Autocad жүйесіндегі сызу «Инженерлік және компьютерлік графика»



жүктеу 2,94 Mb.
бет8/12
Дата16.02.2018
өлшемі2,94 Mb.
#9903
түріНұсқаулар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

13 Негізгі жазылуды толтыру
Негізгі жазылудың толтырылуы қолайлы болу үшін оны бүкіл экранға шығарамыз. Бұл үшін стандартты құралдар панелінде «Увеличить до окна» батырмасы бар, бұл опцияны таңдағанда негізгі жазылымның зонасы бүкіл сызулық экранда болады.

Негізгі жазылымды толтыру үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

1 Түсетін «Формат» менюсінде кіру;

2 «Стиль текста» пунктін таңдау;

3 Пайда болған диалог терезесінде (31 сурет) ағымды шрифттің атын көрсету, мысалы, «ISOCTEUR»;

4 Шрифт биіктігін 3 орнату;

5 Енінің коэффициентін 0,8 орнату;

6 Көлбеу бұрышын 15 орнату;



7 Алдымен тышқанмен «Применить» бастырмасына басып, «Закрыть» бастырмасы көмегімен диалог терезесін жабу.

31 сурет
Текстті келесі тізбекте жазуға болады:

1 «Рисование» құралдар панелінде бастырмасы , «Параграф» командасын таңдау;

2 Тышқанмен текст шекарасының рамкасын бөлу;

3 Бұдан кейін «Текстовый редактор» терезесі ашылады (32 сурет), онда ағымды шрифттің аты «ISOCTEUR», шрифттің биіктігі 3, көлбеу бұрышы 15 орнатылған;

4 Редактордың негізгі терезесінде текстті енгізу;

5 Команда «OK» бастырмасына басумен аяқталады.



32 сурет
Ескерту: AutoCAD жүйесінің шрифтер орыс әріптерді және арнайы белгілерді бәрі көрсете алмайды, бірақ Cyr атына аяқталатын шрифтер орыс текстін келеді. Арнайы белгілер AutoCAD стандартты шрифтерімен ғана жұмыс істейді және True Type шрифтерімен жұмыс істемейді.
14 Өлшемдерді енгізу
AutoCAD жүйесінде өлшемдерді енгізу қарапайымдылығымен, қолайлығымен және құру жеңілдігімен көрінеді. Өлшемдерді енгізу алдында өлшемді стильді анықтау керек. Өлшемді стиль деп суреттегі өлшем түрін сонымен өлшемді және шығыңқы сызықтардың түрін, өлшемді сызықтың аяқталу түрі (жебелер, нүктелер және т.б.), формат және өлшемді текстің орналасу орнын анықтайтын барлық өлшемді айнымалылардың атайды. Барлық өлшемдер ағымды өлшемді стильді қолданумен пайда болады. Standart стилі қолданылады, онда барлық өлшемді стильдердің аттары бар. Егер біз алдында орындалған сызбамен жұмыс істесек (өңдесек), онда берілген суретте болатын стиль тізімі «Размеры» панелінде орналасқан (33 сурет).

33 сурет
Жаңа сызбада тек ISO-25 аты бар өлшемді стиль бар.

Өлшемді стильдермен жұмыс клавиатурадан, немесе түсетін «Размеры» менюсіндегі Style (Стиль) пунктінен, немесе түсетін «Формат» менюсіндегі «Стиль размера» пунктінен енгізілетін DIMSTYLE (РЗМСТИЛЬ) команда көмегімен орындалады.

Сол сияқты DIMSTYLE (РЗМСТИЛЬ) командасы бастырмасы көмегімен – «Размеры» панеліндегі «Стиль размера» орындауы мүмкін, оның шығуы үшін егер экранда болмаса, ашылатын түсу «Вид» менюсінде төменгі сызығындағы «Панель инструментов» командасын таңдау керек. Көрінген диалог терезесінде «Размеры» панелінің қасында, тышқанның сол жақ бастырмасы көмегімен квадратта атынның алдында «Х» белгісін қою. Бұдан кейін экранда «Размеры» панелі шығады, содан соң «Панели инструментов» терезесін «Закрыть» бастырмасы көмегімен жабамыз.

(РЗМСтиль) командасы – «Менеджер стилей размеров» диалог терезесін ашады. Бұл терезені орталық бөлігіндегі «Просмотр ISO -25» көру өрісі берілген стильмен жасалатың өлшемдердің сыртқы түрін көрсетеді.

Егер «Изменить» бастырмасына бассақ, «Изменить текущий стиль: ISO - 25 » диалог терезесі пайда болады, оның алты салымы бар: «Линии и стрелки», «Текст», «Расположение», «Основные единицы», «Альтернативные единицы», «Допуски». Осы салымдармен жұмыс бар өлшемді стильдің өзгерістерін енгізуге және сақтауға мүмкіндік береді.

Өлшемдерді енгізу, рұқсат беруші және шығықты сызықтардың енгізу операциялары «Размер» менюсінде орналасқан командалар немесе «Размеры» құралдар панеліннің бастырмалары (33 сурет) көмегімен орындалады, олардың экранға шығуы жоғарында қарастырылған.



Ескерту! Өлшемдердің қойылуы міндетті түрде объектті байламның қолданылуымен іске асады. Кей берілген командаларды одан гөрі түсінірек қарастырамыз.
– «Линейный размер» - сызықты өлшемдерді енгізу үшін кызмет етеді (34 сурет). Берілген сызықты өлшемді енгізу үшін команданы көрсетіп, одан кейін «Конец» немесе «Пересечение» байламын таңдаймыз және курсормен 1 нүктені, одан 2 нүктені көрсетеміз және ГОСТ дистанциясына сәйкес өлшемді керек жаққа қарай тартамыз.

34 сурет
– «Выровненный размер» сызықты өлшемді таңдалған кесіндідегі немесе екі көрсетілген нүктелерге параллель енгізуге мүмкіндік береді.

35 сурет
- «Радиус» радиус өлшемін енгізуге арналған. Бұнда өлшемді сызықтың орналасуын көрсететін нүкте өлшемнің қайда және қалай, ішінде немесе сыртында орналасуын анықтайды. (36 сурет)

36 сурет
- «Диаметральный размер»- диаметр өлшемдерін енгізу үшін арналған (37 сурет)

37 сурет

– «Угловой размер» кесінділер немесе доға өлшемдері арасындағы (немесе шеңбер бөліктерінде) бұрышты өлшемдерді енгізу үшін арналған (38 сурет)



38 сурет
- (Быстрая выноска) бір аты «выноска» примитивін құрады, ол жебемен басталатын және бір немесе бірнеше текст сызықтарымен аяқталатын сыну немесе тегіс шығыңқы сызықтан тұрады.(39 сурет)

39 сурет
- «Метка центра» шеңбер немесе доға центрінің белгісін қоюға қолданылады .(40 сурет)

40 сурет
- «Правка размера» өлшемді текстін және оның орналасуын өзгертеді, сол сияқты шығыңқы сызықтарды көлбейтуге мүмкіндік береді. Егер біз «Новый» опциясын таңдасақ, онда «Текстовый редактор» диалог терезесі көмегімен текстті өзгертуге болады, терезедегі бұрышты жақшалар ескі өлшемді текстті білдіреді, оны не сақтауға, не бұрышты жақшаларды жайып, жаңа текстті енгізіп, толығымен айырбастауға болады .

«Наклонить» опциясын таңдаған кезде алдымен объектті, одан бұрышты сұрап, горизонталь осіне қарағанда, шығыңқы сызықтарының көлбеу бұрышын сұрауға болады (41 сурет)



41 сурет
- «Правка текста размера» өлшемді тексттің және шығынғы сызықтың орнын ауыстыруға болады. Бұнда өлшемді текст шығыңқы сызықтарының арасында кез келген жерде немесе олардан тыс орналасу мүмкін. (42 сурет)

42 сурет
– «Стиль размера» - өлшемді стильдерді жасауға және өңдеуге мүмкіндік береді, сол сияқты бұл бастырманы өлшемдерді енгізуіне өлшемді стильді өңдемей және жаңаны пайда болдырмай жеке өзгерістерді кіргізу үшін қолайлы.
жүктеу 2,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау