«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет9/35
Дата20.11.2018
өлшемі1,33 Mb.
#22204
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35

32

33

                                       Құбылып буырыл гуледі,



                                       Табаны жерге тимеді.

                                       Сеңгір-сеңгір тауларды

                                       Секірте басып жөнелді.

                                                  («Қобыланды батыр» жыры).

Әсірелеу  тек  өлең  сөзбен  емес,  қарасөзбен  болатынын  да 

ескертеміз.  Мысалы:  «Алпамыс»  батыр  жырында  Ұлтанқұл 

бейнесі «Ауызын ашса – арандай, отырған жері – ошақтай...» 

т.б.


Литота  –  ақын-жазушылардың,  жыршылардың  өздерінің 

шығармаларында  суреттейін  деп  отырған  зат  бейнесін,  көрі-

нісін өте кішірейтіп суреттейді.

Әсірелеу  мен  литота  қатар  қолданыла  береді,  қазақтың 

батырлар  жырында  бұл  сияқты  гипербола  мен  литота  жиі 

кездеседі.

                ... Астына мінген Тарланның

                    Тұрпатына қараса,

                    От орындай тұяқтан (әсірелеу-гиперболла)

                    Оймақтайын қалыпты (литота).

                    Етектейін ерінен (гиперболла)

                    Екі елісі қалыпты (литота).

                    Жалбыраған жалынан (гиперболла)

                    Жалғыз қарыс қалыпты.



Синекдоха  –  (грек  тілінен  аударғанда  –  мегзеу)  бүтінің 

орынына  бөлшекті  немесе  керісінше,  жалпының  орынына 

жалқыны немесе керісінше қолдану.

Мысалы:  «Отыз  тістен  шыққан  сөз  отыз  рулы  елге 

жайылады».

Ирония  (грекше  әжуа-келеке)  Адамға,  нәрсеге  сыртай 

жақсы баға берсе де,  ішкі мағынасы оған қарсы шығып, жақсы 

бағаны  жоққа  шығарса  және  сол  нәрсені  жоққа  шығарса, 

келекеге айналдырса, соны ирония дейді.

                Қайтсін, қолы тимепті,

                Өлеңші, әнші, есіл ер!

                Ала жаздай ән салсаң,

                Селкілде де билей бер.   (Абай-Крылов).

С.Торайғыровтың  «Бір  адамға»  деген  өлеңін  өткенде 

шығармадан  иронияны  табу  керек.  Ирония    ертегілерде  де 

кездеседі.Бірақ сатираға ұқсас болғанымен, екеуін шатастырып 

алуға болмайды.

Образдың түрлері.

Көркемдік  әдіс  тұрғысынан  келгенде  образ  екі  түрлі:  1. 

Романтикалық  образ  –  қиял-ғажайып  бейнесіндегі  шындыққа 

жанаспайтын  бейне.  2.  Реалистік  образ  –  өмірде  болған 

шындыққа жанасатын бейне.

Романтикалық 

бейнелерді 

ертегілердегі, 

батырлар 

жырындағы  кейіпкерлерді  талдағанда  міндетті  түрде                                   

айқындап, талдап көрсеткен дұрыс.

Композиция  (құрастыру,  тәртіпке  келтіру,латын  сөзі)  – 

көркем шығарманың құрылысы. Кез келген өлеңді талдағанда 

пайдалану керек.

Сюжет – (франзузша зат деген ұғым).

Қисын,  іс-әрекет,  талас-тартыс  үстінде  әркімнің  мінезі, 

таным  сенімдері,  күйініш-сүйініштері  айқындалуын  сюжет 

дейді.

Қараңыз.  З.Қабдоловтың  «Сөз  өнері»  кітабында 

Б.Майлиннің  «Шұғанның  белгісі»  хикаяты  толық  талданған. 

Соған  қарап  кез  келген  көркем  шығармадағы  оқиға  желісін 

талдауға болады. Поэмалардағы, оқиғалы өлеңдерді де сюжетке 

бөліп  талдауға  болады.  Шығарманы  сюжетке  дұрыс  бөлген 

оқушы шығарма мазмұнын ешуақытта ұмытпайды.

ТРОПТЫҢ ТҮРЛЕРІ.

Троп – (грекше иін, иірім) сөздерді тура мағынасында емес, 

бұрма мағынасында қолдану,шындықты бейнелеп, кейде, тіпті, 

пернелеп  айту,  ойды  өзгертіп,  кейде,  тіпті,  өңін  айналдырып 

айту.


Метафора  –  сөз  мәнін  өңдендіре  өзгертіп  айту,суреттеп 

отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін, ажарландыра 

түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа  не құбылысқа балау.



34

35

Сөйтіп  отырған  заттың  не  құбылыстың  мағынасын 



үстеу,мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту.

Мысалы:


              Қыр төсінде мөлдір айдын – ақ сынап

              Жиегінде жасыл кірпік – жас құрақ.

                                                     (Әбу Сәрсенбаев)

Жаратылыстың жансыз нәрселерін тап жанды нәрселердей 

етіп,  жандылардың  істейтін  амалдарын  істеткізіп  суреттеуді 

кейіптеу дейді.

    Мысалы: 

                   Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

                   Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

                   Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

                    Басқан жері сықырлап келіп қалды.           



Метонимия  –  өзара  шектес  заттар  мен  себептес 

құбылыстарды,  өзара  байланысты  ұғымдар  мен  шартты 

сөздерді бірінің орынына бірін қолдану.

   Мысалы:

                 Алты құлаш ала атпен,

                 Үсті толған болатпен

                 Сайдан шықты құла атпен.

                                                    («Ер Тарғын» жырынан).

Троптың түрлерін жаттатып қана қоймай,оны өлең талдауда 

жиі-жиі пайдаланып отырсаңыз, оқушы өздігінен белсенділігін 

көрсетеді.

Профессор Қуандық Пазылұлы Жүсіповтың «Көркем сөздің 

құдіреті», «Стилъ және бейнелік», «Мектепте қазақ әдебиетін 

оқыту» кітаптарын пайдалана отырып, өлеңді талдау теориясы 

бойынша оқушыға жеткілікті білім бере аласыз.

ӘДЕБИЕТТІҢ ТЕКТЕРІ:

Әдебиеттің тектері үшке бөлінеді.

1.  Эпос  –  (грекше  –  баян,  әңгімелеу,  тарихтап  айтып 

беру)  көркем  әдебиеттің  байырғы,  негізгі  тектерінің  бірі, 

дәлірек айтқанда, өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең 

суреттейтін,  адам  мінезін  мүмкіндігінше  терең  ашып,  жан-

жақты танытатын іргелі, күрделі жанр. 

2. Лирика – (ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка 

аспабы) әдебиеттің суреттеп отырған өмір құбылысына өзінің 

оны қалай түсінуін аңғартатын, күйініш, сүйінішін көрсететін 

көлемі шағын өлеңдік шығарма.

3. Драма –( грекше қимыл-әрекет) әдебиеттің үшінші тегі, 

шындықты  айырықша  тәсілмен,  синтез  қалпына  келтіріп, 

шиеленіскен  тартыстар  үстінде  жинақтап,  оқиғаға  қатысатын 

адамдардың  сөзі  мен  ісі  арқылы  көрерменнің  көз  алдында 

қолма-қол көрсететін күрделі жанр.

ЖАНР ТҮРЛЕРІ:



 1. Эпопея:               2. Өлең:             3. Трагедия:

    Роман.                   Баллада.                 Комедия.

    Повесть.               Арнау өлең.

    Поэма.                  Сонет.

    Әңгіме.

    Очерк.

    Ертегі.

    Мысал.

    Батырлар жыры.

   Лиро-эпостық жыр.

   Аңыздар.

Роман – өмірді, оның әр алуан құбылыстарын, адамдардың 

араларындағы қарым-қатынастарды кең қамтып, терең сөзбен 

жазылған шығарма.

Эпопея  –  бір  романның  кемеріне  бірнеше  романның 

кіріктірілуі.  Мысалы:  «Абай  жолы»  романы  төрт  романнан 

тұрады.

Новелла – көлемі шағын ұсақ әңгіме.



Әңгіме  –  бір  немесе  бірнеше  оқиға  бірігіп  кеткен  шағын 

шығарма.


Очерк  –  ойдан  шығарылған  емес,өмірде  болған  ақиқат 

шындықты,  белгілі  бір  адам  өмірінің  эпизоды  арқылы 

суреттелетін көлемі қысқа көркем шығарма.



жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау