129
Жеті жаста Арыстан бабқа қылдым сәлем,
Осы халде мың зікірін қылдым тәмәм.
Құрма беріп, басымды иіп, назар қылды,
Мектеп барып, қайнап толып, тасыдым, міне...
Сопылық ілімнің жеткіліксіз екенін біліп, 1110 жылы
27 жасында Бұқара қаласына оқуға аттанады. Онда атақты
ғұлама мектеп жетекшісі Иусуф Хамаданиді өзіне пірім деп
таниды.
Мен жиырма жеті жаста пірді таптым.
Мен жиырма сегіз жаста ғашық болдым.
Отыз төртте ғалым болып, дана болдым.
Отыз бесте мешіт кіріп, дәурен сүрдім.
Отыз алты жаста болдым сақып кемел... Сопылық
оқуын толық аяқтап, өзіндік мектеп ашуға құқысы бар ең
жоғарғы лауазымға ие болады.
Қожа Ахмет бабаның барлық өмірі аңыз әңгімеге толы.
Ол ежелгі салт-жораларға мұсылмандық сипат берді: киім
үлгілері, бақсылық сарнау мәнерімен айтылатын зікірлер,
құрбандық шалудағы жергілікті әдет-ғұрыптың сақталуы.
Өзінің сопылық білімін түркі тілінде жүргізді. Ахметтің
айтуынша, дүние жүзін жаратушы Алла тілдердің әр түрлі
болуын да жаратқан. Адам қай тілде Алламен сөйлессе де,
адал көңілден, ақ ниеттен шыққан сөз өзінің мұсылмандық
мәнін жоймайды. Қазір не көп, діни секталар көп. Діни
секталардан аулақ болып, Алланың ақ жолы Ислам дінін
уағыздауымыз керек.
Қожа Ахмет жарық дүниеде 63 жыл жасағаннан кейін:
«Мен Мұхаммед пайғамбардан артық өмір сүрмеймін. Бұдан
әрі өмір сүруім күпірлік болар» деп қылуетке түсіпті. Қылует
деген не нәрсе десеңіз, бұл «Өзекті жанға – бір өлім» деген
пенденің көзінің тірісінде өлімді шын мойындауы екен.
Барлық уақытын шығарма жазуға арнайды.
Жаңылмасам жер астында 40-тан астам бөлме бар,
130
Әр бөлмесі әркімдікі , әрленбеген, бәрі тар.
Қабырғасын саз балшықтан сына қағып қалаған,
Сонда да бұл жертөлені киеліге балаған.
Тек орталық хүжрені қылует деп атаған.
Ұлы жан көзінің тірісінде салдырған «құлшылық» үйін
қасиетті деп санаған. Өмірінде бір рет те тоя тамақ ішпеген,
жарқырап киім кимеген, адам баласын ренжітуді білмеген
аса текті жан болған.
Ахмет бабамыз «Ісің, жолың, жаның, көңілің, пейілің,
таза болса, маған жыла, дұшпанға есеңді жібермеймін,
қорғаушың боламын» депті бір хикметінде.
Халқы қадір тұтқан ақын рухына қылышынан қан тамған,
қатал Ақсақ Темір де бас иген. Ол 1395 жылы Ахмет Иассауи
мекенінің басына алып ғимарат тұрғызуға бұйрық берді.
Кесене 35 бөлмеден, негізгі 8 бөліктен тұрды. Бөлмелер
әр түрлі мақсатқа арналған. Мысалы: қабірхана, жамиғат-
хана, асхана, кітапхана, кіші мешіт, құдықхана. ( Ахмет
Иассауи кесенесінің суреті)
Ахмет Иассауи «Диуани хикмет» («Даналық кітабы»
жинағын XII ғасырда жазған. Барлығы 149 хикметтен
тұрады (« Даналық кітабы» жинағы суреті)
«Диуан жинақ, хикмет» Алланың ақ жолы деген
мағынаны береді.
90 мың шәкірті болған.
Зерттеңіз. Иассауидің даналық ойлары.
Иассауидің даналық ойлары мәңгі жалғасын табады.
Ахметтің кесенесін қазақ халқы қасиетті жер тұрғысында
құрметтейді.
