42
10. Керқұла атты Кендебай батырдың елі
Іздеген мұратына жетеді.
Сөздікпен жұмыс.
1. Алты айдың ішінде алты кез ат болды (67-бет), ( Кез -71
см-ге тең ұзындық өлшемі).
2. Ернім жалақ, басым таз болды (68-бет). ( Жалақ –
ерінді жалай беруден жел қақты боп кеберсіген жара)
3. Құндыз жүнді арғымақ құлын туады (70- бет). ( Құндыз
– салмағы 10 кг-дай өзен-көлде тіршілік ететін терісі бағалы
аң).
4. Зынданның аузы құлыптаулы ( Зындан – тұтқынға
түскен адамдарды жазалау үшін жер астынан қазылған терең
ор, апан).
5. Батпан – салмақ өлшемі. Бір батпанда 200-300 грамм
ауырлық бар.
ІV. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру.
А) - Балалар, енді Кендебай батырдың бойынан қандай
қасиеттер көргендігімізді топтастырайық.
Кендебай
бойындағы
қасиеттер
ақылды
қамқор
қайырымды
адал
жанашыр
шыдамды
кішіпейіл
43
Ә) Оқулықпен жұмыс.
Қайырымдылығы: жылағанды жұбатыпты, қысылғанға
жәрдем беріпті. Қамқорлығы: Қарасудың бойындағы
жыртық үйлі кедейлерді аң аулап асырауы. Жанашырлығы:
жетім баланы жұбатып, әке-шешесін тауып беруге уәде беруі.
Кішіпейіл: хан қызының ақылын тыңдап, «Айрылғырдың
суы айырыл!» деуі. Адалдығы: жұлынып қалған қолындағы
құлынның алтын құйрығын ханға табыс етуі. Шыдамдылығы:
шаршаса да түні бойы көз ілмей құлынды күзеткендігі.
Ақылдылығы: ханға келген шаруасын, өзінің қарапайым
адам екендігін айтуы, баланың әке-шешесін босатуға рұхсат
сұрағандығында.
V кезең. Балалардың шығармашылық қабілеттерін
арттыру.
- Осы ертегіні әнге, сазға, жалпы музыкаға бейімдеп
жазып келу немесе сахналық қойылым ретінде өзгертіп
дайындап келу тапсырылған болатын. Қане, кім не дайындап
келді?
Үш оқушы Кендебай мен жетім баланың кездесуін, хан
қызының ақыл айтуын сазды көрініс ретінде дайындап
келіпті.
Екі оқушы Кендебай мен жетім баланың диалогын
«Қабанбай батыр» әніне лайықтап өлең сөзбен жазып,
сахналандырылған көрініс қойды.
VІ кезең. Бекіту.
Тақтамен, дәптермен жұмыс.
А) Венн диаграммасы арқылы салыстыру.
44
«Керқұла атты Кендебай» «Аяз би» ертегісі
ертегісі
Ә) Бекіту сұрақтары:
1. Ертегінің неше түрі бар? 2. «100 үйге кірдім, 101-үйдің
іші ертегідегідей екен» деген сөйлемді қалай түсінесің?
3. «Таңғажайып» деген сөзді қалай түсінесің? 4. Кендебай
бойындағы қасиеттерді бір сөзбен қандай қасиеттер деп
айтар едің?
VII кезең. Қорытынды. - Балалар, Кендебай бақытқа
осындай адами қасиеттер арқасында жетіп отыр. «Адамда
жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды»
деген нақыл сөздің жаны бар екен. Кендебай батырдың
бойындағы ізгі қасиеттерді үлгі тұтып, әрдайым жақсылыққа
ұмтылыңдар!
VIIІ кезең. Үйге тапсырма.
1. Ертегідегі ұлттық салт-дәстүрлерді теріп жазу.
2. «Керқұла аттың өсіп жетілуі» деген тақырыпқа ертегі
өрбітіп жазу.
IX кезең. Бағалау.
1. Қиял-ғажайып
ертегілерде таңға-
жайып оқиғалар
болады.
2. Іс-әрекет қиялға
құрылған.
3. Ғажайыптың
арқасында,
ерліктің арқасында
мұратына жетеді.
1. Шыншыл ерте-
гіде ешқандай
таңғажайып оқиға
берілмейді.
2. Қарапайым
өмірдегі шынайы
іс-әрекет.
3. Ақылының
арқасында
мұратына жетеді.
Ертегі –
халық
мұрасы
45
Ақжонас РЫСҚАЛИЕВА,
Орал қаласындағы
№19 жалпы орта білім
беретін мектептің мұғалімі.
МАХАМБЕТ. «ЕРЕУІЛ АТҚА
ЕР САЛМАЙ»
(8-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – Махамбет
шығармаларымен таныстыру, өлеңдерінің тақырыбы
мен идеясын анықтау, білімдерін саралау, жүйелеу;
дамытушылық – өлең талдау дағдысын қалыптастыру, оқу
мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, таным
көкжиегін кеңейту; тәрбиелік – ерлікке, батырлыққа
тәрбиелеу, бір-бірінің пікірін дамыта отырып, қауымдасып
жұмыс істеуге, өзара сыйластыққа тәрбиелеу, Отанды, елді
сүйе білуге, батырын ардақтауға үйрету.
Әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру, пікірталас, 5
жолды өлең, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Сабаққа дайындау.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Х-ХІІ ғасыр әдебиетін қайталау. Махамбет туралы
ұлылардың пікірін жазу.
- Х-ХІІ ғ. әдебиетіне кімдерді жатқызамыз? (тақтаға
жазғызу)
- Өз шығармаларында қандай мәселелерді сөз етеді?
Араларындағы ұқсастық қандай?
46
Ахмет Иассауи. Жүсіп Баласағұни.
Махмұд Қашқари. ӘбуНасыр әл Фараби.
Сәйф Сарай.
III. Жаңа тақырыпты меңгерту.
а) Қызығушылығын ояту. («Соғыс» өлеңін электронды
оқулықтан тыңдату)
- Балалар, бұл қай ақынның өлеңі?..
- Махамбет кім? (дәлелде)
ақын
батыр
күйші
ә) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
Махамбет жаратылысында әрі батыр, әрі жырау-ақын, әрі
күйші-домбырашы болыпты. Мінезі өте қызулы, бет алған
жағынан қайтпайтын, қайсар ер адам болған.
Мұхтар Әуезов.
(Махамбеттің өмірі мен шығармашылығына тоқтала
жинақтап айтып кету)
1.Оқу-білімге
шақырады.
2. Адамгершілікке
үндейді.
3. Қанағатшылдыққа
бағыттайды.
Махамбет
Достарыңызбен бөлісу: |