»
«Бірге оқыған құрбыға, Бас бәйгені бермедің...» Абай
«Алдымда толған мақсат, толған таңдау, Алайын анасын ба, мынасын ба?...» Сұлтанмахмұт Торайғыров
нда-санда ышқына-ышқына айғайлап, төбесінен бу- дақ-будақ буды бұрқырата шашып, дәу қара паравоз алға ұмтылып-ақ келеді. Ол қанша тез жүйткідім дегенмен,
терезеден далаға телміре қарап тұрған, мұрты енді-енді тебіндеген үш жасөспірім үшін өте баяу келе жатқандай.
– Ту, қашан жетеміз Алматыға? – деді, тағаты таусылған Сәрсен ақырында.
– Әрі қарай көшіп кеткен бе өзі, екі күн болды... жетер емеспіз ғой, –
деді Асан.
– Жетуін жетерміз-ау, оқуға түсуді айтыңдар. Сәрсен, сен сонымен мединститутқа баратын болдың ба, әлде ойландың ба? Үшеміз бірге оқиық та, пединститутқа жүрсейші, – деді Шахмардан досына қарап.
– Жоқ, менің дәрігер болғым келеді. Бір қаладамыз ғой, кездесіп тұрамыз... Асан, сен не істейтін болдың? – деді Сәрсен.
– Шахмардан ҚазПИ-ге барайық дейді ғой, мұғалімдіктің училище- сін бітірдік, енді институтын да бірге оқиық дейді, – деп Шахмарданға қарады.
Үшеуі де үнсіз. Көздерін көкжиекке тіреп алған. Домалақ жер дөңгеленіп-дөңгеленіп, дөңгелек астына түсіп жатыр. Санадағы сан-
46 Шахмардан Есенов
сыз арман-қиял қанатына мініп-ап, сонау-сонау алысқа алып-ұшып барады. Кеудесін қайқайтып алған қара пойыз жаздың аңызақ желін қақ айырып алға өрши ұмтылады.
«Өмір» деген ұлы керуенге енді ілескен үш жасөспірім арман қанатында Алматыға қарай ұшып келеді...
Пойыздан түскен оларды ұшар басына ақ кимешек киген қарт ана – Алатау қарсы алды. Күн қайнап тұрса да, тау басындағы қар ерімеген. Шахмардан тауға қарап тұрып: «біздің Қаратаудың басында ғой, өмірі қар жатпайды, ерте көктемнен-ақ еріп кетеді. Қызық», – деді. Соғыстың табы сезіледі. Вокзал басындағы қара қалпақ радио саңқылдап, майдан хабарларын беріп тұр. Әрлі-берлі сапырылысқан адамдар. Киімдері де жұпыны, жүздері де сынық. Асан мен Сәрсен ин- ституттарына асықты. Енді кешіксе, жұмыс бітіп, жатақханадан орын ала алмай қалулары мүмкін.
Шахмардан әкесінің інісі Бабабектің қызы Аяш әпкесінің үйіне бармақшы. Шахмардан егделеу келген ер адамнан жөн сұрады. Ол бәрін, қалай бару керектігін түсіндіріп берді. «Менің балам кетіп бара жатыр, күтіп алыңдар, оқуға түсіріңдер!» деген базынаны Жорабек қарындасы Аяшқа айтпады. Айтатын несі бар, бәрі де түсінікті емес пе?! Бөтен біреу болса екен, тәтпіштеп айтып, көмек сұрап жалпақтайтын. Өз туысы емес пе. Әкесі Шахмарданның қолына Аяштың адресін ұстатты да, «жолың болсынын!» айтып, пойызға салып жіберді.
Сұрай-сұрай Меккені тапқан қазақтың ұланы емес пе, бірер сағаттың ішінде-ақ Шахмардан қолындағы көрсетілген адреске келді. Бес қабатты үйдің үшінші қабатына көтеріліп, есік қақты. Ешкім аша қоймаған соң, есікті ішке қарай итеріп еді көп адамның дабырлаған дауысы шықты. «Басқа үй болар?» Шахмардан тосылыңқырап есік алдында тұрып қалғанмен, әпкесі Аяштың үйін дұрыс тауып тұр еді. Сөйткенше болған жоқ, арғы жақтан бір әйел адам шықты. Есік алдында ұзын бойлы, әдеміше келген жас өрен тұр. Екеуі де бірін- бірі таныған жоқ. Қайдан танысын, олар бірін-бірі жаңа көріп тұрса. Аяш ауылдан кеткенде Шахмардан әлі туылмаған болатын. Аяштың әкесі Бабабек 1926 жылы қылшылдаған қырықтың ішінде қайтыс болып, әкесінің ағасы Жорабек қолында тәрбиеленді. Ер жетіп, есейген соң бар салмақты Жорабек ағасына салғысы келмей жұмыс іздеп Қызылордаға, одан әрі Алматыға келді, Ғылым Академиясының шаруашылық жағын басқаратын Сыдықов Тәңірберген деген азаматқа
Талаптың мініп тұлпарын 47
тұрмысқа шықты, балалы-шағалы болды. Жаңадан құрылып жатқан Ғылым Академиясының мың-сан шаруасын шешемін, академик ағасы Қаныштың сенімінен шығамын деп жүріп Тәңірберген жары Аяшты төркіндетуге де мұршасы келмеді. Туыс іздеп, ел қыдыратын мүмкіндік те болды ма ол кезде. Түсініксіздеу бір қоғам орнап, «балапан басымен, тұрымтай тұсымен» болып кетпеді емес пе.
– Қалқам, кім керек еді? – деді әйел.
– Мен Шиеліден келдім, Жорабектің баласы Шахмарданмын, Аяш әпкемді іздеп келдім, – деді, әрі қысқа, әрі нұсқа баяндап. Сол сол-ақ екен Аяштың түрі бозарып, даусы дірілдеп, Шахмарданды «бауы- рымдап!» бас салды. Талайдан жиналған сағыныштың өксігі кеудесін кернеп, көз жасы болып ағылды. Үйдегі қонақтардан қысылғандай, тұншығып-тұншығып жылады. Қайтсін, ағайын-туманы көрмегелі көп-көп жылдар өтіп кетті. Не керек, үйдің іші әп-сәтте абыр-сабыр болды да қалды. Аяш Шахмарданның қолынан жетектеп, бір топ қонақтар отырған үлкен бөлмеге әкелді де, «менің төркінім!» дегенді іштей айтып, аса бір мақтаныш сезіммен оны таныстырды. Әкесі Бабабекті, ағасы Жорабекті еске алды, туған топырақты сағынғанын сездіріп, көңілі босады.
Шахмарданды стол басына, дастарханға отырғызды. Ол отыр- ғандарға көз тоқтата қарады. Үш әйел, үш ер адам. Жұбайлар болар деп топшылады. Қақ төрдегі шашы толқындалып, маңдайы жарқырап, ақжарқын отырған адамға басқалардың ілтипаты ерекше.
«Қанеке, Қанеке!» дейді өзеуреп. Әдемі киінген, сыпайы сөйлейтін бұл адамадарға Шахмардан, шыны керек, қызыға қарап қалыпты. Ауылдағы жерлестеріне ұқсамайды, бұларда паңдық, зиялылық бар. Тамақ алып, осылай өз ойымен өзі әлек болып отырған оған жездесі Тәңірберген:
– Қалқам, жолың болады екен. Қандай жақсы адамдардың үстінен түстің, дәмдес болып отырсың... төрде отырған ғалым ағаң Қаныш Сәтбаев... – деді де осы үрдіспен қалғандарын таныстырып шықты. Бәрі мықты. Олардың есіміне тіркеліп жатқан бұрын Шахмардан көп ести қоймайтын кілең «профессор-доктор-директор...» деген атақ пен лауазым.
Бәрінің шыққан тектері қазақ ауылы болғандықтан ба, әлде қалалық мәдениеттің көрінісі ме, әйтеуір, Шахмарданды жылы қабылдап, жақсы ықыластарын аямай жатыр. Аяшта жан қалған жоқ, өлген әкесі
48 Шахмардан Есенов
тіріліп, барша Шиелі мен Тартоғай көшіп келгендей: «іш, же» деп, құрақ ұшып жүр.
Әңгімені баппен айтып отырған Қаныш бір кезде Шахмарданға барлай бір қарады да:
– Иә, қалқам, қандай оқуға келдің? – деді Шахмарданға. Алматыға келген жастың бәрі оқу іздеп келеді ғой дегендей.
– Педучилищені бітірдім... ҚазПИ-ге түсем бе деймін, – деді. Үнінде өзіне-өзі сенетін адамның екпіні бар. Бұл Сәтбаевқа ұнады. Жыл сайын оқу іздеген жастардың көбейіп келе жатқаны, ертең соғыс бітсе, одан да зор болатыны, қазақтың болашағы хақында түрлі әңгіме айтыла бастады. Шахмардан бұл әңгіменің бәрін тапжылмай отырып, зейін қоя тыңдады. Жасөспірімнің бұл қылығы да Қанышқа ұнады. Бір кезде:
– Шахмардан, сабағың қалай, педучилищені қалай бітірдің? – деді.
– Жақсы аға, беске бітірдім, – деді Шахмардан.
– Математика мен физикаға қалайсың? – деді Қаныш.
– Бәрі де бес қой, аға.
– Аяш, Тәңірберген, сендерге тапсырма, мына Шахмарданды геолог жасауымыз керек, қазір мұғалімдер көбейді ғой, жетіспей жатқан барлаушы-геологтар! Қазақ балалары түсінбейді, бара бермейді... сондықтан сендер балаға түсіндіріп, документін барлау факультетіне тапсырыңдар, – деді. Өзімсінгендіктен сөз саптасында бұйыру бар. Қалған қонақтар «Қанекеңдікі дұрыс, Қанекеңдікі дұрыс!» – деп, қолпаштап кетті. Бар әңгіме-пейілдің өзіне ауғанына Шахмардан ыңғайсызданып қалды.
Не керек, жан-жақтан жамырай айтылған «...өзгелерден қалып барамыз, басқалар билеп кетеді... жастарды тәрбиелеу керек... Қазақ- стан – тұнған байлықтың отаны...» – деген сиықты әңгімелерді Шах- мардан бірінші естіп, бірінші тұшынып отыр. Қызық. Тура бір бәрі Шахмарданның келуіне орай, оның қандай оқуға түсу керектігін талдап-талқылауға арнайы жиылған секілді. Табиғатта таң қалатын тылсым тіршілік көп қой. Ал, осындай тосын кездесу өміріңді үш жүз алпыс градусқа өзгертіп жатса, таң қалмағанда не істемексің?!
Не керек, отырыстың соңында Шахмардан академик Сәтбаевқа құжаттарын тау-кен факультетіне тапсыратынына уәде беріп қалды...
Ол кезде емтихан да соншалықты қатал болмайтын. Оқу іздеп, та- лаптанып келген жастың меселін қайтармай, институтқа ала беретін
Талаптың мініп тұлпарын 49
кез еді. Сыры біреу – тез арада оқыған, білімді түрлі мамандық иелерін өсіріп, өндіріп шығару, білімді-білікті елге айналу. Мектепті онсыз да жақсыға бітірген Шахмарданға мұндай жеңілдіктің қажеті бола қойған жоқ, емтихандарын ойдағыдай тапсырып, Кен-металлургия институтының геология факультетінің студенті атанды.
Студент кезінде Шахмардан тек қана білім қуды, ірі, лауазымды қызметтерді ғана көкседі десек, тіптен артық айтқандығымыз болар еді. Ол да жас болды, албырт болды, қызығы көп Алматыны аралап, жерлестерімен кездесіп, қызық қуып кететін кездері де болыпты. Негізі Шахмардан жас кезінен-ақ өте белсенді, көпшіл, адамдармен тез танысып, тез араласып-құраласып кететін, ақжарқын жас болыпты. Бұны білетіндер айтады. Ал, Абай айтпай ма:
Есіңде бар ма жас күнің, Көкірегің толық, басың бос, Қайғысыз, ойсыз мас күнің, Кімді көрсең – бәрі дос.
Несі бар, жастық шақ адамға қызық қуу үшін, болашағыңды армандап, қиял қанатында шарықтау үшін берілетін өте бір әдемі кезең емес пе?! Адам өмірінің қызықты және жеке адам ретінде қылыптасатын тұсың. Сол тұста кіммен кездесіп, кіммен дос болсаң оның сенің өміріңе етер әсері де аз болмайды.
Бізге бір оқиғаны Ізтілеуов Серғара аға былайша баяндап берді:
– Бірде Алматыға іссапармен бардым. Ол кезде қонақ үйге бару дегенді білмейміз, туыстарды жағалаймыз ғой баяғы. Содан әпкеміз Аяштың үйіне бардым. Обалы не керек, бәрі де құрақ ұшып қарсы алды. Тез арада ас әзірлеп, дастархан жайып тастады. Шахмарданның осы үйде жатып оқитынын білемін, бірақ көзге көріне қоймады. Біраз уақыт өткен соң шыдамым таусылып «Шахмардан қайда?» дедім Аяшқа. Ол үндемеді. Жымиып күлген жездеміз Тәңірберген: «Ол Аяштың қаһарына ұшырап, қамалып отыр», – деді. Мен түсінбей, шошып қалдым. Онымды түсіне қалған жездеміз: «Жоқ, ол үйде, басқа бөлмеде қамаулы отыр. Біраз қызық қуып, сабағын жіберіп, бағасын төмендетіп алыпты...» – деді, Аяшқа бір қарап қойып. Аяшта үн жоқ, төмен қарап шайын құйып отыра берді. Не керек, сол жолы мен ауылға Шахмарданды көрмей-ақ кеттім.
50 Шахмардан Есенов
Обалы не керек, жандары жәннатта болсын, әпкеміз Аяш пен жездеміз Тәңірбергеннің ауылдан барған, көп нәрсенің мәнісін біле бермейтін бала Шахмарданға көрсеткен қамқорлығы, тәлімі, тәрбиесі мол еді...»
Иә, ол кісілердің Шахмардан өмірінде алатын орынын біз де жоққа шығара алмаймыз, оны өзі де жоққа шығарған емес. Жақсылықты қасиеті жоқ адам ғана ұмытады. Алға оза тұрсақ та, айта кетейік, әруақтары риза болсын. Өмір шіркін бір орында, бір қалыпта тұрған ба? Ол бір ұстараның жүзіндей қылпылдап, тәртібі мен талабы күнде өзгеріп тұрған кез еді ғой. Ғұлама ғалым Сәтбаевқа жоқтан өзгені кінә етіп тағып, президенттіктен түсірді. Артынша Сәтбаев кадры деп, талайға таңба басып, көп ғалымды қуғынға ұшыратты. Солардың ішінде Академияның шаруашылық жағын басқаратын Тәңірберген де бар еді. Қызметтен алды, кінәлі етті... Доспыз деп жүргендер Күн төбеде тұрғанда ғана екен, шамалы бұлт айналып еді, көлеңке секілді жоқ болып кетті, кейбірі жай кетпей, сатып кетті. Қасында қалған Шахмардан ғана болды. Жездесін Жезқазғанға шақырып, жұмысқа орналастырды, жаңадан үй алуына көмектесті, не керек, қолынан келген қамқорлығын аямады.
Шыны керек, Шахмарданның жеке тұлға болып қалыптасуына жездесі Тәңірберген мен Аяш әпкесінің ықпалы аз болмады. Өз еріктері өзінде, қалай болса солай жауапсыз жүріп-тұрып, ақырында жаман жолға түсіп, оқу да жоқ, диплом да жоқ ауылға қайтып барған талай баланы көргенбіз. Шахмарданда ондай «еркіндік» болмады, әпкесінің үйінде тұрды. Жездесі Тәңірбергеннің шаңырағы қонақтан арылмай- тын. Ол осы үйде небір оқымысты-ғалымдар, ақын-жазушылармен кездесті, әңгімесін тыңдады. Көрудің өзі көп нәрсе. Біздің бабалары- мыз баласын айтумен емес, іс-әрекетімен, тіршілігімен тәрбиелеген. Шахмардан да солай болды. Шындығында, осы үйде ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевпен кездеспесе, Шахмардан пединститутқа түсіп, ұстаздық жолды қуып, үлгілі ұстаз атанатыны даусыз еді. Біз бұдан ұстаздық мамандықты кеміткелі, төмендеткелі отырған жоқпыз. Айтпағымыз – Қаныштай ағаның артықшылығы, елдің болашағын ойлауы, жастарға деген қамқорлығы, бәрінен де Адам тану қабілеті- нің зорлығы. «Жақсыдан шарапат» деген осындайдан кейін айтылса керек.