Иассауи хикметтері қоғам өміріне, адам тіршілігіне
жоғары талап қойған сыншылдық дәстүр әкелді. Оның бұл
сыншылдық дәстүрі Дулат, Сүйінбай, Шортанбай, Мұрат
жырларында жалғасын тауып жатыр.
Алла панамыз, Қожа Ахмет баба қорғаушымыз болса,
131
еліміз, тіліміз, дініміз көгерер, көркейер деген тамаша
жолдармен сабағымызды аяқтаймыз.
«Еркінсөз» айдары. Әр оқушы өтілген сабақ жайлы
түйін жасайды.
Үйге тапсырма:
1) Ахмет Иассауи – тарихи тұлға;
2) «Ислам дінінің қайраткері – Қожа Ахмет Иассауи»
тақырыптарына материалдар жинақтау.
Ермек ҮСЕНҚҰЛОВ,
№29 Александр Герцен атындағы
орта мектептің мұғалімі.
Жамбыл облысы,
Жуалы ауданы.
«ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ,
СӨЗ САРАСЫ»
(8-сынып)
Мақсаты׃ білімділік – оқушыларға Абай өлеңін барын-
ша терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын
жетілдіру, теориялық ұғымдарды түсіндіру, кеңейту; да-
мытушылық – оқушылардың шығармашылықпен жұмыс
істеуіне ықпал ету, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін
жетілдіру; тәрбиелік – оқушылардың көркемөнер дүниесіне
сүйіспеншіліктерін арттыру, Абай ұлылығын терең сездіру.
Түрі׃ жарыс сабақ (топтық). Әдіс-тәсілі׃ СТО стратегия-
сы, баяндау, «Ойқозғау».«Дөңгелек үстел», Венн диаграмма-
сы, топтық жарыс. Көрнекілік׃ сұрақты тапсырмалар,
ақын портреті, Абай сөздері жазылған плакаттар, қосымша
дидактикалық материалдар.
Сабақ барысы.
132
I. Ұйымдастыру.
Оқушыларды топқа бөлу. Топ басшысын сайлау.
II. Қызығушылықты ояту. Өткенді пысықтау.
Өткенді пысықтау мақсатында «Абай әлемі» тақырыбы-
на кластер әдісі бойынша қойылған сұрақтарға дұрыс
жауабын тауып іледі.
1. Абай қай жылы туған? (1845 жылы 10 тамыз). 2. Туған
жерін ата. (Семей облысы. Шыңғыстау тауының бөктері). 3.
Абайдың шын аты кім еді? (Ибраһим). 4. Абайдың әжесінің
аты кім? (Зере). 5. Абайдың арғы аталары кімдер? (Өскенбай,
Ырғызбай). 6. Шешесінің аты кім болған? (Ұлжан). 7.
Құнанбай неше әйел алған? (4 әйел). 8. Абайдың. Дүниеге
көзімді ашқан кім деген? (Михаэлис). 9. Абай неше жасқа дейін
оқыған? (13 жас). 10. Семейдегі Абай оқыған медресе қалай
аталған? (Ахмет Риза). 11. Абайдың руы қаңдай? (Тобықты).
12. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? («Қыс», «Күз»,
«Жазғытұры», «Ғылым таппай мақтанба», «Құлақтан кіріп
бойды алар», «Көзімнің қарасы», «Интернатта оқып жүр»,
«Адамның кейбір кездері», «Әбдірахман өлгенде», «Өлең
– сөздің патшасы, сөз сарасы», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем,
қаламқас», «Қансонарда бүркітші шығады аңға»).
III. Жаңа сабақ.
Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған. Ақынның
шығармалары, негізінен, үш саладан тұрады: бірі – өзі
шығарған өлеңдері; екіншісі – ғақлия немесе қарасөз деп
аталатын прозасы; үшіншісі – өзге тілдерден аударған
өлеңдері. Абай шығармаларының тақырыбы өмірдің барлық
саласын қамтиды. Не нәрсе жайынан жазса да, Абай түбірін,
тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Нәрсенің
сырын, қасиетін біліп жазған соң сөзінің бәрі де халыққа
тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып, емтихан болып
табылады...
Нағыз өлеңнің қандай болуы керек екеніне жауапты өзі
Достарыңызбен бөлісу: |