12
13
шойын түрендер, темір орақ, тас дәнүккіштер және астық
сақтайтын ұралар шықты. Адам жерленген ағаш қималар да
ғұндарда отырықшылық болғанын дәлелдейді.
Ғұндар өмірінде аң аулау маңызды рөл атқарды. Бұл
жөнінде деректемелерде былай делінген: «...балалар қойға
мініп, садақ тарта алады және құстар мен тышқандарды
ата біледі; біраз өскен соң олар түлкілерді және тамақ етіп
жейтін қояндарды атады...Олардың арасында орнаған ғұрып
бойынша тыныштық кезде мал бағып, оған қоса құс пен
аң аулайды, сөйтіп тіршілік етеді» (Сілтеме В.С.Таскиннен
алынған).
Ғұндарда әскердің негізі тез орын ауыстыра алатын атты
әскер болған. Салт атты жауынгердің қару-жарағы – садақ
пен жебелер...» (Қазақстан тарихы. 2000, 258-бет).
Журналист Тасанби Тоқбергенов ғалым Шах-Мұрат
Қуанғановтың «Арий гуны...Сквозь время и пространство»
деп аталатын еңбегі туралы жазған «Таң шығыстан атады»
деп аталатын танымдық мақаласында ежелгі ғұндар
туралы: «Осыдан 30 мың жыл бұрын ғарыштық денелердің
қозғалысының заңдылығын ашып, оны тасқа қашап, картаға
түсірген біздің арғы аталарымыз дейді. Олар байлыққа
қызықпаған, адамзатқа алғашқы мемлекеттік құрылымды
ұсынған (Хун империясы, Шумер, Этруск, Никей), алғашқы
руникалық жазуды сыйға тартқан, темір балқыту мәдениетін
алғаш меңгерген (Ұлы Алтай мәдениеті), қос құрлықты
тел емген «Еуразия» империясының шаңырағын көтерген.
Алғашқы жазу бізден шықты дегенге шүбәңіз болмасын».
Жазу-сызудың кемел бастауында біздің рулық таңбаларымыз
тұрғанын, оның руникалық жазуға негіз болып қаланғанын
ғалым нақты деректермен дәлелдейді. Сол сияқты осы еңбекте
олимпиялық ойындарға да мұрындық болғанымыздың бір
шеті түрілді. Археологтар Олимпиаданың алғашқы рәмізі
төрт шеңберден тұрғанын алға тартуда. Бұл «төрт көзің түгел
болсын» дегенді білдіреді. Олимп деген сөзде «әлем» деген
сөздің тұрғаны айдай анық.
«1571 жылы туған Кеплердің Жердің Күнді айналатынын
ашқаны бірнеше ғасыр бойы еуропалық ой-сананың шыңы
болып келсе, осы жаңалықты он бір ғасыр бұрын зерделеген
Ариабхата «үнділік ойдың жауһары» саналды. Сөйтсек, шын
мәнінде, жасампаздық ойдың төрі біздің бабаларымыздікі
екен ғой, олардың осы құбылысты осыдан отыз мың жыл
бұрын дендеп бойлағанын енді біліп отырмыз.
Жапон зерттеушілерінің мұхит жұтып ғайып болған көне
өркениеттің ізін тапқаны жайлы жазылып жүр. Кітапты
оқып отырып, бұл біздің бір кезде жоғалтқан тарихымыз
болуы әбден мүмкін-ау деген ойға қаласың. Жоғарыда
айтқанымыздай, бабаларымыз жаза да, оқи да білген.
Бұған рулық, тайпалық таңбалар дәлел. Солардың негізінде
жалпыға ортақ түрік тілі қалыптасты. Ол ұлан-ғайыр Күн
империясының табанжұртының тіліне айналды, яғни, біздің
байырғы бабаларымыз Пірім Атей оқушы емес, оқытушы
болған.
Бүгіндері археологтар көне киелі қорымдардан сол
кездері ел билеген адамдардың бұзылмаған мәйіттерін
табуда. Олардың үстіндегі киімдер, алтын мен асыл тастар
өркениеттің хабаршысы іспетті. Қытайға дейін де ата-
бабаларымыз жібектің жабайы түрінен киім киген. Жүн
мен мақтадан тоқылған киімдерді пайдаланған. Құлобадан
табылған құмыра, Солоходан алынған алтын тарақ,
т.б. жәдігерлердің де шертер сыры аз емес-ау?!.» («Таң
шығыстан атады». «Егемен Қазақстан» газеті, 26-қазан,
2013).
Ежелгі ғұндардан қазақ тайпалары Үйсіндер, Қаңлылар
тарағаны белгілі. Ендеше тарихымызды түгендеп, ежелгі
балаларымыз – сақтар мен ғұндардың тарихын, мәдениетін,
әдебиетін, салт-дәстүрін келер ұрпаққа ұсыну – парызымыз.
14
15
Көкейкесті көзқарас
Баянғали ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ,
«Өрлеу» АҚФ Біліктілікті
арттыру ұлттық орталығы
Астана қаласы бойынша
педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтындағы
деңгейлік бағдарламалар орталығының
тренері, филология магистрі.
ДАРЫНДЫЛЫҚТЫҢ ЖҰМБАҒЫ
ШЕКСІЗ...
(Дарынды оқушыларды тану қақында)
«Дарындылық ұрпақ бойында демалады, бірақ оны дер
кезінде оята білу керек» деген даналар сөзінде үлкен астар
бар екенінде дау жоқ. «Дарынды Алла адамға сый етіп береді.
Одан кейін ол ананың сүті, әкенің қаны, туған жердің қасиеті
арқылы адамға дариды» деген де шындыққа жанасады. Ал
«Дарын ұғымын қалай түсінесіз?» деген сауалнамадан
мынаны көруге болады:
• Білімді, зерек адамдарда болатын ерекше бір қабілет.
• Адамдардың барлығында болатын туа біткен
қасиет.
• Адамның қоғамға ілесе дамуының арқасында пайда
болатын қасиет.
• Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қасиет.
• Фантастикалық құбылыс.
• Адамның
ақыл-ой
психологиялық
еңбегінің
кеңістіктегі нәтижелі жетістік әрекеті.
• Басқа ой.
Дарындылықтың түрлері: зияткерлік; өнерлік; мәдени-
физикалық; экстрасенсионарлық.
Зияткерлік дарын. Бұл — қоғамның дамуына тікелей
әсерін тигізетін, адам мен әлеуметті теңдестіретін тек қана
адамға тән қабілет.
Зияткерлік дарын — адамның біліктілік, шығармашылық
ерекшелігіне еріктік бағытта әрекетке қарай дамитын
қабілет. Бұл қабілет жоғары деңгейде өзін дамыта,
ұйымдастыра алатын тұлғаларда ақыл-ойдың дербестігі,
өзіне сенімділігі, табандылық сияқты қасиеттер арқылы
дамиды. Өзін жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру үшін қажетті
аса маңызды қасиет – сол білім. Бұндай дарын иелері кімдер?
Мәселен, Д.И.Менделеев мектепте химияны «3» деген
бағаға оқығанын естеліктерден оқып, біліп жүрміз. Бірақ ол
кейін өмірде химия ғылымының жаңалықтарын молынан
ашты. Осы тұста «Оның дарындылығы қалай оянды, кім
оятты, кім шын мәнінде түрткі жасай алды, табиғат па,
адам ба, жаратушы ма, өзі ме?» деген сан сұрақтар алға
шығатыны жасырын емес. Ал белгілі физик Альберт
Дарын
Зияткерлік
Өнерлік
Айқын
шеберлік
Мәдени-
физикалық
Экстрасен-
сионарлық
Білікті,
білімді,
зерек,
оқымысты,
т.б.
Әнші,
биші,
күйші,
т.б.
Ұста,
зергер,
тігінші,
т.б.
Спортқа
икемділер
Балгер,
бақсы,
сәуегей,
сынықшы,
т.б.