Мысалы, Қазақтың белгілі ақыны Әбділда Тәжібаевпен Шахмар- дан осы шаңырақта танысып, бір-біріне ағалы-інілі болып жүретін.
Талаптың мініп тұлпарын 51
Әбділдә ақын жас Шахмарданның талабына, алғырлығына сүйсінетін де, жанына жақын тартатын. Ағаның осы пейілін сезетін ол өзі оқу бітіретін кезде Алматыға келген әкесі Жорабекті таныстырмақ болады. Бір күні Шахмардан:
– Әке, мен Сізді қазақтың мықты ақыны Әбділда Тәжібаевпен таныстырғым келеді, – деді.
– Е, оны сен қайдан танисың?
– Жақында ол кісі біздің үйде қонақта болды, Сыр өңірінің тумасы екен ғой... әңгімені жақсы айтады, білмейтіні жоқ, – деді әкесін қызықтырып.
– Барсақ барайық. Мынау қайдан келген шал деп қабылдамай жүрмесе, – деді әкесі Жорабек. Танымайтын адамға барып ыңғайсыз болып қалмасын деген ойын жеткізіп.
– Жоқ, әке, ол кісі ондай адам емес, қарапайым.
– Негізі ақын-жазушы деген қарапайым болу керек, әйтпесе ол халық өмірін қайдан, қалай біледі. Жазатыны халқы емес пе... – деді, Жорабек әдебиеттен, оның ішінде ақын Әбділда өлеңдерінен хабардар екенін білдіріп. Шахмардан әкесінің осы қабілетін білгендіктен де ақын мен ақынжанды адамды кездестіргісі келіп тұр, – Барсақ барайық, ондай адамдарға ауылдан келген біздер сәлем бергеніміз жөн де шығар, балам... кеттік! – деді, көңілденіп.
Жаздың жаймашуақ күні. Алматы барынша әдемі болып кеткен. Көшелері түп-түзу, таза. Айнала көк-майса, гүл, арықтағы су сыл- дырлап жаздың жырын жырлап жатыр. Әкелі-балалы тауға баратын автобусқа келіп отырды. Көңілдің көк кептері аспанда. Ақынды ақынжанды адам іздеп барады. Бір кезде ақын демалып жатқан санаторийға да жетті. Бұл жердің табиғаты мүлдем маужырап тұр. Жеміс ағаштары мәуесін көтере алмай, бастарын жерге салған. Ұшар басындағы ақ орамалын жаздың ыстығы ала-құла етсе де, Алатау тәкаппар, асқақ тұр. Таудың дәл етегіне келді.
Қызық, дәл осы кездесу жайлы кейіннен Әбділда ақын естелік жазыпты. Кез келген кездесуді жаза беретін талғамсыз ақын емес қой, тегінде жүректі тербер бір оқиға болған-ау. Оқып көрелік. Ақын естелігінің көлемі біраз екен, кітапқа оның бәрін беру мүмкіндігіміз болмағандықтан, үзінді ғана ұсынамыз:
«...Қай жылы екені дәл есімде жоқ. Ертеректе институтта оқып жүргенде Шахмардан таудағы Үкімет саяжайында тұрған бізге әкесін ертіп кепті.
52 Шахмардан Есенов
– Аға, – деді маған Шахмардан, – мен Сізге аға тауып әкелдім, қабыл алыңыз, туысқаныңызды!
Мен ағама сәлем беріп құшағымды аштым, ол мені шын ықыласы- мен кең дүниедей кеудесіне басты.
Сыпайыгершілікті қашанда берік ұстанатын ағамыз баласымен бірге қайтқанын жөн көретінін, бізбен білісіп, танысқанына ырза екенін айтты.
– Қойыңыз, аға, – дедім иығынан басып қайта отырғызып, – Кірген үйінен шай ішпей шығу сізге жараспайтын болу керек, таудай ағасына шай бермей шығару бізге де жараспайтын шығар, – дедім.
Аталы сөз айттың інім, – деді Жөкең жайғаса отырып жатып, аралас- құраласымыз аз болғанмен, мен де сыртыңнан қанықпын, поэзиядағы абыройыңа тілектес, дұғағөй ағаңмын.
Біз Жөкеңмен осылай әңгімелесіп, шайға бара бергенімізде демалыс үйінен менің өлеңдерімді орысша аударып жатқан ақын досыммен бірге Михаил Луконин келіп сәлемдесті.
Ағаммен ақын достарымды таныстырып шайға отыра бергенімде, мені Қызылордамен сөйлесуге телефонға шақырды. Қызылорда кітапханасында менің шығармаларыма бір бөлме бөлініпті. Соған кітап бөлуім керек екен. Осы телефондағы сөз мені он минуттай ұстады. Содан босанып қайтып келсем, дастархандағы ағаммен екі ақын досым әбден-ақ жарасып қалыпты.
– Біз орыс тілін осынша білетін орыс қарияларын Мәскеуде де сирек кездестіреміз, – деді Луконин.
– Менің ағам Тәшкен семинариясын алтын медальмен бітірген. Керек десеңіздер, «Евгений Онегинді» де жатқа айтып береді, – дедім.
– Рас болса, бұл Ресейде де сирек кездесетін оқиға, – деді дос- тарымның бірі.
– Менің інім – өтірік айтпайтын адам, оның сөзіне сенімсіздік білдіруге қарсымын, – деді Жөкең күліп.
Біз тым-тырыс отырып Жорабек ағаның жарты сағаттай «Евгений
Онегинді» жатқа оқығанын тыңдадық...
Екі алып қазақ тұр көз алдымда, бірі – інім десе, екіншісі аға дейді мені. Мен екеуіне де барлық ықыласыммен бауырлық-туысқандық сезімімді жеткізуге тырысамын.
Мен де інім деп Шахмарданға қарасам, аға деп оның әкесі Жорабек ағама қараймын.
Талаптың мініп тұлпарын 53
– Қарағым, Әбділда, – деді Жөкең мені өзіне қаратып алып, – мен Діни семинария бітірсем де қазақшылығым жоғалмаған ағайыншыл адаммын. Біздің Шиелі ауданынан ашаршылықта ауып кеткен жүз үйдей қыпшақ туыстарымыз қазір Өзбекстанның оңтүстік ауда- нының бірінде көшпелі өмір сүреді. Өкімет қыспаққа ала бастаса, тауға сіңіп кетіп, тыныштық барын сезінсе, қайта кеңістікке шығатын көрінеді.
– Сен, шырағым, маған жәрдемдес, сол ұшатынын жел біліп, қонатынын сай біліп жүрген мүсәпір ағайындарға барайық, оларды қайтадан елге көшіріп әкелейік деймін. Бұған не дейсің, Әбділдажан?
– Әбден дұрыс, аға! Сізбен бірге ұзақ сапарға шығуға он күннің ішінде әзір болуға уәде беремін.
– Жүрегіңнен айналайын, бауырым, – деп Жөкең мені кеудесіне басты.
Бірақ мені Шиеліде күтпек болған Жорабек ағам сол он күннің бірінде қайтыс боп кетті...»
Табиғат ананың тылсым дүниесін пендесі түсініп бола ма?! «Ақын інісімен кездесіп, Жорабек өмірден озар алдында бой жазғандай болыпты-ау, жарықтық!» деп, жатты бұны естіген үлкендер.
***
Бұдан арғы сөзді жастық шақтың, студенттік кезеңнің қызығы мен шыжығын бірге көріскен, бір-біріне адал дос, әрі әріптес бола білген Сыдықов Жүргенбек баяндайды. Ол студент Шахмарданның болмыс-бітімін біз бен Сізге бар болмысында жеткізеді. Естелік орыс тілінде жазылғандықтан біз де сол қалпында оқырманға ұсынуды жөн көрдік:
«...в сентябре 1944 г., когда я впервые с ним встретился, шла еще жестокая война.
Среди молодых парней и девушек, только что ставших студентами геологоразведочного факультета Казахского горно-металлургического института, особо выделялся он – высокой, стройный, красивый, веселый. Мне, вернувшемуся с фронта инвалиду войны, бывшему намного старше, он очень понравился. Хотелось близко познакомить- ся с ним. Это не представляло особой сложности ввиду его откры- тости, общительности. Началась дружба, которая укреплялась в годы
54 Шахмардан Есенов
студенчества и потом – до самого конца его замечательной жизни, к общему огорчению, рано прерванной.
Среди молодежи, оставшейся в институте после трудных экзаме- нов первого семестра, пожалуй, самым активным во всех студенче- ских делах и учебе был Шахмардан. Мне особо запомнилась его ак- тивность, любознательность, большой интерес к своей будущей спе- циальности во время первой полевой геологической практики после окончания второго теоретического курса. Она проходила в области Кетменского хребта, в Уйгурском районе, под руководством нашего ныне покойного учителя, замечательного педагога, доктора, профес- сора, позже академика Евгения Дмитриевича Шлыгина.
Здесь Шахмардан, физически наиболее сильный и самый ини- циативный в делах, несмотря на определенные бытовые трудно- сти и неустроенность, среди студентов-практикантов (их было около сорока) был вожаком и фактически первым помощником руководите- ля практики. Не было случая, чтобы он вместе с друзьями возвращал- ся с намеченного профессором повседневного маршрута без тяжелого груза, кусков камней разных цветов и твердости. Он всегда показывал их опытному наставнику-профессору, когда тот не бывал в маршрутах вместе с нами , спрашивал и выяснял, что к чему, нанося точки отбора на топографическую карту и что-то записывая в тетрадь.
Во время некоторых маршрутов, а также в дни отдыха он находил время для беседы с местными пожилыми жителями об их нелегкой жизни, об интересных, с его точки зрения, природных объектах, формах ландшафта и названиях, не избегая разговора и с аульчана- ми о возможности закупки продуктов питания для нашего коллектива, порою небезуспешно. В этой связи вспоминается такой эпизод.
Однажды, в выходной день, он договорился с чабаном в горах о выгодной покупке одного барана для нашего коллектива. Чабан при- гласил его вместе с близким другом в гости. Шахмардан взял с собой меня, и мы после сытного угощения с позволения хозяина выбрали вполне взрослого барана. Оказался он, к сожалению, весьма ленивым, нам, главным образом Шахмардану, пришлось тащить его на себе почти все 20 километров до лагеря. Наши друзья были очень довольны, а мы чуть не падали от усталости.
Был еще довольно смешной случай. В очередной раз возникла не- обходимость обменять какую-то вещь (в ней тогда остро нуждались
Талаптың мініп тұлпарын 55
местные люди) на продукты. Для этой цели у Шахмардана подходил прорезиненный плащ, а у меня – солдатская шинель. Посоветовав- шись, решили обменять мою шинель, более дорогую, однако Шахмар- дан, несмотря на мои возражения, настоял, чтобы я взял у него плащ, поскольку у меня не было другой теплой одежды. Действительно, с на- ступлением прохладной дождливой осени мне пришлось носить этот длинный плащ без какой-либо переделки. Люди, знающие мой рост в сравнении с высоким ростом Шахмардана, могут представить тог- дашний мой силуэт в этом плаще – живое чучело! Тем не менее я его носил до зимних холодов. Но это не вызывало у окружающих особого удивления. Время было такое...
Подошла пора завершения полевой практики. Надо было по итогам многодневных маршрутов составить полевой отчет с геологической картой района нашей практики и пояснительной запиской к ней. Однако прошло почти два месяца и осталось всего два дня до приезда транспорта за нами, но задание все еще не было выполнено.
И тогда мы, собравшись, решили срочно создать от коллектива «каме- ральную группу» по составленю отчета из четырех наиболее активных практикантов во главе с Есеновым. Возражений не было, всем хотелось быстрее вернуться в город. Группа работала днем и ночью при свете керо- синки в тесной палатке. Для работы не было специальных пособий – гео- логической карты и литературы по району. Достали у нашего руководите- ля лишь старую обзорную работу крупного геолога Николая Григорьеви- ча Кассина 1926 года издания по результатам гидрогеологических иссле- дований, произведенных в районе Кетменского хербета и бассейна реки Чарын с 1915 г. Вот тут-то и пригодилось то примитивное описание сотен образцов горных пород и местности, нанесенных на топооснову, выпол- ненное Шахмарданом и некоторыми другими внимательными практи- кантами, которое ранее было просмотрено и определено профессором, а также геологическое положение места отбора этих образцов.
Итак, составлены карты и записки, отчет в целом одобрен руково- дителем практики. К радости, все мы были готовы к возвращению в город, к приезду транспорта. Кстати, эту нашу карту Евгений Дмитри- евич сохранил и показал нам через несколько лет, когда мы уже закан- чивали институт.
В начале нового, третьего, учебного года по инициативе того же
Есенова, уже имевшего некоторый практический геологический вкус,
56 Шахмардан Есенов
при поддержке декана геологического факультета, замечательного педагога, известного геологоразведчика республики Василия Пет- ровича Гуцевича, был создан студенческий геологический кружок. Одним из его руководителей стал Есенов Шахмардан. Кружок работал довольно регулярно и полезно, докладывались результаты студенчес- ких полевых работ. Доклады ряда участников кружка позже, в част- ности в 1948 г. на первой общегородской студенческой научной кон- ференции, были высоко оценены, отмечены премиями и похвальны- ми грамотами Министерства вышего образования СССР. Некоторые из авторов этих докладов по окончании института были оставлены аспирантами незадолго до того созданной республиканской Академии наук».
(«Наш Шахмардан», «Ғылым» баспасы, 1997 ж.)
Міне, осылай студент жолдастарының арасында Шахмарданның бойы да, ойы да озық, сүйкімді, көпшіл, ашық-жарқын мінезі оны топ ортасынан оздырып тұрды. Институттың қоғамдық өміріне белсене араласты, факультеттің қабырға газетін шығарды, түрлі ме- рекелерде шаралар ұйымдастыру оның сүйіп істейтін ісі еді. Ал, ғылыми-зерттеу жұмыстар жазып, институтаралық, қалалық ғылыми- конференцияларға қатысып, дипломдармен талай рет марапатталды. Не керек, ол өз факультетінің қозғаушы күші, жақсы істердің баста- машысы бола білді. Бұның бәрін тізіп айтуымыздың себебі, осындай қоғамдық жұмыстар оның болашақта ғалым-геолог-инженер болып қалыптасуына, өсуіне әсері мол болды.
Қазақстанда 1946 жылы Ғылым Академиясы құрылып, бұрынғы
«филиал» дегеннен құтылып, ғылымның жеке шаңырағы көтерілді. Осы кезде институтты жақсы бітірген, талабы бар жастарды көптеп Академияға қалдыра бастады. Міне, солардың қатарында Шахмардан да болды. Бірақ, бәрі тағы да табан астынан өзгерді. Анығын айтқанда, Шахмарданның институт бітіруін атап өтпек болып әпкесі мен жездесі қонаққа Қаныш достарын шақырды.
Көп емес, үш-төрт кісі ғана отырып, дәм татылды, әңгіме-дүкен құрылды. Бұл жолы баяғы оқуға түсердегідей емес, Шахмарданның
«болашағы» талқыға түспеді. Тек қонақтан қайтар кезде Қаныш аға:
– Шахмардан, ақыры бос екенсің, ертең Мәскеуден келген академик
Бардин екеуміз Жезқазғанға ұшқалы отырмыз, сен бізбен бірге жүр.
Талаптың мініп тұлпарын 57
Сен білесің бе, қазақта атқосшы деген сөз бар. Атқосшылықты баяғының байлары мен билері, тек хандары ғана ұстаған. Біз би де, хан да емеспіз, бірақ сенің көмегің керек, жүр бізбен. Шахмардан, сен біліп қой, атқосшылыққа кез келгенді ерітпеген олар, – деп, жарқырай күлді.
Қаныш ағаның жеңіл әзіліне қалғандар желпілдей күлісті. Апасы Аяш: «Барсын, барсын, Қанеке! Сізге атқосшы болса арманы не?» – деп, ағынан ақтарылып жатыр.
Содан ертеңіне академик Қаныш Сәтбаев бастаған бір топ ғалым
Жезқазғанға ұшты. Араларында «атқосшы» Шахмардан да бар еді...
Үшінші бөлім
Е
ЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕ ЕЕЕЕЕЕ ЕЕЕЕЕЕЕЕ
«Қазақстанның байлығы мол, бірақ шексіз емес. Ұқыпты, білімді, байлығымызға шын жаны ашитын азамат, сосын мамандар керек.
Әлі де шала ұйқыда жүрген жігіттерді көр- генде ішің ашиды.
Дегенмен, олардың намысына тиіп, санасын оята беру керек!»
Достарыңызбен бөлісу: |