40
41
бағынбайды, дене бағынса да, сезім бағынбайды. Сондықтан
адам бұлқынады, серпіледі, үстем болғысы келеді.
Күннен туған баламын,
Өзім – күнмін, өзім – от.
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге – күнмін, өзім – от.
Сезім, қысық көзімде – от,
Өзіме өзім табынам.
Жерде жалғыз тәңірі – от,
Оттан басқа тәңірі жоқ.
Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта
тани білуде ақын, ең алдымен, ненің болса да мән-мазмұнына
үңіледі, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, әлде
таланттан ба, әлде тәңір жазғандықтан ба? Өзіне тәуелсіз, тек
қана жер үсті тіршілігінің, табиғаттың заңына ғана бағынатын
құбылыстың құпия ішкі астарына барғысы келеді. Мағжанның
өзі айтып, өзі тұжырымдағандай, ақын деген – өзі болжап біле
бермейтін жолға сапар шеккен пір, кейде жын, сол сапарда ол
қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк етіп, бәрінен
безінетін жан. Дүниені тек қана философиялық тұрғыдан
таниды. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз қайта жанғандай, рухани
қуанышқа бөленеміз. Мінеки, сол қайта тірілген, қайта жанған
отымыздың бірі – осы даңқты жырлардың авторы, жарты
ғасырдан аса атын да атауға рұқсат етілмей келген Мағжан
Жұмабаев.
«Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте бұлт, жерде желмін гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?»- деген Мағжан.
Ал махаббатты әлеуметтік міндеттермен қатар қоюды күнә
көрген біздер жастық сезімімізді бұқтырып, ықтырып ұстауға
тырыстық. Бұл «өзгешелігімізден» бүгінде арылып болған
жоқпыз. Демек, қайта тірілген Мағжанмен бірге біздің балғын
сезімді бар дауыспен дәріптеген, барлық құмарлық жиынымен
жырлаған жастық әуеніміз қайта тірілді.
Ақерке ӘЛИАСҚАРОВА,
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің
2-курс магистранты.
ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТІЛ
БІЛІМІНДЕГІ УӘЖДІ-УӘЖСІЗ СӨЗ
ҚОЛДАНЫСТАРЫ
Еуропа тіл білімінде стилистикалық ізденістер XIX ғасырға
дейін көне дәуір ілімінің ықпалында болса, XIX ғасырдан
бастап өзіндік жаңа сипаттарға ие бола бастайды, оның өзі
стилистикадағы формалдық ілімді туғызады.
Тілдің лексикасы мен фразеологиясы, троптар мен фигура-
лар, сөздердің орын тәртібі, синтаксистік құрылымдардың
синонимикасы, міне, осыларға “экспрессивтік бояу” ерекше тән
болады. Сондықтан стилистика тілдік құралдардың мәнерлегіш
қасиеттері туралы ілім ретінде қаралады.
XIX ғасырда тілдің жүйелі құбылыс екендігінің сыры
ашылуы стилистикалық зерттеулерге жаңа серпін берді, оның
зерттеу әдіс-тәсілдерінде құрылымдық басты орын алуы осыған
байланысты болды. Стильдік құбылыстар тілдік элементтердің
ерекше ұйымдасуы ретінде түсіндірілді [1, 25 б].
XX ғасырда тіл білімінің үлкен жетістіктерге жетуі, жаңа
бағыттардың пайда болуы (прага мектебі, орыс филологтары
В.В.Виноградов [2,12б], Г.О.Винокур [4,17б], т.б еңбектері)
стилистика ғылымының одан әрі жедел қарқын алуына
әсер етті, оның дамуы функционалдық тұрғыда сипаттала
бастады. В.Матезиус бастаған чех ғалымдары әдеби тілдің
функционалдық сипатына норма тұрғысынан зерттеумен
байланысты ерекше көңіл аударды [4,68б].
Орыс стилистика ғылымында академик В.В.Виноградовтың
зерттеулері жаңа бір кезеңнің бастамасы болды деп айтуға негіз
42
43
бар. В.В.Виноградовтың еңбектерінде тілдік-функционалдық
тұжырымдама басым бағыт болса, оның негізін стилистикалық
ізденістер, яғни, тілдің халық өмірінің нақты тарихи
жағдайларындағы шынайы қызмет атқаруын зерттеуі құрайды
[5,8б].
Қазақ тіл біліміндегі стилистикаға қарасты мәселелердің
зерттелуі А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов еңбектерінен басталады.
А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышында» көркем сөз бен
көсем сөзге қатысты ой-толғамдарымен қатар, Қ.Жұбановтың
еңбектерінде, экспрессияға қатысты интонацияның тілдік
қызметінде «адамның көңілінің түрлі күйіне сөздің түрлі әні
сәйкес келеді. Бұларды білдіруге арналған амалдық дауыс
сазының да түрлері көп кездеседі» деген пікірлер бар. Бұл
тұжырымдаулар біздің көзқарасымызды нақтылай түседі.
«Сөз туралы айтсақ, сөздің ішіндегі дыбыстардың үндері
құлаққа жағымды болып естілуін» А.Байтұрсынұлы [7, 131 б]
сөз әуезділігі деп түсіндіреді. Бұл біздің зерттеу нысанымыздағы
«экспрессивтілік» ұғымын білдіретін сияқты. Оны зерттеушінің
мына тұжырымдары дәлелдей түседі: «Сөйлеу әуезділігі түрлі
сөздердің үндері орайласып ұнамды құрылуынан болады.
Сондықтан да ондай сөздердің сөйлемдері «өрнекті сөйлемдер»
деп аталады. Өрнекті сөйлемдер деп құрмалас сөйлемдердің
бастары қосылып, кестелі болып құралуын айтамыз. Ондай
сөйлемдер нақ текеметке яки кілемге салған түр сияқты
болғанымен, өрнек-өрнегімен айтылады. Өрнекті сөйлемдерді
айтқанда, дауыс көтеріліп, төмендеп, әнше оралып, қайырылып
отырады [7, 179 б].
Қ.Жұбановтың Абай поэтикасының қыр-сырын ашқан
мақаласы мен басқа да еңбектері [8, 83 б] бұл саладағы
алғашқы қарлығаштар болды. Ал стилистиканың жеке ғылым
тармағы ретіндегі іргетасы қалануы М.Балақаевтың есімімен
байланысты. Алғашқы басылымы 1966 жылы жарық көрген
“Қазақ тілінің стилистикасы” оқулығы [9,38б] стилистиканың
пәні мен нысанын, ғылымдар ішінде алатын орындарын
анықтаған тұңғыш еңбек болды. Мұнда стилистика ғылымының
мақсат-міндеттері, функционалды стиль түрлері, әсіресе, қазақ
тілі стилистикалық құралдарының сипаты бір жүйеге түсіріліп
қарастырылады.
70-жылдардың басынан стилистиканың жекелеген аспекті-
лері ірі-ірі зерттеулердің объектісі болды. Р.Сыздықованың
Абай поэзиясының тілін талдау барысында сөз таңдау, сөз
қолданыс, сөз әрлеуді «жазушының шеберлік сәттері» деп атаған
[10, 114 б]. 1995 ж. ғалымның «сөз әрлеу» деп көркемдеуіш
құралдарын пайдалануы сәтті шыққан. Жазушының жан-
жүрегіндегі сезім мен сырды мейлінше әсерлі, сырлы жеткізу,
ұтымды және дәл дарыту мәселелері қарастырылса, ауызекі
сөйлеу тілін талдаған еңбектеріндегі қарғыс сөздеріне ауыл
адамдарының лексиконындағы теңеулерді, мақал-мәтелдерді,
дәстүрлі фразеологизмдерді саралап, күрделі экспрессоидтерді
тұлғаларын бұзбай қолдану зерделеген [10].
С.Исаевтың мерзімді баспасөз тіліне қатысты еңбектерінде
публицист жазушының баяндап отырған оқиғаға сай өзінің
эмоциясын оқырманға жеткізу үшін лингвистикалық амал-
тәсілдерді шебер қолдану мәселелері сөз болады. Сондай-ақ
зерттеуші, тілші-ғалым, академик М.Серғалиев еңбектерінде
тілдік синтаксистік құралдардың синонимиясын «жүйелі
синонимдер және сөйлеу кезінде ғана аңғарылатын комплексті
синонимдер деп бөлу барысында оларды көпшілікке ұғыныңқы
қолданылып жүрген сөз тіркестері мен сөйлемдердің өз
іштеріндегі синонимдер» деп тұжырымдайды.
70 жылдардың басынан стилистикалық стилистиканың
жекелеген аспектілері ірі-ірі зерттеулер объектісі болды.
Мәселен, Ф.Мұсабекованың зерттеуінде қазақ тілінде
эмоционалды мағына зат есімге сөз тіркесіп келу арқылы
жасалатыны, тәуелдік жалғауының барлық үш жағындағы
сөздерді қолдануда да стилдік мақсат көзделініп, бейнелі,
әсерлі тіркестердің тіркесілімділігіне, бұл негізінен қазақ
поэзиясында, әсіресе, адам образын сомдау мәселелеріне баса