***
Соғыс шиеліліктерге аз тауқыметін салған жоқ. Ауыл адамдары ерте көктемнен егін екті, су суарды, шөп орды, мал өсірді... Су демекші, қаншалықты Сырдарияның жағасында отырмыз дегенмен де, бергі, қырдағы елге су жетпейтін. Тоған тарту керек болды. Ол кезде техника тапшы, болса, барша аудан үшін бір-екі трактор бар шығар, әйтпесе, ол да жоқ кез. Бар тоған, арық-атыз қолмен, қара кетпеннің күшімен қазылды. Осы қара кетпен мен ауылда қалған бала-шаға, әйелдер күшімен қырға арық қазып, тоған тұрғызып су шығарды. Сол күндердің куәсіндей болып, Шиелі аймағында, оның ішінде Тартоғай маңында жон арқасын күдірейтіп, белдеу-белдеу болып Жорабек қазған тоғандардың белгісі әлі жатыр. Халық жады жазылған хаттан да мықты-ау, шіркін! Ұмытпаған ел «Жорабектің тоғаны» деп айтып, және ол алыс-алыс ғасырларға ұласып кетіп барады.
Соғыс – кәріні күйретіп, жасты есейтіп кетті. Баламын деп жүрген Шахмардан майданға кеткен жалғыз ағасы Шаһизаданнан «қара қағаз» алған күні-ақ, бір күнде есейіп, ес жиып шыға келді. Бала болып, тете өсіп бір-бірімен басқалар сияқты ұрысып-төбелесіп көрмеген ағасын ұзақ-ұзақ іздеді, сағынды. Өлді, енді ауылға келмейді дегенге сенгісі келмей, майдан жаққа алаңдап жүрді. Әкесі мен анасының бір сәтте-ақ шөгіп қалғанын көріп, көңілдерін табуды ойлады. Әкесінің қасынан қадам қалмай, ісіне қарап, сөзін тыңдады. Ол ешкімге емес, өз әкесіне ұқсағысы келді. Он беске жаңа ғана келген жастың бойы баршадан биік, жаурыны қақпақтай еді. Сырт тұлғасы Жорабектің өзі болатынын өзгелер де байқайтын. Анасы Шәрипаның «тіл көзден аман болғай, қарағым!» деген өз тілеуі өзінде жүретін.
Өмірі «Өларада» өткен Жорабек 39
Соғыстың әлі қайнап жатқан кезі. Көңілге демеу – совет жауын- герлері жаудың бетін қайтарып, түре қуып бара жатқан тұс. Қанша жерден «қара қағаз» келіп, қайғы ауыл үстіне үйіріліп тұрса да тіршілік жалғаса береді. Бір күні мектеп мұғалімі Дәулетов Сағымбай ауылдың ақсақалы Жорабекке келіп:
– Жөке, үйленіп жатырмын... бетін аштық... кешке бес-алты адам- ның басын қосып, баталарыңызды алсам деймін...
– Жөн, жөн. «Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды». Шақырған екенсің барамыз...
Кешкісін Жорабек баласы Шахмарданын ертіп келін түсу тойына келді. Айтқандай-ақ, бес-алты адамнан аспапты қонағы. Өзімен бірге мектепте істейтін мұғалімдерді шақырыпты, ішінде бір орысы бар. Оның аты-жөні Александр Андреев екен, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі көрінеді. «Әдебиет пәнінің мұғалімі» деген кезде нақ төрде төбедей болып отырған Жорабек қасына келіп жайғасқан орыстың төбесінен бір қарап қойды. «Сенің әуселеңді қазір көремін» деді іштей. Кәкүр-шүкір әңгіме басталып, ас-су ішілді. Бөлмеге кіре берістегі қазанда ет қайнап жатыр. Асып-сасып жүрген Сағымбайдың анасына қарап Жорабек: «келін, шырағым, етіңді асықпай, тасырлатпай, баппен пісіре бер...» – деді, әңгіменің көрігін қыздыра түсіп. Орыстың тілін ойнақтатып,бұзбай, таза сөйлеп отырған Жорабекке әлгі орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі «бұл кім, не деген дарын иесі!» дегендейін қарап-қарап қояды. Білетінін білдіргісі келгендей ме, жоқ әлде көптен бері өзін түсінетін мұндай ортаға тап келмегендіктен бе, не керек, Жорабек те ша- быттанып алған. Әңгімесінің басын Михаил Ломоносовтан бастап еді, әрі қарай Державин, Крылов, Карамзин, Пушкин, Лермонтов творчест- восын таратып әкетті. Бәйгеге түскен жүріктей жүйткіп, жүзі алаулап сөзге дес бермей отыр. Қамшы салдырар түрі жоқ. Ара-арасында қара сөзді ақындардың өлеңімен тұздықтап-тұздықтап қояды.
Шағын бөлмедегі бес-алты адамның көңілі көкке көтеріліп қалған, бәрі бірдей ол айтқан орысшаны түсінбесе де, Жорабекке қарап мәз. Ара-арасында әдебиет пәнінің мұғаліміне: «Я правильно говорю?» – деп, арқасынан бір қағып қояды. Ол жалт-жалт қарап, «правильно, правильно!» дейді.
Осының бәрін көріп отырған Шахмардан іштей: «Әдебиет пәнінің мұғалімі Андреев емес, менің әкем ғой», – деді. Әкесінің айтқандарын бар ынтасымен тыңдап, жадына жаттап алғысы-ақ келеді.
40 Шахмардан Есенов
Сөз де тыңдаушысы болған жерде шығады, Жорабек жосыла келіп:
Но ах! Жестокая судьбина! Бессмертия достойный муж, Блаженства нашего причина,
К несносной скорби наших душ, Завистливым отторжен роком, Нас в плаче погрузил глубоком! Внушив рыданий наших слух, Верхи Парнасски восстенали,
И музы воплем провожали
В небесну дверь пресветлый дух...
Это написал Михаил Ломоносов. Он также как и я выходец села, выросший в крестьянской семье. Но он навечно остался в истории русского народа, ну а я так и не смог выбраться дальше деревни. Значит, это судьба. Девятнадцатилетний Ломоносов ушел учиться в Москву. Преодолев множество препятствий, он попал в академию, учился при Академии наук в Петербурге, завершил образование в Германии. Он – настоящий патриот свого народа.
А теперь послушайте Пушкина. Это стихотворение от твоего имени, Сагимбай, я посвещаю твоей юной невесте, послушай.
Кіреберістегі ошақ қасында ас қамымен жүрген ене мен жас келін де құлақтарын түре қалды.
Орысша оқылған өлеңнің мәніне түсінбесе де, Жорабектің ерекше нәзік, сызылған үніне елітіп отыр.
Я помню чудное мгновенье: Передо мной явилась ты, Как мимолетное виденье, Как гений чистой красоты.
В томленьях грусти безнадежной, В тревогах шумной суеты,
Звучал мне долго голос нежный
И снились милые черты.
Өмірі «Өларада» өткен Жорабек 41
Шли годы. Бурь порыв мятежный
Рассеял прежние мечты,
И я забыл твой голос нежный, Твои небесные черты.
В глуши, во мраке заточенья
Тянулись тихо дни мои
Без божества, без вдохновения, Без слез, без жизни, без любви.
Душе настало пробужденье: И вот опять явилась ты,
Как мимолетное виденье, Как гений чистой красоты.
И сердце бьется в упоенье, И для него воскресли вновь
И божество, и вдохновенье, И жизнь, и слезы, и любовь.
Өлең бітті-ау деген кезде Александр орнынан атып тұрып, алдындағы жаюлы дастарханды қайыра сала, Жорабектің алдына қарсы тұра қалып, екі қолын айқастыра кеудесіне басып, басын иді. Сосын қазақшалап «Жөке» деп бір қойды да:
– Мен сіздің мынандай талантыңызға басымды иемін. Шынымды айтсам, Сіздей білімді адамды бірінші көріп тұрмын. Мойындаймын, мойындаймын! Әдебиет пәнінің мұғалімі болсам да, сіз секілді ақындар өлеңін жатқа көп оқи алмаймын. Вы просто молодец! Ұят болады, ұят! Мен ертеңнен бастап орнымды Сізге беремін, – деді, жасы қырықтардан асқан, орта бойлы, маңдайы қасқа, көзі қара болғанмен, жүзі сары жігіт. Соңғы сөзін қалжың деп қабылдаған басқалар ду күлісті.
