«Қазақ газ өңдеу зауытының даму тұжырымдамасы» жөніндегі техника-экономикалық зерттеулер бойынша қызметтер көрсетуге арналған


Көрсетілген қызметтерді табыстау-қабылдау тәртібі



жүктеу 0,98 Mb.
бет2/10
Дата01.01.2018
өлшемі0,98 Mb.
#6778
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5. Көрсетілген қызметтерді табыстау-қабылдау тәртібі

5.1. Шартқа № 1 Қосымшада белгіленген Қызметтер көрсетудің бірінші және екінші кезеңдері аяқталуының нәтижелері бойынша Орындаушы Тапсырысшыға оның кеңсесінде тіркелетін ілеспе хатпен бірге Қызмет көрсетулердің бірінші/екінші кезеңі бойынша Есеп (бұдан әрі – Кезең бойынша есеп) жібереді. Тапсырысшы 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде Орындаушының өкілдерімен әр кезең бойынша Есепті Техникалық тапсырмаға сәйкестігін және Қызмет көрсетулердің сапасын бағалау тұрғысында қарайды.Кезең бойынша есепті қараудың қортындылары бойынша Тапсырысшы 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде Орындаушыға Қызмет көрсетулер актісіне қол қойып жіберуі қажет. Көрсетілген Қызметтер бойынша ескерту-талаптар бар болған жағдайда Тапсырысшы Кезең бойынша есепті қарау күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде олар туралы жазбаша түрде хабарлап және анықталған кемшіліктерді жою мерзімдерін айқындауы қажет.

5.2. Шартқа № 1 қосымшада белгіленген Қызмет көрсетудің 3-кезеңі аяқталуының нәтижелері бойынша Орындаушы ТЭЗ бойынша Есепті келісу, сараптамадан өткізу және алу үшін мына органдарға жібереді:

- Тапсырысшының ғылыми-техникалық кеңес;

-«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның ғылыми-техникалық кеңесі.

Бұл ретте, жоғарыда аталған органдардың ТЭЗ бойынша есепті қарауының жалпы мерзімі күнтізбелік 30 күнді құрайды.

5.3. ТЭЗ бойынша есепке қатысты көрсетілген органдардың бірінің ескертулері бар болған жағдайда Тапсырысшы Орындаушыға ТЭЗ бойынша есептегі кемшіліктерді, ескертулерді және мүмкін ұсынымдарды жоюдың мерзімдерін көрсетіп, оны келісуден, сараптама мен қортынды жасаудан негіздемеленген жазбаша түрдегі бас тартуды жолдайды.

5.4. Егер Орындаушы кемшіліктерді жоюдың мерзімдерімен, Тапсырысшының ескертулерімен келіспеген жағдайда, Тараптар Шарттың екі Тарабы хаттамаға қол қоюы жолымен мерзімдерді бірлесе отырып келіседі.

5.5. Орындаушы кемшіліктерді жойғаннан кейін ТЭЗ бойынша есепті қабылдау қайта жүргізіледі. Осы Шарттың 5.2-тармағында көрсетілген органдардың оң қортындысы алынып және келісілгеннен кейін, ТЭЗ бойынша есеп қағаз жүзінде және электрондық таратқыштарда орыс тіліндегі 6 данада және ағылшын тіліндегі 2 данада Тапсырысшыға беріледі, одан кейін ТЭЗ бойынша есепті Орындаушы Тапсырысшыға Тараптардың өкілетті өкілдері көрсетілген Қызмет көрсетудің 3-кезеңі актісінің 2 (екі) данасына қол қоюы жолымен береді. Тапсырысшы 10 (он) жұмыс күні ішінде Актіге қол қойып, Орындаушыға оның бір данасын қайтарады.

6. Жергілікті қамтылу

6.1. Орындаушы Шартқа № 2 қосымшада белгіленген нұсқа бойынша есепті айдан кейінгі айдың 10-ына дейін тоқсан сайынғы негізде растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілген Қызметтердегі жергілікті қамтылу туралы растаушы құжаттарды, сондай-ақ Орындаушы Шарт бойынша жергілікті қамтылу үлесі жөніндегі түпкілікті есепті көрсетілген Қызметтер үшін түпкілікті есеп айырысуға дейін өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін ұсынуға міндетті.

6.2. Қызмет көрсетулердегі жергілікті қамтылудың үлесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығымен бекітілген Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алуы кезіндегі жергілікті қамтылуды есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес есептелуі қажет.

