«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет3/33
Дата20.11.2018
өлшемі1,14 Mb.
#21906
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

8

9

Римнің  қол  астына  кірген.  Соның  бірі  –  аландар.Атилла 



одағына  скифтер,  вестготтардың  шығыс  қанаты,  Азиядағы 

хұн  тайпалары  қосылады.  Атиллада  бес  жүз  мың  әскер 

болған.  Каталония  қырғынында  франк  королі  Теодор  Рим 

әскерінің оң қанатында, алан патшасы Сангибан орталықта, 

Аэци бастаған Рим әскері сол қанатта тұрған. Хұндердің оң 

қанатында  вестгот  королі  Баламер,  орталықта  Атилла,  сол 

қанатында гепеиод королі Ардарих болған. Соғыс алдындағы 

Атилланың батыл сөздерінен соң хұн әскері тауды қоршап 

алады.  Теодор  ат  тұяғында  қалған.  Рим,  Галлия,  Франк, 

Саксония әскері  де өте көп еді. Сол күнгі соғыста жүз алпыс 

бес мың хұн өледі. Теодордың баласы Тарисмунд түні бойы 

әкесінің өлігін іздеп, хұндердің ахуалын байқайды. Ертеңіне 

Рим  әскері  шегінеді.  Бір  сылтауы  корольді  жерлеу  болса, 

екіншісі – Рим әскерінде туған алауыздық болған еді.Таң ата 

Атилла қалған қолымен Аквилен қаласын қоршайды. Қала 

төңірегінде  ұя  салған  көкқұтанның  (амет)  балапандарын 

алып кетіп жатқанын ырым етеді де, Атилла қаланы бұзып 

кіреді. Одан әрі Милан (Медиан), Павиан (Гицин) қалаларын 

тартып алып, Римге жол ашады.

Батыс  тарихшылары  «Каталония  соғысында  Атилла 

жеңілді» деп көрсетеді. Дұрысында, олар теңбе-тең түскен. 

Рас, бұдан соң хұн тайпалары әлсірейді, ал Рим империясы 

алаңсыз күйрейді. Оған Рим құлдарының жаппай қозғалысы 

себеп болған еді... 

Атилла алып денелі, басы өгіздей батыр болған.Соғысқа 

өзі  төтелей  қатысып,  найза  асынған.  Қоршауға  түскенде 

арыстанша  ақырып,  шепті  оп-оңай  бұзып  шыға  берген. 

Атилла Рим королінен қызы Оноряны сұраса, ол бермеген. 

Содан  соң  Вестгот  королінің  қызы  Илдионға  үйленеді. 

Бұл  Каталония  соғысынан    үш  жыл  кейін  болған  оқиға 

еді. Оны батыс драматургтері Илдигун деп атайды. Атилла 

сол  Илдигун  қыздың    қолынан  өлген  деген  лақап  Корнель 

пьесасында бар. Ол 454 жылы өледі.

Атилла  жойқын  соғыстарымен  бүкіл  Батыс  Европа 

елдерін өзіне қарсы қойған еді. Оның үлкен баласы Эллак 

Карпат пен Қара теңіз аралығын билеген.Эллакты вестготтар 

өлтірген. Атилланың кіші баласы Ернақ тұсында хұн ордасы 

құлайды. Ал хұндардың ортаазиялық (Тарбағатай) бұтағы 

аман  қалады  (Сілтеме  Л.Н.Гумилевтің  «Хунны  в  Китае» 

атты  кітабынан  алынған.  М.Ә.).  Атилланың  Айбарыс 

деген  баласы  Византия  патшасынан  қыз  сұраған.  Онысы 

Румға «Вассал бол» дегені болатын.

Атилла  ордасына  қараған  елдер  –  сабир,  отургур, 

кутургур,  оногар,  сарагур,  авар,  кутзагар,  тарнияк,  забен, 

мадияр,  вархұн,  қыпшақ,  пешенег,  бұлғар  тайпалары. 

Хұн  ордасы  осы  тайпаларға  сүйеніп,  этникалық  саясат 

қолданған ұлыс типіндегі мемлекет болған.Бұл тайпалардың 

бүгінгі  сілемдерін  анықтау  қиын  емес.  Атилла  сақ,  скиф 

тайпаларының  одағын  жасаған.  Тілі  мен  әдет-ғұрыпы 

түркіше болған...

Расында,  Атилла  бастаған  хұндер  қозғалысының 

нәтижесінде  көшпелі  түркі  тайпалары  құлдық  қоғамға 

душар болмай, аман қалған еді.Бұдан соң Европа мен Таяу 

Азияда феодализм туа бастайды...

«ІV    ғасырда  Европаға  барған  Атилла  хұндері  мен  ІІ 

ғасырда  Орталық  Азияға  Ферғана  арқылы  келген  Ордос 

хұндерін  шатастыруға  болмайды.  Бұлардың  этникасы  бір 

де,  қонысы  –  бөлек.  Орталық  Азия  хұндерін  тарихшылар 

эфталид, кидарид деп атайды. Эфталидтер Бактрия, Кушан 

мемлекеттерін  құрайды.  Атилла  Сарыарқа  сақтарын 

басып  алған.  Солардан  кейін  бұлғар,  пешенег,  қыпшақ 

тайпалары  туған.  Хұн  диалектісін  қыпшақ  тілі  жеңген. 

Келешекте  «Атилла»  сөзінің  семантикасын  анықтаған 

жөн...»  (Ә.Қоңыратбаев,  Т.Қоңыратбаев.  Көне  мәдениет 

жазбалары. А., «Қазақ университеті», 1991, 21-24-беттер).



10

11

Белгілі ғалым А.Қыраубаева ғұн дәуірінің батыры және 



ханы Мөде туралы былай деп жазады: «Түркі тайпасының 

арғы  аталарының  бірі  –  ғұндар.  Олардың  аса  күшейіп,   

мықты  болған  кезі  б.з.б.  ІV-ІІ  ғасырлар  еді.  Ғұндардың 

Мөде дейтін батыр ханы болған. Ол туралы аңыздар түркі 



елдерінде көп айтылады.

Ежелгі ғұндарда жас жігіттер өте күшті, ерлерше шайқаса 

алатын, соғыс өнерін терең меңгерген, ақылды һәм сабырлы, 

сұлу  қыздарды  таңдайтын  болған.  «Бұл  жөнінде  белгілі 

ғалым  Немат  Келімбетов  былай  деп  жазады:  «Батырлығы, 

күш-қуаты  күйеуінен  кем  түспейтін  қалыңдық  іздеу  - 

ғұндар  дәуірінде  өмірге  келген  дәстүр  болса  керек.  Ол 

дәстүр бойынша, қыз өзі ұнатқан жігітті жан-жақты сынап 

көретін болған. Жігіт көбінесе садақ тарту, ат жарыс, күрес 

арқылы  сыналған.  Мұндай  сарын  қазақтың  ежелгі  ертегі-

аңыздарында  кездеседі...»  (Қазақ  әдебиеті  бастаулары. 

109-бет).

Алматыдағы  «Аруна»  баспасынан  жарық  көрген  «Сен 

білесің бе?» атты энциклопедияда (құрастырғандар: Қазбек 

Райымбеков  пен  Қарлығаш  Биғабылова)  ғұндар  туралы 

былай деп жазылған: «Ғұндар (б.з.б. ІІІ ғ. – б.з. V ғасырлары 

аралығында  өмір  сүрген)  –  ежелгі  түркі  тілдес  тайпалар. 

Қытай  жазбаларында  кездесетін  тарихи  атауы  –  гунну 

(хунну). Олар бастапқы кезде Солтүстік Қытай, Моңғолия, 

Байкал  өңірлерін  қоныс  еткен.  Б.з.б.  ІІІ  ғасырдың  соңына 

таман ғұндар бірігіп, әскер түзеп, мемлекет құрған... Орталық 

және Шығыс Қазақстан жерлерін өздеріне қаратқан. Б.з. ІV 

ғасырында  ғұндар  басқа  да  көшпенді  тайпалармен  бірге 

оңтүстік орыс даласына жеткен. Дунайдан асып, Венгрияға 

дейін барып қоныстанған.

Ғұн  мемлекетін  билеген  әміршіні  «тәңірқұт»  («қаған» 

немесе  «шаньюй»)  деп  атаған.  Ғұндар  24  ру-тайпаға 

бөлінген. Ақсүйектер тайпасына осылардың тек төртеуі ғана 

жатқан. Шаньюйлердің барлығы – Мөде, Хуханье, Чжичжи 

(Шөже)  және  т.б.  ең  бай  ақсүйектерден  шыққан.  Әр  ру-

тайпаны рубасылар билеген. Сондай-ақ әр рудан бір-бірден 

түменбасылар белгіленген. Олар тәңірқұттың ұлдары, інілері 

немесе жақын туысқандары болатын. Түменбасылар қағанға 

бағынған.

Ғұндарда  лауазымдар  мен  жоғары  шендер  әкеден                     

балаға мұраға қалдырылған. 

Ғұндар  соғыс  тұтқындарынан  және  өздеріне  тәуелді 

елдердің  тұрғындарынан құл ұстаған. Құлды үй шаруасына, 

мал  бағуда,  жер  өңдеуде,  күнделікті  тіршіліктің  бар 

саласында пайдаланған.

Олар жылқы, қой, сиыр, өгіз өсірген. Халықтың бір бөлігі 

егін  шаруашылығымен    шұғылданып,  тары,  арпа  еккен. 

Ғұндардың қалалары  мен қоныстары болған. Оларда әскери 

іс    жоғары  деңгейде  дамыған.  Сансыз  көп  әскері  қара,  ақ, 

жирен, ала түсті өте мықты аттар мінген. Қылыш және қысқа 

семсермен қаруланып, садақты шебер атқан.

Ғұндар  жыл  сайын  халық  пен  мал  санағын  жүргізіп 

отырған. Олардың өз жазулары, заңдары мен ұстанған  салт-

дәстүрлері  болған.  Ғұндарда  зергерлік  өнер  қарқынмен 

дамыған.  Ғұн  зергерлері  өз  бұйымдарын,  негізінен, 

алтыннан  жасаған.  Олардың  алтыннан  әшекей  бұйым 

жасау  шеберліктерінің  шыңдалғаны  сондай,  қолдарынан 

шыққан кейбір бұйымдар бүгінгі шеберлердің ең таңдаулы 

туындыларымен  бәсекеге түсе алады...» (8-9-беттер).   

«Қазақстан 

тарихы» 

атты 


кітапта 

ғұндардың 

шаруашылығы  туралы  былай  деп  жазған:  «...Ғұндар 

отырықшылық  пен  егіншілікті  де  білген.Деректемелерде 

«Солтүстік  жерлерде  суық  ерте  түседі,  сондықтан  тары 

себуге қолайсыз болса да, ғұндардың жерінде тары себіледі» 

деп  жазылған  (Сілтеме  Н.Я.Бичуриннің  «Собрание 

сведении»  атты  шығармасынан  алынған)...Тары  дәндері, 




жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау