***
Елуінші жылдардың аяғында Есенов Шахмардан есімі Жезқазған өңірінен озып, талантты геолог-барлаушы, геолог-инженер ретінде Қазақстанға есімі таныла бастады. Қашанда ел үшін еткен еңбегіңе баға беріп, бақылап отыратын саяси басшылық қой. Басшылардың қолдауымен, халықтың ілтипатымен, ол 1953 жылы Жезқазған аудандық Кеңесінің депутаттығына ұсынылды, сайлады. Одан соң
1955 жылы Жезқазған қалалық Кеңесінің депутаты, халық қалаулысы атанды. 1959 жылы Шолақтау сайлау округі бойынша депутаттыққа түсіп, сайланды. Ал 1960 жылы Бүкілодақтық «Білім» қоғамының мүшесі болу құрметіне ие болды. Шахмардан күнделікті газет- журналдарды, әсіресе, әлем әдебиетін, көркем туындыларды көп оқитын. Бұл оның ішкі жан-дүниесінің сұранысы, сол сұранысты қанағаттандырудан туған жақсы қасиеті еді. Көп оқыған адамның көп білетіні заңды ғой, біз оны жасаған баяндамаларынан, жазған хатта- рынан, айтқан әңгімелерінен көрдік, таныдық.
Отбасында, Кәмила апайдың қолында сақтаулы тұрған Шахмар- дан ағаның қолжазба-құжаттарымен таныстық. Сол құжаттардың ішінен мына бір мақала біздің назарамызды өзіне аудара берді. Онда Қазақстанның бар байлығын қолмен қойғандай етіп, талдап, таратып береді. Таң қаламыз, біздің еліміз қандай бай мемлекет деп. Есенов айтқандай: «сондай байлық үстінде отырып біз неге қайыршымыз?» деген сұрақ біздің де көмейімізге келіп кептеледі.
«ҚАЗЫНАЛЫ ҚАЗАҚСТАН»
Республикадан бұрын жерінің көбі ақ селеулі боз дала болып көрінетін қасиетті қазақ жері талай сырды бойына бүгіп келіпті-ау!
Жезқазған кеннің қоймасы 83
Сағымға бөккен сары белдері, тобылғысы мен тораңғысы таралып өскен қазақтың өзі сияқты момақан қоңыр төбелері ғасырлар бойы қыңқ демей талай байлықты бауырына басып жатыпты. Әрі кетсе сұр жебелі сары садақ пен ақ сойылды қару қылған қайран бабам, сөйтіп жүріп-ақ кейінгі ұрпағына алтынға толы ақ сандықтай жерін сары майдай сақтап келіп, аманат етіп кеткен екен...
Енді келіп қарасақ, жерімізде не жоқ десеңізші! Тек өндіріске жарамды сынап пен платина демесеңіз, әлгі айтып жүргеніміздей
«Менделеев кестесіндегілердің бәрі бар» ғой, бәрі бар. Революциядан кейін қара жердің қойынын ақтарып, талай көмбенің үстінен шықтық. Сөйтіп, қазіргі біздің республикамыз, міне, бірнеше ондаған жылдар- дан бері қорғасынның, мырыштың, күмістің, вольфрамның, хромның, висмуттың, ванадийдің, бариттің, мыстың, молибденнің, марганецтің, кадмийдің, бокситтің, фосфорит пен ақкеріштің қоры жағынан Одақта бірінші орында келеді. Елімізде өндірілетін мыстың, мырыштың, қорғасынның да дені бізде. Қазақстан бұл үшеуін Англия мен Фран- цияны қосқанда өндірілетін өнімнен көп береді.
Сөйтіп, бүгінде Одақта өндірілетін қорғасынның – 60, мырыштың –
40, фосфордың – 90, минералды тыңайтқыштардың – 80 проценті біздің республиканың еншісінде болып отыр. Қазақстан көмір өндіру жөнінде АҚШ-ты, ГФР-ды және Францияны қуып жетіп, мұнайды Англия, ГФР, Франция мен Жапонияны қоса алғанда көп өндіретін болды. Ал, темір рудасын Болгария, Венгрия, Польша, Румыния мен Чехословакияны қос алғанда 5 есе, Ұлыбритания, ГФР мен Жапонияны қоса алғанда 2 есе артық өндіреді. Бұл жерде біз болашақ алыптар Теңіз мұнай кеніші мен Қарашығанақ газ конденсаты жөнінде сөз қозғап отырғанымыз жоқ. Олардың көрсетер қызығы әлі алда.
Түсті және сирек кездесетін қасиетті металдармен қатар, қара ме- таллургия үлесі де бізде осал емес. Қазақстанның кен-металлургия комплексінің Одақтың халық шаруашылығына қосар үлесі метал- дардың көптеген түрлері бойынша 10-70 процент аралығында.
Бір адамның ғана өмір жасына татырлық тарихтың аз уақыты ішінде-ақ Қазақстан Совет өкіметі жылдары «тұз басқан өмірден» (П. Семенов-Тяньшанскийдің берген бағасы) қойны толған қазына, индустриалды-аграрлық республикаға айналды. Алғашқы бес жыл- дықтың аяғында-ақ республика түсті металл қоры жөнінен – жетінші орынға, сирек кездесетін металдар жөнінен алғашқы қатарға шықты.
84 Шахмардан Есенов
Бұрын мұндай кен көздері бұл өңірлерде мүлдем жоқ деп есептеліп келген ғой.
Ал соғыс алдындағы және майдан жүріп жатқан жылдары Қа- зақстанда шикізат көздері бірінен соң бірі ашылып, жау төбесіне от болып құйылып, оқ болып борап жатты. Жауға атылған он оқтың тоғызының Қазақстанда құйылатын кезі осы тұс. Жезқазған, Қоңырат, Риддер, Зырян, Ащысай, Ақсу, Жолымбет, Бестөбе сияқты қазыналы кеніштер өз қойнын айқара ашты. Орал-Ембі өңірінен табылған мұнай көздері еліміздің энергетикалық күш-қуатын еселеп арттырды. Жалпы,
1940 жылдарға дейін Қазақстан жерінің 70 проценті геологиялық тұрғыдан толық зерттеліп картаға түсірілді.
Қазақ КСР-інің Одақтық көмір өнеркәсібін өркендетуге де қосқан үлесі аса зор. Бұл жағынан ол РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші орында. Қарағанды, Екібастұз, Торғай, Майтөбе бассейіндері сияқты республикада 42 миллиард тоннадан астам көмір қорын қойнына басқан 500 кеніш бар. Мұның сыртында соңғы кездері Шерубай-Нұра, Саран, Шұбаркөл сияқты аса қорлы көмір қабаттары табылып отыр.
Қазақстанның темір рудасы көздерінің де бүкіл еліміздің эконо- микасы үшін маңызы зор. Бүкілодақтық қордың 12 проценті біздің жерімізде. Бұл жөнінде де республика РКФСР мен Украинадан кейін үшінші орында.
1949 жылы Торғай ойпатында темір қорының табылуы ірі жаңалық болды. Бүгінде республикамыздың темір рудасы қорының 90 проценті, Одақ қорының 11 проценті осы өңірде жатыр. Ал, қазір Қазақстан алтын мен күміс қоры жөнінен де Одақ бойынша үшінші орында. Негізгі алтын кеніштері Көкшетау мен Целиноград өңірлерінде. Алтын мен күмістің едәуір бөлігін Алтай полиметалл кеніштері береді. Сондай-ақ, бұл бағалы байлықтың барлығы Қолба жотасы мен Шығыс Тарбағатай өңірлерінде, Оңтүстік Қазақстан мен Шу-Іле тау- ларында да байқалып отыр.
Қазақстанның, сондай-ақ, қара және түсті металлургияны өркенде- туде де орны өлшеусіз. Түсті металдан, әсіресе, мыс, қорғасын, мырыш қоры бізде басым. Республикамыз қорғасын мен мырыш қоры жағынан
1941 жылы-ақ Одақта бірінші орынға шыққан. Қазақстанда орасан зор мыс рудасының шикізат базасы жасалынған. Бүгінде, белгілі мұндай
48 кеніштің 19-ы жұмыс істеп тұр. Соның ішінде өте-мөте ірісі – Жезқазған-Балқаш кен көздері. Республикамыздың мыс қорының 46
Жезқазған кеннің қоймасы 85
проценті осы өңірде. Сондай-ақ, соңғы кезде полиметалл және түсті металл руда өндірісі Шығыс Қазақстанда да жедел өркендеп келеді. Бізде рудаға жатпайтын шикізаттар, кенхимиялық және агрономиялық шикізаттар мен құрылыс материалдары да жеткілікті. Бұл салада фосфор қоры жағынан Одақта екінші орындамыз. Бір ғана Қаратау бассейнінде фосфор шикізатының 40-тан астам кеніші бар. Ал, Ақтөбе өңірі ше?! Онда қазіргі геологиялық деректер бойынша 1,0 миллиард тонна фосфор шикізаты бар.
Батыс Қазақстанда халық шаруашылығына маңызы зор, аса мол бор тұзы қоры табылып отыр.
Міне, мейлінше қысқартып айтқанда, республикамыздың басты байлық көздері – осылар. Бұл – барынша ширатып айтқандағымыз. Ал, жеріміздің барлық байлық көздерін карта бетіне түсіріп, солардың әрқайсысын электрмен жанатын жарықпен белгілесек, ол түнгі аспандағы жұлдыздай жыпырлап шыға келер еді!»
Қазақстан байлығы жайлы бұдан артық қалай айтуға болады. Тек халық несібесі қайда, қалай бөлініп жатыр... бұл бөлек әңгіме.
Осымен біз бас геолог, инженер Есенов Шахмардан өмірінің ең негізгі тұсы – Жезқазғанда атқарған қызметі хақында, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін академик Сағадиев Кенжеғали ағамызға түйдіреміз:
«...Когда К. Сатпаев впервые приехал в Джезказган, ему было
27 лет, когда Ш. Есенова командировали в Москву для обоснования новых запасов Джезказгана, ему было 26 лет. С молодых лет и многие годы потом Каныш Имантаевич неустанно трудился над тем, чтобы превратить Большой Джезказган в мощную сырьевую базу цветной индустрии. Он вместе с горняками и металлургами был инициато- ром создания Джезказганского горно-металлургического комбината, ныне это предприятие уже под новым названием ТОО «Корпорация
«Казахмыс» своим мощным потенциалом известно не только респуб- лике, но и всему миру. А ученик Каныша Имантаевича, Шахмардан Есенов, отдав 11 лет жизни Джезказгану, всестороннему исследова- нию его запасов, состовлению прогнозных карт этого рудного района, получив первый в своей жизни диплом первооткрывателя, и в после- дующие годы, будучи на весьма ответственных должностях, уделял немало внимания развитию этого города...»
86 Шахмардан Есенов
***
Сарыарқа төсінде «Шахмардан шоқысы» деген жер бар. Әдетте қазақ қанша жері кең болса да, кез келгеннің атын, кез келген шоқысы- на бермеген. Яғни, жезқазғандықтар оның Сарыарқаға сіңірген еңбе- гін, нағыз азаматтығын, қыруар қызметін қадірлегендіктен де ұлы Ұлытаудың етегін ала жатқан бөктердің бір шоқысына Шахмардан есімін қиып тұр. Біз осылай деп ұқтық.
«1983 жылдың маусым айы. Күн ауып, қоңыр самал соққан кезде шопандар тойы тарап, күнімен сұхбаттас, дәмдес болған аудан бас- шыларымен бірге қайттым. Дала жолы ойқы-шойқы, 50 шақырымдай жүрген соң биік адырлардың арасына келіп бұлақ басына аялдадық.
– Мынау «Суық бұлақ» деген бұлақ. Осыдан шөл басып, сосын мына «Шахмардан шоқысына» шығамыз, – деп Ұлытау аудандық партком төрағасы Қапанов Белгібай оң тұстағы биік жотаны нұсқады.
Айналаның бәрі биік-биік шың-құз. Жаяулап бәріміз соның ұшар биігіне шықтық. Әп-сәтте салқын леп соғып, сергіп сала бердік. Шалғын үстіне газет-дастархан жайылып, шөл басар кәде жасадық. Аупарткомның бірінші хатшысы Төрегелдин Мәкен сөз сабақтады:
– Тілші інім, қонақ болған соң (онда мен «Социалистік Қазақстан» газетінің Жезқазған облысындағы тілшісі едім) өзің жер жағдайын та- ныстыра кетейін. Мына біз тұрған биік «Шахмардан шоқысы» деп аталады. Бұл анау Ұлытаудан кейінгі биік жотаның бірі. Осы биіктен бұл маңайдың бәрі анық көрінеді. Анау түтін – атақты Қарсақпай зауытынікі, мына беткейде көсіле жатқан – Жезқазған, одан әріректе – кеншілер қаласы Никольский мен Рудник, ал, мына арттағы қоныс Жезді кенті.
– Тамаша екен. Ал, енді «Шахмардан шоқысы» болып қалай аталған?
– Есенов Шахмардан деген геолог-академикті білетін шығарсың?
– Хабарым бар, ептеп...
– Ол кісі осы Жезқазғанда геологиялық партияға басшы болып, он жылдай қызмет істеді. Талай кен ошақтарын ашты, әлі аузы «тігулі», яғни, жабулы жатқандары да баршылық.
– Қанекеңнен кейінгі осы төңіректің бағын ашқан сол Шахаң еді ғой, бұл маңда ол барламаған, ізі түспеген жер жоқ, – деп, ертеде сапарлас болып жүрген кен инженері Мүсілім Тоқтамысов сөзге араласты. Хатшы тағы сөз сабақтады.
Жезқазған кеннің қоймасы 87
– Жақсы қатысамыз, сыйласпыз. Құдай өзіне келбетті де бере салған ғой. Адами парасатын айтсаңшы! Сол Шахмардан осында жүргенде ертелеп шығып, мынау тау-тасты ерінбей жаяу аралайтын. Жұмыстан кейін әріптестерімен бірге күнде кешқұрым осы шоқы басында отырып дем алатын. Осы жерде отырып күні бойы жазған- сызғандарын, жиған-тергендерін, ойларын қорытатын. Келесі күні, арғы күні... осылай жалғаса беретін. Кейін Алматыға қызметі өсіп кеткен соң, ел бұл қыратты «Шахмардан шоқысы» атап кетті. Сол дәстүрмен әліге дейін қалт еткенде осында келіп демалып тұрамыз.
...Сөйтіп, Алаш ардақтысы, ұлы ғалым есімімен аталатын шоқы басынан қимай-қимай амалсыз етекке түстік», – дейді, журналист Өтеген Жаппархан.
Өмірде «өмірдің мәні не?» деген сұраққа жауап таба алмай, түрліше түсіндіріп жатамыз. Мүмкін сол сұрақтың бір жауабы осы шығар. Артыңда өшпестей белгі – «Шахмардан шоқысы», ашқан ғылыми жаңалықтары, ел-жер үшін атқарған игі істері осылай ел аузында айтылып, жұрт жадында қатталып жатса, бұдан артық қандай мән керек!
ЕЕ ЕЕЕЕЕ ЕЕЕ ЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕ
Төртінші бөлім
«Қазақстан геологтары жерімізден мол минералды
шикізат қорын тауып отыр. Бұл арада ғұлама ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еңбегі ұланғайыр. Ендігі міндет – жаңа экономикалық саясатқа сай, сол мол қазынаны есепсіз оңды-солды шаша бермей, бір түйірін де шашау шығармай, орнымен жұмсап, ұқсатып, ел кәдесіне жарату».
«Еліңе қайтпа!» дегенге қайтпай қалатын қазақ болса, түркімендер алып қалсын, қарсылық жоқ. Бірақ: «ит – тойған жеріне» деген мақал қазаққа жүрмейді...»
Достарыңызбен бөлісу: |