«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет10/33
Дата20.11.2018
өлшемі1,14 Mb.
#21906
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33

36

37

Мен  2004-2010  оқу    жылдарында    қазақ    тілінен  



тереңдетілген  сыныпқа дәріс   бердім. Тереңдеткен   сыныпта   

түрлі      тақырыпта    сыныптан      тыс    шаралар,  қосымша   

факультатив  сабақтары  да  қоса  жүргізілді. 6-сыныпта  қазақ  

тілінен  факультатив сабағы  өткізілді. Сыныбымда бұл сабақ   

«Мақал-мәтелдерді    оқыту»  айдарымен    жүргізілді.    Бұл  

сабақта оқушы өз жазған   жұмыстарын қорғады. Жоспарда  

оқушылардың    тіл      байлығын    дамыту  үшін      синоним, 

омоним, антоним тақырыптарына  орай «Тіл – өнер» атты  

жарыс өткізілді. Жарыста  оқушылар  үздік  шығармаларын 

қорғап, ең  үздігі  жұрналға, газетке   жариялауға ұсынылды. 

Бұл  жарыста  көптеген  шәкірттерімнің  шығармалары  «өте 

жақсы» деп бағаланды.

Саматтың дәптерінен.

Менің әжем



Жаз      мезгілі    болатын.  Әжем  екеуміз,  күн      ұясынан 

көтерілмей  тұрып,  малды  өріске    жібердік.  Ертемен  

тұрып  шынығуды  ағамнан  үйренгенмін.  Әжеме    еркелеп 

өскенмін. Мені  әжем жақсы көреді. «Шолжаң, ерке  болса 

да,  түбі  бәрінен  озады» деп   әжем   мақтап та  қояды. 

Ер  жетіп, ересек   болғанда  мен  әжемнің  айтқанын естен    

шығармауға  уәде   берем.

«Ең үздік»  – Гүлназдың шығармасы.

Менің мақтанышым

Менің   әжем бар. Мен  әжемді  жақсы көремін. Қатты  

ауырып, науқастанып қалғанда  аяғын   уқаладым.  Әжем  

мәз  болып, қуанып қалды. Әжем  кітап оқығанды ұнатады. 

«Оқи  бер, оқысаң мұратыңа жетесің, қарағым» деп  ақыл  

айтады.  Әжем      тез    жазылса  екен.  Әжемнен    естіген  

мақал-мәтелдерді үнемі күнделігіме жазып жүремін.

            Асыл әжем керексің,

           Мен үшін сен ерексің.

                      Саялайтын бағыңды



                      Үлкен бәйтерексің.

Осылай деп шығармамды аяқтағым келеді.

Мені  оқушыларымның    шығармасында    мағыналары 

жуық      синоним  сөздерді    таңдап,  талғап,    үйлестіріп 

қолдануы  ерекше қуантты.

Оқушының  тілін  дамытып,  сөздік      қорын      молайту  

мақсатында    мақал-мәтелдерді  жиі  қолданып,  олардың 

ішінен синоним болатын сөзді табу    тапсырмаларын  жиі  

орындаттым.  Оқушыларға    шығармашылық      тапсырма   

берілді. Төмендегідей  кесте бойынша  жұмыс жүргіздім.

Оқушы дәптерінен.

Ойлаған    

мақал-мәтелім

Тақырыбы


Синоним бола  

алатын сөзді  

табуым

1. Ашуға  ақылды  



жеңгіз. 

Адамгершілік  Ашу (реніш)

2. Өлімнен   ұят   

күшті.


Ізгілік, 

адамгершілік 

Ар (ұят)

3.

Еңбек етсең 



ерінбей, тояды  

қарның  тіленбей.

Еңбек 

Ерінбеу 


(жалқауланбау)

4. Жақсы адамға  

жау жоқ.  

Адамның    

қасиеттері

Жау (дұшпан)



Самалдың дәптерінен.

Ойлаған мақал-

мәтелім

Мақалдың    



тақырыбы

Оның  ішінде  

синоним  бола  

алатын  сөз



1. Еліңді  сүйсең 

ерлік  істе.

Ерлік, 

батырлық  



туралы.

Ерлік, батырлық,  

жауынгерлік, 

қаһармандық.



2. Ақылы көпті 

дау алмайды.

Ақылдылық.

Дау, керіс, 

жанжал, талас.



38

39

3. Бала – адамның 

бауыр еті.

Бала  


тәрбиесі.

Бала, перзент, 

нәресте, сәби.

Осындай  жұмыстар  оқушының    өзіндік    қорытынды   

жасауын,  әр    нәрсеге  көзқарасын,  тіл    байлығын,  ойлау   

өрісін          қалыптастырады,      байқағыштыққа,  зеректілікке  

үйретеді.

Алтынай СӘРСЕНҒАЛИЕВА,

Қадыр Мырзалиев атындағы

 орта мектептің мұғалімі.

Батыс Қазақстан облысы,

Сырым ауданы.

ҚОС НүКТЕ

Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  оқушылардың  қос 

нүктенің қойылу орындарын жетік меңгеріп, өз ойын сауатты 

жазып жеткізуіне ықпал ету; дамытушылық – қарапайым, 

өміршең  мысалдар  арқылы  білім  негіздерін  жүйелі,  нақты 

қабылдауға  мүмкіндік  туғызу;  тәрбиелік  –  оқушының 

мәдениеттілік  үлгілеріне  мән  беріп,  жазба  тіл  мәдениетін 

меңгеруіне бағдар беру. Әдіс-тәсілі:  әңгімелесу-сұхбат, ой 

тастау,  шығармашылық  ізденіс  тапсырмаларымен  жұмыс, 

СТО стратегиялары. Түрі: аралас сабақ.

Жұмыс  формасы:    ұжымдық,  топтық,  жекелей. 

Көрнекілігі: сызба-кестелер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру.

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысын тексеру. 

2. Сабақ ұранын таңдау.

    Бар жақсылықтың басы – тіл.

3. Сабақ мақсатымен таныстыру.

үй тапсырмасы. Тест тапсырмалары.

1. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерін көрсетіңдер:

А) Қос нүкте, үтір, жақша, нүктелі үтір, тырнақша;

Ә) Сұрау белгісі, үтір, сызықша, жақша, тырнақша;

Б) Қос нүкте, үтір, нүкте, жақша, тырнақша.

2.  Жалғаулықтары  түсіріліп  айтылған  қарсылықты 

салалас  құрмалас  сөйлемнің  арасына  қойылатын  тыныс 

белгілері:

А) Қос нүкте, үтір; 

Ә) Сызықша және жақша;  

Б) Үтір мен сызықша.

3. Сызықшаның қойылу себебін белгілеңдер:



Жастар – біздің болашағымыз.

А)  Бастауыш – есімдік, баяндауыш – сын есім;

Ә)  Бастауыш та, баяндауыш та – сан есім;

Б) Бастауыш та, баяндауыш та –  зат есім.

4. Көп нүктенің қойылатын жерін көрсетіңдер.

А) Қысқартылған сөзден кейін;

Ә) Ой санамалап айтылса;

Б) Оқиға толық аяқталмай тоқталса.

5.  Қыстырма сөзге қандай тыныс белгісі  тән, табыңдар.

Менің ойымша бағытымыз дұрыс.

А)  Үтір;    

Ә)  Сызықша;  

Б)  Жақша.



Жаңа сабақ. Кестені пайдаланып түсіндіремін.


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау