«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет14/35
Дата20.11.2018
өлшемі1,33 Mb.
#22204
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35

52

53

қалады», яғни, (Красота – спасет мир) деуінің себебі де осында. 



Расында, неге аузымыздан түспейтін, шам алып іздеп жүретін 

шындық  немесе  әділдік  емес?!  Жазушыдан  асырып  айту 

мүмкін емес. Тек сұлулықты толық бағалап, түсіне алған адам 

ғана қатыгездік пен қара жүректіліктен аулақ болады. Атақты 

жапон  жазушысы,  Нобель  сыйлығының  лауреаты  Ясунари 

Кавабатаның  «Созерцание  красоты  пробуждает  сильнейшее 

чувство  сострадания  и  любви,  и  слово  «человек»  начинает 

звучать как слово «друг» деген ойы да осыған саяды.

«Өзімді  өзім  зор  тұтып,  түзетпек  едім  заманды»  деген 

Абайдың  өзі  толық  адам  тәрбиелеуде  билік  пен  байлықтың 

пайдасы  жоғын  түсінді.  «Тәрбиеге  көнбейтін  адам  болады» 

деген  кісінің  тілін  кесер  едім»  дегенді  бекер  айтқан  жоқ 

қой.  Ең  бастысы  қалай  және  қайтып  тәрбиелеуде?  Ұлы  ақын 

«Адам бол» қағидасын ұстанып, сөз өнерін, тіпті, діннің өзін 

адам  тәрбиелеудің  құралына  айналдырды.  Абай  поэзиясы 

мен  қарасөзіндегі  этика-эстетикалық,  (£)  педагогикалық 

көзқарастарының алтын діңгегі – «жеке тұлғадан Адам жасау». 

В.Г.Белинский бұл туралы: «Балаларды алғашқыда чиновник, 

ақын,  қолөнерші  болуға  емес,  адам  болуға  тәрбиелеу  керек, 

содан кейін басқаларға тәрбиелеуге тиіспіз» деп жазған екен.

Олай  болса  ғасырлар  бойы  аңсаған  тәуелсіздігіне  қол 

жеткізген  қазақ  еліне  келешегінің  тұтқасын  ұстайтын  қандай 

адам, қандай маман керек? Иә, ең алдымен қандай адам қажет? 

Рас,  бізге  білімді  жас  ұрпақ  керек.  Алайда  білімді,  бірақ 

өзімшіл-менмен,  парақор,  алаяқ,  жағымпаз,  тоғышар  адам 

керек  пе?  Өте  білімді,  алайда  ешкімге  жаны  ашымас  қатыгез 

жандардың шығып жатқанының себебі де осында жатқан жоқ 

па  екен?!  Бұл  айтып  отырғанымыз  субъективтік  көзқарас  та 

болуы мүмкін. Әрине, бес саусақ та бірдей емес. Солай бола 

тұрса  да,  ойланатын  және  ойлантатын  жағдаяттар  аз  емес. 

Өйткені  жемқорлыққа  дерттің  өскендігі    сондай,    тіпті,  оған  

қарсы  күресті  мемлекеттік  деңгейде  жүргізіп жатырмыз.

Қазір  мұғалімдер  «оқушылар  көркем  әдебиет  оқымайды» 

деп  зар  илейді.  Қайдан  оқиды,  жас  ұрпақтың  қас  дұшпаны 

–  теледидар  бар.  Одан  көрсетіліп  жатқан  неше  түрлі  қулық-

сұмдық, қантөгіс, порнография, эротика, триллер баланың жан 

дүниесін  жаулап  алып  барады.  Оған  компьютерді  қосыңыз. 

Эфирден  түспейтін  даңғаза  музыка  тағы  бар.  Жаһандастыру 

идеясының астарында үстемдік алып бара жатқан осы зұлмат-              

қа  қарсы  қояр  не  бар?!  Қандай  іс-шара,  амал-әрекет  жасау 

қажет?! Әсіресе, қалалық жерлерде. К.Маркс «Сананы тұрмыс 

билейді»  деп  өте  дұрыс  айтады.  Бүкіл  адамзаттық  гуманизм 

идеяларына  негізделген  биік  мақсат-мұраттардың  орынын 

қайткен күнде де бай болу, қала берсе мещандық, тоғышарлық 

ой-сана  билеп  бара  жатыр.  Бір  араб  ғұламасы  «бала  мінез 

жағынан  тұқымына  да,  әке-шешесіне  де  тартпайды,  бала 

заманына тартады» деген екен. Нарықтық заман, капиталистік 

қоғам  құрып  жатқанда  жас  ұрпақ  санасын  тек  тұрмыс  билеп 

кетпеуі үшін оған қарама-қарсы қоятын бір ғана амал бар. Ол 

– білімді маман ғана емес, жақсы тұлға да тәрбиелеу, дамыту 

және қалыптастыру.

Американ  профессоры  Дэвид  Клустео  «Сыни  тұрғыдан 

ойлау  –  өзіндік,  жеке  ойлау.  Ал  сабақ  сын  тұрғысынан  ойлау 

ұстанымдарына  негізделетін  болса,  әркім  өз  ойлары  мен 

пікірлерін, бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. 

Біреу үшін біреу сыни ойлай алмайды, әркім барлығын өзі үшін 

жасайды. Ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан 

ойлағандық  болып  табылады.  Өз  бетінше  жұмыс  істеп,  ең 

қиын  деген  мәселені  өзі  шеше  алулары  үшін  оқушыларға 

жеткілікті  түрде  бостандық  берілуі  керек»  деген  сөзін  «Оқу 

мен  жазу  арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлау»  технологиясын  өз 

тәжірибесінде  қолданып  жүрген  барша  мұғалім  басшылыққа 

алатыны анық. Осы технологияның 1990 жылдар соңына қарай 

бірден көкейкесті болып танылып, оқу-тәрбие үдерісінде бірден 

қолданылуының себеп-салдарлары да жоқ емес. Дәл сол шақта 

кеңес  дәуіріндегі  ақын-жазушылар  шығармашылығына  деген 

тұрпайы  социологизм  мен  нигилистік  көзқарас  қатты  белең 

алды. Қазір шетелде тұрып жатқан көрнекті жазушымыз «Сәкен 

– ұлт сатқыны» деп жазды. Ал бір ғылым докторы апайымыз 



54

55

«Қазақ  әдебиеті»  газетінде  «қазақ  әдебиеті  әлі  туған  жоқ» 



деп айды аспаннан бір-ақ шығарды. Міне, осындай біржақты 

көзқарастардың  өріс  алмауы  үшін  де  бізге  осы  технология 

тиімді болды және ол өз пайдасын тигізді.

Сондықтан  да  сыни  тұрғыдан  ойлау  дегеніміз  тарихқа 

жаңаша көзқараста  баға беру  мәселесімен тығыз  байланысты 

болуға тиісті. Ол арқылы жеке тұлға тәрбиелейміз десек, сол 

бала  тек  өз  ұлтының  тарихы  мен  руханияты,  дүниетанымы 

мен  барша  болмыс-бітіміндегі  қасиеттерді  бойына  сіңіруі 

қажет.  Кешегі  кеңестік  идеология  ықпалында  тәрбиеленген,   

асфальтта  туған  космополиттер  қаптап  жүрген  дәл  бүгінгі 

заманда  жас  ұрпақты  ұлтжанды  адам  ретінде  қалыптастыр, 

әрбірден  соң,  ұлт  тағдырының  болашағы  туралы  ойлану 

дегенге апарып   саяды.   Басқа   пәндерде   шаруам жоқ, ал 

әдебиетті оқытуда осы технологияны тарихқа жаңаша көзқарас 

тұрғысынан өз мәнінде қолдана алып жүрміз бе? Осы туралы 

сәл ойланайықшы.

Қазіргі      таңда      сыни      тұрғыда      ойлау      технологиясын   

қолдану   дегенімізді біржақты түсініп жүру де бар. Оны тек 

–  келешек  ұрпақты  еркін  дамуына,  белсенді,  шығармашыл 

болуына жағдай жасау деп түсінушілік басым болып барады.  

И.Крыловтың  «Шегіртке  мен  құмырысқа»  мысалын  өту 

барысында сыни тұрғыдан ойлауды қолдану туралы бір сабақ 

үлгісін кездестірдім. Рас, оның жеке тұлға қалыптастырудағы 

өзіндік  мәні  бар  екенін  жоққа  шығара алмаймын.

Оқушының  логикалық  тұрғыда  ойлау  жүйесінің  дұрыс 

қалыптасуына,  өз  пікірін  сыни  тұрғыдан  дәлелді  жеткізуіне, 

сол  сияқты  тағы  да  басқа  қасиеттерін  дамытуға  көмегі  бар 

екеніне дау жоқ. Бірақ сонда бұрын оқытқанда шегіркенің іс-

әрекетін  мақтап  па  едік?    «Сауықшыл  серінің»  бейнесі  Абай 

өлеңдеріндегі  сыналған  жағымсыз  қасиеттермен  байланыс-

тыра оқытылған еді ғой. Бұл дегеніміз осы жаңашыл техноло-

гияны пайдалану арқылы тек бұрынғыны жетілдіру ғана емес 

пе?

Ол  мұғалім  маған  ренжімесін.  Бұл  маған  бүкіл  ел 



Астанамыздың  туған  күнін  тойлап  жатқан  күні  сабақта  «Ала 

күшік»  деген  тақырыпты  өткеніндей  әсер  қалдырды.  Оның 

орынына  бар-жоғы  бір  сағат  берілген  А.Байтұрсынұлының 

«Анама  хат»,  «Қара  бұлт»  атты  өлеңдерін  сыни  тұрғыда 

оқытуға  байланысты  сабағын    интернетке    салғанда  екі    есе  

қуанған  болар  едім.  «Анама хаттағы» «Отырмын абақтының 

бөлмесінде» дей келіп, «Адамнан туып, адам ісін етпей, Ұялмай 

не  бетіммен  көрге  барам?»  деп  келетін  осы  өлең  идеясында 

қаншама  таным,  тағылым,  ұлтжанды  тұлға  қалыптастыру-

ға  қажетті  мәселелер  жатыр  десеңізші.  Ал  біз  шегірткенің 

секіргенін сыни тұрғыдан оқытып жүрміз.

Сын  тұрғысынан  ойлау  дегеніміз,  педагогтың  бағыттауы-

мен, оқушының өз бетінше білімді игеруі, соның нәтижесінде 

неғұрлым дамытылған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады. 

Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясының  мақсаты  сынауға 

емес,  шыңдалған  ойлауға  үйрету  деп  білеміз.  Бірақ,  менің 

ойымша,  М.Әуезовтің  әсемдік  әлемін  бірде-бір  жаңалықпен 

оқушы  санасына  орнықтыру  мүмкін  емес.  Оқушының 

эмоцианальдық,  психологиялық  қабылдауына  әсер  ете  ал-

маған  бірде-бір  сабақ  оның  жеке  адам  ретінде  қалыптасуына 

көмектесе алады деп айту қиын. Мысалы, кез келген 11-сыныпқа 

барып, Құнанбайдың Абайға таққан үш мініндегі «Сен жайдақ 

су  сияқтысың,  оны  ит  те,  құс  та  кешеді»  дегендегі  сөзінде 

кімдікі  дұрыс  десеңіз,  барлығы  да  бірдей  «Абайдікі  дұрыс» 

деп  шу  ете  қалады.  Анығына  келгенде,  Құнанбайдікі  дұрыс 

екенін  логикалық  тұрғыдан  ақылмен  толғап  жатпайды.  Оның 

себебі  сол  –  кешегі  кеңес  дәуіріндегі  таптық  көзқарастағы 

ғылыми әдебиетте осылай дәлелденген, оған сүйеніп жазылған 

оқулықта да солай, яғни, мұғалім де сабақта осыны негіздейді. 

Соны сабақ барысында талдап тұрып өз  оқушымызға «Әкеңді  

сыйлама,  Абай да солай жасаған» деп ұлтымызда жоқ өрескел 

мінезді  дәріптеп  отырғанымызды  білмейміз.  Жайдақ  суға 

сай  «қадіріңді  білме,  өзіңді  өзің  құрметтеме»  деген  ұғымды 

насихаттап жатқанымызға көңіл аудара бермейтініміз өкінішті. 

Сол  арқылы  халқымыздың  «Адам  әуелі  өзін  сыйлау  керек, 



жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау