56
57
сөйлесіп кетейін, бекер кеткенім жарамас» деп жамандауға
тал бойынан тарыдай мін таба алмай, енді байлығынан
һәм кемдік таба алмай, «Кесірлі екенсің деп айтайын» деп
Төлегеннің айтқан жауабы-дүр.
«Қыз Жібек» (1939). Төлеген сол жерден Жібекке ғашық
болды. Айналасынан кете алмай, бір-екі ауыз өлең айтып
Жібекті сөйлетпекші болды. Сұлулығынан, байлығынан,
нәсілінен мін таба алмай, «Кесірлі екенсің» деп Жібекке
тиісіп айтқаны.
«Қыз Жібек» (Қазан, 1900). Әлқисса, сол халде Төлеген
есін алып, көзін ашып қарады. Көрді, өзі шалқасынан жатыр
екен. Барша киімдерін тонап алып қойыпты. Сонда «Тым
болмаса көміп кетсеңші» деп Бекежанға қарады, «Замандас
емеспісің» деп жалынғандай болды.
«Қыз Жібек» (1939). Бір уақытта Төлеген есін жиып,
көзін ашты. Қараса, шалқасынан жатыр екен, барлық киімін
алпысы тонап алды. Сонда Төлегеннің Бекежанға қарап
«Замандас едің ғой, ит пен құсқа жем қылмай, тым болмаса
көміп кетсеңші» деп зарлағаны.
3. Шеге ақын нұсқасы
«Қыз Жібек» жырының «Шеге ақыннан тараған» дейтін
нұсқасын ақтөбелік жыршы Шапай Қалмағанбетов 1955
жылы Тіл және әдебиет институтының қолжазбалар қорына
өткізеді. Жыр Шапай ақынның өз қолтаңбасымен, араб
әрпінде дәптерге жазылған. Жыр көлемі – 4410 жол.
Әдебиеттанушы Сұлтанғали Садырбаев өзінің еңбегінде
Шапайдың нұсқасында біраз өзгешеліктер барын айтқан.
Осы уақытқа дейін ел арасында кең тараған Қазан
басылымымен салыстырғанда, бұл нұсқада тың сюжеттер
мен эпизодтар, жаңа кейіпкерлер мен жер-су аттарымен
толықтырылған.
Жыр экспозициясында Төлегеннің әкесі Базарбай
жайлы сөз болады. Мұндағы өзгешелік: Базарбай – басқа
нұсқалардағыдай бай емес, кедей. Соған қарамастан
абыройлы ақсақал бейнесінде көрсетеді. Базарбаймен қатар
суреттелетін Қарамен бай образы батырлық жырлардағы
(«Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр») Қараманды
еске түсіреді. Қарамен бай бола тұра ел ішіндегі атағы
Базарбайдан артық емес. Алпыс беске келген Базарбайдың
баласы жоқтығын келеке етіп, өзіне тең көрмейді. Бір
баланың зарынан қапа болған Базарбайдың екінші әйелінен
туған Төлеген сері, ер көңілді жігіт болады. Оның елден ерек
жаратылысын көріп іші күйген Қарамен бай Базарбайды
іш тартып, өзінің ынжық баласы Егізді Төлегенге дос
қылады. Байдың ұлы Егіз қалыңдығын алып қайту үшін
жолға шыққанда Төлеген сонымен бірге ереді. Қалыңдық
Егізді менсінбей, оған барудан бас тартады. Екі елдің арасы
ушығып шиеленіседі. Сол кезде Төлеген қызды өз райынан
бас тартуға көндіреді. Төлегеннің ел алдындағы абыройы
артады.
Шекті еліндегі сұлу Жібек жайлы естіген Төлеген қызды
көруге асыққанмен, қолының қысқалығы кедергі болады.
Сол уақытта Шегенің ақылымен Төлеген Егізді шен алу
үшін патшаға баруға көндіреді. Қараменнің баласына берген
көп малының арқасында Төлеген Қыз Жібектің еліне келіп,
қызға құда түседі. Баласының алданғанына ыза болған
Қарамен Төлегеннен бата алмай іштен тынады.
Бұдан кейінгі жыр оқиғасы басқа нұсқалармен бірдей.
Жібектің көрген түсі Қазан нұсқасынан өзгешелеу.
Жібек Төлегенге түсін айтып зар еңірейді.
Астыңдағы көк жорға ат
Құйрық-жалы шұбалып
Жабығулы көрінді.
Үстіңдегі ақ сауыт
58
59
Шығыршығы созылып
Сөгілулі көрінді.
Беліңдегі ақ берен
Құндағынан бөлініп
Үзілулі көрінді.
Қолыңдағы ақ сүңгі
Сағасынан майысып
Бүгілулі көрінді.
Басқа нұсқаларда Бекежанды Жібектің алты ағасы
өлтірсе, мұнда ол Сансызбайдың қолынан қаза табады. Жыр
Сансызбайдың Жібекті еліне алып келіп, ұлан-асыр той
жасауымен аяқталады.
4. Қаршыға нұсқасы
Эпостың бұл нұсқасын ақтөбелік жыршы Шапай
Қалмағанбетов (1890-1959) өзінше өңдеп, жаңғыртып
қағазға түсіріп, 1955 жылы ӘӨИ Қолжазба қорына
тапсырған. Жыршының айтуынша: жырдың көлемі 4020
жолдан құралған. Бірінші түрі: Сырлыбай ханның бүкіл
шекті елін жинап той жасауы; Қаршығаның қалмақтарды
алдап, Қореннің өлігін көрсетпей адастырып, Сансызбайдың
ауылына алып келуі.
Қаршыға ақын нұсқасы толық жеті-сегіз буынды жыр
үлгісіне құрылған. Арасында қарасөз, қара өлең жолдары да
ұшырайды.
Жырда оқиғаны айтып берудің үш түрлі әдісі аралас
жүреді: хикаялау, сипаттау, сөйлету. Жырда өлең жағында
хикаялау аз кездеседі. Жырда сипаттау әдістері де
бірсыпыра орын алады. Көштің сәулеті, Жібектің сұлулығы,
оның отауға барғандағы келбеті, көк жорға аттың шабысы.
Қореннің «Жөнеді қалмақ, жөнеді» деген жердегі кейіпі,
Жібек астындағы Сандалкөктің шабысы, міне, бұлар әрі
оқиғаны айту, әрі сипаттау болады. Мұндай сипаттау әдісі
оқиғаны әсерлі, жанды етіп отырады. Енді осыған біраз
мысал келтірейік.
Жау қолынан мерт болған Төлегеннің қазасынан соң
Жібектің басына ауыртпалықтар қаптайды. Басынан өткен
қиындықтарын Төлегенді жоқтаған жырына қосып зар
төгеді.
Тағы да бас қосқаным Жағалбайлы, Жылқысын
көптігінен баға алмайды. Сол елде, сірә, жігіт жоқ па,
тәңірі-ай, Жесірін іздеп келіп неге алмайды?!
Жібек ару Төлегенге адалдығын осылай білдіреді. Атадан
мирас әмеңгерлік салтқа бас иеді. Сансызбайдың іздеп
келуін, оған әмеңгері болып баруын арман етеді.
Сансызбай өзінің ерлігін Қорен ханмен жекпе-жекте
көрсетеді. Сансызбайдың атқан оғынан оның ерен күш иесі
екені танылады.
Зырлауменен өтеді,
Бір төбеге жетеді.
Үй орынындай бір жерді
Төңкере тастап кетеді.
Оқ тоқтаған кезінде
Қорен аттан құлады.
Жырдың кейінгі оқиғаларында Сырлыбайдың еліне қайта
келіп, жауды жеңіп, қайын жұртын қыспақтан құтқарады.
Табан жолмен тартысып,
Ауыздықпен алысып,
Екі қолы қарысып,
Ұшқан құспен жарысып
Маядай мойынын созады.
Тарта-тарта Жібектің
Алақаны тозады.
Тамаша жерден сырғытып,