Не керек, сол күнгі отырыстан, орыстардан сатып алған самагонның буы ма, әлде Жорабектің әңгімесінің әсері ме, Сағымбайдың қонақтары көңілдері шалқып, өздері масаттана тарады.
Шахмардан болса: «Әке, мен сені жақсы көремін!» – деп, шартарап- қа айғайлағысы келіп-ақ тұрды. Бірақ, қазақи мінезден аса алмай, бар қуанышын, шаттығын ішіне бүгіп қалды.
42 Шахмардан Есенов
Бұл әңгіменің желісін біз сол кештің куәгері болған, Сағымбайдың үйлену тойының бір қонағы, жас мұғалім Ержанұлы Ахметтің
«Дарабоз» атты естелік әңгімесінен алдық. Ахмет ағамыз бұл күнде тарих ғылымының докторы, профессор. Қара сөздің қаһарманы, білімді, алғыр адам – Жорабекті жадынан өшірмей, жастарға өнеге болсын деп осындай естелік жазыпты. «Жақсының кеудесі алтын сандық».
Біз Есенов Жорабек туралы көп естеліктер естідік, ол жайлы жазылған жазбаларды да оқыдық. Одан туған пікір мен ой – Есенұлы Жорабек шын мәнінде өз заманынан, өз ортасынан озып туған тұлға. Ол кісінің әр әрекетін, кесек мінезін, ұтымды сөздерін, көл-көсір білімін айта бергің келеді. Мүмкін, бұл адамдары ұсақтанып, жан байлығынан көрі материалдық байлыққа құныққан уақытқа тап келгендіктен болар. Әйтеуір, Жорабектей кесіп-кесіп сөз, есіп-есіп әңгіме айтатын, адасқанды – жолға, шатасқанды жөнге салатын кесек тұлғаны көңіліміз көбірек іздейді.
Шахмардан 1942 жылы жеті жылдық мектепті бітіріп, Қызылорда қаласындағы мұғалімдер даярлайтын училищеге түсті. Білімі бар деген азаматтардың бәрі соғыста. Олардың орнын Шахмардан секілді зерек, алғыр жасөспірімдер жоқтатпады. Ол Сырдария аудандық атақару комитетінде екі жылдай нұсқаушы болып қызмет атқарды. Түске дейін сабақта болса, түс ауа жұмысқа асығатын. Тіптен науқан кезінде іссапарға шығып, ауыл-ауылды аралайтын. Бұл қызметтің жас Шахмарданға бергені көп болды. Ол, біріншіден, тәртіпке, жауап- кершілікке, екіншіден, адамдармен араласып, істі ұйым-дастыруды үйренді.
Сол кездің хат тасушысы болған Абдоллаев Шәдібай мынадай естелік айтады:
– Мен Есенов Шахмарданмен алғаш рет 1942 жылы кездестім. Ол Сырдария аудандық атқару комитетінің нұсқаушысы екен. Аудан орталығы Қызылорда қаласынан төрт-бес шақырым жерде. Мен осы ауданның «Қарауылтөбе» ұжымшарында хат тасушы едім. Елдегі кәрі- құртаңнан басқа еркектің бәрінің майданға аттанған кезі ғой. Ұжымшар басшылары мені кез келген жұмысқа жеге береді. Шамасы, Шахмар- данмен ауданға солардың тапсырмасымен келіп жүргенде таныссам керек. Дәл есімде жоқ. Он төрт жастамын. Баласынатын болар, атқару комитетіндегілердің көбі мені көздеріне іле қоймайды. Бір күні Шах-
Өмірі «Өларада» өткен Жорабек 43
марданмен таныстым. Жылы шырайлы, көпшіл, өзі әдемі, бойшаң жігіт екен. Кездескен сайын елдің жағдайын, өз жағдайымды сұрайды. Айтқандарымның бәрін асықпай тыңдайды. Тіпті онымен кездесуді аңсайтын болдым. Аудан орталығына келсем, оған соқпай кетпеймін.
