78
зығырын шығарды/. 7. Ел ауызындағы адам /айтулы,
белгілі адам/. 8. Өгіз аяң /шабан жүріс, баяу қарқынды іс/.
9. Көкірегіне нан пісті /кеудесін керді, мақтанды/. 10. Орайы
болды /сәті түсті, реті келді/.
Қазақ әдебиеті пәнінен тапсырмалар:
1. Берілген өлең шумақтарының тақырыбын және
авторын табыңыз /5 ұпай/:
Түрін-ай текеметтің! Асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
«Келе ғой, қошақаным, өзіме!» деп
Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.
/Фариза Оңғарсынова. «Оюлар»/
Тауды көрсең –
күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең –
Ай мен Күндей жол ашқан.
Менің байтақ Республикам таулары,
Менің көгім – мөлдіреген сол аспан.
/Сырбай Мәуленов. «Менің Республикам»/
Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі –құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
/Мұқағали Мақатаев. «Қара өлең»/
2. Бос орынды толтырыңыз /10 ұпай/:
1.Жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан
иесіне ұқсатып, жандандыра, құлпырта суреттеу тәсілін ......
........................... деп атайды /кейіптеу/.
2. Орта ғасырда роман елдерінің /француз, испан, итальян/
поэзиясында туып, қалыптасқан лириканың ерекше бір түрі
....................................... – лиро-эпостық сипаттағы шағын
сюжетті өлең /баллада/.
3. Ақынның сезімін, көңіл күйін, қуанышы мен сүйінішін,
80
арқылы айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді,
қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп, қисынын, кестесін,
келістіріп, сөз арқылы тысқа шығару сөз шығару болады.
Шығарма дегеніміз – осылай шығарған сөз» деп Ахмет
Байтұрсынұлы айтқан. Кезекті
«Жас ғалым» бағытына
бере отырып, оқушыларымыздың шығармаларын, өлең
туындыларын тыңдайық.
VІ. «Өлкетану» бағыты.
Туған
жер дем алатын тынысымдай,
Жылда бір ораласың жыл құсындай.
Елпеңдеп ебелегі шығады алдан,
Көрмеген көп жыл бойы туысыңдай.
Даланың
сыбызғы мен сырнайлары,
Ызыңдап сыр шертеді қурайлары.
Сағынған сары желдің қиырдан кеп
Құйылып көкірегіңде тулайды әні.
Сырбай Мәуленов осылайша өзінің туған жерін жырға
қосса, біздің оқушыларымыз «Өлкетану» бағыты бойынша
туған жерінің тарихына, табиғатына, тарихи тұлғаларына
шолу жасайды.
Қазылар алқасы ұпайларын анықтайды және жеңімпаз
оқушылар марапатталады.
Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын десек,
тіліміздің тарихын терең меңгеріп, тазалығын сақтап,
мөлдір судың тұнығына сусындайық. Саф алтындай
бағалы қазынамыз – қазақ тілімізді құрметтеп, қадір-
қасиетін ұғынып, жарқын болашағымызды жарықтандыра,
нұрландыра түсейік. Осымен бүгінгі «Қазақ тілі – жарқын
болашақ» олимпиадасы сайысымыз өз мәресіне жетті.
81
Марғұба СМАҒҰЛОВА,
Павлодар облысының
Баянауыл ауданындағы
№1 «Майқайың» жалпы
орта мектебінің
мұғалімі.
«ЕЛІМ МЕНІҢ» ЖОБАСЫ
(«Қазақстан» телеарнасындағы «Елім менің» жобасы
бойынша зияткерлік-танымдық ойын)
Қатысушылар: 9-10-сынып оқушылары екі топ. Әр
топта – 4 оқушыдан. Әр топ басшысы топтың атымен,
ұранымен таныстырады.
І айналым (1 ұпай).
Сұрақ:
1. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы Қарабай кім?
2. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында Сарыбай атқан
жануар.
3. «Қалқаман-Мамыр» дастанының авторы кім?
Ән-жұмбақ (2 ұпай).
ІІ айналым. Тіл сауаттылығы. Қай топ артта сол
бастайды.
Тапсырма:
1. М-е-к-т-е-п-і-ш-і-л-і-к. 2. Қ-а-н-а-ғ-а-т-т-а-н-а-р-л-ы-қ.
3. Ұ-й-ы-м-ш-ы-л-д-ы-қ. 4. О-л-и-м-п-и-а-д-а. 5. Ж-а-н-к-ү-
й-е-р-л-е-р. 6. М-а-х-а-б-б-а-т
Ескерту. Дыбыс
қате айтылса, ұпай берілмейді.
Ән-жұмбақ (2 ұпай).