«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,94 Mb.
Pdf просмотр
бет14/34
Дата09.11.2018
өлшемі0,94 Mb.
#18762
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34

52
Гүлнұр ІЗІМҚҰЛ,
Атырау облысының
Қызылқоға ауданындағы
«Қаракөл» орта мектебінің 
мұғалімі.
МАХАМБЕТ. «МҰНАР КҮН»
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  ақынның  өмірі, 
шығармашылық  жолы  туралы  түсінік  беру,  өлеңдеріндегі 
көне  сөздердің  мағынасын  ашу  арқылы  бүгінгі  тілдік 
қолданысқа  енгізу; 
дамытушылық  –  тақырыпты  жүйелі 
түрде,  ғылыми  негізде  меңгере  білу,  іздендіру,  қызықтыра 
білу  арқылы  дағдыларын  қалыптастыру,  сөздік  қорын 
байыту, дұрыс сөз саптай білуге жаттықтыру, дағдыландыру; 
тәрбиелік  –  оқушыларға  эстетикалық  тәрбие  беру,  сөйлеу 
мәдениетін  қалыптастыру,  ұлттық  рухты  бойға  сіңіру,  ел 
намысын қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі:  аралас  сабақ.  Әдісі:  түсіндіру,  салыстыру, 
жинақтау,  сұрақ-жауап,  сауалнама.  Көрнекілігі:  портрет, 
хронологиялық  кесте,  «Махамбет  әлемі»  кітаптар  көрмесі, 
«Алтын қақпа» макеті, бағалау текшесі, үнтаспа, слайдтағы 
суреттер,  сөзжұмбақ. 
Техникалық  құрал:    интерактивті 
тақта.  Пәнаралық  байланыс:  тарих,  музыка,  қазақ  тілі, 
география.
Сабақтың барысы: 
І.  Ұйымдастыру.  Оқушыларды  түгелдеп,  сабаққа 
дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Хронологиялық кесте арқылы Махамбеттің өмір жолын, 
шығармашылығын қайталау.
Сабақ бөлімдері:
1.  «Менің  атым  –  Махамбет»  (Өмірі,  хан  ордасында 


53
болуы, өлеңдері).
2.  «Махамбеттен...»  («Ереуіл  атқа  ер  салмай», 
«Жалғыздық»,  «Мен  құстан  туған  құмаймын»,  «Мұнар 
күн»).
3. «Топтан озған тарланбоз».
4. «Азаттықты аңсаған асыл ер» (Үйге тапсырма).
5. «Үздік махамбеттанушы» (оқушыларды бағалау).
1. Менің атым – Махамбет  (ұшқыр ой, тез жауап).
•  Жаубасардан тараған ұрпақтар.
•  Махамбет Жәңгір хан ордасында.
•  Махамбеттің Калмыков түрмесінде отыруы. 
•  Махамбеттің Исатайға қосылуы.                                                                     
2. «Махамбеттен...»
•  «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңінің шығу тарихы. 
•  «Жалғыздық» өлеңі туралы.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйі орындалып, «Мұнар 
күн» өлеңі оқылады.
«Мұнар күн» өлеңінің шығу тарихы айтылады. 
Бұл  өлеңді  Исатайға  арналған  жоқтау  деп  те  айтуға 
болады.  «Күн»  деген  сөз  әр  жол  сайын  қайталанып  тұр. 
Бұл жерде «күн» – өмір, бірде мұнар, халыққа жайсыз күн, 
бірде ел басынан бақыт тайған күн. Мұзға тайған буыршын 
–  Исатай,  бура  –  хан,  теріскей  дауыл  –  көтерілісшілерді 
жаншуға  шыққан  жазалаушы  топ,  жығылған  бәйтерек  – 
жеңілген халық.   
Кейіпкерлер
1. Карл  Карлович Гекке – Ресей армиясының  полковнигі, 
Орынбор  генерал губернаторындағы шенеунік. 2. Василий 
Алексеевич Перовский – Орынбордағы генерал  губернатор. 
3. Жапар Елекбаев – тыңшы. 4. Зеленин, Көпен – Геккенің 
адамдары.


54
Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс:
Мұнар  күн  –  а)  ауаның  күңгірттенуі,  бұлыңғырлануы, 
тұман,  бұлт  басуы;  ә)  қаралы,  қайғылы  күн.  Буыршын  – 
аруана мен үлектен туған, табанының бедері бар жас бура. 
Бұлықсып – толған, жетілген, байыған. Бұлан – аша тұяқты, 
бұғы тектес ірі аң. 
Мейманасы тасу – көңілі өсу, масаттану, 
астамшылық. 
Он сан   а) қисынсыз көп; ә) сан алуан. Лашын 
– жыртқыш құстар тұқымдасына жататын саят құсы. Бүлген 
– а) бүліну, қирау; ә) қайғыру, жоқтау.
 Қорашыл – қорадан 
шықпайтын ит. 
Хас – өте, дәл, шын мәніндегі өзіне тән.
Махамбет Өтемісұлы 1845 жылы 20 қазанда 42 жасында 
мал  ұрлаушы  деген  жаламен  ұсталып,  айуандықпен 
өлтіріледі. Бейіті – Индердің күншығыс жағындағы Қараой 
деген  жерде.  Махамбеттің  бас  сүйегін  зерттеген  –  Ноэль 
Шаяхметов.
Махамбет  атында  аудан,  тарихи-өлкетану  мұражайы, 
мәдениет үйі, алаң, мектеп бар.
3. «Топтан озған тарланбоз» 
1-тапсырма. Өлеңді құрылысына қарай талдау.
2-тапсырма. Сауалнама (деңгейлеріне байланысты):
1. Дұрыс жауап таңдау тестісі; 2. Сәйкестендіру тестісі;
3. Толықтыру тестісі.
4. «Азаттықты аңсаған асыл ер».
Үйге  тапсырма:  1.  «Махамбеттің  күйшілік  өнері» 
(шығармашылық  жұмыс).  2.  «Мұнар  күн»  өлеңін  түсініп 
оқып, қалаған шумағын жаттау, сурет салу. 3. Сыныптан тыс 
«Махамбет кітапханасы», «Махамбет әлемі» кітаптарын оқу, 
Махамбеттен тараған ұрпақтар жайлы деректер табу.
5. «Үздік махамбеттанушы».
Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау, бағалау 
текшесін  көбірек  жинаған  оқушыны  «Махамбеттанушы» 
жүлдесімен марапаттау.


55
Гүлмира МЫРЗАШЕВА,
Атырау қаласындағы
Махамбет Өтемісұлы атындағы 
орта мектептің мұғалімі.
ЛИРО-ЭПОСТЫҚ                                   
«ҚЫЗ ЖІБЕК» ЖЫРЫ
(9-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  лиро-эпостық  жырлар  туралы 
білетін;  «Қыз  Жібек»жырының  шығу  тарихымен    таныса-
тын; мазмұнын түсінетін болады. 
Міндеттері:  мазмұнға  байланысты  –  жырды  оқиды; 
мазмұнын  түсінеді;  кейіпкерлерді  таниды,  олар  туралы 
мәлімет алады; 
СТО-ға байланысты – жырды оқи отырып 
талдайды,  бағалайды;  өзінің  алға  қойған  мақсатына  еңбек 
ету арқылы жететінін түсінеді.
Түрі: жаңа ұғымды қалыптастыру. 
Көрнекілігі:  суреттер,  сөздер  жазылған  бетшелер, 
интербелсенді тақта, тақырыпқа байланысты түрлі деректер, 
кубик, «Қыз Жібек» фильмі.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру. Сынып төрт топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрау:
1. «Ер Тарғын» жырының тақырыбы, идеясы қандай?
2. «Ер Тарғын»жырының кейіпкерлері кімдер?
3. «Ер Тарғын жырының тәрбиелік мәні қандай?
4. Эпостық жыр дегеніміз не?
5. Қандай эпостық жырларды білесіңдер?
6. Жырдан үзіндіні жатқа айту.


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау