AutoCAD экранының операциясы арқылы
қамтамасыз етіледі де, қолданушының
баптауына жатады және сызбаның шектелімі (лимит) деп аталады. Берілген
шектелім жобаланған обьектінің суммарлы габариттық өлшемінен бірнеше есе
басымырық болады. Сызбаның мөлшерін беру үшін жүйелік мәзірдегі Файл бөлімін
таңдап, оның ішінен Параметры страницы және диологтық терезеден (2-сурет)
беттің мөлшерін, өлшем бірлігін және т.б құру керек.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
AutoCad графикалық жүйесінің ерекшеліктері
AutoCad графикалық жүйесінің артықшылықтары
8 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
1 тақырып. Растрлық графиканың негізгі ұғымдары. Растрлық
графикамен жұмыс істеу программалары. Adobe Photoshop бағдарламасының
ерекшеліктері.
№1 Практикалық жұмыс. Көлемді батырмалар құру
1-әдіс. Жаңа файл құрыңыз (фонның түсі - ақ). Шеңбер салыңыз. Фон түсі -
қызыл, ал алдыңғы түс – қара қылып алдын-ала таңдап алып, бөліп алынған
шеңберге градиентті құюды қолданыңыз.
Мәзірден Выделение → Модифицировать → Сжать
командасын таңдаңыз. Қарама-қарсы бағытта жаңа
шеңберге градиентті құюды қолданыңыз. Батырмаға әріп,
сан немесе сөз енгізіңіз. Көлеңкемен толықтырыңыз (1-
сурет).
1-сурет (нәтиже)
2-әдіс. Ең бірінші, дайындаманы салып алу керек. Ол үшін Rounded Rectangle
(Бұрыштары дөңгелектелген тіктөртбұрыш, Скругленный прямоугольник) құралын
немесе ерекшелеу құралдарының бірігуін пайдалануға болады. Біз екіншісін
таңдайық, себебі, оны Photoshop-тың ескі версияларын пайдаланушылар да қолдана
алады.
Rectangle Marquee (Тіктөртбұрышты ерекшелеу, Прямоугольное выделение)
құралын алып өлшемі батырмаға сәйкес келетіндей аймақты ерекшелеп алыңыз.
Содан кейін Elliptical Marquee (Эллипстік ерекшелеу, Эллиптическое выделение)
құралын алыңыз және мәндер панеліндегі Add to Selection (Ерекшеленгенге қосу,
Добавить к выделению) батырмасын шертіп, 2-суреттегіге сәйкес ерекшелеуді
құрыңыз.
Ерекшеленген аймақты ақ түске бояп, оның көшірмесін алыңыз (Ctrl+C) және
оны қойып (Ctrl+V), Free Transform (Еркін тасымалдау, Свободное
трансформирование) құралының көмегімен оны айналдырыңыз. Нәтижесінде
батырманың дайындамасын аламыз (3-сурет). Сосын батырма бөліктері орналасқан
қабаттарды біріктіріңіз.
Сосын Paint Bucket (Құю, Заливка) құралының
көмегімен батырманы басқа
түске бояйық. Мысалы көк түс (R 85, G 140, B 187). Алайда ақ пен қарадан басқа кез
келген түсті таңдай аласыз.
Дайындамаға қабаттың Bevel and Emboss (Скос және рельеф) стилін
қолданайық: Layer → Layer Style → Bevel and Emboss (Қабат → Қабат стилі → Скос
және рельеф). Оның баптаулары 4-суретте көрсетілген. Осы әрекеттің нәтижесі 5-
суретте көрсетілген.
Осыдан кейін Layer Style (Қабат стилі) терезесін жаппай тұрып, құрылған
стильге 6-суреттегі баптауларды бере отырып Gradient Overlay (Градиентті орнату,
Наложение градиента) әсерін қосыңыз. Егер барлығы дұрыс орындалса, онда
нәтижесі 7-суреттегіге сәйкес келуі керек.
Алдыңғы екі әсерге Inner Shadow (Ішкі көлеңке, Внутренняя тень) әсерін
қосыңыз (8-сурет). Inner Shadow (Ішкі көлеңке, Внутренняя тень) әсерін қосқаннан
кейінгі нәтиже 9-суретте көрсетілген.
Жаңа қабат құрыңыз (Shift+Ctrl+N). Жаңадан ерекшелеу енгізіңіз және оны
басқа түске бояңыз (мысалы, R 111, G 176, B 225). Жаңа элементтің өлшемі мен
формасын 10-суреттен көре аласыз.
Оны Gaussian Blur (Гаусс бойынша шаю) сүзгісінің көмегімен шайыңыз: Filter
→ Blur → Gaussian Blur (Сүзгі → Шаю → Гаусс бойынша шаю, Фильтр → Размытие
→ Размытие по Гауссу) (11-сурет).
Қайтадан жаңа қабат құрыңыз. Бірақ осы жолы ерекшелеуді батырманың
жоғарғы бөлігіне орнатыңыз (13-сурет). Gradient (Градиент) құралын алып,
ерекшеленгенді қарадан ақ түске өтетін стандартты сызықтық градиентпен бояңыз
(14-сурет).
Layers (Қабаттар) палитрасын ашып градиенті бар қабат үшін Blending Options
(Орналастыру мәндері, Параметры наложения) мәнін - Screen (Экран), ал Opacity
(Мөлдір еместік, Непрозрачность) мәнін – 75% деп алыңыз. Нәтижесі 14-суретте
көрсетілген.
Кез келген мәтін жазып, қабаттың Drop Shadow (Сыртқы көлеңке, Внешняя
тень) стилінің көмегімен оған аздап көлеңке қосыңыз. Layers палитрасындағы мәтіні
бар қабатты градиенті бар қабаттан төмен орналастырыңыз. Соңғы нәтиже 15-
суретте көрсетілген.