«Қазақ мұнайының а р дақтылары»



жүктеу 53,32 Mb.
бет14/47
Дата13.11.2017
өлшемі53,32 Mb.
#35
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47
Кунаев Д.А.
(Стр. 159, ф. 708, о. 34, д. 206).
***
Программа
Конференции МГ и АН СССР, МГ и АН КазССР и АН КазССР, посвященной рассмотрению проблем, связанных с комплексным из- учением и освоением минерально-сырьевых ресурсов Мангышлака и смежных с ним районов.

1. Минеральные богатство Мангышлака и задачи их народно- хозяйственного освоения.

Министр геологии и АН СССР П.Я. Антропов

Министр геологии и АН КазССР Ш.Е. Есенов
2. Структурно-тектоническое положение Мангышлака и его глу- бинное строение.

ИГН АН СССР акад. А.Л. Яншин
3. Геологическое строение и нефтегазоносность Мангышлака. Про- грамма форсированного выявления промышленных запасов и пер- спектив нефти и газа на Мангышлаке.
ВНИГРИ Дьяков Б.Ф.

ЭКГУ Имашев Н.У.

104 Шахмардан Есенов
Конференцияда бас-аяғы отызға жуық ғалымдар мен мұнай ма- мандары сөз сөйледі (оларды біз қысқартып беріп отырмыз), ойларын ортаға салып, бағдарламада көрсетілген мәселелер түгел және жан- жақты талқыланып, тың пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Не дегенмен, бұл конференция Ембі мұнай өнеркәсібінің тағы бір белеске көтерілуіне дем берді.

Ал жас министр Шахмардан Есенов үшін ерекше болды. Бұған дейін оны білімді геолог-инженер, барлаушы ретінде танып келсе, бұл жолы нағыз ұтқыр ұйымдастырушы, іскер министр екенін білді. Бұрынғы беделіне бедел қосылып, ел құрметтісіне айналды. Орталық Геология министрлігінде, Мәскеу, Алматы партия, Үкімет басшыла- ры алдында Ш. Есенов абыройы арта түсті. Әсіресе, атақты геология ғылымының білгірі, академик А.Л. Яншиннің жас Шахмарданды қолдап, қолпаштап сөйлеген сөзі оның абыройын асқақтатып жіберді десе де болады. Ол ғылыми конференцияда басты сөйлеушілердің бірі болды, Қазақстан кен байлығының түрлі пробемаларына тоқталды, шешу жолдарын айта келіп, сөзін былайша аяқтады:

«Мен министр Есеновті білмеймін, – деді бірден. Мына шал не бүлдірейін деп тұр дегендей, жұрт елең ете қалды. Ол сөзін жалғап, – Менің есімде, осыдан оншақты жыл бұрын аяғында керзі етігі, үстінде фуфайкасы бар бір жас жігіт Жезқазғаннан Мәскеуге келді. Ол өзін менсініңкіремей отырған мәскеулік маңғаз ғалымдарды орыс тілін жатық білетіндігімен, геология саласындағы жаңа ойларымен таң қалдырып кеткені бар-ды. Міне, мен тұлғасы биік, өңі сұлу, «мен боламын!» деп, жанарынан ұшқын атып тұрған 26 жастағы жас Шах- марданды сол кезден білуші едім. Ал, бүгін сол жастың «Министр Шах- мардан Есенов» атанып, мынадай маңызды жиын өткізіп жатқанын көріп, шын қуанып тұрмын. Бұл менің Шахмардан үшін екінші рет қуана тұрып, қол соғуым! Талантты тани білу де – талант, сондықтан Қазақстан басшыларына рахметімді айтамын! Осындай дарынды жастарды өсіргеніміз дұрыс. Мына біз сияқты, миы кепкен шалдар- дан енді ештеңе шықпайды, кедергі жасағаннан басқа... сондықтан, осындай жастарға, Есеновке сәттілік тілейік! – деді, сөзінің соңын қалжыңға ұластырып. Академиктің сөзіне риза болған залдағылар дүр етіп қол соғып жіберді. Мұндайда Шахмардан қалыс қалсын ба, дүрліккен елді әрең басып:

Бір ғылым еді іңкәрің...

105


Александр Леонидович, ұлы Ломоносов Елизавета патшайымның таққа отыруына орай жазған одасында:
Науки юношей питают, Отраду старым подают,

В счастливой жизни украшают, В несчастый случай берегут...
деген еді. Ал, егер «кепкен мидан» кешегі айтқан жаңалықтарыңыз шығып жатса, ауыстыруға болады, деді. Онсыз да осындай желпіністі қажет етіп отырған көпшілік көңілі Шахмардан жауабынан кейін шарықтап кетті. Мәз болып, қол соғып, арқа-жарқа болып қалысты. Ғұлама ғалым Яншин Шахмарданның қолын қысып, арқасынан қақты. Осы кезден бастап екі ғалымның арасындағы ресми қарым- қатынас биік бір сатыға көтеріліп, үлкен адами достыққа ұласып кетіп еді. Өте тығыз қарым-қатынаста, аралас-құраласта болды. Оған біздің көзімізді жеткізген екеуінің бір-біріне жазысқан хаттары. Жұмыс барысындағы ресми хаттар да көп, олар Академия мұрағатында қаттаулы, сол уақыттың тыныс-тіршілігін, ғылым мен ғалым өмірінен сырын шерткелі дайын тұр.

Не дегенмен, лауазымды адамның сөзінде бір құдірет бар. Ғұлама ғалымның жақсы сөзі жас Шахмарданды қанаттандырып, алда тұрған көп істі, көп проблемаларды шешуге құлшындыра кірістіріп еді.

Ең бірінші ол мына мәселені шешті. Бар салмақ «Маңғыстау- мұнайгазбарлау» тресіне түсіп тұрды. Сондықтан да министр Есенов Форт-Шевченко қаласына орналасқан тресті жаңадан ашылып жатқан кен орындарына жақын Ералиев поселкесіне көшіру керектігін ұсынды. Хатшы Н. Оңдасынов қолдады. Ақырында олар жоғарғы жақты осыған зорға дегенде көндірді, сосын көшірді.

Иә, бұның бәрін бүгін айтуға ғана оңай. Бар болғаны 33 жасар министр Шахмарданның, тікелей іске жауап беретін басшының орнына өзіңізді бір сағатқа қойып көріңізші. Қорқынышты! «Қазақстан Респуб- ликасы» деген аттың атағын аспандатуға да болады, «қазақтар мұнай өндіруді білмейді!» дегізіп, ұятқа қалдыруға да болады. Жан-жақтан андыздап, Маңғыстаудың мол мұнайына көздері түсіп, көңілдері кетіп тұрғандарды сезді, олар сездірді. Сол-ақ екен, ол «бар шаруаның басы- қасында өзім жүруім керек» деп, Алматыдан Маңғыстауға жиі келетін

106 Шахмардан Есенов
болды. Мақсат министр міндетін мінсіз атқару, ұятқа қалмау, ел-жұрт сенімін ақтау.

Сол кездегі аз ғана ұлттық кадрдың бірі болып Өзен геологиялық барлау экспедициясына 1963 жылдың наурыз айында келіп, оператор- коллекторынан Бас геологына дейін көтерілген Жылқайдаров Сайлау- дың сол жылдардан айтатын, бүгінгі жасқа үлгі етіп ұсынуға болатын әңгімесі аз емес екен. Соның бірін бізге былайша баяндады:

«Шырағым, ол кездің ұшағының ұшысы да қызық. Алматыдан шыққан самолет жол-жөнекей біраз қалаларға қонып, жолаушылар алып, өлдім-талдым дегенде, он сағат ұшып зорға Ақтауға жететінбіз. Сонда деймін-ау, Алматыдан аптасына екі-ақ рет ұшатын самолеттің бірімен министр Есенов келіп, апталап, айлап Жетібай мен Өзенде, дала қосында барлаушылар ортасында жататын. Барлаушы, бұрғышы, геологтар... не керек, мамандардың басын жертөле жанына жинап, жиналыс өткізетін. Бұрын-соңды министрлердің бұлай жүргенін көрмеген халық Шахмарданның қарапайымдылығына, өз жұмысына деген жауапкершілігіне, мұнайшылар мен барлаушыларға деген құрметіне риза болды.

Әсіресе, Қазақстан Геология министрлігі 1963 жылдың қараша- желтоқсан айларында Өзенде барлау жұмыстарының қарқынды жүргізілуіне бар күшін салды. Жұмыстың әр саласына жауапты қызметкерлер, министрліктің басқарма бастықтары, барлауға септігі тиетін басқа экспедицияның мамандары түгелдей Өзеннен табылды. Ал Геология министрі Шахмардан Есеновтың өзі сол жылы Өзенде қыстады десем, артық айтқандық емес. Ол барлау жұмыстарын өз қолына алып, басқарып, мұнай қоры МҚК-да бекітілгенше Өзеннен кетпей, жұмысты ұйымдастырды, барлауға керекті жабдықтардың дер кезінде келуін қадағалады.

Есеновтың бітірген ең үлкен шаруасы – 1963 жылдың соңына қарай Өзен кен орнында мұнай қорының мөлшері анықталып, КСРО Министр- лер Кеңесінің жанындағы Мемлекеттік Қор Комиссиясына (МҚК) бар ақпарат, есеп-қисап түгелімен бекітуге тапсырылды. Бірақ, олардың бекітуін, жоғарғы Үкіметтің қаулы-қарарын күтіп отырмай-ақ, мұнай өндіруді өзендіктер бастап жіберді. Ал, сол кездегі үрдіс бойынша

«МҚК» кен орнының қор мөлшерін бекіткен соң ғана мұнайды өндіруге жолдама берілетін. Министр Есеновтың батылдығы, тіптен батырлығының арқасында қаулы-қарарды күтіп жатпай, іске кірісіп,

Бір ғылым еді іңкәрің...

107


мұнайды өндіре бастады. Қазір ойлап қарасам, нағыз хас батырдың тірлігі екен ғой. Оның мұндай шешімге баруына себеп болған өз-өзіне сенімді болуы және Өзен кен орнының мол мұнайы еді.

Содан, 1964 жылдың қаңтар айында Өзеннің мұнай қоры МҚК-да бекітілді. Қор мөлшері бойынша ол сол кезде КСРО-дағы ең үлкен деген үштікке кіріп еді. Осыдан кейін «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігі құрылып, Өзеннің мол мұнайын игеруді шұғыл қолға алды. Бұл жерде Есеновтың елеулі еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды.

Тіптен, бұрын түбекте жатқан дүйім елге азық-түліктің түр-түрі толық жетпейтін. Ол келгелі тағамның, азық-түліктің түрі көбейіп, тіптен сонау субтропикалық алыс аймақтан келетін, «Марокко» деген жазуы бар апельсин мен мандарин жеп, қарық болғанымызды қайтерсіз. Бұның бәрі жаңа министрдің арқасы екенін, «ел құлағы- елу» – халық біліп жатты».

Мұнайдың мол қоры мұнайшылардың жұмысын молайтты: мұнай- дың өндірістік қорын анықтау, ол үшін терең барлап, бұрғылауды көбейту, материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту, өндіріс ашу, мұнайшылар қалашығын салу... не керек, басшыдан бастап барлаушыға дейін бастан асатын жұмысқа килікті. Өзенде сынақ жұмыстарының басы-қасында министр Ш. Есеновтың өзі жүрді. Ол қасына ұңғы сынақ басқармасының бас инженері М. Батырбаевты ертіп, сынақты тездету үшін мөлшерден артық жаңа техниканы іске қосып, ауаландыру э- рированное) әдісін, гидромуфтаны өндірісте алғаш іске пайдаланды. Техникаларды жаңартты, көбейтті. Қысқасы, осы кезеңнен бастап сан ғасыр ұйқыда жатқан Маңғыстау оянып, тіршілігі түрлене бастады.

Алайда, Маңғыстауда мұнайдың мол қорының табылуы көршілес түрікпен ағайынның қызғанышын тудырды. Қызғаныш оларды жай жатқызбады. Мәскеуге, Орталық Комитет пен Геология министірлігіне сөз тасып, «қызыл су» жүргізді. Әсіресе, Есеновты қайраған Оружевтың:

«Қазақстан мамандарының бұл іске шамасы келмейді. Маңғыстау мұнай игеруін Түркіменстанға беру керек» деген пікірі болды. Бұл сөз Қазақстан басшыларының, оның ішінде Есеновтың да намысына тиді. Сол-ақ екен, біраздан бері бір орында отырып, жайбарақаттыққа, салғырттылыққа салынып кеткен «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресі- нің түгел бастықтарын, бас инженерлерін, бас есепшісін, өндірістік бастықтарын, Жетібай, Өзен экспедиция бастықтарын орнынан босатып, түбірімен өзгертті.

108
жүктеу 53,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау