12
13
V. Тапсырма. «Оғул» сөзін жекеше, көпше түрде
тәуелдеңіз. Көпше түрін өздеріңіз тәуелдеңіздер.
«Оғул» сөзі – азербайджан сөзі. «Ұл» деген сөз.
Жекеше: Көпше
І жақ Менің оғлум
ІІ жақ Сенің оғлуң
ІІІ жақ Оның оғлу
Ескерту: (Қосымшаның жалғаусыз байланысуы жекеше
түрде ІІІ жақта «Л» дыбысы мен «У» дыбысының орындары
ауысады).
VІ. Тест.
1. ... - жазуда қолданылатын әріптердің белгіленген
тәртіп бойынша орналасқан жиынтығы:
А) Алфавит; В) Көркем сөз;
С) Таңба; Д) Сөз; Е) Сөйлем.
2. ... ... «Қазақ жазбасын латын алфавитінен орыс
графикасы негізінде жасалған жаңа алфавитке көшіру
туралы заң» қабылданды.
А) 1937 жылдың 10 қарашасында;
В) 1940 жылдың 10 қарашасында;
С) 1941 жылдың 10 қарашасында;
Д) 1943 жалдың 10 қарашасында;
Е) 1939 жылдың 10 қарашасында.
3. Бұл заңда әліппе неше әріптен құралды?
А) 43; В) 39; С) 36; Д) 41; Е) 38.
4. ... ... – жеке дыбыстарды бейнелейтін және сол
арқылы тілдегі сөздердің дыбыстық мағынасын беретін
жазба таңбалар жүйесі:
А) Әліпбилік жазу; В) көне жазу;
С) қазақша жазу; Д) орысша жазу;
Е) қытайша жазу.
5. ... ... араб жазуын қазақ тіліне сәйкестендіру
жолдарын баяндаған оқу құралы да жазылды.
А) 1925 жылы; В) 1914 жылы;
С) 1910 жылы; Д) 1912 жылы; Е) 1935 жылы.
6. 1929 жылы заңды түрде бекітіп қабылданған, латын
графикасына негізделген әліппеде қазақ тілінде неше дыбыс
бар?
А) 27; В) 23; С) 29; Д) 25; Е) 21.
7. ... жылдың басынан бастап, жаңа әліппеге көшу
дайындығы бұрынғы жылдардан едәуір қарқынды жүгізілді.
А) 1925; В) 1923; С) 1924; Д) 1929; Е) 1928.
8. Жалпы халықтың көркем тілі – ... ... .
А) көне тілі; В) байырғы тілі;
С) қазақ тілі; Д) латын тілі; Е) әдеби тіл.
9. «Тіл адамды көкке көтереді, тіл арқылы ел бақытқа
кенеледі». Бұл пікірдің авторы кім?
А) Жүсіп Баласағұни; В) М. Қашқари;
С) А. Байтұрсынов; Д) М. Әуезов;
Е) М. Дулатов.
10. « ... – жаңа жазба әдеби тілдің негізін салушы».
А) Ахмет; В) Мағжан; С) Шоқан;
Д) Мұхтар; Е) Абай.
11. Әлі келген алып та жығады, шалып та жығады. Сөз
бен сөзді байланыстырып тұрған шылауды табыңыз.
А) шалып; В) әлі; С) та; Д) келген; Е) алып.
12. «Қас жақсының белгісі аз айтар да, көп тыңдар».
Тұрақты сөз тіркесін табыңыз:
А) жақсының белгісі; В) Қас жақсының;
С) көп тыңдар; Д) аз айтар; Е) белгісі аз.
13. Заттың, құбылыстың, қимылдың түрлі белгілерінің
аталуы ретінде қолданылатын тілдік бөлшек – ... .
А) әріп; В) сөз; С) сөйлем; Д) тіл; Е) жазу.
14. Бастауыш пен баяндауыштан жасалатын
сөйлем – ... .
А) толымды сөйлем; В) толымсыз сөйлем;
14
15
С) атаулы сөйлем; Д) жалаң сөйлем;
Е) жайылма сөйлем.
15. «Тонның ішкі бауындай». Қарама-қарсы мағынадағы
сыңарын табыңыз.
А) Бүйрегі бүлк етпеу; В) Қой ауызынан шөп алмас;
С) Сертте жүру; Д) Іші жылу;
Е) Көңілі басылу.
Осы үлгіде 102 сағаттық мультимедиямен берілген
электрондық оқулық дыбыстық жүйеде жасалады.
Осы электронды оқулықты қолдана отырып,
оқушылар төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі
болады:
- Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде
түсінуге;
- Оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық
кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге;
- Жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл
түрінде тапсыруға;
- Түсінбеген тақырыптарды бірнеше рет қайталауға;
- Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз
деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;
- Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға
мүмкіндік туғызады.
Ақпараттық
технологиялардың
мүмкіндіктері
пайдаланылып жасалынған электронды баспа оқулығын
пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушылар өздігінен
жұмыс жасай алады. Әсіресе, аталған электронды
оқулықты пайдалану оқушылардың сабаққа деген
ынтасын жоғарылатып, өздігінен мұғалімнің нұсқауынсыз
тақырыптарды игеруіне және зертханалық жұмыстарға
алдын ала дайындалуларына мүмкіндік туғызады.
Бұл ұсынылып отырған оқулықтың тиімді жағы көп:
сабаққа қажетті материалдар, кестелер мен сызбалар,
анимациялық көріністер, оқушыларды машықтандыру
(практикалық және тәжірибелік) фильмдері, анықтама
сөздік, оқушы білімін бекітетін дидактикалық материалдар
бар. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік
жұмыстары оқушы білімін бақылауда және оқушының өз
бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор.
Электронды оқулықты пайдалану арқылы:
- сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық
материалдарды қолдану тиімділігі;
- мультимедиялық көрініс арқылы сабақ тақырыбының
негізін жеңіл түсінуіне мүмкіндігі;
- оқушының пәнге қызығушылығы;
- алған білім, білік, дағды деңгейі;
- білімінің тереңдігі; шығармашылық қабілеті;
- практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі;
- мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық техноло-
гияны меңгеруі;
- жаңа тақырыпты қызықты әрі жеңіл түсіндіру мүмкін-
дігі;
Көрнекілік, сурет, сыз-
балар компьютермен іске
асырылады.
Алған білімін
тексереді.
Тест тапсырмала-
рын орындайды.
Электронды
оқулық
Пәнге қызығу-
шылығы артады.
Түрлі ақпараттық
анықтамалар алады.
Практикалық
тапсырмаларды
орындайды.
Дидактикалық
материалдарды
қолдану тиімділігі
артады.
Ойлау қабілетін
дамытады.