86
87
Р.ЖАНЗАҚОВА,
№19 орта мектебі
Қызылорда облысы,
Арал ауданы,
Жақсықылыш кенті
«ҚАМАР СҰЛУ» РОМАНЫНДАҒЫ
ҚАМАР БЕЙНЕСІ
(11-сынып)
Мақсаты: білімділік - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
«Қамар сұлу» романы бойынша ғылыми бағыттағы
ізденіс жұмыстары, деңгейлік тапсырмалар арқылы
пікірталас ұйымдастыру, ой түйінін кейіпкерлер
арқылы дәлелдеу; тәрбиелік - оқушыларды адами
қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік мәселелер
арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету, әйел адамды
құрметтеу сезімін жетілдіруге тәрбиелеу; дамытушылық
- әр оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырып өзінше
ой түюге баулу, тақырыптас шығармаларды салыстыра
отырып оқуды дамыту, шығармашылық жұмыс арқылы
таным-түсініктерін дамыту, сын тұрғысынан ойлауға
дағдыландыру, өз бетімен ізденуге баулу.
Әдісі: конструкциялау технологиясы (Қ.Бітібаева),әр
түрлі тапсырмалар, Б.Блум жүйесі бойынша анализ-
синтез, Венн диаграммасы арқылы образдарды талдау,
логикалық модель арқылы шығарманың қорытындысын
жасау, сұрақ-жауап.
Көрнекілік: шығармалар жинағы, хрестоматия,тірек
кестесі, оқулық, сабақтың тақырыбы, эпиграфы
жазылған плакат, тақта.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақ. Мұғалім: -Сұлтанмахмұт Торайғыров
– ХХ ғасыр басында қазақ әдебиетінде өзіндік із
қалдырған көрнекті демократ ағартушылардың
бірі. Біз өздеріңізбен бүгінгі сабақта Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы бойынша
ғылыми бағыттағы ізденіс жұмыстарын жүргіземіз.
Қай дәуірде, қай қоғамда өмір сүрсе де әйел-өмір тірегі,
қоғамның қозғаушы күші, ұрпақ тәрбиелеуші екендігін
жоққа шығара алмаймыз.Феодалдық қоғамда өмір
сүріп, қалың мал құрбанына айналған жүздеген қыздар
мен әйелдердің көз жасы өздерің оқыған романдардың
негізгі өзегі болды.Сондықтан біз бүгінгі сабақта
сіздермен әйел тағдыры, оның сипаты, жан және тән
жарасы жөнінде ой толғаймыз.
І топ. Сарапшылар тобы.
1. «Қамар сұлу» романының тақырыбы.
2.«Қамар
сұлу»
романының
сюжеттік-
композициялық құрылысы (шығарма құрылысы).
3.
«Қамар
сұлу»
романының
сюжеттік-
композициялық құрылысы (шығарма құрылысы).
4. Б.Блум жүйесі бойынша анализ-синтез жасау.
Анализ. 1.Ғашықтар әні: Қамар мен Ахметтің бір-
біріне ғашық болуы. 2.Теңсіздіктің зардабы.
а) Ахметтің кетуі; ә) Қамарды Жорға Нұрымға
атастыру; б) Омар мен Қасеннің қарсылығы; в) Қалтан
қажы мен Оспан бидің әрекеттері; г) Қамардың
сырқаты; ғ) Надан молданың кесірі; д) соңғы кездесу;
е) Ахметтің кегі; ж) жастардың ажалы.
Синтез. Кейіпкерлердің іс-әрекетіне байланысты
топтастыру.
Қамар Ахмет
Ғашықтар әні
88
89
Заман заңынан «Қамар сұлу» Үстем
аса алмағандар
романы
тап
өкілдері
Әкесі Омар Бақсы-балгерлікті,
Ағасы Қасен. надандықты әшкерелеу
ІІ топ. Зерттеушілер тобы.
Өткен шығармалардың басты кейіпкерлерін
М.Дулатов «Бақытсыз Жамал», С.Көбеев «Қалың мал»,
С.Торайғыров «Қамар сұлу» Венн диаграммасы арқылы
салыстыру. Венн диаграммасы бойынша салыстырмалы
мінездеме:
Ұқсастықтары:
1) үшеуі де 15-16-дағы жас қыздар;
2) үшеуі де малға сатылған;
3) үшеуі де көрікті;
4) үшеуі де өз бақыты үшін күресе білетін қыздар.
Сабақтың қорытындысы. «Ой шабуылы».
Бақыт дегеніміз не? Қалай күресуге болады?
қоғам көрікті,ақылды,
қайраткері ұстамды,төзімді
ержүрек,батыр Қазақ әйелі оқыған,көзі
ашық,білімді
ер азаматтың ақылшысы
отбасының тірегі,
бала тәрбиесіне жауапты
-Бүгінгі сабағымыздың «Адамдық негізі - әйел» деген
эпиграфын көз жеткізіп талдай алдық па? Эпиграф
жайлы пікірлеріңіз. Үйге тапсырма: «Адамдық негізі -
әйел» тақырыбында шығарма жазу.
С.МУТАШОВА,
Б.Момышұлы атындағы
№12 жалпы орта мектебі.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Кентау қаласы
АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ
Мақсаты: білімділік-оқушыларға Абай өлеңдерін
барынша терең меңгерту, мазмұнын түсіндіру,
жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру,
этнографиялық-теориялық ұғымдарға түсінік беру;
дамытушылық-оқушылардың шығармашылық жұмыс
істеуіне ықпал ету, ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін
жетілдіру; тәрбиелік-эстетикалық, экологиялық тәрбие
беру, олардың сөз өнері, көркем өнер дүниесіне
сүйіспеншіліктерін арттыру, Абайдың ұлылығын
таныту, туған өлке табиғатын құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: жарыс сабақ (топтық). Әдісі: сұрақ-жауап, ой
қозғау, Венн диаграмасы, сөздікпен жұмыс.
Көрнекілігі:
ақын
портреті,
дидактикалық
материалдар, табиғат суреттері. Пәнаралық байланыс:
тарих, ән, сурет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу, топқа
бөлу, топ басшысын сайлау.
ІІ. Өткенді қайталау.
Өткенді пысықтау мақсатында «Абай әлемі»
тақырыбына кластер әдісі бойынша қойылған
сұрақтарға жауап тауып іледі.
1. Абай өмір сүрген жылдар.
2. Оның өскен ортасы.