38
№5 тапсырма.
ЕСЕ
Тор көздерді соңы «есе» болып аяқталатын шылаулармен
толықтыр. Біреуін қатыстырып сөйлем құрастыр.
№6 тапсырма (Анаграмма Т).
Т әрпінен басталатын шылауларды жаз, сөйлем құра.
Т
Сергіту сәті.
Жылдам сұрақ, ұшқыр жауап.
1. Әрі зат есім, әрі демеулік шылау
(ау). 2. Бір әріптен қана
тұратын шылау
(я). 3. Сан есім мен зат есімнің бірігуінен
жасалған шылау
(үш+ін). 4. Әрі жалғаулық, әрі демеулік
(да,
де, та, те). 5. Сан есім мен сын есімнің бірігуінен жасалған
шылау
(бір+ақ). 6. Сілтеу есімдігінің алдына дауыссыз
дыбыс қойсаң, жалғаулық шылау
(және) шығады.
IV. Оқушыларды бағалау. Компьютерде жұппен жұмыс
істеген, ұяшықтардағы тапсырмаларды орындаған, сабаққа
белсенді қатысқан
жеке оқушыларды мадақтау, бағалау.
V. Үйге тапсырма. Әдеби шығармадан шылаулардың әр
түріне екі мысалдан жазу. Сілтеме көрсету.
40
ІI. Мақсат қою кезеңі. - Балалар, үйге «Керқұла атты
Кендебай» ертегісін мұқият оқу тапсырылған болатын.
Ендеше, бүгінгі біздің мақсатымыз – ертегі мазмұнын толық
меңгеру, талдау, Кендебай бойындағы ізгі қасиеттерден үлгі
алу және шығармашылық қабілеттерімізді барынша көрсете
білу.
Тақырыбымыздың негізгі кейіпкері – Кендебайдың мінез-
құлқына сәйкес сабағымыздың эпиграфы етіп «Адамда
жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды»
деген нақыл сөзді алғанды жөн көрдім.
- Кендебай ең алдымен қандай адам? (Батыр).
Ертегідегі Кендебай сынды батырдың адал серігі –
Керқұла деген ат. Осы батырлардың серігі – ат туралы,
жалпы жылқы туралы қазақ әдебиеті мен мәдениетінде
қандай туындыларды білесіңдер?
Кер және
құла сөздеріне анықтама беріледі.
Кер – құла мен торының,
құла – сары мен жиреннің
аралас түсі.
ІІІ. Материалды түсіндіру кезеңі. - Қазір «Керқұла атты
Кендебай» ертегісінің мазмұны бойынша жұмыс жүргізейік.
Қате орналасқан жоспар атауларын ретімен орналастыр
(слайд №2).
1. Кендебай мен жетім бала.
2. Керқұланың тағдыры.
3. Кендебайдың дүниеге келуі.
4.
Хан бұйрығы
5. Баланың ата-анасымен қауышуы.
6. Кендебайдың бұйрықты орындауы.
7. Кендебайдың Аралға баруы.
8. Кендебайдың биені күзетуі.
9. Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарттары.
10. Керқұла атты Кендебай батырдың елі.
41
Мазмұндау жоспары (дұрысы):
1. Кендебайдың дүниеге келуі.
2. Керқұланың тағдыры.
3. Кендебай мен жетім бала
4. Кендебайдың Аралға баруы.
5. Кендебайдың биені күзетуі
6. Хан бұйрығы.
7. Кендебайдың бұйрықты орындауы.
8. Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарттары.
9.
Баланың ата-анасымен қауышуы
10. Керқұла атты Кендебай батырдың елі.
Әр бала әр тарауды мазмұндайды.
Мақалдарды мазмұн жоспарына сәйкестендір.
1. Кендебайдың дүниеге келуі.
Батыр туса – ел ырысы.
2. Керқұланың тағдыры
Қасқырдың ойлағаны – арамдық.
3. Кендебай мен жетім бала
Қаралы көңіл жаралы.
4.
Кендебайдың аралға баруы
Жол мұраты – жету.
5. Кендебайдың биені күзетуі
Өзі аққа құдай жақ.
6. Хан бұйрығы
Есірген хан елді ермек етер.
7.
Кендебайдың бұйрықты орындауы
Қаһарлы қамал бұзады.
8. Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарттары
Құдаңның тайын алғың келсе, құлынды биесін сұра.
9. Баланың ата-анасымен қауышуы
Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала –
жағасындағы құрақ.