«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық


Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет9/33
Дата20.11.2018
өлшемі1,14 Mb.
#21906
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33

32

33

Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру. 

1.  Етіс  нені  білдіреді?  2.  Қай  етіс  түрі  іс-қимылдың 

өздігінен  орындалғанын  білдіреді?  3.  Өзгелік  етістің 

жұрнағы қандай? 4. Ортақ етіске мысал келтір. 5. Өзгелік етіс 

нені білдіреді? 6. «Сөйлеп тұр», «жүріп келе жатыр» сөздері 

құрамына  қарай  қандай  етістік?  7.  Етістің  неше  түрі  бар? 

8. Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 9. Болымды 

етістік дегеніміз не? 10. Болымсыз етістіктің жұрнақтарын 

ата. 


Бүгінгі  сабағымды  «Біле  бер  қанша  білсең,  тағы  тіле, 

Жетерсің  мақсатыңа  біле-біле»  деген  Жүсіп  Баласағұн 

сөзімен аяқтаймын.  

үйге  тапсырма.  Етіс,  оның  түрлерін  оқу.  240, 

243-жаттығу.  Озық  оқушыларға:  «Етістің  төрт  баласы»                                              

атты шағын ертегі жазып келу.

Бағалау.   

Әсима ҚАЙЫРҒАЛИЕВА,

Бауыржан Бегалиев атындағы 

орта мектептің мұғалімі.

Атырау облысы,

Құрманғазы ауданы,

Ганюшкино ауылы.



СИНОНИМДЕР 

(5-сынып)

Сабақтың  мақсаты:  1)  сөздердің  мағыналық 

топтарынан түсінік беру, мағынасы бір-біріне жуық сөздер 

туралы  біліктілігін,  іскерлігін    қалыптастыру;  2)  сөздердің 

мағынасына қарай талдау, ажырата білу, сөзді дұрыс қолдану 

дағдыларын    дамыту;  3)  жаттығулар  арқылы  адамгерші-

лікке,  еңбекке,  ақыл-ой  тәрбиесіне  көңіл  бөлу.  Түрі:  жаңа 

ұғымды  меңгерту.  Әдісі:  түсіндіру,  сұрақ  қою,  талдау, 

деңгейлік  тапсырмалар.  Көрнекілігі:    сызбалар,  кестелер, 

интерактивті  тақта,  жеке  тапсырмасы  бар  парақшалар. 

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың  барысы.

Ұйымдастыру.

үй  тапсырмасын    тексеру.  Өткен  сабақ  бойынша 

тапсырмалары  тексеріледі.  Омоним  сөздер  жөнінде 

түсініктерін тексеру үшін берілген тапсырмалар тексеріліп 

бағаланады.  68-жаттығу  бойынша  берілген  тапсырмалар, 

яғни,  міндетті  деңгей  мен  мүмкіндік  деңгейдегі  тапсыр-

малар тексеріледі:

1. Мәтінді түсініп оқу және ат қою;

2. Күрес,  жең,  шағын,  қол сөздері омоним  болатындай 

етіп сөз тіркесін құру;

3. Мәтінде адам бойындағы қандай қасиет сөз болады?



Жаңа сабақ.

Тақтада  ас, тамақ, дәм, тағам деген сөздер жазылған.

Мұғалім «Мына сөздердің дыбысталуы бірдей ме? Мына 

сөздердің  дыбысталуында  айырмашылық  бар  ма?»  деген 

сұрақтар арқылы  ой қозғауы керек. 

Ал  мағыналық  ерекшелігіне  көңіл  бөліп  қарайықшы. 

Мынадай  сөйлем  құрайық.  Айгүл  қонақтарға    дәмді 

етіп  ас  дайындады.    Осы  сөйлемде    ас  сөзінің  орынына  

«тамақ», «дәм», «тағам» дегендерді қойып, оқып қарайық. 

Бұдан  сөйлем  мағынасы  өзгерді  ме?  ...Бұл  сөздер  бір-

бірін  алмастырып  қолданыла  береді.  Мағыналары  ұқсас 

болғандықтан  бір ұғым білдіріп тұр. Дыбысталуы әр түрлі 

болса да мағыналары  жуық, мәндес сөздер болып табылады. 




34

35

Қазақ  тілі  синонимге  бай.  Синонимдік    қатарлар    әр  сөз 



табының  құрамында кездеседі.   

Зат есімнен  болған синонимдер: өң, түр, түс, келбет, 



пішін, ажар, көрік, әлпет, кескін, рең, дидар, шырай.

Сын  есімнен  болған  синонимдер:  салмақты,  сабырлы, 



байыпты, ұстамды.

Етістіктен  болған  синонимдер:  амандасу,  сәлемдесу, 



есендесу.

Үстеуден болған синонимдер: шапшаң, тез, жылдам.

1.  Зат есім       2. Сын есім       3. Етістік             4. Үстеу

     Кім?                 Қандай?     Не істеу керек?       Қалай?

Осы    кестеге  қарап    синонимдерді  тиісті  жерге 

орналастыра  отырып,  жаңа  сабақтан  жаңа  ұғым  беріледі.

Енді  осы  айтылған      мысал  бойынша  синоним  сөздердің 

ережесі    шығарылады.  Мұғалім  көмегі  арқылы  оқушылар 

өздері ереже қорытуға тырысады.

«Синоним  сөздер  –  мағыналары    жақын,  бірақ  әр  түрлі  

дыбысталатын  сөздер»  деген  тоқтамға  келгеннен  кейін 

мысалдармен  жаттығады.  Ауызша    сұлу,  батыр,  ар,  ана  

деген сөздерге  мағыналас сөздерді ауызша айтқызу жұмысы 

жүргізіледі  .       

Синонимдік  қатар  туралы  сөз  болғанда  олардың  кейде  

бәрі  бірдей  бірінің  орынына    бірі  жұмсала  бермейтінін 

түсіндіреміз. 

Қарт                      Кәрі                 Биік               Бойшаң

адам                 адам     мал           тау                 адам

Тапсырмалар:

1-тапсырма.

I  деңгей.  Интерактивті    тақтада      берілген    сөздерді  

бірнеше  топқа  бөліп  жазу. Сәби, нәресте, арлы, намысқой, 

 

 

 



 

қатал, қатыгез,  таңдану, тамсану,  қайран қалу.

2-тапсырма.

II деңгей. 72-жаттығу.

1. Мәтіннен синонимдерді тауып, астын сызу

2.  Синонимдердің  қай  сөз  табынан  екенін  тауып,                 

сұрағын жазу.



III    деңгей.  Синоним  сөздерін  басқа  сөздермен 

байланыстыру,  олардың    қанша  сөзбен    тіркесе  алатынын  

анықтап жазу

Күшті,  бағалы,    құнды,    қымбат,    семіру,    жуандау,   

толу,  шелдену,  майлану,  тойыну,   қоңдану, халық,  жұрт,  

көпшілік.

IV  деңгей. «Кім болам?» тақырыбына шағын шығарма 

жазу. Шығармада синоним сөздерін қолдану тапсырылады.



Қорыту. Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдаланып, 

синоним сыңарларын  тауып жазу, синонимдік  қатарлармен 

толықтыру.

1-қатар  «бала»  сөзі,  2-қатар  «шыдам»  сөзі,  3-қатар 



«құтқару» сөзі.

Суретпен жұмыс. Суретке қарап  кім, не екенін тауып, 

соған  синонимдік  қатар  құру.  Мысалы:  суретте  қой  бағып 

жүрген  адамның суреті берілген, т. б.

үйге  тапсырма  беру.  Синоним  сөздерге  мысал  ойлап, 

сөйлем құру. Ережені оқып есте сақтау.



Бағалау.

Сабақ  нәтижесі.  Бұл  сабақта  оқушы  синоним  сөздерін  

түсініп  талдады.  Жаңа  технологияны    пайдалану  синоним 

сөздерін  шығармашылық  ізденіс  үстінде    меңгерулеріне  

септігін тигізді.

Бұл  сабақтарымда  оқушылар  синоним  сөздерді  жақсы 

меңгергендерін  жақсы  бағаларымен,  нәтижелерімен 

танытты.  



жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау