«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет7/33
Дата20.11.2018
өлшемі1,14 Mb.
#21906
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33

24

25

3.  Ұжымдық  оқытудың  келесі  қоғамдық  пайдасы: 



оқушылар  өзара  достасады,  бірін-бірі  сыйлауға  үйренеді, 

өзара  дауласады,  жарысады  және  құқықтар  мен  міндеттер 

туралы пікір айтысады.

Топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, 

әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз 

үлесін  қосуға  талаптанады.  Бір  адамның  айтқанынан  гөрі 

бірнеше адамның айтқаны есінде тез жатталады. 

Модульдің тағы бір сатысы – «Талантты және дарынды 

балаларды оқыту».

Рас,  ізденуші  мұғалім  бала  бойындағы  туа  біткен  түрлі 

қасиеттерді  дәл  байқап,  оның  сапалық  ерекшеліктеріне 

баға  беріп,  әрі  қарай  өз  бетінше  дамыта  түсуіне  жағдай 

туғызуы  керек,  көмектесуі  қажет.  Бұл  үшін  ұстаздың  өзі 

де  өзгеруі,  яғни,  дәстүрлі  оқытудың  таптаурын  сүрлеуінен 

арылуы тиіс. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға 

бетбұрысты  әрбір  мұғалім  өзінен  бастағаны  жөн.  Мұғалім  

шәкіртке  білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы 

мен  қабілетінің  дамуына  көңіл  бөліп,  «оқи  алуға  үйретуі 

керек».  Дарынды  және  талантты  балаларды  оқытуда  мына 

қағидаларды есте ұстаған дұрыс:



Баланың  бойындағы  құмарлығын,  қызығушылығын 

жойып  алмай,  оның  үнемі  алға  жылжуға  деген  табиғи 

талап-тілектерін,  сұраныс  пен  мұқтаждарын  ескеру, 

шығармашылығын жетілдіру;

Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай 

жасау;

Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.

Осы  қағидаларды  ұштастыратын  болсақ  қана  оқушы 

өзінің дарынды екенін сезінеді. Бойындағы «мені» оянады. 

Басқалардан  артық  тапсырма  алу  оларды  шабыттандыра 

түседі, бірақ әрдайым мұғалім баланы қанаттандыру үшін, 

өзіне  сенімін  молайту    үшін  бірге  ізденісте  болуы  шарт. 

Түрлі жарыстарға қатыстырып, мақтау сөздер айтып ізденуде 

тоқтап қалмауға баулу керек. Ал мен бұл балалармен жеке 

жұмыс  жоспары бойынша жұмыс істеген жөн деп таптым. 

Алға  ұмтылған  баланы  артқа  тартпай,  сабақ  үстінде  басқа 

тапсырмалар беріп, бала білімін шыңдаған дұрыс. Қосымша 

ақпаратты  жинауды  осындай  дарынды  оқушыларға  берсе, 

олардың да, өзгенің де жиғаны көп болмақ.

«Нашар  мұғалім  ақиқатты  өзі  айтып  береді,  ал  жақсы 

мұғалім  оқушының  өзін  ізденуге  жетелейді»  деп  неміс 

педагогі  А.Дистерверг  айтып  өткендей,  бүгінгі  мұғалімдер 

жақсы мұғалім атану үшін түрлі әдістерді пайдалану арқылы 

бала  білімін  ұштауда.  Мұғалім  оқытуға  кіріспес  бұрын 

оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. 

Мұғалім  әр  баланың  білім  дәрежесі  қаншалықты  екенін 

саралап  алғаннан  кейін  оның  алға  жылжуына  ықпал  етуге 

міндетті.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен 

байланысты  әлемдік  стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім 

беру  өте  қажет»  деп  Елбасымыз  өз  жолдауында  айтып 

қана  қоймай,  әр  мектепті  түрлі  ақпаратты  техногиялармен 

қамтамасыз  етуде.  Ақпараттық  технологиялардың  білім 

берудегі  пайдасы  мыналар  болып  табылады:  алыстағы 



ақпарат көздерін пайдалану; түрлі жүйелерге ену арқылы 

өз бетімен іздену; сұраныс бойынша ақпарат алу; интернет 

тарапында  берілген  тапсырмалар  мен  жаттығуларды 

орындау;  ақпаратты  кез-келген  арақашықтықта  тез 

арада жеткізу; өзі оқып отырған тілде электронды пошта 

арқылы хат алмасу; ақпараттың қажетті түпнұсқасына 

қосылу.

Білім алу кезінде бағаның орыны ерекше. Бір сабақ үстінде 




26

27

бірнеше оқушыны бағалау мұғалім шеберлігіне байланысты. 



Баға  алуда  оқушылар  алға  талаптанады,  ізденеді.  Кейбір 

оқушы  білім  үшін  емес,  баға  алу  үшін  оқиды.  Сондықтан 

бағаны  дұрыс  қою  және  оның  нақты  болуын  алға  қою  – 

әр  мұғалімнің  есепке  алар  міндеті.  Сабақ  үстінде  бірнеше 

бағалау  әдістерін  қолдануға  болады.  Суммативті  баға  мен 

формативті  бағаны  қою  әрбір    сабақтың  негізгі  сатысы 

болуы шарт.

Білім  берудің  мазмұнына  енгізіліп  жатқан  өзгерістер 

мен жаңалықтардың барлығы да ғылым негіздері бойынша    

білімді меңгертумен қатар оқытуды дараландыруға жағдай 

жасау арқылы оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін 

ескере отырып қажеттіліктері мен қызығуларына сай білім 

беруге бағытталып отыр. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың 

жас  ерекшелігін  негізге  алуы  керек.  Тапсырмаларды  да 

меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай 

етіп  қою  керек.Сол  кезде  сабақ  күтілген  нәтижеге  қол 

жеткізеді.

Сабақ  барысында  мынадай  талаптар  басшылыққа 

алынуы  қажет:  1)  мұғалім  оқыту  кезінде  билік  жүргізу 

әдісінен  арылуы  керек;  2)  оқыту  үрдісі  кезінде  сабақтағы 

басты  тұлға  білім  беретін  мұғалім  емес,  осы  білімді 

қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс; 3) балалардың 

оқуға  деген  ынтасын  күшейту  керек;  4)  өз  дербестігін, 

белсенділігін  дамыту  қажет;  5)  оқу,  дамыту  жұмысын 

ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін 

дер кезінде айқындау керек.

Осы  қағидалар  негізінде  сабақты  жаңа  технология 

әдістерін  қолдану  арқылы  жүргізу  оқушының  өзін-өзі 

дамытуына,  өз  біліміндегі  олқылықтарды  өзі  тауып, 

өз  сұрағына  өзі  жауап  іздеп,  жан-жақты  білім  алуына 

көмектеседі.



Қазақ тілі: озық тәжірибе, ортақ әдіс

Роза НҰРМАҒАМБЕТОВА,

Ақтөбе облысының

Мұғалжар ауданындағы

Қандыағаш қалалық 

№2 орта мектебінің мұғалімі.

ЕТІС, ОНЫҢ ТүРЛЕРІ

(6-сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушыларға, етістіктен 

өткенді  пысықтай  отырып,  етістіктің  жасалу  жолдарын 

меңгерту; дамытушылық – етіс түрлеріне тоқталу, жасалу 

жолдарын  көрсетіп,  айырмашылықтарын  айқындау; 



тәрбиелік – оқушы қабілетін арттыру, жаңа технологияны 

қолданып  білімдерін  көтеру,  мысалдар  арқылы  адамгер-

шілік және эстетикалық тәрбие беру. 

Әдісі:  деңгейіне  қарай  дамыта  оқыту,  жаңа  білімді 

меңгерту, сұрақ-жауап, «Семантикалық карта». 



Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, оқулық. 

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру. 

Етістіктің өзіне тән қасиет белгілерін, жасалу жолдарын 

сызба арқылы тексереміз. 

І тапсырма. Топтастыру.



жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау