116
Екі ғашық ертегідей
Көлдің көркі сән еді.
4-тапсырма. Өлең құрылысына талдау.
Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым.
Сым пернені басып қара,
Басып қара, жырласын!
********
Досыңмын деп ант береді
Жем іздеген жанама.
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос санама.
ІV аялдама – «Сәкен прозасы».
1. «Жұбату» әңгімесі. 2. «Жер қазғандар» повесі. 3. «Тар
жол, тайғақ кешу» романы. 4. «Бандыны қуған Хамит»
әңгімесі.
V аялдама – «Сәкен – драматург».
1. «Қызыл сұңқарлар». 2. «Бақыт жолында».
VІ аялдама – «Сәкен – сазгер».
Әндерін орындау.
VІІ аялдама – «Сәкен туралы ойтолғау».
1. Сәкен – лирик. 2. Сәкен – прозаик. 3. Сәкен – драмашы.
4. Сәкен – сазгер.
Бағалау.
Қорытындылау. ББЖ стратегиясы бойынша
Білемін
Білдім
Үйренгім келеді
117
Гүлнар КЕНДІРБЕКҚЫЗЫ,
Алматы қаласындағы
№43 жалпы білім беретін
мектептің мұғалімі.
«БОРАН» ӘңГІМЕСІ
(3-сынып)
Сабақтың мақсаты: оқушыларға Мұхтар Әуезовтің
«Боран» әңгімесінің мазмұнын түсіндіру, автор туралы
мағлұмат беру; білімділігі – қыста ауа райындағы
өзгешеліктерді айта отырып, басқа жыл мезгілдерімен
салыстыру, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
дамытушылығы – оқушылардың тіл байлығын
дамыту, сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге
машықтандыру; тәрбиелігі – оқушыларды табиғатты
қорғауға, аялауға тәрбиелеу, эстетикалық әсемдікке баулу.
Көрнекілігі: қыс мезгілінің суреті, Абай мен Мұхтардың
портреті, жұмбақтар, дидактикалық материалдар. Әдісі:
сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу. Түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: сурет, ән, әдебиет, табиғаттану.
Сабақтың жүру барысы.
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. «Сөзжұмбақ» шешу.
- Оқушылар, бүгін жаңа сабақты бастамас бұрын
мына сөзжұмбақты шешелік. Мұның шешуі бүгінгі жаңа
сабағымыздың тақырыбы болады.
1. Қуып едім мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім қолға тұрмады.
2. Шапса жұбын жазбайды,
Бір-бірінен озбайды.
118
3. Аппақ-аппақ ақ мамық,
Жерде жатыр тапталып.
4. Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.
5. Қыста зымырайды,
Жазда тынығады.
Жаңа сабақ.
- Сонымен, оқушылар, бүгін біз Мұхтар Әуезовтің
«Боран» әңгімесімен танысамыз. Дәптерлерімізді ашып, осы
тақырыпты жазамыз.
1. Кіріспе әңгіме.
Мұхтар Әуезов 1897 жылы дүниеге келіп, 1961 жылы
дүниеден өткен. Оның көптеген әңгімелері бар.
(Тақтаға қыс мезгілі бейнеленген сурет ілінеді).
«Боран» әңгімесін оқушыларға түсіндіремін.
Кітаппен жұмыс. - Оқушылар кітабымызды ашып, осы
Мұхтар Әуезовтің «Боран» мәтінін оқиық.
Өзім оқушыларға оқып беремін. Содан соң оқушыларға
кезекпен оқытамын.
Өлең оқу.
- Оқушылар, «Боран» әңгімесінде Мұхтар Әуезов кім
туралы айтады?
- Абай Құнанбайұлы туралы.
- Абай кім еді?
Б о р а н
к О н ь к и
қ а Р
А я з
ш а Н а
119
- Абай – ақын, жазушы, сазгер.
- Бұл әңгімеде қай жыл мезгілі туралы сөз болады?
- Қыс мезгілі.
- Ал, қыс мезгіліне байланысты кім қай ақынның өлеңін
оқып береді?
Топ бойынша жұмыс.
Мына өлең-жұмбақты оқимын, сендер жауабын
шешесіңдер (әнімен айтылады).
Бұл қай кезде болады?
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып
Балдырғандар ойнайды...
I, II топ оқушылары қыс мезгіліне байланысты «Қаһарлы
қыс» тақырыбына шағын әңгіме жазады.
III топ оқушылары «Қыс келді» тақырыбына сурет
салады.
Жақсы жазылған шығармаларды оқушыларға оқытамын.
III топтың жұмысын тексеріп, жақсы салынған суреттерді
оқушыларға көрсетемін.
Жаңа сабақты бекіту (анкеталық сұрақтар арқылы)
- Оқушылар, енді «Боран» әңгімесі бойынша сұрақтарға
жауап берейік.
1. Әңгімеде жазушы боранды қалай суреттейді?
2. Боранның күшейе түскенін қай сөйлемдерінен білуге
болады?
3. Әңгіменің соңғы екі сөйлемін қалай түсінесіңдер?
Үйге тапсырма: «Боран» әңгімесінен түсінгендерін
айтып келу.
120
Зәуре САТЫБАЛДИНОВА,
Розыбакиев атындағы
орта мектептің мұғалімі.
Алматы облысы,
Панфилов ауданы,
Пенжім ауылы.
ТІЛ ҰСТАРТУ: «БЕРМЕГЕНДІ
БЕРІП ҰЯЛТ»
(7-сынып)
Сабақтың мақсаты: 1) әр оқушының өзін жеке тұлға
ретінде тануына жол ашу, өз ойын еркін айтуға үйрету,
ынтымақты қарым-қатынас негізін қалау; 2) ақпаратты өз
бетінше меңгеруге, белсенді шығармашылықпен ойлауға,
бір-бірінің пікірін тыңдауға, бір-біріне құрметпен қарауға
тәрбиелеу; 3) оқуға деген жауапкершілігін арттыру,
ойлау және сөйлеу тілін дамыту, байқампаздыққа баулу.
Түрі: жаңа білімді меңгерту. Тегі: топпен жұмыс. Әдісі:
психологиялық дайындық, ұжымдық оқыту. Көрнекілігі:
үлестірмелі тапсырмалар, мәтін жазылған текшелер, топтың
реті жазылған төсбелгілер, аспан әлемі бейнеленген плакат.
Технологиясы: сын тұрғысынан ойлау. Пайдаланылған
әдебиеттер: 1) М.Қойшыбаева, С.Баймұханова. Мазмұн-
дамалар жинағы (А., 2003, 37-бет); 2) Оқушылардың көркем
шығармашылық қабілетін дамыту (А., «Рауан», 1994); 3)
Интернет материалдары (Джиксо әдісі туралы).
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру. Қызығушылықты ояту
(Тақтаға аспан әлемі бейнеленген плакат ілінеді).
- Қане, балалар, бәріміз көзімізді жұмып, бір сәтке аспан
Достарыңызбен бөлісу: |