***
1917 жыл. Перовск Большевиктер-жұмысшы Кеңесінің төрағасы болып украин жігіті Гержот тағайындалады. Жергілікті қазақтармен байланыс, қарым-қатынас болу үшін өзіне орысша жақсы білетін қазақ іздейді. Бірден Жорабек ұсынылады. Осы төрағаға Жорабек алғашқы кезде тілмаш-аудармашы, кешікпей бірінші орынбасары, бір жылдан кейін Жорабек Перовск уездік милиция бастығы болып бекітіледі. Осы тұста олар маңызды бір іс атқарады. Тарихта «жылан жылы» болып аты қалған 1917-1918 жылы қыс қатты, жазы ыстық болып Оңтүстік өңірі астықсыз қалады. Содан Перовск-Ақмешіт Жұмысшы, шаруа және мұсылман депутаттар уездік кеңесі 1918 жылы 7 маусымда мәжіліс өткізіп, қаулы қабылдайды. Сол жылы жауын-шашыны көп болып, астығы мол шыққан Қарсақпай өңірінен Перовскіге, темір жолға астық жеткізу шешімін шығарады. Қарсақпай мен Перовскі арасы 500 шақырымнан аспаса, аз емес. Жол бойы – ашыққан ел, торауылдаған қарақшы. Содан, «астық дайындау» ұйымы құрылып, оған төрағаның орынбасары Лукьянов басшылық жасайды. Қарулы күзет тобын жасақтау – басқару милиция бастығы Жорабек Есеновке,
1600 түйе керуенін жабдықтау Бегайдар Аралбаевқа жүктеледі. Бұл тапсырманы олар дер кезінде орындап. Сыр бойы, Түркістан, Ақтөбе-
22 Шахмардан Есенов
ні астықпен қамтамасыз етіп, елдің жаппай аштыққа ұшырамауы- на аз да болса септіктерін тигізеді. Бұл оларға үлкен абырой-бедел әкеледі.
Алайда, қазақ іші қашанда да ру-руға бөлініп, дау-дамайсыз, айтыс-тартыссыз отырушы ма еді. Бұрынғы биліктері қолдан кетіп бара жатқан Ақкенже ағалары қайта бас көтеріп, ескі оқиғаны қайта қозғап, Жорабектің қызметін қызғанып, арыз жаза бастайды. Күн сайын Гержотқа өтірік-шыны аралас хаттар жауып, ақырында бастығы арызқойлар сөзіне сеніп, Жорабекке тұзақты солармен бірге құрысады.
«...Жорабектің айтқан пікірлеріне, дәлелдеріне құлақ аса қоймаған Гержот: «мына арызқойларың сені келсін, көрсін, тыңдасын, мәселе- мізді шешіп берсін» деп жатыр, сондықтан сен олардың ортасына барып, мәселе болса – шешіп, әділетсіздік іс болса орнықтырып бер. Ал, өзің айтқандай, бәрі дұрыс болып, жағдайлары жақсы болатын болса, олар менен жақсылық күтпесін» деп, арыз жазған ауылға, іссапарға жібереді. Жорабекке арнайы атқосшы етіп, пысықайлау бір жігітті қасына қосып, Гержот: «екі көзіңді төртеу жаса, әңгіме-сөзге араласпа, сақ бол, не көрсең, не сезсең маған айтып кел!» деп шегелеп, тапсырма береді.
Сонымен олар елге келеді, күнде жиын, бас қосу, алып-жұлқып бара жатқан ештеңе жоқ, ел ішінде бола беретін ру-ру, ата-атаға бөлінудің әлегі. Ал, сыйлау, құрметтеу, қолпаштауда шек жоқ. Ағыл-тегіл дас- тархан. Бір арамдықты сезген Жорабек ел ішін басқарып, «ақыл- кеңес» беруші белсенділердің кімдер екенін білуге күш салады.
Әр рудың көсемі бар екен, ел соларға бағынады, айтқандарын істейді. Жорабек олардың, ең бастыларының аты-жөнін қағазға түсіріп қалтасына салып қояды. Олар бұларды қошеметтеп, біраз жерге шығарып салып, осымен дау-дамай бітті деп, бәтуаласып қайтса керек.
Сол соңғы шығарып салу кешінде өте сақ болған Жорабектің өзі киіп жүрген түйе жүн шекпеннің кең қалтасына бір бума түйіншектің салынғанын қырағы көзі қағып түседі. Үндемейді. Қоштасып, жүріп кетеді. Былай шыға салысымен пысықай көмекшісінен «не көрдің, не сездің» деп сұраса, «ойбай, Жөке, ештеңе де болған жоқ, сойқан сыпайы, сырбаз азаматтар екен» дейді. Сол кезде Жорабек тарантасқа бөлек салынған шекпенді алдырып, «қане, қалталарын қарашы?» дейді. Түйе жүн шекпеннің қалтасынан үлкен бір түйіншекті әлгі бала
Өмірі «Өларада» өткен Жорабек 23
алып шығады. Ашса бір-екі бума ақша, белдерінен байланып, әбден реттеліп салынған.
Мәселе, Жорабек ойлағанындай өзіне қарсы ұймдастырылған іс екенін ұқты. Ол да қарап қалмады, амал ойлады. Перовскіге келген бойда жұмысқа бармай әлгі көмекші балаға ақшаның нөмірлерін қағазға түсіртіп, «ауырып келдім» деп үш-төрт күн жатып алады. Бұл кезде Гержотқа оншақты адам қол қойған, ақша нөмірлері көрсетілген арыз хат та келіп жетеді.
Іссапардан келгенмен жұмысқа шықпаған Жорабекке ашуланып, Гержот арнайы адам жіберіп шақыртып алады. Бірден теріс қабақ көрсетіп, бұл қалай, барасың, дұрыс шешім қабылдамайсың, артыңнан іле-шала арыз келді, пара алып кейбіреулердің ғана сөзін сөйлеп қайтыпсың деп кінә артады. Жорабек Есенов: «Мен сізге бұрын да айтқанмын, тағы да айтамын, ол жақта дау да, талас та жоқ, мақсат- мүдделері біреу ғана ол – бізді бір-бірімізге айдап салу, қызметтен қуу, дәлелі міне!» – деп, екі бума ақшаны, нөмірлері жазылған қағазды Гержот алдына қояды. Келген арыздағы нөмірлер мен ақша нөмірі бірдей болып шыға келеді. Арызқойлардың бұл ісіне қатты ашуланған Гержот тексерудің қортындысын айтамыз деген желеумен барлығын Перовскіге алдыртады. Келген бойларында барлығын түрмеге қамат- тырады.
Ел арасында сөз бар, Гержот олардың бірін де еліне қайтармай, құмның арасына апарып атып тастапты деген. Кім білсін, рас болса, рас та шығар. Тарих ақтарып, көз жеткізген әзірге ешкім жоқ. Мұндай- мұндай Гержоттың қылмысы аз болмапты. Ол жергілікті халықтың салт- санасымен санаспай кейбір рулық, жікшіл топтардың айдап салуына түсіп, тергеусіз, сотсыз адамдарды атқыза берген деген де лақап бар. Ақырында бұған төзбеген халық Гержот атына Орталыққа, Мәскеуге арызхатты жаудыртып, тексеру, тергеу келіп, сот оның қылмысын мойнына қойып Сібірге айдатады. Бірақ, Жорабек Есеновтың соңына түскен рулық топ (Ақкенженің ағайындары) Гержоттың бар лаңын, кінә мен күнәсін оған жапқысы келді. Сауатты, білімді, өзін қорғауға жетерлік халі бар ол ешқандай жаладан қорықпай, жоғарғы жақтан тексеру шақыртып, істің ақ пен қарасын анықтауды талап етеді. Тексеру барысында сотталған, атылған адамдардың құжаттарында, бір жерінде Есеновтың қолы қойылмағанын, Гержот әрекетіне оның ешқандай қатысының жоқтығы анықталып жаладан ақталады.
24 Шахмардан Есенов
Амалдары құрыған өкімет басшылары ақырында сан ғасыр ел ішіндегі дау-дамайды шешіп келген ұлттық дәстүрге бас июлеріне тура келеді. Бұл дауды уездегі он екі болыстық Орта жүздің билеріне табыстайды, мәселені шешіп берулерін өтінеді. Бұл жиынды, анығын айтқанда дауды атағы аймаққа аян, беделі бекем Аралбайдың Жантөресі бастап жүргізеді. Қызық болып, Кеңес Өкіметінің қылмысына билер төрелік жасап, «қылмыскер» деп Гержотты тауып, Жорабектің кінәсінің жоқтығын айғақтап шығады. Ақырында құн сұрап, дау бастап жүрген Асқанов Пірмұхамед билер шешімімен келісіп, Есенов Жорабектен кешірім сұрап, бітісіп тарасады. Бұл қазақ билерінің соңғы бас қосуы, соңғы дау шешуі еді».
Бұл әңгіменің ұзын-ырғасын біз қызылордалық Абдолла ағамыздан естідік.
Осы дау-дамайдан аман-есен құтылған Жорабек рахметін айтып, Өкіметтің қызметін «өзіне» тапсырып, жеке отбасының қам-қарекетіне кіріседі. Талай нәрсеге көзі жетті, сенімі азайған ол: «тең, әділетті қоғам орнатамыз дегендері осы ма?». Сөзіне ісі қабыспай кеткен Кеңес өкіметіне көңілі қалған ол ақырында қолына «Азамат соғысының ардагері» деген құжатын алып, жөніне кетеді. Ол Жөлек, Бәйгеқұм, Тартоғай, Шиелі, Жаңақорған аралығында әрлі-берлі жүріп, көптің түрлі шаруасына араласып, әсіресе, сол кездің заңын жақсы білетін ол арыз хат, өтініш хаттар жазып, білім-сауатының арқасында қалам ұшынан балаларының нәпақасын тауып жүрді.
Осылай қарапайым, қоңыр тіршілік кешіп жатқан Жорабек тыныштығы ұзаққа бармай, тағы да бұзылады. Әңгімеміздің басында бозала таңнан Қаражал атқа мініп Күншығысқа қарай беттеген Жорабек тағдырының әрі қарай қалай болғандығына қарай ойысамыз. Содан ол бір апта дегенде Сырды бойлай отырып Тәшкенге жетеді. Не дегенмен, екі-үш жыл оқыған жері емес пе, ескі достарын тапты, бәрі де қол ұшын беріп, көмектесуге әзір тұрды. «Жақсыда жаттық жоқ». Негізі Жорабек жүрген ортасын жалықтырмайтын, безер етпейтін, қайта орысша, қазақша қалжыңын қатар айтып, ара арасында «что естественно, то не безобразно!» деп қойып, боқтығы қосылған қысыр әңгіменің бұлағын ағытатын. Ондайда суырыла шығып сөз сайысына түсіп, қазақи қалжыңның түбін түсіретін замандастары да табылып, не керек, отырысты жандандырып жіберетін. Жиылған жұрт дүркірей күліп, дүрілдей тарасатын.
Өмірі «Өларада» өткен Жорабек 25
Қашанда да білімді адам жолда қалушы ма еді, бұл жақта да Жорабек нақтылы қызмет атқармаса да, қалам ұшынан нан тауып жеді, ешкімге алақан жаймады. Сауаты аз, хат танымайтын адамдарға араша түсті, арыз-шағымдарын, хаттарын жазып, түрлі құжаттарын тиісті мемлекет мекемелеріне жіберіп отырды. Тәшкенде біраз болған соң ол Шымкенттегі таныс-тамырларына келді. Бұл жерде де біраз адамдардың шаруаларына араласып, арыз-хаттарын жазып, көпке пайдасын тигізді.
Бірде Шымкент базарында Шиеліден келген бір-екі танысты кезіктірді, елдің біраз жаңалығын, амандығын біліп бір көңілі көтеріліп-ақ қалды. Жасыратын несі бар, Жорабекті бұл жүріс соңғы кезде қажытайын дегенді. Үйінде қалған балары Шаһизадан мен Шах- марданы, жары Шарипаның жағдайы алаңдатпай қоймады. Қайтуға да бел байлаған кездері болды. Тоқтатқан елдегі дүрбелеңнің басылма- уы еді.
Жақында кезіккен бір таныстан естіді күйеу баласы, Сақыпжамалдың күйеуі Аралбаев Бегайдарды «халық жауы» деп, итжеккенге айдапты. Таққан кінәлары «байдың, бардың баласысың» көрінеді. Әке үшін бала неге жауап беруі керек. Онсыз да ол – Бегайдар Ақмешітте Кеңес өкіметін орнатуға бір кісідей-ақ ат салысты. Енді не дейді оған? Бұлар байдан неге қашады? Бір ауылды асырап отырған байды құртып... халық аштан қырылып жатыр... не болып барады заман?» Немере ағасы Маханды да бір күнде «халық жауысың» деп ұстап әкетіпті. Жалғыз шешесі Бибісара, аңырап ол қалыпты. Бір отанның оты өшті деген осы... «Бұл сұмдықтың шегі болар ма екен?» Жорабек
«елге қайтсам ба екен?» деген ойынан арылып, әліптің артын бақты. Жорабек ызалы күйде біраз жүрді.
Тәшкен мен Сарыағаш, Сарыағаш пен Шымкент арасы, басы сергелдеңге түскен Жорабектің жиі жүретін күре жолына айналды...
Ол артында жүрген аңдушылардың да барын сезеді. Сезгендіктен де сергек жүреді, көпті артынан шұбыртпай сыбай салтаң, салт атты болып кетеді. Кейде түн ортасында тұрып, тұтқиылдан жол жүретіні де бар. Ондағысы – аңдушысын адастырудаға тапқан амал-айласы. Мүмкін оны талай бәледен осы сақтығы, амалы аман алып қалған да шығар, кім білсін.
«Аңдыған жау алмай қоймайды». Бірде Жорабекті ойламаған жерден милициялар ұстап, себеп-салдарын түсіндіріп жатпай-
26 Шахмардан Есенов
ақ, абақтыға жауып тастайды. Қайдан, кімнен келген зауал екенін түсінбей, ойын он саққа жүгіртіп, ақыры тапқаны – жақында базарда кездестірген «жерлестерінен» көреді. Екеудің біреуі баяғы құн сұрап жүрген «топтың», Ақкенженің ағайындары болатын. Солардың ісі екеніне өзін-өзі әбден сендірді.
Кеңес Өкіметінің заңынан хабары бар Жорабек ұстаған милиция- лардың өзіне «анауың заңсыз, мынауың жала» деп, статья-статьясымен заң соққанда не істерлерін білмей, тезірек құтылуға асығып, бірер күн ұстап босатып жібереді. Бірінші жолы милиция құрығынан оңай құтылғанмен, екінші жолы қиындау болады. Қолдарына баяғы Гержоттың кезінде болған дау-шардың қағаздарын алдыртып алыпты және құн сұраушы топтың арызы да бар көрінеді. Оқиғаның анық- қанығын аша алмай, куәләрдің бірі келсе, екіншісі болмай, дәлелдері де дәрменсіздеу болып, не керек, іс созылып, абақтыда бір-екі ай жатып қалды.
Бір күні қызық болады, онсыз да тар, қапас бөлмеде бірнеше ай қамалып, арыстандай ақырып, жолбарыстай жұлқынып тұрған, ызалы Жорабектің үстіне өзі жақсы білетін Ералинді әкеп қамайды. Қылмысы бар кісідей ол да камераға қылымси кіріп, жылмиып отырады. Мұндай қулық пен сұмдықтың түр-түрін талай көрген, таңдайына талай татыған Жорабек бұл келістің астарын түсіне қойды. Өмірде өзіндігі жоқ, итаршы тіршілік кешіп, жымысқыланып, жыртиып жүретін Ералинді өзі иттің етінен де жек көретін. Енді оның өзіне тыңшы болып келіп отырғанын түсінді. Түсінді де іштей ширығып, қасқыр алатын қырандай, «тырнақтарын» жая түсті.
– Иә, Ерәлінің еркесі, Ақмешіттің политотделін басқарғанға сен елдің бәрін басқарам деп жүрсің бе? Жорабек сенің құрған торыңа түспейді, сендей тымырсық тыңшының талайын көргенмін. Ақкенжені алып қашсам, өз еркімен алып қаштым, жар еттім, бала сүйдім, әкеңнің... енді неге қоймайсыңдар. Сенің байлықтан басы айналып, надан болып кеткен бауырыңнан құтқардым Ақкенжені, ол менің әйелім! Ой, әкеңнің... өмір-бақи қыр соңымнан қалмайтын болдыңдар- ау! Ақыры мені соттатуға бел шешіп кіріскен екенсіңдер, мен де сені тірі жібермеймін бұл жерден – деп, арыстандай ақырып, қапсағай денесімен тәштек Ералиннің үстіне төніп кеп береді, мойнына салалы саусақтарын салады. Тұншығып бара жатқан ол қысқа аяқтарын ты- пырлатып, тырбыңдатып Жорабек қолына жармасты. Осындай бір істі
Өмірі «Өларада» өткен Жорабек 27
тілеп отырғандай Жорабек арқаланып, Ералиннің жіңішке мойнына салалы саусақтары құрсауланып қалды. Сұмдық. Алапат. Ералинді талдырып барып жиіркенішті түрмен бұрышқа қарай лақша лақтырып жіберді. Қаны басына теуіп, жолбарысша тағы да атыла бергенде ананың «ағатайлаған» жан дауысы шықты. Еңбектеген баладай тапырлап, тарбаңдап келіп Жорабектің аяғына құлап түсті. Бұл Жорабектің одан сайын жүрегін айнытып, жынын қоздырды, ашудан қабынып намыссыздыққа жарылып кете жаздады. «Ада туған арысым, жонына қол тигізбеген барысым!»
– Айналайын, Жөкежан, менің кінәм жоқ, мені айдап салып отырған адамдар бар, оны өзің білесің..., – дей беріп еді, Жорабек:
– Атаңа нәлет, айтақтағанға үре беретін қара төбет пе едің, адам деген атың қайда? Жоқ, мен сені бұл жерден тірі жібермеймін, мен шақырған жоқпын, ажалдың аузына өзің келіп тұрсың, иманыңды үйіре бер, – деп, Жорабек қозғала беріп еді, ана байғұс аяғына қайта құлап, жылап жіберді:
– Балаларым жас еді, Жөке! Кешірші, кешірші... – деп, жаны шыр- қырап кетті.
Жорабекті тоқтатқан «балаларым жас еді» деген сөзі болды. Өз балалары ойына түсті. Бейшара, олардың жазығы не... әкеміз бар деп арқа тұтып жүр-ау, осыны да...
– Арам жолмен тапқан мал бойыңа құт қондырмайды, найсап! – деді. Ашуын баса алмай біраз тұрды да, – Шартым бар, сонда ғана жаның қалады. Ертең тергеушіге барғанда өзіңді кімдердің не үшін, кім үшін тыңшы етіп жібергенін түгел айт! Әйтпесе, осы жерде өлтіремін... Мені білесің, дәл бұл оқиға еш жерде әңгіме болмайды, қорықпа. Шындықты айтпасаң, мына жарық дүниеде әлі кездесерміз, ал ол кезде аман қаламын деп ойлама... – деді.
Ералин мұндай шартқа қуана келісті. «Өмір бойы құлың болайын, Жөке! Бар шындықты айтамын, тек жанымды қи» деді. Жөкеңе керегі осы. Ералин уәдесінде тұрды. Өзін кімдердің жұмсағанын, не үшін бұл халге түскенін түгін қалдырмай тергеушіге айтып, жазып берді. Іс бірден шешіліп кетпесе де, бұдан кейін тергеудің беті бері қарай бастады...
28 Шахмардан Есенов
Достарыңызбен бөлісу: |