Қазақ тіл білімі тарихы алматы, 2016



жүктеу 350,49 Kb.
бет30/46
Дата11.01.2022
өлшемі350,49 Kb.
#32175
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46
Қазақ тіл білімі тарихы

Логикалық валенттілік “тілден тыс ұғымның мазмұнының арасында болады”, яғни адам санасында, ойында ұғымның жүйелілігін қамтамасыз ететін әмбебап қасиетке ие. Логикалық валенттіліктің әмбебаптығы негізінде әр тілде сөйлеушілер үшін, құстың ұшуы, балықтың жүзуі, адамның тіршілігі, көліктің жүруі, жаңбырдың, қардың жаууы, күннің жылы не суықтығы т.б. сияқты жағдаяттардың түсінігі, танымдық бейнесі ортақ болады. Болмыстың табиғилығы – ортақ ұғым мен мән туғызады, осы ретте адамдар әр тілде сөйлегенімен, ым-ишара арқылы логикалық валенттіліктің арқасында бірін-бірі түсіне алады. Логикалық валенттілік жеке кездесе алмайды, оның көрінісі сөз тіркесінің, сөйлемнің, мәтіннің, лебіздің ішкі мазмұнына сіңіп, сол арқылы өмір сүреді. Сөздердің тіркесуінің арасындағы логикалық байланыстың болуын қамтамасыз етеді. Мәселен, Абай өлеңіндегі:

Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.

Еңбекті сат, ар сатып неге керек?

Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті –

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, – деген ойдың негізгі мазмұны мен мәні логикалық валенттілікке бағынады. Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректің адам баласының ең асыл қасиеті екені сөздің мағынасынан ғана емес, қайраттың, ақылдың, жүректің табиғатынан, объективті болмыстың қасиетінен шығып тұр. Осы табиғи қасиет мағынаға сіңіпыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек деген сөздердің дыбыстық тұлғасына (дыбыстық жамылғышына) қонады. Ұғым–мағына–тұлға үштігі лебіздегі ойдың көрінісін, бейнесін беруге қызмет етеді. Демек, лебізде логикалық, семантикалық, синтаксистік валенттілік қатар келіп, ойдың нақты көрінісін жасауға қызмет етеді деген сөз.

Жалпы тіл біліміндегі семантикалық теорияларды терең меңгерген ғұлама ғалым, қазақ тіл біліміндегі күрмеуі күрделі қиын мәселелерді шешуде көп тер төкті. Соның ішінде, әсіресе, қазақ сөзінің мағыналық құрылымының қалыптасуы, дамуы, қызметтік мәні, парадигма­ синтагматикалық қатынастағы ерекшеліктері жөнінде айтқан пікірлері мен қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің мағыналық және тұлғалық маңызы, олардың қолданыстық мәнін анықтауының ғылыми маңызы терең екенінде дау болмаса керек. Профессор М. Оразов теориясы мен оның пікірін жақтаушы ғалымдардың зерттеулерінің негізінде қимыл есім, күрделі етістік, етіс тұлғаларының атаулық қызметі айқындалып, олар сөздік тізбесінде реестрге шыққанын да айту парыз. Егер қазір «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» деген атпен он бес томдық сөздік құрастырылса, мұның негізінде де профессор М. Оразовтың етістіктің функциялық категорияларының сөзжасамдық қызметі туралы ғылыми­теориялық көзқарасы мен пайымдауларының, тұжырымдарының жатқаны ақиқат.

Көмекші сөздердің тарихи қалыптасу, даму жолдарын тереңнен зерттеп, зерделеу нәтижесі ғалымның үлкен ғылыми жетістіктерге жетуіне әкелгендей. Көмекші сөздер өздігінен пайда болған нәрсе емес, тіл дамуындағы семантикалық өзгерістердің нәтижесінде, бірде мағыналық жағынан кеңею, бірде тарылу үдерісінің нәтижесі екенін анықтаған профессор М. Оразов былай деп жазады: «Атауыш сөздер көмекші есім қызметінде бірден қолданыла алмаған, олар семантикалық жақтан біртіндеп даму нәтижесінде пайда болған» [2.3]. Ғалым қаламынан шыққан зерттеулерге тән белгі – кез келген тілдік дерек ғылыми талдауға түскенде, ескі түркі жазбалардағы, өзге түркі тілдеріндегі нұсқаларымен салыстырылып, мағыналық және тұлғалық құрылымының даму жолдары нақты көрсетіліп, олардың қазіргі қазақ әдебиетіндегі қолданылу жолдары нақтыланып отырады. Ғылымдағы үлкен жауапкершілікті, адалдықты осындай ғалымдардан үйрендік, үлгі етіп қабылдадық.

Профессор М. Оразов қазақ тіл білімі ғылымындағы қайталанбас тұлға, қайталанбас ғалым. Ешқашан шенге, шекпенге қызықпаған, барлық ғұмырын, денсаулығын қазақ ғылымы үшін арнап, соның жолында тер төккен еңбекқор, көрнекті ғалым, ұстаз бейнесі тіл ғылымы көгінде мәңгілік болып қала бермек.

 

Әдебиет:


  1. Оразов М. «Семантика казахского глагола» Докторская диссер. – Алматы, 1983

  2. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. Алматы, 1991.

  3. Оразов М. Көмекші сөздер. Ташкент, 1997.

  4. Оразов М. Көмекші етістіктер, Алматы.

  5. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітануға кіріспе. А., 1992 ж.

  6. Оразов М.Қазақ тіл тарихын дәуірлеу мәселесі // Алматы: ҚР ҒМ – ҒА Хабарлары, тіл әдебиет сериясы. — 1996.-№4. – 23-22б.

 


жүктеу 350,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау