«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет6/35
Дата20.11.2018
өлшемі1,33 Mb.
#22204
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

20

21

ауыз  әдебиетінің  жауһарлары  жатыр.  Әр  дәуір  өзінің  тамаша 



туындыларын  сол  кезеңнің  қалыптасқан  қоғамдық  жағдайла-

рына орай дүниеге әкеліп отырады. Оның бастау көзінде халық 

әдебиетінің үлгілерінің жаңаша түрленуі жатыр деуге болады. 

Осының бәрін байыптай отырып, өнер мен әдебиет дамуындағы 

жалпы  заңдылықтар  мен  ұғым-түсініктерге  кеңірек  тоқтала 

кеткеніміз  жөн.  Біз  қос  ақынның  ұстанған  діни-ағартушылық 

бағытына  сай  өздері  жөн  деп  санаған  ауыз  әдебиеті  үлгілері: 

айтыс,  мысал  және  тарихи  жырларды  шығармашылық  үдеріс 

үстінде тиімді қолданып, дәстүр мен жаңашылдықтың ара жігін 

таныта білді. Себебі қазақ әдебиетінің тарихында қаламгерлер 

өмірге әкелген әдеби туындылардың мазмұны ауыз әдебиетіне 

қатысты  түрлі  сипатта,  қилы  жанрлық  өзгешелікте  көрініс 

тауып отырды. Дәстүр жалғастығы әуелі орыс отаршылдығына 

ашық  қарсы  шығуда  фольклорлық  формулалықты  айқын 

көрсетсе, Ш.Құдайбердіұлы мен М.Көпейұлы шығармашылық 

ғұмыр  кешкен  тұста  астарлай  ой  білдіруге  ауысты.  Азаттық 

әуені ендігі жерде бұрынғыдай асқақ емес, бүгінгіні мансұқтап, 

өткенді аңсайтын құмыққан әуезеге алмасты. 

Шындық  өмірде  болған-болмаған  қос  ақынның  айтысын 

жеке көркем шығарма етіп жазу – Абай шәкірттерінің арасында 

кең тарған әдеби үрдіс. Осы турасында А.Байтұрсынұлы: «Шын 

айтыстар  емес,  шығарма  айтыстар  қазақта  да  соңғы  кезде 

шыққан»[2,409-б],- деген пікірі біршама орынды. Себебі, ауыз 

әдебиетінің озық үлгісі саналатын айтыс өнері көне түркі жазба 

әдебиетінде  ертеден  қалыптасқан.  Оны  ұлттық  әдебиеттің 

өзіндік  ерекшелігі  ретінде  кәдеге  жаратқан  түркі  халықтары 

ішінде  тек  қазақтар  ғана  болды.  Басқа  бауырлас  халықтарда 

бұл  аралас  жанр  ретінде  ғана  поэзия  жанрында  синкреттілік 

тұрпатында көрініс берді. Алыстан көздей айтар болсақ, қазіргі 

әдебиеттанушылық  жіктеуде  мысал  айтысына  жатқызылатын 

айтыс  түрі  М.Қашқаридың  еңбегіндегі  «Қыс  пен  жаздың 

айтысы», А.Иссауидағы жұмақ пен тозақ айтыстары барлығын 

ескерсек,  айтыстың  көркем  шығармалық  түрі  санатында 

ертеден  поэзиямызға  енгенін  діттей  аңғару  еш  қиын  емес. 

Айтыс  үлгісін  пайдалану  –  С.Бақырғани  поэзиясына  да  тән 

әдеби құбылыс. Осы ақынның «Жұмақ пен тамұқ», «Рух пен 

нәпсі қағысуы» деген өлеңдері – әлбетте, өзіне дейінгі дайын 

әдеби  үлгінің  рухани  жалғасы.  Мұсылманша  толық  білімді 

қазақ  әдебиетінің  жаңа  буыны  енді  түркі  конондылығының 

әдеби үрдісін қайыра жаңартқан кезеңде айтыс та өзіне тиесілі 

жаңа шығармашылық-көркемдік дамуға қол жеткізді. 

Ел  басына  түсірген  ақ  патша  отаршылдығының  барша 

қайғысын  ашып  беру  жолында,  ел  санасын  бодансыздандыру 

жолында  ұлттың  архетиптік  санасындағы  көне  жадыны  ояту 

үшін  ауыз  әдебиеті  үлгілеріне  жүгіну  аталған  қаламгерлер 

тарапынан  таңдап  алынған  құтты  шығармашылық  қадам  еді. 

Біз М.Көпейұлының, т.б. діни-ағартушылық ағым өкілдерінің 

көркем  шығармашылығындағы  идеялық  бастау  көзі  мен 

қаламгердің қоғамдық ұстанымы төңірегінде  ХХ ғ. эстетикалық 

көзқарасында  ерекше  із  қалдырған  ойшылдар:  А.Бергисон, 

З.Фрейд және Б.Корченің тұжырымдары негізінде ой қозғайтын 

болсақ, «Санасыздық көңіл-күйдің әрекетін түсіну,- деп жазады 

Фрейд,  –  бірінші  рет  ақынның  шығармашылық  іс-әрекетінің 

мәнісін  түсінуге  мүмкіндік  берді»  [3,76с]  десе,  аталған 

ғалымдардың  пікірін  жалғастырып,  одан  әрі  тереңдетуші 

француз  философы,  неотомист  (христиан  ілімі  мен  жаңашыл 

жаратылыстану  теориясына  сүйенуші  –  курсив  менікі    А.Т.) 

Ж.Маритен:  «Ақын  осы  интуицияны  өзі  сезінбейді,  бірақ  ол 

– оның өнеріндегі ең айшықты нұр және ең маңызды қағидат 

болып табылады» [4,91с] деген пікір айтады.    

М.Көпейұлының 

айтыс 


жанрын 

өзінің 


көркем 

шығармашылығындағы  идеялық  бастау  көз  бен  қоғамдық 

ұстанымы  ретінде  танытудағы  саналылықтың  да  рөлін  жоққа 

шығаруға  болмайды.Себебі:  «Егер  шығармашылықтағы 

емеуірін мен сауалды жоққа шығаруға тырысатын болсақ, онда 

жазушы  бұл  қадамға  санасыздықпен  барды  деп  ой  түюімізге 

тура  келеді.  Егер  біреу  маған  «мен  алдын  ала  жоспарсыз 

шығармамды  бір  демде  жазып  шықтым»  деп  кеуде  соғатын 

болса, мен оны көп ойланбай «ақымақ» деп атар едім» [5, 207-



22

23

208б]  деп  А.Чехов  тегін  жазбаса  керек-ті.    Кезінде  өнердің 



идеялылығы турасында өз қарсыластарына Салтыков-Щедрин: 

«ой  мен  шығармашылық  бір-біріне  жау  емес,  ой  –  барша 

адами іс-әрекеттің басты да, біз қашып құтылмайтын маңызды 

факторы;  шығармашылық  болса,  оның  тірі  образдар  арқылы 

көрініс табуы... Осыдан-ақ біз олардың бір-бірне жаушылықта 

емес  екендігін  ұғуға  тиіспіз»[6,384-б.]  деп  өз  уәжін  орынды 

білдірген болатын.

Бұл арада біз Мәшһүрдің басқаны емес, тап осы жанрды өз 

ойын оқырманы мен жұрттың назарына жеткізу үшін неліктен 

таңдағанын айыра білуіміз қажет. 

Қаламгердің  дүниетанымы  туралы  мәселе,  ең  алдымен, 

оның  әлемді  танып-түсінуі,  шындық  өмірдің  сипаты  мен 

құбылыстарын  аша  білу  және  оған  қатысты  ұстанымы 

төңірегінде  танылады.  Мәшһүр  өзінің  талант  қарымына  сай 

өз дәуіріндегі өмірлік үдерістердің күрделілігі мен тереңдігін 

басқаларға байқала бермейтін қырынан танытуда айтыс жанрын 

тиімділікпен  пайдалана  білді.  Ол  өмір  құбылыстарын  оймен 

қорытып,  айтыскер  ретінде  көркем  образдармен  айшықтады. 

М.Көпейұлы өзі куә болған өмірлік үдерістерді зерделей отырып, 

оларды көркем образдарға айналдыруда өзі бақылағандарының 

барлығын емес, олардың ішндегі ең маңызды, ең қызықты, ең 

керекті дегендерін таңдап алып, туындысына өзек етті. 

Әдеби айтыс жанрын, Абайдың ақын шәкірттерімен қатар, 

қайыра  түлетудегі  М.Көпейұлының  өзіндік  шығармашылық 

үлесін  қарастыруда  ақынның  сол  дәуірдегі  қазақ  өмірінің 

қай  қырына  ерекше  ден  қойғандығын  айыра  білгеніміз 

жөн.  Сондықтан  Мәшһүр  сияқты  ірі  сөз  сүлейін  қарапайым 

бақылаушы  қатарына  қосуға  әсте  болмайды.  Ол  замана 

ыңғайына орай түрленген, фольклордан ірге ажыратқан әдеби 

айтыс арқылы сол дәуірідегі сөз зергерлері шығармашылығында 

айқын аңғарылып тұратын түрлі әдеби ағым, түрлі эстетикалық 

ұстанымдардан тыс қалмайтын өзіндік көркемдік жүйені өмірге 

әкелді. Біз осы айтыстардың мазмұнынан адам тағдырын, алаш 

тағдырын,  ұлт  зияларының  өмірлік  шындықты  ізденуін,  оны 

көркемдікпен игеруін аңғарамыз. Ескіні жаңалау  оңай шаруа 

емес,  осыны  түсінген  ақындарымыз  бұрын  ойын-тойдың 

ғана  көркі  болып  келген  фольклорлық  айтыс  жанрының 

жаңа  мүмкіндігін  танып,  оған  екінші  тыныс  бере  білді.  Енді 

ол  бұрынғы  ескі  дәстүршілдік  канондықтан  арылып,  өмірде 

болуы  шарт  емес,  автордың  қиялы  мен  шығармашылық  кең 

құлаштылығына  қатысты,  ұстанған  ұстанымы  мен  көтерген 

идеясына  байланысты    әлем  әдебиетінде  мүлде  кездеспейтін 

ұлттық  әдеби  жанр  өмірге  келді.  Оның  бастау  көзінде 

С.Торайғыров,  Ә.Тәңірбергенов,  У.Шоңдыбаев,  М.Көпейұлы, 

т.б. айтулы ақындар тұрды. Олар әдеби айтыс жанры арқылы өз 

заманының түрлі әлеуметтік мәселелерін көтерді. Қаламгердің 

батыл  өмірді  көркем  жинақтау  амалы  мүмкін  еместі  мүмкін 

етеді. Ретін таба білген ауыз әдебиеті жанрын шығармашылық 

пайымдау әдеби жаңашылдыққа жол ашса, орынсыз фольклорға 

әуестік,  А.Франстың  «Маждани  пайдасы  жоқ  көптеген 

тәжірибе  жасады.  Ол  болжам  дегеннен  қатты  қорқатын...  ол 

күн  сайын  ит  пен  қоянның  шек-қарынын  ақтарып,  ойсыз  да, 

мәнсіз  тәжірибесін  жалғастыратын,  бірақ  ол  алдына  белгілі 

бір  мақсат  қойып,  еш  нәрсе  іздеген  еместі»  [7,10-б.]  деген 

түйіндеуіндегідей әдеби келеңсіздікке бастап алып келеді. 

Осындай  келеңсіздіктен  ада  ізденіс  Абайдың  ақын 

шәкірттері арсында көрініс тапты. Қазақ әдебиетінде көнеден 

тамыр  тартқан  шын  шығарушысы,  нақты  авторлары  бар  екі 

ақынның  сөз  жарысы  саналатын  айтыстың  әлеуметтік  мәні 

алаш жұртшылығы арасында орасан болғандықтан да, ХІХ ғ. 

соңы мен ХХ ғ. басында өмірге келген әдеби туындаларда айтыс 

үлгісі кеңінен пайдаланылып, енді айтыс көркем шығарманың 

өзіндік  ерекшелігі  бар  ұлттық  әдеби  жанр  түріне  айналды. 

А.Байтұрсыновқа тоқталар болсақ: «Айтыс бастапқы кезде шын 

екі ақынның айтысқаны болса да, соңғы кезде айтысты ақындар 

өз  ойынан  шығаратын  болған.  Яғни,  бір  ақын  екі  ақынның 

айтысқаны қылып, екі жағының да сөзін өзі шығаратын болған. 

Сөйтіп  айтыс  шын  айтыс  емес,  тек  шығарманың  түрі  болуға 

айналған»[2,408-б].



жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау