

алып жатқан заманға айтар ойы да анық, тек соны ұғар қазақ 

болса, егер төл әдебиетімізден алшақтасақ, ертеңгі күніміз 

не болар екен деген сұрақ шыға келері де айдан анық. 

Әріп ақын бұл өлеңінде “Дүниені көпке арналған қонақ 

үй”  сияқты,  тұрлауы,  баяны  жоқ  еш  нәрсенің,  жанарың 

жарқыраған  мәңгі  сөнер,  заман  өзгермей  тұрмайды,  есік 

ашып  келіп-кетер  әміршінің  де  тіршілігі  зиян  боп,  тек 

жарқырап  су  шайса  да,  жел  тисе  де  маздап  жанып  өшпей 

қалатын  мәңгілік  жақсылыққа  әлдилеп  тербейтін  де,  тура 

жолды нұсқайтын да Абай шығармалары екенін баса айтады. 

Өзі де осы Абай салған соқпақтан ұтымды сөз ұғып, өрнегін 

шынайы бере білген.



Қазақтың қазынасы мақал-мәтел

Ақыл сөзді білмеген қалар өспей.

Тілің бай, көкірегің ояу болса

Өтерсің дүниеден бейнет кешпей.

Іздеп бақ жас шағыңда ғылым жолын

Бойкүйез, еріншекті жолға түспей.

Қақтықпай қайрат барда өнер үйрен

Бүгжеңдеп көрінгенге басыңды имей. (123 бет)

“Болжаусыз  дүниеге  кім  сенеді”  өлеңі  арқылы  адамзат 

баласында болатын кесір мінездің кесапатын жайып салады. 

Ақын бар ағын судай арқыраған

Ішінде шөгіп жатқан кірді алады.

......................................................

Байлар бар қайырымсыз қалтыраған

Қарыздар ғып етіңнен шырды алады.

Қулар бар аузын ашып аңқаусыған



жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау