«Қазақ мұнайының а р дақтылары»



жүктеу 53,32 Mb.
бет8/47
Дата13.11.2017
өлшемі53,32 Mb.
#35
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
Шахмардан Есенов
ұрын-соңды естігені болмаса, Шахмарданның Жезқаз- ғанға бірінші келуі. Бірінші болса да келісі келіс-ақ болды. Атқосшы болса да, қос академик Бардин

мен Сәтбаев қасында жүрудің өзі – бір ғанибет. Жезқазған Мыс комбинатының басшылары самолеттен түскеннен аяқтарын жерге тигізер емес. Мықты деген қонақ үйге әкеп орналастырды. Не ішем, не жеймін демейсің бәрі алдыңда. Бәрінен бұрын кен үйілген тас пен топырақтан мыс пен қорғасынды ажыратып алу әдісі Шахмарданды қызықтырды. Кітаптан оқыған. Бірақ көзбен көрудің әсері алапат екен. Комбинатты аралап көру, шахталарға түсу, не керек, ойламаған жерден

«атқосшы» балаға мұның бәрі нағыз ертегінің әңгімесіндей болды. Шахта деген аты болмаса, іші кең, зәулім. Оның ішіне кен қазатын бар техникалар мен оны таситын БелАЗ-ға дейін сыйып кеткен. Жан- жақтан самаладай жарқыраған жарықтарға қарап қызығасың, бейне бір аспандағы жұлдыздар осы алып үңгірдің ішіне кіріп кеткендей-ақ. Алып экскаваторлар ақсиған алып тістерімен кенді опырып құлатуда,

Жезқазған кеннің қоймасы 59
оны конвейерлер жедел әкетіп жатыр, әкетіп жатыр. Бұрын таныс емес тарс-тарс, гүрс-гүрс дауыстар. Бәрі қосылып қайнаған еңбектің «сим- фониясын» ойнап тұрғандай. Қызық көрініс, тамаша әлем! Шахмар- дан қатты әсерленді. Санасында бір тосын ой зу етіп өте де шықты. Бірақ, ешкімге айтпады.

Айнала өндірістің у-шуы. Жан-жағын қаумалаған көптің ортасында Қаныш Сәтбаев пен мәскеулік академик Бардин. Оларға комбинат бас- шылары ауыздары тынбай, қолдарын сермеп-сермеп әлденені баяндап тұр. Сәтбаев бір кезде Шахмарданның бір кеншімен әңгімелесіп, оның сөзін құныға тыңдап тұрғанын байқап қалды. Жас өреннің «білсем» деген ниетіне қуанды. Ойына бір идея сап ете түсті. Бірақ, айтуға асықпады...

Бірінші күні осылай өндіріс орындарын аралап ертеңіне партия басшылары мен кәсіпорын бастықтары, кенші, барлаушы-геологтар қатысқан үлкен жиын болды. Сөйлеушілер көп-ақ. Бәрінің әңгімесі кен мен кенші, геолог-барлаушы төңірегінде. Сөйлегендердің ішінен Қаныш ағаның айтқандары көпті елең еткізді. Ол көсіліп біраз сөйледі. Сөздері домалап-домалап түсіп жатыр. Сөзінің аяғында:

...мыс пен полиметалл концентраттарын балқытудың біз өзіміз ойлап тапқан неғұрлым жетілдірілген әдісін өндіріске тезірек енгізу- дің қажеттігін, оның маңызының зор екенін бәріңіз де түсінетін сияқтысыздар. Өкінішке орай, ол әдісті өндіріске енгізу ісі тым баяу жүргізілуде. Жартылай өнеркәсіптік сынау бұл әдістің артықшылығын дәлелдей алмайды. Шындығында, біз оны жаңа әдіске сай келмейтін ескірген қондырғыларда сынап жүрміз ғой. Реактивті двигательді арбаға байлап жүргізіп көріңізші, қандай болар екен, быт-шыты шықпай ма?!» – деді...

Шахмарданға «реактивті двигательді арбаға байлап жүргізіп көріңізші» деген теңеуі қатты ұнады. Шынында да, ашылған жаңа жаңалық өз орнымен, өз технологиясымен толық сынақтан өтпесе, дұрыс нәтиже бермейді ғой. Жаңалықтың жаңалық екенін дәлелдей де, көрсете де алмайсың. Қаныш аға дәл теңеу тауып айтты деп, өз- өзінен риза болды.