Бір күні мені ағаларының үйіне қонаққа шақырды, соғым сойылған екен. Дастархан басында ұзақ сөйлестік. Сыр бойының өткені мен бүгінгісін үлкен адамдарша сайрап тұр. Елдегі қарттардың әңгімесін көп тыңдағаны, құйма құлақ болғаны көрініп-ақ тұрды...»
Естелік шағын болғанмен, көп мағлұмат береді. Училищені үздік бітірген бала «нұсқаушыға», «қызметке қалсайшы» деген басшылар өтінішіне ол «оқығым келеді, жоғары білім аламын» деп нық жауабын айтады.
Әке балаға сыншы. Қай қазақ баласын алдына отырғызып қойып, ақыл айтып өсірді дейсіз. Бар қазақтың баласы ұлттық дәстүр мен салттан, әдет-ғұрыппен тәрбиеленіп, өсіп-өнбеді ме?! Сол секілді Жорабек те баласына біраз ақыл айтпақ болды да, «түйсіксіз емес қой, өзі-ақ түсінер» деп, айтпағын ішіне бүге салған. Бала Шахмардан да әкесіне бір нәрсе дегісі келеді, бірақ ол да ұлттық түсінік-түйсіктен аса алмады. Олардың айтпақ болғандары мынаған сайып еді:
«Балам, әкең де жас болған, менің де таудай-таудай талабым, ақ арман- дарым болған. Бірақ оның біріне қолым жетсе, көбіне қол жеткізе алма- дым. Мен өмір сүрген заманның қуғын-сүргіні көп болды, тұрақтылық, тыныштық жоқ болды. Басым – дауға, өзім сергелдеңге көп түстім. Талай асыл армандарым өлді... Кім кінәлі? Мүмкін өзім болармын?! Жоқ, менің кінәліні тапқым да, жазғырғым да, тіптен іздегім де келмейді.
Ұлы адам болғым келеді, Россия арын сүйемін. Келер деп қолдан сенемін, Болам ба? Құдай біледі,
– дейді ұлы Пушкин де өзі туралы. «Пушкин осылай дегенде, мен не демекпін? «Жазмыштан озмыш жоқ!»
«Жоқ, әке, мен келіспеймін, Адам тағдырмен өмір сүрмеу керек, тағдырды жасау керек!»
«Балам, сен әлі жассың ғой! Жасыңа лайық арманың да асқақ, таза, биік. Менде армандайтын тыныш күн, бейбіт заман болды ма өзі? От- аршылдар келіп жерімізді тартып алды... «ақтар» келіп шабамыз деді,
44 Шахмардан Есенов
«қызылдар» келіп қырамыз деді, артынан бар малымызды ортаға салғызып «колхоз» құрдық, одан аштыққа ұшырап қырылдық, «халық жауы» деп тағы да қырды, ақырында Отан соғысына келіп киліктік. Бізде тағдырмен тайталасып, таласатындай уақыт та болған жоқ. Біздерді басқалар басқарды, тағдырымызды солар таңдады.Талабыңа нұр жаусын! Әкең жетпеген биіктерге сен жет, әкеңнің орындалмай қалған асқақ армандарына сен қол жеткіз. Мен сенен соны сұраймын және үміттенемін!»
«Әке, өзің айтқандай, ел аман, жұрт тыныш болса сенің де, өз ар- мандарымды да орындауға уәде беремін. Өкінбе...»
1944 жыл, жаз, соғыс әлі жүріп жатыр.
Шахмардан Алматыға оқуға баратын болып шешті. Бұл әке мен ана арманы еді...
Екінші бөлім
Е
ЕЕЕЕЕЕЕЕЕ ЕЕЕЕЕ ЕЕЕЕЕЕЕЕ
Достарыңызбен бөлісу: |