6.3. Орындаушы көрсеткен Қызметтердегі жергілікті қамтылу үлесі 100 %-ды (Орындаушы ондай үлесті мәлімдеуі жағдайында көрсетіледі) құрайды. Орындаушы болсын, ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) болсын мәлімделген жергілікті қамтылу үлесі бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда Орындаушы Тапсырысшыға Шарттың жалпы сомасынан 5% мөлшерінде айыппұл, сондай-ақ жергілікті қамтылудың әрбір орындалмаған 1%-ы үшін Шарттың жалпы сомасынан 0,15%, бірақ Шарттың жалпы сомасының 15%-нан асырмай айыппұл төлеуге міндетті.

6.4. Орындаушы жергілікті қамтылу үлесі бойынша дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда Тапсырысшы Шартты орындаудан біржақты тәртіппен бастартуға және шығындарды өтеуді талап етуге құқылы.

6.5. Орындаушы жергілікті қамтылу жөніндегі есептілікті уақытылы ұсынбағаны және жалған есептілік ұсынғаны үшін Тапсырысшыға 100 еселік айлық есепті көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.



7. Қызмет көрсетуге кепілдік

Орындаушы мыналарға кепілдік береді:

7.1. Орындаушыда, сондай-ақ оның қосалқы мердігерлерінде (бірлесіп орындаушылары), олар бар болған жағдайда, барлық рұқсат беретін құжаттардың, оның ішінде Қызмет көрсетуге лицензиялардың, сертификаттардың, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың және өзге де Шарт бойынша Қызмет көрсету үшін талап етілетін рұқсат құжаттарының бар болуына, ал Орындаушы мен қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) Қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлерінің Қызметтерді сапалы көрсету үшін қажетті біліктілігі мен тәжірибесінің бар болуына.

7.2. Шарттың мәні болып табылатын Қызмет көрсетулер Қазақстан Республикасының заңнамасына және белгіленген талаптар мен стандарттарға, Шарттың талаптарына толықтай сәйкес болуы қажет. Қызмет көрсетудің барысында, сондай-ақ Қызмет көрсетудің нәтижелерінде анықталған кез келген сәйкессіздікті Орындаушы өз күшімен өз қаражытының есебінен жояды.

7.3. Қызмет көрсетулердің нәтижелері еркін екендігіне және үшінші тұлғалардың Қазақстан Республикасының авторлық және аралас құқықтар саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік және/немесе басқа да интеллектуальдық меншіктілікке негізделген кез келген құқықтары мен талаптарынан еркін болады, және Мердігер Қызмет көрсетулерге байланысты пайда болатын интеллектуалдық құқықтың бұзылуына немесе жорамал бұзылуына байланысты пайда болған барлық іс-әрекеттер, талаптар, талап етулер, шығындар, шығыстар мен міндеттемелер бойынша жауапты болады, Тапсырысшыны жауаптылықтан босатады, қорғайды, шығындарын өтейді және оның жауаптылыққа тартылмауын қамтамасыз етеді.


8. Жеуге болмайтын күн жағдайы

8.1. Тараптар, егер ол жеңуге болмайтын күш жағдайының әсері болып табылатын болса осы Шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады. Жеңуге болмайтын күш жағдайы ретінде Шарт жасалғанан кейін Тараптың ескеруі мүмкін емес және оған қатысты емес төтенше сипаттағы оқиғаның нәтижесінде пайда болған жағдай ұғылады.

8.2. Жеңуге болмайтын күш жағдайына Тараптардың ерік-жігеріне тәуелсіз және Тараптардың кез келгені Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға мүмкін болмайтын жағдайлар болып табылуы шартымен су тасқыны, жер сілкінісі және басқа да табиғат апаттар, эмбарго, соғыс немесе әскери іс-қимылдар, диверсия, лаңкестік, мемлекеттік органдардың Қызметтер көрсетуге тыйым салатын немесе қандай да болсын ретпен бөгет жасайтын нормативтік құқықтық актілер шығаруы жағдайлар жатады.

8.3. Шарттың 8.2-тармағында көрсетілген жағдайлардың салдарынан осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға жағдайы жоқ Тарап аталған жағдайдың пайда болғандығын растайтын тиісті құжатты қоса беру арқылы екінші Тарапты 48 сағаттың ішінде жазбаша түрде бұндай жағдайлардың пайда болғандығы туралы құлақтандыруы тиіс. Көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы немесе сауда-өнеркәсіптік палатасы растауы және куәландыруы қажет.

8.4. Егер жеңуге болмайтын күш жағдайы 1 (бір) айдан астам уақыт бойы әрекетін жалғастырса Тараптардың әр қайсысының Шартты одан әрі орындаудан бас тартуға құқығы бар, бұл жағдайда Тараптар іс жүзінде берілген Тауар мен жүргізілген төлемдер үшін осы Шарт бойынша өзара есеп айырысулар жүргізуге міндеттенеді.


жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау