68
деген өз қуанышын білдірген. Бұл өлең Алматыдағы
республика сарайында оқылды. Қазақ деген қаны, жаны бар
бауырларымыздың, расында да, тарыдай шашылғанын мына
картаның бетінен көруге болады (Дүние жүзі картасы)
Шет елдердегі қандастарымыздың санына тоқталу...
ТМД елдеріндегі қазақтар санына тоқталу...
Сол құрылтайда дүниенің төрт бұрышына шашылып
кеткен бауырларымыздың біразы дерлік – 14 мемлекетінен
келіп бас қосты. Туған жердің туы астында ата-жұртта бас
қосу қандай қуаныш десеңші! «Қош келдіңдер, қандас
бауырлар!» деген ұранмен қарсы алған қазақ жұрты
бауырларымен қауқылдасып, сағыныш сезімдерін білдірді.
Төрткүл дүниенің бұрышынан келген қандастарымыз
өздері тұрып жатқан мемлекеттерінің азаматтығын
қабылдаса да, туған елі – Қазақстанның бел баласы, төл
перзенті екендіктерін көңілдерінен шығармай, салт-
дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, тілдерін әрдайым құрметтеп,
ұмытпағандықтарын байқатты. Осы қандастарымыздың
жер ауып, елдерін, көлдерін тастап кетулеріне басты себеп
болған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1920 жылдардағы
кәмпеске, күштеп коллективтендіру, 1931-1932 жылдардағы
ашаршылық, т.б. Сол қандастарымыздың біразы елдеріне
оралуда. Алысқа ұзамай өзіміздің Шет ауданында
Моңғолиядан келген оралмандар саны – 1854.
Біз ағайындарымызды қалай қарсы алдық? Біздің
бойымызда үлкен сағыныш, адамзаттық сезім болды ма?
Ал, ақиық ақынымыз нәзік жүрегімен өзінің сағынышын,
лебізін білдіреді.
Оқулықпен жұмыс: «Бауырлар» өлеңін мәнерлеп оқу.
Сергіту сәті.
«Құлақтан
кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй!
Көңілге түрлі ой
салар
Әнді сүйсең – менше сүй!» деп Абай атамыз айтқандай,
мына орындалар әнге бір сәт құлақ түрейік. Әр адамның
69
бойында туған жеріне, еліне деген сағыныш сезім болады.
Қазақ елі деген есімге кір түсірмей, туған жерді әнге қосып
мадақтаған екен. «Туған жерде жүрсең өз анаңның қолында
ұйықтағандай сезімде боласың» деген екен.
Оқушылардың өздеріне өлеңді мәнерлеп оқыту.
Сөздік жұмысы.
Алқапта – маңайда, өрісте.
Көңілге семіру – көңілі толу,
риза болу.
Мөлдіріне – тұнығына.
Жырақ – алыста.
Түрсін
құлақ – тыңдасын.
Жайқалып жалындап ал – жігерлі бол,
талапты бол.
Қауқылдасу – амандасу.
Ақынға сипаттама беру.
Пікіралмасу, тұжырымдау карталары арқылы сабақты
бекітеміз.
Пікіралмасу картасы
1. Өлең қай жылы, қай қалада өткен оқиғаға орайлас
жазылған?
2. Тұманбай ағаларың өлеңінде жел ұшырған қаңбақтай
әлемнің әр түпкіріне шашырап кеткен қандас бауырларға
нендей өтініш тілек білдіріп отыр?
3. Қазір дүние жүзіндегі қазақтардың жалпы саны қанша?
4. Өлеңдегі патриоттық идеяны, ақынның үлкен
адамзаттық сезімін, ордалы ойын танытатын өлең жолдарын
анықта.
Өзіміздің елімізде қазақтың саны халқымыздың неше
пайызын құрайды?
Тұжырымдау картасы
1.
Тұманбай Молдағалиев қай жылы, қай жерде туған?
2. Студент кезінде қандай жинағы шыққан?
3. Тұманбай Молдағалиевтың «Бауырлар» өлеңі сендерге
несімен ұнады?
4. Егер сендер алысқа ұзап шықсаңдар, үй іштеріңді,
туған жерлеріңді сағынасыңдар ма?
5. «Туған жер» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Үйге тапсырма: «Бауырлар» өлеңін жаттау.