«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,94 Mb.
Pdf просмотр
бет18/34
Дата09.11.2018
өлшемі0,94 Mb.
#18762
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34

68
Қаракөз ТАМАБАЕВА,
Тараз инновациялық-гуманитарлық 
университетінің доценті, ф.ғ.к.
Ләйлә ӨТЕПБЕРГЕНОВА,
«Филология» мамандығының 
студенті.
Тараз қаласы.
ЖАНҒАРА ДӘДЕБАЕВ – 
ӘДЕБИЕТТАНУШЫ ҒАЛЫМ
Өнерге  деген  адалдық  және  өзгені  сынамақ  бұрын 
алдымен  өзіңді  тануың  қажет  екендігін  ертедегі  шығыс 
ойшылдарынан  бастап  ұлы  ғұламалардың  барлығы  да 
ескертіп  отырған.  Өз  қабілетін  дөп  танып,  жолын  дұрыс 
таңдап,  сонымен  қатар  сол  ісін  бар  жан-тәнімен  беріле 
атқару – үлкен тұлғалық қасиет. Жанғара Дәдебаев  осындай 
тұлғалық қасиетке ие. Өзін-өзі тануы арқылы ол басқаның 
жақсы  ісін  қуана  құптап,  артық  мінін  қолына  шам  алып 
іздемей,  мүмкіндігі  болғанша,  айтып  отырған  сынының 
өзін  зерделеп,  шын  сын  айта  білді.  Ең  алдымен,  жақсы 
шығарма көрсе, жас балаша қуанды. Жас суреткердің жаңа 
шығармасына тілектес бола отырып, кейбір бұрыс тұстары 
болса, дұрыс жол сілтеуге асықты. 
Жанғара  Дәдебаев  –  әрі  әдебиеттанушы  ғалым,  әрі 
әдебиет  сыншысы.    Ғалым  өзінің  «Қазіргі  қазақ  әдебиеті» 
атты еңбегінде (А., «Қазақ университеті», 2003) әдебиеттің 
келелі  мәселелері  мен  жекелеген  ақын-жазушылар 
шығармашылығын,  суреткерлік  шеберліктерін  талдайды. 
Бұл  зерттеуінің  әр  кітабына  жиырма  бестен  дәрістер 
шоғырланған.  Әрбір  дәрістерінен  Ж.Дәдебаевтың  терең 
білімді  әдебиетші,  теоретик  ғалым  екендігі  байқалады.  
Ғалым  туған  әдебиетіміздің  белді  жанрлары  мен  беделді 
тұлғалары туралы салиқалы ойлар айтып, төл әдебиетіміздің 
дамуына  ерекше  қызмет  етті.  Әдебиетке  жаңаша  серпін 


69
берудің алғышарттары айтылады. 
Мұхтар  Әуезовтің  «Абай  жолы»  роман-эпопеясы,  қазақ 
әдебиетіндегі  классик  жазушылар  Ғабиден  Мұстафин, 
Ғабит  Мүсіреповтің  сүбелі  көркем  туындылары  туралы 
өз  көзқарастарын  айқын  білдіре  отырып,  шығармашылық 
өнердің  құпиясы  мен  күрделі  машақаты  жайында  ғылыми 
тұжырымдарын  баяндайды.  Әдебиеттегі  Мұхтар  Әуезов 
дәстүрінің  көріністерін  талдайды.    Көркем  әдебиеттегі 
дәстүр жайында «Қандай жазушының болса да өзіне дейінгі 
және  өзі  тұсындағы  көркемдік  жетістіктерді  игеру,  одан 
үйренуі тәжірибелік сатыдан аспаған жағдайда, ол үйренудің 
нәтижесі бәлендей бағалы бола алмайды. Үйренуші қаламгер 
белгілі  үлгінің  сыртқы  көрінісін  ғана  алмай,  оның  ішкі 
структурасы мен мәнінің арақатынасын, үйлесімін де терең 
танып білуі керек. Ал үйрену, еліктеу сатысынан өтіп болған 
жазушы  өзінің  дәстүрге  қатынасында  да  барынша  еркін, 
дербес, сөйте тұра онымен барынша жақын, өзектес болып 
отырады. Және бұл жақындықтың сипаты да өзгеше» [146-
б.]  дей  келіп,  дәстүрдің  бүтіндей  әдеби  дамуда  жалғасып 
жаңғыратындығын,  белгілі  кезеңде  жалпы  әдеби  үдерісте 
өмір  сүретіндігін  айтып  өтеді.  Мұхтар  Әуезов  дәстүрінің 
әсері  тек  тарихи  тақырыптағы  шығармалардан  ғана  емес, 
бүкіл прозадан аңғарылып тұратындығын айқын айтып өтеді. 
Әрбір жазушының өзіне дейінгі көркемдік дәстүрлерді шебер 
жалғастыру барысында жаңашыл дәрежеге көтерілетіндігін 
Сәкен  Сейфуллин,  Ілияс  Жансүгірұлы,  Бейімбет  Майлин, 
т.б. шығармашылығы арқылы дәлелдейді. 
Орыстың  ұлы  сыншысы  В.Белинскийдің  «Пушкин 
туралы жазу – тұтас орыс әдебиеті туралы жазу деген сөз» [О 
мастерство писателя // Полн. собр. соч.: В 9-х т. М., «Наука», 
89-б.] деген сөзін ұлы Абайға да қатысты деп білген Жанғара 
Дәдебаев  өз  еңбегінде  туған  әдебиетіміздің  өткені  мен 
бүгінін, болашағы туралы сөз еткенде Абай есімінің аталмай 


70
қалмайтыны,  Абайдың  ұлылығы  оның  шығармашылығын 
халқымыздың  кешегі-бүгінгі  рухани  мәдениеті  мен 
тарихымен аса тығыз байланыста, өзара тұтастықта жіктеп 
қарастырғанда  ғана  терең  танылатындығы  туралы  жан-
жақты талдау жасап мазмұндайды. Әсіресе, қазақтың айтулы, 
ірі-ірі  ақындарының  өзі  де  ақындық  мұраттарында  Абай 
мұрасымен сусындап, ізденістеріне бағыт-бағдар алатынын, 
өнеге  тұтатынын  айтады.  Туған  әдебиетіміздегі  Абайдың 
ақындық  дәстүрінің  көріністеріне  тоқталады.  «Пушкин 
ажал тап болысымен ұмыт бола қалмайтын, қайта қоғамның 
санасында  өркендей  беретін,  мәңгі  өшпей,  өрістей  түсетін 
тұлғалардың  қатарына  қосылады.  Олар  жайында  әр  дәуір 
өз пікірін айтатын болады» [89-б.] деген Белинский пікірін 
келтіре  отырып,  Абайдың  ұлылығын  осы  биіктен  ұғынып, 
әрбір  дәуір  Абайды  өзінше  танып,  ғажайып  сырларын 
таразылау қажеттігін айтып өтеді.
Жанғара  Дәдебаев  Мұхтар  Әуезовтің  суреткерлік 
ерекшелігін  талдауға  арналған  өз  зерттеу  мақалаларында   
қазақ  халқының  алға  ұмтылысы,  оның  арман-тілегі, 
ой-сезімінің  Абай  шығармашылығынан  мол  көрініс 
тапқандығын,  ақын  шығармашылығының  туған  халқы-
мыздың  мәдениеті  мен  тарихындағы  тұтас  бір  дәуірді 
құрағандығын нақты мысалдармен дәлелдеп ой қорытады. 
Мұхтар Әуезов ашып берген ұлы Абай шығармашылығын 
нәрлендірген үш бастаудың ақын өлеңдеріндегі көріністерін 
мазмұндайды.  «Қазақ  халқының  ақындық  қабілет-дарыны 
өмірде  ақынның  ерекше  типін  туғызды.  Бұл  –  біздің 
заманымызға дейін жеткен, бұрынғы ақындық қазыналарды 
сақтап  келген  әрі  жыршы,  әрі  импровизатор  ақын.  Халық 
поэзиясының таңдаулы үлгілерінің туып таралып және осы 
уақытқа дейін сақталып жеткені үшін біз осынау ақындарға 
борыштармыз. «Жол анасы – тұяқтан, сөз анасы – құлақтан» 
деп  келеді  қазақ  мақалы.  Ақын  өз  жанынан  ғана  жыр 


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау