18
№22 (131) 12 июня 2018 г.
bilimdi_el@mail.ru
Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz
Алғаш рет қа-
зақстандық білім
ордасы – әл-Фараби
атындағы Қазақ
ұлттық университеті
әлемдегі ең үздік 800
университеті ара-
сында 220 орынға ие
болып, QS «World
University Rankings»
халықаралық
рейтингісінде тағы
16 орынға алға
шықты. Бұл топ-
қа посткеңестік
кеңістіктен тек екі
университет кіреді:
ҚазҰУ және Ломо-
носов атындағы
Мәскеу мемлекеттік
университеті (РФ).
Елбасы Қазақстанның жоға-
ры оқу орындарына әлемдегі
ең үздік 200 ЖОО қатарына
кіру міндетін қойып отыр. ҚазҰУ
әлемдік кеңістікте мойын-
далған еліміздің жетекші уни-
верситеті ретінде осы маңыз-
ды мемлекеттік тапсырманы
іске асыру бойынша мақсатты
жұмыс атқаруда. Соңғы бес
жылда жоғары оқу орны «QS
WUR» рейтингісінде 400-ден
астам позицияға көтерілді.
Әлемдік тәжірибеде бірде-бір
университет осындай өсу ди-
намикасына қол жеткізбеген!
QS әлемдегі барша мемле-
кеттермен танылған беделді
және көптеген жылдар бойы
әлемдегі үздік жоғары оқу
орындарының жаһандық рей-
тингісін жүргізіп келе жатқан
ықпалды халықаралық агент-
тіктердің бірі екендігі мәлім.
ҚазҰУ-дың осы рейтингіде
табысты ілгерілеуінің маңыз-
ды факторы − кең ауқымды
құрылымдық модернизация,
нәтижеге бағытталған басқа-
рудың жоғары тиімділігі, сон-
дай-ақ, соңғы бес жыл ішінде
40 пайызға өскен бірегей ин-
фрақұрылымның
қарқынды
дамуы болып отыр. Әлемдік
деңгейдегі зерттеу универси-
тетіне айналу бағытын сақтай
отырып, ҚазҰУ медицина-био-
логиялық және инновациялық
ІТ кластерін қалыптастыру бой-
ынша жұмыс жасауда, оның
негізін жаңа суперкомпьютер
құрайтын болады.
Сондай-ақ, университеттің
әлемдік деңгейде танылуы
ҚазҰУ-дың тұрақты даму бой-
ынша БҰҰ-ның «Академиялық
ықпал» бағдарламасының Ға-
ламдық хабы ретінде белсенді
қызметімен және оның халық-
аралық жобаларымен де бай-
ланысты. Олардың ішінде,
ҚазҰУ ұсынған инновациялық-
технологиялық және рухани-
адамгершілік платформалар-
дың симбиозына негізделген
«Университет 4.0» жаңа буын
университетінің моделі бар.
Бүгінде ҚазҰУ-дың таңға-
ларлық тәжірибесін әлемнің
жетекші білім ордалары зерт-
теу үстінде. Бұл оның жоғары
бәсекеге қабілеттілігінің көр-
сеткіші деуге болады. Жетекші
қазақстандық жоғары оқу ор-
нының әлемдік ғылыми-білім
беру кеңістігіндегі артып келе
жатқан рөлін ескере отырып,
«QS Worldwide» Атқару кеңесі
2019 жылдың қыркүйегінде
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
негізінде бүкіләлемдік форум
және жоғары оқу орындары-
ның халықаралық көрмесін
өткізу туралы шешім қабыл-
дады. Осындай ауқымды
іс-шараны өткізу Қазақстан-
ның өсіп келе жатқан беделін
айғақтайды және елдің жоға-
ры білім беру жүйесін әлемде
алға жылжытуға ықпал ететін
болады.
әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы-
ның Франциядағы Төтенше
және Уәкілетті Елшісі Фи-
липп Мартинэ жұмыс сапа-
рымен С.Торайғыров атын-
дағы Павлодар мемлекеттік
университетінде болды.
Кездесу барысында Ф.Мартинэ
Францияда білім алудың артықшы-
лықтары туралы айтып берді. Соны-
мен қатар, Франция Республикасы-
ның Сыртқы істер министрлігі және
ҚР Білім және ғылым министрлігі ара-
сындағы келісім шеңберінде жұмыс
істеп жатқан «Абай-Верн» шәкіртақы
бағдарламасы жөнінде әңгіме өрбітті.
− Білім алушыларға 100 грант ұсыны-
лады. 90 грант екінші жыл оқып жатқан
магистранттарға арналса, 10 грант қа-
зақстандық жоғары оқу орындарының
докторанттары арасында үлестіріледі.
Басымдық берілетін салалар жоқ. Фран-
цияда білім алғысы келетін әр студент
2018 жылдың 15 маусымына дейін
өтініш білдіре алады, – деді Ф.Мартинэ.
Елші бұл бағдарлама тегін біліммен
қатар, француз әлеуметтік сақтанды-
руға тіркелуді қарастырады. Студенттер
ұзақмерзімді виза ресімдеп, жатақхана-
да орын алу мүмкіндігіне ие.
Филипп Мартинэ «Make Our Planet
Great Again» академиялық мобильділік
бағдарламасына назар аударды. Атал-
мыш бағдарлама бойынша магистрант-
тар үшін 10 грант бөлінеді.
Мамандық бойынша шектеулер
жоқ, басты талап – білім беру бағдарла-
масы қоршаған ортаны қорғау, климат-
тың өзгеруіне қарсы күрес, суды, био-
саналуандылықты сақтау мәселелері
жөніндегі Париж келісімінің тақырып-
тарына сәйкес болу керек.
Еске сала кетсек, Қазақстан − бұл
академиялық мобильділік бағдарла-
маны магистратура деңгейінде жүзеге
асыратын алғашқы мемлекет.
Кездесу нәтижесінде қатысушылар
өтініш беру мерзімі, жалпы талаптар,
жоғары оқу орнын таңдау, сонымен қа-
тар, шәкіртақы көлемі мен білім алу ке-
зеңінің ұзақтығы туралы сауалдарына
жауап алу мүмкіндігіне ие болды.
С.Торайғыров атындағы
ПМУ баспасөз қызметі
Southwest универси-
тетінде (Оңтүстік-Ба-
тыс университеті,
Чунцин қаласы, Қы-
тай Халық Республи-
касы) Қазақстан-Қы-
тай мәдени-білім беру
орталығы салтанатты
түрде ашылды.
Онлайн жүйесі арқылы өткен
Орталықтың салтанатты ашылуы-
на университетіміздің оқытушы-
лары мен студенттері, сондай-ақ,
Қытайдағы Southwest универси-
тетінің өкілдері қатысты.
Орталықтың ашылу салтана-
тында сөз алған Л.Н. Гумилев атын-
дағы Еуразия ұлттық универси-
тетінің бірінші проректоры Әсемгүл
Молдажанова іс-шара Мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың
Қытай Халық Республикасына са-
парымен тұспа-тұс келгенін айтып,
бүгінгі таңда Еуразия ұлттық уни-
верситетінің Қытайдың жоғары оқу
орындарымен ынтымақтастығы
интернационалдандыруды дамы-
тудың басым бағыттарының бірі
екенін атап өтті. Арадағы бұл қа-
рым-қатынасқа 10 жылдан астам
уақыт болғанын, Еуразия ұлттық
университеті осы мезгіл ішінде ын-
тымақтастықтың бағыттарын ны-
ғайтып, өрісін кеңейте түскенін
және ЕҰУ қазір Қытайдың 17 жоға-
ры оқу орнымен (Сиань шет тілдер
университеті, Минзу университеті,
Шанхай университеті және т. б).
тығыз байланыста жұмыс істейтінін
айтып берді. «Бұл қарым-қатынас-
тың негізгі бағыттары – академия-
лық ұтқырлық, ғылыми-зерттеу қыз-
меті, профессор-оқытушылар ал-
масу, қос диплом бағдарламасы
және т. б.», – деді Әсемгүл Алек-
сандрқызы.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де
соңғы үш жыл ішінде Қытайдан
келген 60-тан астам студент ака-
демиялық ұтқырлық бағдарламасы
бойынша білім алса, біздің студент-
тер мен магистранттар Күншығыс
еліндегі Орталық Минзу, Шет тіл-
дер, Аньшань университеттерінде
білім алуда. Сондай-ақ университет
Қытайдан жыл сайын профессор-
лар мен оқытушылар шақыруды
дәстүрге айналдырған.
2014 жылғы ЖОО арасындағы
келісімдер аясында Шанхай уни-
верситетімен («Қытай филоло-
гиясы», бакалавриат) бірлескен
қос дипломдық білім беру бағдар-
ламасы жүзеге асырылуда. Қазір
ЕҰУ-дің 12 студенті Қытайда осы
бағдарлама бойынша білім алуда.
Southwest университеті шетел-
діктермен жұмыс істеу факуль-
тетінің деканы Лю Чэню өз сөзінде
екі елдің ЖОО арасындағы ынты-
мақтастықты нығайтуға ЕҰУ жанын-
дағы Конфуций институты мен Қы-
тай филология кафедрасы және
Шығыстану кафедрасы елеулі үлес
қосып жатқанын, сондай-ақ, жаңа-
дан ашылған мәдени-білім беру
орталығының атқаратын қызметі
туралы айтып өтті.
ЕҰУ «Рухани жаңғыру» инсти-
тутының директоры Ерлан Арын
елімізде «Рухани жаңғыру» бағдар-
ламасы жүргізіліп жатқанын, ал
бүгінгі тұсауы кесілген Қазақстан-
Қытай мәдени – білім беру орталы-
ғы осы бағдарламаның жүзеге
асуына септігін тигізетініне сенім
білдірді. «Бұл Орталықтың ашылуы
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы-
ның жемісі және екі елдің ЖОО
арасында ғана емес, халқы үшін
де маңызы зор», – деп атап өтті.
ЕҰУ филология факультетінің
деканы Шолпан Жарқынбекова
жаңа ашылған орталыққа Л.Н.
Гумилев атындағы ЕҰУ-дің прак-
тикалық қазақ тілі кафедрасының
оқытушылары қазақ тілі пәнінен
сабақ беретінін және осы орта-
лықтың ұйымдастыру жұмыста-
рын жүргізетінін жеткізді. Шолпан
Құзарқызының айтуынша, прак-
тикалық қазақ тілі кафедрасы ор-
талыққа қазақ тілі мамандарын
жіберіп, қажетті оқу-әдістемелік
еңбектермен және көрнекі құрал-
дармен қамтамсыз ететін болады.
Л.Н. Гумилев атындағы
ЕҰУ баспасөз қызметі
Жоғары оқу орындары
ҚазҰУ әлемнің үздік
университеттері қатарында
Франция елшісімен кездесу өтті
ҚХР-да Қазақстан-Қытай
мәдени-білім беру орталығы ашылды