Шахмардан Есенов
онымен, 1960 жылы бар жоғы 33 жастағы Есенов Шахмар- дан Геология және жер қойнауын қорғау министрінің орын- басары болып тағайындалды. Данышпан Абай айтпай ма:
Талаптың мініп тұлпарын, Тас қияға өрледің.
Бір ғылым еді іңкәрің, Әр қиынға сермедің. Көзіңді салдың тұрғыға, Бейнетін қиын көрмедің. Бірге оқыған құрбыға
Бас бәйгені бермедің... – деп.
Бір ғылым еді іңкәрің... 89
Тура бір болашақты болжап, Шахмардан туралы айтып отыр-ау деп қаласың! Абай айтса, жәй айтпайды. Қазақтарды қанша жерден
«надансыңдар, білімсізсіңдер!» деп сынағанымен, ол Шахмардандай жастардың өсіп-өніп шығатынына бәрібір сенді...
Мұндай шешім тосыннан, кездейсоқ болған оқиға емес еді. Ғылым мен білімнің, әсіресе, геология-барлау мен инженерлік мамандықтың маңында жүргендердің бәрі Есенов есімін «жатқа» білетін, оның аса дарынды геолог екенінен, ғылым үшін тас қияға өрлеген өршіл жас екенін көбі көріп, танып қалған-ды. «Орынбасар» деген аты болмаса, министрдің бар қызметін атқаруда. Министр А.С. Богатырев бұдан да жоғары лауазымға ұмтылып, Мәскеу мен Қазақстан ортасын жол етіп, көңілі де, өзі де тұрақтай алмай жүрген-ді. Бұны байқаған мемлекет басшылары, оның ішінде Бірінші хатшы Д.А. Қонаев орынбасарлыққа Есеновты лайықты көрді. Жезқазғанда он бір жыл геологияның бар баспалдағынан өтіп, шыңдалған, шымырланған, тіптен қандай жұмысқа салса да, шиыршық атып тұрған, орда бұзар отыздағы жас Шахмарданды үлкен жұмыста сынап көрмек болды.
Келе салысымен, Шахмардан асығып-аптықпай, байыппен ми- нистрліктің ішкі құрылымына көз жіберді, іс жүргізіп отырған бөлім бастықтары мен, қызметкерлерімен жеке-жеке сөйлесті, жақынырақ танысты. Жетістігін мақұлдады, кемшілікті жоюға жол іздеді. Біраз уақыттан соң өзі де министрліктің көп шаруасына қанық болды. Дала төсіндегі барлау мен министр кабинетіндегі қызметтің арасында көк пен жерше айырма бар екенін ұқты. Сол айырманың арасын түсініп, кедергілерді кемітуге, жаңаша іс бастауға ұмтылды. Қалай болғанда да, дала мен қаладағы геологтардың илеп жатқаны бір терінің пұшпағы емес пе, Шахмарданға бұл қызметті игеріп кету аса қиынға түсе қоймайтындай көрінді. Ол бір жағынан өз бойындағы үлкен талабына, геологияға деген іңкәрлік-құштарлығына сенді. Ал ол бейнеттің қай түрінен де қорықпайды, өйткені ол Жезқазғанда төс пен қайланың ортасында шыңдалған еді.
Министрліктің ішкі құрылымымен әбден танысып алған соң Қазақстанды, оның ішінде кен байлықтары мол аймақтарды аралауға, жетістіктер мен проблемаларды өз көзімен көруге шықты. Шахмар- данды бірде кенді Алтайдан көрсеңіз, енді бірде – мұнайлы өңір – Маңғыстау мен Атыраудан, келесі бірде – Орал мен Ақтөбенің кен орындарынан кезіктірер едіңіз. Бәрінде де ол қайнаған жұмыс үстінде,
90 Шахмардан Есенов
қоршаған кеншілер мен геологтар ортасында, мәслихат құрып, мәселе шешіп жалындап жүрген жасты көретінсіз. Құрылғанына көп болмаған жаңа минстрліктің тағанының мықтап қалануына жас Шахмардан бар жиған білімі мен тәжірибесін салды.
Көңілді бір демдеп, үлкен шаруаның басын қайырған тұста министр А.С. Богатырев Мәскеуге ауысып, орнына Есенов Шах- мардан тағайындалды. Ел басшыларынан үлкен сенім жүктелгенін сезген ол министрлік жұмысын мықтап қолға алды. Шын мәнінде, бұл шешімге зиялы қауымның бірі қуанып жатса, екіншісі, «жас қой» деп, күдіктенгендері де болды. Шындығына келсек, Шахмарданның жасы жас еді. Дегенмен көпшілік қазақ жастарының мұндай күрделі лауа- зымды қызметке ие бола бастағанына қуанды (бұрын тек Мәскеуден келетін ғой), екіншіден, Шахмардандай дарынды жастың бағының жанғанына риза болысты.
Бар билік бөліп-жарылмай өз қолына тиген соң, Есенов бар шаруаға бақылау жасады, кейбіреулердей орынбасарларына тапсырма беріп қойып, жылы кабинетте отырмады. Геологиялық барлау жүріп, кен қазылып жатқан аймақты аралады, бірде Үшаралдағы мұнай мен газ іздеушілеріне барса, Жамбылдағы фосфор зауытына кетті, Қаратау, Кентау өндірістік ауданындағы «Үлкен химияны» көтеруге байла- нысты жүргізіп жатқан гидрогеологиялық зерттеулердің барысымен танысты, Хантағы, Ащысай... қойны толған кенді Алтайдан бір-ақ оралды. Оралда болды, Ақтөбедегі мұнай мен газ, хром... кендеріндегі геологиялық, гидрогеологиялық іздеу, барлау жұмыстарының нәти- желерімен танысты. Маңғыстау мұнайының барлануы толғандырды... мұнайда мол береке барын, болашақ барын ұқты.
Жезқазғанда жүргенде жазған мақаласында Есенов Шахмардан:
«...біз болашақ алыптар Теңіз мұнай кеніші мен Қарашығанақ газ конден- саты жөнінде сөз қозғап отырғанымыз жоқ. Олардың көрсетер қызығы әлі алда...» демеп пе еді. Бұл ойды айтқанда ол бар жоғы жиырманың ішінде ғана болатын. Жастығына қарамай, Жезқазғанның жер асты байлығының «географиясын» бұрынғыдан да кеңейтіп, зерттеп, небір керемет кеннің көзін ашып жатқан кезі болатын. Жас барлаушы- геологтың Маңғыстау болашағына деген көрегендігін көрмейсіз бе?! Жоқ, көрегендік емес бұл оның ғылыми тұжырымдамасы! Ол мұндай ой айту үшін ғылым мен білімге арқа сүйеді, аға буын – ғұлама ғалымдар тәжірибесін әрі қарай дамытты. Ол нағыз геолог-барлаушы,
Бір ғылым еді іңкәрің... 91
инженер, ғалым екенін танытты. Бір қызығы, сол өзі айтқан, алдын- ала болжаған – «Теңіз мұнай кеніші мен Қарашығанақтың көрсетер қызығы әлі алда!» деп, болжаған болжамын шындыққа өз қолымен ай- налдырды. Жас министрдің қолға алған көп шаруасының ең бастысы – мұнай мен газ өндірісін дамыту болып: «Қара алтынның» қоймасы – Маңғыстаудың болашағы зор. Оны игеру, оның байлығын халық игілігіне, ел қажетіне жарату біздің Адамдық та, Азаматтық та боры- шымыз болуы керек» деп, іске кірісті.
Министр Есеновке дейін де мұнай мен газ іздегендер, әрине, болды. Мәселені мемлекеттік дәрежеде көтерген ел басшыларын да тарихтан білеміз. Мысалы, геолог-барлаушылардың жанқиярлық еңбегінің арқасында 1960 жылы Мартышида, Прорвада мұнай фонтаны атқылап, Маңғыстауда мол мұнайдың барлығын алғаш баршаға дәлелдеді. Сондықтан да «Есенов келісімен мұнай іздеу бірден басталды» десек, басқалар еңбегіне қиянат жасағанымыз болады. Біздің ондай сөз байламымызға Есеновтің өзі де келіспес еді.
Соғыс жылдарында мұнай өндіретін аудандар фашистер қолында қалып, бар салмақ Қазақстанға түскені тарихтан белгілі. Соғыс жыл- дарында, дәлірек айтсақ 1944 жылы Қазақстан Үкіметінің басшысы Нұртас Оңдасынов пен Қаныш Сәтбаев бастаған ғалымдар бастамасы- мен Одақтық дәрежеде ғылыми-техникалық конференция өткізіп, мұнай мәселесін талқылаған-ды. Онда айтылған әңгіме мен талқыланған мәселе – мұнайды молынан өндіру, ол үшін әуелі барлау жұмысын жетілдіру. Осы жиыннан кейін жедел Мәскеудегі құзырлы орындарға хат жазылып, қазақ даласында барлау жұмыстарын жандандыруға қаулы- қарар шығып, қаражат бөлініп мұнай іздеуге аттаныс басталған болатын.
Гурьевтен сол жылдың 15 шілдесінде Қазақстан Ғылым Академия- сына қарайтын «Орал-Ембі ғылыми-зерттеу орталығы» ашылды (1956 жылы ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды). Нәтижесінде Ақтөбе, Орал, Атырау аймақтарын барлап, мол мұнайдың қоры барлығы анықталды, сосын алынды. Қысқасы, майданды мұнаймен қамтамасыз еткен көбіне-көп Қазақстан мұнайшылары болды. Бұл да тарихи шындық.
Тіптен, одан да бұрын қазақ жерінде мұнайдың мол қоры барлығы Ресей патшасының аңсарын аудырып, талай-талай экспедицияларын жіберіп, мұнайдың «хабарын» білген. Аздап болса да, Орал маңынан мұнай өндіріп, Ресейге әкетіп те жатты. Мысалы, ХІХ ғасырда
92 Шахмардан Есенов
ағайынды Нобельдерді сонау Англиядан Атырауғы ешкім шақырып келген жоқ, олар мұнайдың «иісін» сезіп, өздері келді. Доссордың мұнайын арбамен теңізге, одан әрі кемемен тасып, елін маймен қамтамасыз етіп, бүкіл Еуропаға цевилизацияның «отын» жақты емес пе?!
Ал 1953 жылы Мәскеудегі Орталық партия комитеті мен Үкімет арнаулы түрде қаулы қабылдап, еліміздің минералдық шикізат базасын кеңейту мен зерттеуге шұғыл бетбұрыс жасады. Сол қаулыға орай Одақтық Республикалардан Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі құрылды. Мақсат – сан ғасырлар жер қойнауында үнсіз жатқан кен байлықтарын комплексті, әрі жоспарлы зерттеу.
1955 жылы Гурьев облыстық атқару комитетінің төрағасы болып белгілі мемлекет қайраткері, он үш жыл Қазақстан Үкіметін мүдірмей басқарған Нұртас Оңдасынов келді. Келе салысымен, ол облыс аймағын (ол кезде қазіргі Атырау мен Маңғыстау облысы бір болатын) түгел аралап шығып, Қазақстан Үкіметі алдына «Гурьев облысының экономикасын көтеру» мәселесін қойды. Онда тек қана мұнайды емес, балық, мал, егін шаруашылығын, тұрмыстық-әлеуметтік сала... түгелімен көтерілді. Ұсыныс ұмыт қалмады, артынша мемлекеттің қаулысы шықты. Тіршілік жанданып, облыс өміріне жаңалық, жақсылықтар молынан келе бастады.
Ал 1957 жылы Н. Оңдасынов облыстық партия комитетінің хатшысы болып сайланды. Ол облыстық партия конференциясын- да сөз сөйлеп, онда мұнай мәселесіне көп тоқталды, жетістіктен гөрі кемшілігін жіліктеді:
«...По запасам Эмба чуть ли не на втором месте в Союзе, а вот с добычей нигде такого положения нет, как у нас. У нас ее удельный вес в СССР из года в год падает. Это должно у нас, гурьевцев, вызывать чувство серьезной ответственности. В чем корни такого положения?
Во-первых, нам кажется, что на местах мы плохо занимаемся во- просами перспективного развития нефтяной промышленности. Нельзя дальше мириться с большим отставанием разведочных работ...
Недостаточно внедряются новшества науки и передовой опыт в производство. Необходимо общими усилиями скорее создать мате- риально-техническую базу института нефти, чтобы он скорее перешел на серьезную помощь нефтяной и химической промышленности. Мне кажется, надо подумать, как решить вопрос о реорганизации его в
Бір ғылым еді іңкәрің... 93
институт нефти и химии, ибо химическая промышленность до сих пор продолжает обращаться к научным учреждениям Центра за тысячи километров от наших промышленных предприятий...»
Осындай мәселелердің басын ашып, талдап, талқыға салу үшін бас қосу керек болды. Бұл жөнінен академик Қаныш Сәтбаевпен ақылдаса келіп, мұнай саласының мықты мамандары мен ғалымдарын шақырып, ғылыми-техникалық конференция өткізуге келісті.
1959 жылдың 27 мамырында Гурьевте Бүкілодақтық ғылыми- техникалық конференция ашылды.
Конференцияны Қазақстан Геология және жер қойнауын қорғау министрі А.С. Богатырев ашты.
Академиктер А. Яншин мен Қ. Сәтбаев мұнай іздестіру аясын кеңейтіп, ашылмаған тереңдіктерді қамту жөніндегі тың ойлары жиналған ғалымдарды елең еткізді...
Осындай ғұлама ғалымдар мен кәсіби мамандар алдында ғылыми- техникалық конференцияның басты баяндамасын облыстың бірінші хатшысы Н. Оңдасынов жасады. Облыстағы бұрғылау мен барлаудың жетістігі мен кемшілігін, қандай техникалардың жетіспей жатқанын, Ембі мен Маңғыстаудың мұнайы мен газын іздестіруді жедел, әрі түпкілікті жүргізу қажеттігін, болашақ мақсаттар мен міндеттер хақында толық баяндап, Одақтық Үкімет алдына ресми түрде мәселе қойды.
Көтерілген мәселе аяқсыз қалмады. Оңтүстік Ембі, Үстірт, Оңтүстік Маңғыстау және Жайық-Еділ аралығы аудандарында геофизикалық, геологиялық барлау жұмыстарын шұғыл өрістету туралы Орталық Үкімет тарапынан нақтылы шешім алынды. Үкімет үлкен қаражат бөліп, аталған аудандарды терең бұрғылап, барлауды КСРО және Қазақстан- ның Геология және жер қойнауын қорғау министрлігіне жүктеді.
Иә, қаулы шықты, міндеттер айқындалды. Бірақ жұмыс өз-өзінен жүріп кетті ме? Қаулыны іске асыру үшін қыруар жұмыстар атқарылу керек. Басты қиыншылық, жердің шалғайлығы мен не темір, не тас жолдың жоқтығы болды. Көктемгі жауын-шашыннан кейін ауыр- ауыр мұнай мұнараларын тасыған жүк машиналардың жетуі бір мұң болды. Мұнда машина түгілі, жаяу адамның өзі аяғын әрең алып жүретін. Сағыздай созылған саз аяғыңды өзіңе бермей, адымыңды аштырмайды. Ауыз су мүлдем жоқ, ұзақтан тасылады. Азық-түлік те Гурьевтен немесе кеме арқылы Әжірбайжаннан әкелінеді. Айта
94 Шахмардан Есенов
берсең, қиындықтың шеті де, шегі де жоқ. Ал маман мұнайшылардың жетіспеуі дегеніңіз – бір дастан әңгіме. Осындай қадау-қадау шаруаны бір ғана облыс хатшысының немесе жаңадан құрылған
«Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресі тындыра алмасы анық еді. Ал, Үкімет адамдары «Үкімет қаулысын» іс жүзіне асыруға міндетті болатын.
Дәл осы уақытта, мұнай барлаудың, бұрғылаудың қайнап тұрған кезінде Геология және жер қойнауын қорғау министрі жас Есенов Шахмардан болғанына хатшы Оңдасынов қуанды. Мойнына түскен жүгінің бір жағын көтерердей үміттеніп, «жас келсе іске!» деп, Геология министрін қуана қабылдаған-ды.
Сол сәттің куәгері, Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, тағдыр салған ауыр тауқыметті хас батырларша көтеріп, ерлігін елге үлгі етіп, кеше ғана өмірден өткен Өтесінов Рахмет аға былайша толғанады:
«...мен Гурьев облыстық партия комитетінің өндіріс бөлімі меңгерушілігіне ауысқанмын. Негізгі жұмысым осы Маңғыстаудағы мұнай барлау қарқынын үдетіп, табылған мұнай қорының мөлшерін анықтап, өндіріске жол ашу.
Обкомның бірінші хатшысы Нұртас Оңдасынов партияның ХХІІ съезінде сөз сөйлеп, Маңғыстау мұнайын тезірек игеру үшін керекті жағдайларды Одақ Үкіметі алдына мәселе етіп қойып, өзіміздің де аянбай еңбек ететінімізге Одақ басшыларын сендіріп келген.
Осындай қарбалас күндердің бірінде Қазақстан Геология министрі Шахмардан Есенов келді. Ол кісіні менің алғашқы көруім еді. Оның алдындағы министр Богатырев Кубаға елшілікке кетіп, орнына орын- басары тағайындалды дегенді естігенбіз. Бірақ дәл мынадай жас жігіт болады деп ойламап едім. Таныса келе, екеуміз құрдас болып шықтық. Оқуға да бір жылы түсіп, бір жылы бітіріппіз.
...Шахмардан министр болғанымен, әлі бюрократтанып үлгермегені көрініп тұр. Жұмыс жөнінде біраз әңгімелескеннен кейін екеуміз Бірінші хатшы Нұртас Оңдасыновқа кіретін болдық.
Нұрекең бізді тез және жылы қабылдады. Алдында Маңғыстауда уран өндіретін «Каспий аймақтық тау-кен комбинаты» деп аталатын, тікелей Мәскеуге бағынатын жабық мекеменің директоры Р.А. Григо- рянды алып барғанымда қабылдамай жарты күн күттіріп қойған. Оның себебін кейін білдім. Алдында сол мекеменің бастығы бір генерал,
Бір ғылым еді іңкәрің... 95
обком жіберген партком хатшысын қабылдамай, өзінің бір қызметкерін сайлап жіберіпті. Өзін жоғары ұстап, обкомды менсінбейтін кейіп танытқан, оған жыны келген Н. Оңдасынов тікелей Мәскеудегі бас- шыларымен сөйлесіп, әлгіні партия органын мойындамағаны үшін орнынан алдырған. Сол жағдайды білетін Григорян уақыт өткен сайын тақаты кетіп мазасыздана берді. Үсті-үстіне шылым шегіп «қашан қабылдар екен?» деп, сұрай берді. «Кіруге болады» деген хабарды естігенде лып етіп түрегеліп, менің алдыма түсіп байпаңдай жөнелді.
Партия билеп тұрған елде оның жергілікті органдарының құдіреті сондай еді.
Содан кейін мына Шахмарданды жылы қабылдағанына риза болып, біз де өзімізді еркін ұстадық. Сөз арасында Нұрекең Шахмарданға
«балам» деп, барынша жылы шырай танытады. Бұнысы маған таң көрінді. Әдетте Нұрекең өзін тым ресми ұстап, сұсты жүзінен тай- майтын. Бұл жерде ол бізге обком хатшысы емес, ақыл айтып, қамқор болып отырған әкедей көрінді. Расында да, біз оның үлкен баласы Ескедірмен құрдас едік.
Нұрекең жұмыс жағдайын әңгімелей отырып, қазақ жастарының осындай жауапты қызметтерге шыға бастағанына қуаныш сезімін білдіре келіп, Маңғыстау мұнайын барлауға барынша ат салысыңдар, еңбектерің ескерусіз қалмайды деді. Үлкен ағаның бізден әрі көмек, әрі талап қойып отырғанын байқадық.
Нұрекеңнен Шахмардан көңілді шықты. Ел арасында абырой- беделі зор ағаның аузынан шыққан сөздер қанаттандырып жіберді-ау деймін.
Менің кабинетіме келсек, Батыс Қазақстан геология басқармасының бастығы Е. Иванов күтіп отыр екен. Ол министрмен бірге хатшыға, Нұрекеңе кіруі керек еді, кешігіп қалыпты.
– Жұрт министрді күтсе, біз Ивановты күтеміз, – деп, Шахмардан оны қағытып қойды. Иванов – тікелей Мәскеудің жіберген кадры. Сол артықшылығын білдіріп, кеудесін көтеріп жүретін. Мәскеуде менімен
5 жыл бірге оқып, жатақта бірге жатқан досым еді.
– Жас қой, үйренеді ғой, деп, мен ара түстім.
– Мен Сізге түстік дайындатып кешігіп қалыппын, кешіріңіз, – деп ақталды Иванов.
– Шай ішкіңіз келсе, үйдің дәмін татуға болады, – дедім қазақтың байырғы әдетімен.
96 Шахмардан Есенов
– Жүр, кеттік, – деп, Шахмардан мені қолтығымнан алып, анаған, –
а Вы обедайте сами, – деп, оған рұқсатын берді.
Үйге келгесін менің әкеммен әңгімесі жарасты.
– Ақсақал, әңгіме айта отырыңыз, – деп, шалға қолқа салды. Әңгімесін тыңдайтын кісі табылғанына қуанған шал әңгімені ағытты.
– Баяғыда бір тентек есейгесін есі кіріп, хазіретке келеді. «Осы жасқа дейін талай күнәға баттым, қиянат та қылдым, кісінің ақысын да жедім. Орынсыз зәбір де бердім. Өтірік айтып, алдадым да. Енді үлкейгенде тәубаға келіп түзелейін деп едім, маған о дүниеде жеңілдік бола ма? – деп сұрайды. Сонда хазірет: «Япыра-ай, күнәң тым көп екен, жасыңда әкең сүндетке отырғызып па еді? – деп, сұрайды.
– Е, мұсылман болғасын, ол ырымнан құтылмайсың ғой, – дейді анау.
– Ендеше сол мұсылмандық белгіңді ұстап барасың да, – деп, хазірет шығарып салады...
Бұрғылау жоспары орындалған жоқ, скважиналарды сынақтан өткізу де мәз емес. Мұнай қорын мемлекеттік комиссияда бекітуге дайындық та баяу. Ертең Орталық Комитетке есеп берерде не деп барамыз. Мұсылмандық белгімізді ұстап барамыз ба? – деп, отыр- ғандарға қаһарлана қарады.
Аналар министрге не айтарын білмей төмен қарап тұнжырап отыр. Шахмардан маған қарап көзін қысып қойды.
Енді әлгі біздің үйдегі дастархан басына қайта оралайық.
– Ал, ақсақал, ас қайырыңыз, – деп қол жайды.
– Япырмай, сен көрегенді бала екенсің, – деп шал көңілденіп қал- ды. – Сендей жігіттердің көбі ас ішіп болғасын тұрып жүре береді, – деп, шал қолын жайып, асын қайырып, Шахмарданға бастасын берді.
– Жиренше шешен жапанда өскен жалғыз ағаштың көлеңкесінде рахаттана дем алып, алғысын былай білдірген екен: «Биік бол дейін десем, өзің биіксің, көркем бол дейін десем, көркің көз тартады. Жапырағың жайылсын дейін десем, ол жағы да келісіп тұр. Енді тек орманшының балтасынан сақтасын, – депті. – Шырағым Шахмардан, бағың жүріп тұрған бала екенсің , Аллатағала тіл мен көзден сақтасын! – деп, шал сақалын сипады.
1963 жылы Хрущевтің аласапыраны кезінде партия ұйымдарын өндірістік, ауылшаруашылық деп екіге бөлген-ді, Ақтөбе облысындағы (қаладан басқа) өндіріс, қатынас мекемелерін біріктіріп, орталығы
Бір ғылым еді іңкәрің... 97
Қандыағаш етіп, бір аймақтың парткомы құрылды да, мені соған хатшылыққа ауыстырды.
Дәл осы уақытта, наурыз айында, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына кандидаттар ұсыну науқаны жүріп жатқан. Біздің ауданның үлесіне Қазақ КСР геология министрі Шахмардан Есенов кандидатурасын ұсыну тиді. Сайлаушылармен кездесуге келген Шахмардан екеуміз Шалқардан бастап темір жол бойындағы станциялардың бәрінде жиналыс өткізіп, кешке қонақ үйде жатып, емін-еркін әңгімелесеміз. Менің крайкомнан ығысып кеткеніме өзімнен бетер қиналды. Бірде, ол «Біреулер лауазымды қызметке тұра қалса,осы жерге менен басқа лайықты ешкім болмағасын келдім» деп ойлайды. Ондай, одан да артық жігіттердің бақ көтермей жүргендері жетіліп-артылатынын ескермейді, – деп, қалды. Бұндай қорытынды жасап, оны мойындау үшін қатарынан оқ бойы озып тұратын ақыл- парасат керек. Менің көзімше оның бейнесі биіктей түсті, жасына сыймайтын ойшылдық, салмақтылық, қарапайымдылық қасиеттері өзіне ілтифат шақырып, адамды тартып тұратын.
Көп ұзамай «Крайком» мені Маңғыстауда ашылған мұнай кен орын- дарын игеруге жұмсады. «Жазған құлда жатыс жоқ» деген осы. Біздің Шахмарданмен бұрынғыдан да етене жақындасып, жиі кездескен кезіміз осы шақ. Шахмардан уақытының көбін Маңғыстауда өткізетін. Экспедиция басшыларын тоқпақтап отырып, бұрғылау жоспарын орындатты. Бәрінен бұрын қысқа мерзім ішінде Жетібай, Өзен кен орындарының мұнай қорын Үкімет комиссиясында бекітуге дайын- датты. Бұл дегенің КОКП ХХІІ съезінде қабылданған «Маңғыстау түбегін еліміздің ірі мұнай өндіруші аймақтарының біріне айналды- ру» жөніндегі қаулысын орындаудың алғы шарты. Шахмарданның бұл еңбегі тегін кетпеді. Маңғыстаулық бір топ азаматпен бірге Лениндік сыйлыққа ие болды. Бұл Шахмарданның өміріндегі ең бір жұлдызды сәттер еді.
Батыс Қазақстан геология-барлау басқармасының бастығы Евгений Иванов көп сөйлемейтін, маңғаздау жігіт еді. Соған деген Шахмардан- ның көңілі жібімей-ақ қойды. Байғұсты тұқыртады да жүреді.
– Сенің мына досыңның бойы аласа болғанмен, амбициясы тым биік, – дейтін.
– Ол бейшараның тәкаппарлығы жоқ, жаратылысы солай. Студент кезінде де солай маңғаз жүретін, – деп, мен ара түсемін.
98 Шахмардан Есенов
Маңғыстауда жиі әрі ұзақ болған соң Шахмардан жергілікті жігіттермен бірдей болып, үйренісіп кетті.
Бірде самолет кешігіп, Өзеннің аэропортының басында оты- рыңқырап қалдық. Шахмардан автобустың ішінде жатып:
– Пай-пай, мына шыжғырған ыстықта ішетін шай болар ма еді, жұрт министрлерін қол қусырып қарсы алады, біздің жігіттер шөлдегенде шай да бермейді, – деп қойды.
– Шаха, жігіттерге «бара беріңдер, өзіміз де отырамыз ғой» деп, қоя берген өзіңіз ғой, – деп, мен жігіттерді қорғап жатырмын.
Иә, мұның бәрі Маңғыстау мұнайының оңайлықпен келмегенінің белгісі. Сол уақытта Есенов Шахмарданның атағы, әсіресе, қарапайым халық арасында көп аталатын болды. «Білім десең, білімі бар, тәжірибе десең, тәжірибесі бар, елге жағымды, өзі әлі жас, болашағынан үлкен
үміт күттіретін жігіт» деген марапат сөздер жиі айтылатын...»
Міне, бұл министр Есенов Шахмарданның Атырау мен Маңғыстау өңіріне келіп, мұнай мәселесіне араласуының басы еді. Әуелі жер жағдайымен, қатынас құралдары мен жолдарын біліп алып, мұнай барлаушыларына не жетіп, не жетпейтінін зерттеп, бірден іске кірісті. Шілденің аптап ыстығына, қыстың сақырлаған сары аязына қарамай, барлаушылардың бар мұқтажын тауып, оның бірін – құрлықпен, екіншісін теңізбен жеткізуді ұйымдастырды.
Алматы мен Мәскеу министрліктеріне маза бермей, телефон соғып, проблеманың тез шешілуін қадағалады. Жас болса да, көргені көп, ұстазы Қаныш Сәтбаевтан алған өнеге-үлгісі мол Шахмардан жоғарыдан келген бұйрықты орындап отыра бермей, көп іске өзі ба- стамашы болды. Қолынан келмеген, қаражаты жетпеген кездерде Мәскеу мен Алматы басшыларына шықты, мәселе көтерді.
Достарыңызбен бөлісу: |