Сапырылысқан екі күндік жиын бітіп, кешкі ас та ішіліп, бәрі де ентіктерін басып, қонақ үйде әркім өз бетінше демалуда. Ертең бәрі де Алматыға ұшады. Шахмардан екі күн ішінде кен мен кенші, геолог пен барлаушы өмірінің бұрын өзі білмейтін жақтарына біраз қанықты.

60 Шахмардан Есенов
Теория мен практика арасында әжептеуір айырма барын ұққандай. Не болса да, «атқосшы» болып келгеніне қуанды, қаншама өмір көрді.

Шілденің қақ ортасы болса да мұнда аса ыстық емес, Сарыарқаның самал желі жанға жайлы тиіп, рахатқа бөлеп тұр. Шахмардан есік алдындағы орындыққа келіп отырды. Күн алаулап батып барады.

«Ертең күн ашық, ыстық болады». Әкесінен естігені – егер Күн батарда батыс қып-қызыл шапаққа бөленетін болса, ертеңіне күн ыстық болады. Осылай әр түрлі ой жетегінде отырғанда қонақ үйден Қаныш ағасы шықты. Қасында екі адамы бар. Былай ұзатып барып олармен қоштасты да, Шахмарданға қарай жүрді.

Мен сені іздегелі отыр едім, жақсы болды, жүр, былай жүріп қайтайық, деді сабырлы үнмен Шахмарданға. Қатар жүріп келеді, екеуі де биік, екеуі де сымбатты, айырмалары тек жастарында ғана. Қаныш Сәтбаев ердің жасы елуге келіп қалған, Шахмардан болса жиырманың үшеуінде. Олар шамалы жүргеннен кейін-ақ қала шетіне шығып кетті. Көз ұшына дейін созылып жатқан кең дала. «Қызық, топырағы қызыл қоңыр... жер бедері біздің ауылға ұқсас» деп қойды іштей Шахмардан.

«Жезқазған ұнады ма, кешегі жиналыс-жиындардан өзіңе бір нәрсе ала алдың ба?» деген сияқты жеңіл-желпі сұрақ төңірегінде әңгіме- дүкен болды. Сосын Қаныш Сәтбаев тосыннан әңгіме арнасын басқа жаққа бұрды:

Міне, қалқам Шахмардан, Қазақстанның атын әлемге танытып жатқан Жезқазған, Жезді, Ұлытау деген жеріңіз осы болады. Мына топырақты қарашы, қызыл-қоңыр тартып жатыр. Осының өзі дәл осы жерде кен барын байқатады. Зерттеп, зерделей білсең болды, – Шах- марданға бір қарап қойды. – Қалқам, сенімен ақылдасқалы тұрмын, бірақ бәрін де өзің шешесің... – деді.

Рахмет, аға, мені бір көтеріп тастадыңыз ғой, Сізге ақыл қосатын- дай мүмкіндік болса менде... – деп күлімсірей ағасына қарады Шах- мардан.

Қазақ айтады: «Асыл тастан, ақыл жастан!» деп. Біздің жасымыз ұлғайып келеді, сендер өсіп келесіңдер. Әкенің орнын бала, ағаның орнын іні баспаса, өмір алға озбас еді. Тіршілік заңы. Абай айтпай ма:

«Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман...» деп. Менің де жасым ұлғайған сайын армандарым азая ма десем, қайта көбейіп барады. Қазақ даласы тұнған байлық, оны өзің секілді жастар иемденсе, игерсе деймін...

Жезқазған кеннің қоймасы 61
Шахмардан Қаныш ағасының не айтқалы келе жатқанын түсіне алмай, жайлап жүзіне қарады. Шынында да, Қаныш ағасының маңда- йына әжім сызықтары түскендей ме, қалай. Екі-үш күннен бері демалған жоқ, соныкі де болар. Бәрібір бұйра шаштары толқынданып, маңдайы жарқырып, қыр мұрны, қоңыр көзі, бәрі-бәрі көріктендіріп тұр.

Аға, қарттықты ойлау Сізге әлі ертерек болар, – деді Шахмардан жай ғана, басқашалау айтуға батылы жетпей.

Жоқ, ертеңін ойламаған ғалым өзінің бар ісін, ашқан жаңалық- тарын өлтірумен пара-пар. Менде шәкірттер бар, жетеді. Сені сондай шәкірттерімнің бірі деп есептеймін мен. Осы сен Алматыға оралмай-ақ Жезқазғанда жұмысқа калсаң қалай болады, аспирантура деген қайда қашар дейсің. Ол жақтан көрі сен осында қажеттірексің... Геология саласында ғылыми жұмыс жүргізу үшін әуелі барлаушы болып, дала төсін арлап барып, ғылымға келген дұрыс болады. Зерттейтін мәселең өзінен өзі алдыңнан шығады... академияның кабинетінде отырып, жоқтан бар жасап, саусақтан сорғандай... геологиядан жаңалық іздеген адам далаға, мынау шалқар дала төсін аралауы керек. Сонда небір сыры ашылмаған құпия құбылыстар жұмбағын жайып салады, – деп, Сәтбаев Шахмарданға «мұныма не дейсің?» дегендей, жымия қарап тұр.

Шынын айтқанда, Шахмардан мұндай тосын ұсынысқа қалай жауап берерін білмей, ойы сан-саққа кетті. Бірақ, бағана жиналыста Қаныш ағасы Қазақстанның кен байлықтары жөнінде жосыла сөйлегенде

«геолог-барлаушы болсам ба екен?» деген бір ой туа қалған-ды. Қаныш ағасы тура сол ойды оқи қойғандай, дөп басып тұр. Таң қалып, аға бетіне тіктеу қарады. Оны басқаша түсініп қалған Сәтбаев:

Жауапты дәл қазір бермей-ақ қоюыңа болады, түнімен ойлан, таңертең айтарсың...

Екеуі қонақ үйдің алдындағы орындыққа жайғасты.

Табиғат шіркіннің қай ісіне таң қалып, қай сиқырын түсініп болғандайсың. Қаныш табиғаты сұлу, таулары қыздың жиған төсегіндей текшеленіп, текті тұрған Баянауыл бөктерінде дүниеге келсе, жас Шахмардан баяғы-баяғы бағзы заманда барша қазаққа отан болған Сыр бойында, Шиеліде дүниеге келіпті. Сөйте тұра, екеуі бір- біріне қатты ұқсайды. Жарқыраған жазық маңдай, маңдайдан әрі бас- талатын толқын-толқын, бұйра-бұйра қою қара шаш, ойлы, терең тұнық қара көз, хас батырларда ғана болатын қыр мұрын, не керек,

62 Шахмардан Есенов
адам қызығарлық, сүйсінерлік түр мен тұрпат екеуінде де. Шахмардан анда-санда аспанға, самаладай самсаған жұлдыздарға қарап қояды. Қиялы биікте. Сәтбаев оған Ұлытау туралы, үш жүздің басы қосылған киелі тау екендігін айтып, әрісі Жошыхан, Едіге батыр, Абылайхан... жайлы жайлап әңгіме шертіп отыр. Әңгіме астары тереңде. Өмірдің ащысы мен тәттісін қатар татып келе жатқан ғұлама ғалым өмірі де ескі жыр-дастаннан бір де кем емес. Бабаларың бай болған, өзің

«Алаштың» өкілісің деп күні бүгінге дейін қоқаңдайтындар табылады. Ұстазының бар әңгімесін Шахмардан зейін қоя тыңдап отыр.

Шахмардан, айналайын, шынымды айтсам небір дүбірлі оқиғалар өткен осы сары даламды сағынамын. Адамды адам еткен ақылдан көрі қиялы. Қиял болмаса, жалғыз ақыл-жетім. Қиялы мен армандары болмаса, бұл адамзат көк аспан мен жеті қат жер астының сыры мен құпиясын аша алмас еді. Академияның бітпейтін, ұшы-қиыры жоқ ша- руалары шаршатады. Оның үстіне, күнделікті өмір ағысымен, таптау- рын болған табан жолмен жүре бергің де келмейді. Сеніп тапсырылған соң, ғылымның өркенін өсіргің келеді. Бірақ жас ұлғайған сайын шабан тартып, болмашыға шаршап қаласың...

Қанша шаршадым десе де, Қаныш өзіне қиянат жасап, тырнақ астынан кір іздеп, өзін біраз қуғын-сүргінге салған адамдар атын атап, түсін түстемеді. Қызғаныштың ыстық отына жандары қуырылып,

«мен, мен!» деген өзімшілдердің пенделік деңгейіне түсіп, жаны да, санасы да таза жасты уландырғысы келмеді.

Әңгімесін жалғап:

Айналайын Шахмардан, Қазақстан территориясына: Англия, Франция, Испания, Австрия, Бельгия, Голландия, Дания тәрізді жеті мемлекетті орналастыруға болады. Ол өзінің шетсіз, шексіз кеңдігімен ғана емес, кен байлығымен де әлемді таң қалдырады. Қазіргі Қарсақбай, Жезқазған, Қоңырат, Қарағанды, Шымкент қорғасын зауыты, Ақтөбе химкобинаты – Бүкіл Одақ көлемінде алыптар санатында тұр. Ұлы Отан соғысында жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалынды. Қазақтың кең байтақ даласы, оның бұйра құмдары мен тау-қыраты толған алтын мен күміс, жез бен мыс, көмір мен мұнай... Кезінде ол шеті мен бұл шетіне ұшқан құстың қанаты талатын кең алқаптың асты, жер қойнауы кенге толы. Бейне бір алып қойма ма дерсің. Тек соны таба біліп, ел-халық игілігіне жарату керек. Атақты орыс ғалымы Ломоносовты білесің, оқыдың, сол кезінде «Россия

Жезқазған кеннің қоймасы 63
жерінде сан жетпес байлық бар, оны игеру үшін ғылым керек!» деп халқына ұран тастаған. Соның нәтижесінде Архангельский, Губкин, Обручев, Ферсман, Усовтар сонау-сонау Палеозой эрасынан бері Жер-ана қойнында сақталып келген асыл қазыналарын қалай танып, қалай табудың жолдарын көрсетті...

Менің жастық шағымның ең бір қызықты кезеңі осында – Жезді, Ұлытауда өтті. Таисия Алексеевна екеуміз рюкзагымызды иығымызға асына салып, дала кезіп кететінбіз, – осы тұста Қаныш аға біраз үнсіз отырып қалды. Заңды, ешбір алаңы жоқ, арманы көп жылдар

«мен мұндалап», атойлап алдынан шықты-ау дейміз, – ата-бабамыз сан ғасыр алаңсыз осы далада малын жайып жүре берген. Сөйтсе, табанының асты, Жер-ананың қойны толған алтын мен күміс, мыс екен. Оны табу, көзін ашу ХХ ғасыр ұрпақтарына, бізге бұйырды... Енді біздің ісімізді жалғайтын сендерсіңдер...

Қаныш ағасы соңғы сөзін мұңдылау, шаршаған адамның сыңайын танытып барып тоқтады. Иә, Қаныш ағаның «сары даламды сағын- дым» деуінің жөні бар. Тартысты өмірдің тауқыметі, Академияның бітпейтін мың-сан мәселесі, тіптен кейбіреулердің қызғаныш, көре алмаушылық әрекеттері жүйкесін жұқартып-ақ жүр, кейінгі кезде.

«Азап-ақылдан!» дейді Грибоедов. Сәтбаевқа да жау тауып беріп жүрген – өз ақылы, білімдарлығы. Әлсіз адам кемшілікті өз бойынан емес, өзге-лерден іздейді, аяқтан шалады, арыз жазады... Кейінгі кезде Сәтбаев осындай «әлсіз» пенделерден әділетсіздікті көріп келеді.

Сәтбаев ойына не түскенін қайдам: Қалқам Шахмардан, аз айтып, көп айтқанда не, ертеңге дейін ойлан... дем алайық, – деп, әңгімесін бітіріп, қонақ үйге беттеді. Шахмардан ғалым соңынан ерді.

Ол ұзақ ойланған жоқ, «несі бар, қалсам қаламын! Қаныш ағаның өзі де осы жерден өскен жоқ па?! Оның үстіне ғұлама ғалымның өзі ұсыныс жасап, сенім білідіріп тұрғанда...» деді өзіне өзі. Тек ауылда, Тартоғайда қалған қарт әкесі мен шешесін ойлай берді. «Оларды көшіріп аламын осында!» Осы ойдың келуі мұң екен Шахмардан Жезқазғанда қалуға белді бекем буды.

Ертесін Шахмардан ертемен Қаныш Сәтбаев бөлмесіне барып, шешімін айтты.

Сөзін аяқ асты етпей, құлақ асқанына риза болған Қаныш ағасы:

«Бір жыл істеп көр, болмаса Алматы қайда қашар дейсің...» деп,

64 Шахмардан Есенов
арқасынан қағып қойды. Алматының қызығын тауысып болмаған жастың қаңбағын жел қуған мына далада қалар ма екен, қалмас па екен деген Сәтбаевта бір үміт, бір күдіктің болғаны рас еді. Шахмарданның бұл шешіміне көңілі көтеріліп, жүзіне нұр ұялап қалды. Ол дереу Геология-барлау басқармасының бастығына «жұмысқа ал, далаға жібер...» деп телефон соғып, нақтылы тапсырма беріп те тастады.

Содан, Шахмардан Сарыарқаға «атқосшы» болып келіп, отряд геологы атанып, Жезқазғанда қалып қойды.

жүктеу 53,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау