Autocad экранының операциясы арқылы қамтамасыз етіледі де, қолданушының


№3 Практикалық жұмыс. Алтын әріптер



жүктеу 1,22 Mb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата31.05.2020
өлшемі1,22 Mb.
#30728
1   2   3   4   5   6   7
Компьютерлiк сызба

№3 Практикалық жұмыс. Алтын әріптер

RGB түстік режимінде жаңа бейне құрыңыз (Ctrl+N). Кез келген сурет салу 

немесе ерекшелеу құралын пайдаланып алтын кесегінің дайындамасын салыңыз 

(54-сурет).

54-сурет

Содан кейін Gradient (Градиент) құралын алып, Gradient Editor (Градиенттер 

редакторын) ашыңыз да, 55-суреттегіге сәйкес үлгі құрыңыз. Осының көмегімен біз 

кесекке


алтынға 

ұқсас түс

береміз.

55-сурет


Құрылған градиентті пайдаланып кесекті бояңыз (56-сурет). Алтын кесегінің 

ортаңғы бөлігіне градиенттің радиалды типін пайдаланған жөн. Алтын кесегі дайын 

болғаннан кейін Type (Мәтін) құралының көмегімен сөзді (57-сурет) сұр түспен 

жазыңыз. Массивті қаріпті (жартылай қарайтылған) таңдаған жөн, алайда қаріп 

өлшемін өте үлкен етіп алмаңыз.

56-сурет


57-сурет

Мәтінді өңдеуді ары қарай жалғастыру үшін оны растрға ауыстыру керек. 

Мәтін орналасқан қабатта тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, ашылған 



мәзірден Rasterise Layer (Қабатты растрлеу, Растрировать слой) командасын 

таңдаңыз.

Енді мәтінді ерекшелеңіз. Ең жеңіл әдіс - Layers (Қабаттар) палитрасындағы 

осы қабатта тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту. Ерекшеленгенді маска 

ретінде жеке каналға сақтаңыз. Ол үшін Channels (Каналдар) палитрасының төменгі 

жағында орналасқан, штрихталған сызықтармен шектелген, ақ дөңгелекке шертсе 

немесе Select → Save Selection (Ерекшелеу → Ерекшеленгенді сақтау, Выделение → 

Сохранить выделение) командасын орындау жеткілікті.

Жаңа ғана құрылған каналды екпінді күйге келтіріңіз (каналдар палитрасында 

оған шерту арқылы) және оны Blur (Шаю, Размытие) бөліміндегі радиусы 2-3 

пиксель болатын Gaussian Blur (Гаусс бойынша шаю, Размытие по Гауссу) сүзгісінің 

көмегімен шайыңыз (58-сурет).

RGB каналына қайтып келіп, Layers (Қабаттар) палитрасын ашыңыз. Мәтін 

орналасқан қабат екпінді екеніне көз жеткізгеннен кейін, Filter → Render → Lighting 

Effects (Сүзгі → Жарықтандыру → Жарық әсерлері, Фильтр → Освещение → 

Эффекты света) командасын орындаңыз. Texture Channel (Каналдың текстурасы, 

Текстура канала) бөлімінде шайылған мәтін орналасқан каналды таңдаңыз. Қалған 

баптаулар мынадай (111-сурет): Light type (Қайнар көзі, Источник) - Spotlight 

(Прожектор), Intensity (Ашықтығы, Яркость) – 35,

Focus (Фокус) – 69, Gloss (Фактура) – 0, Material (Материал) – 69, Exposure

(Ұстап тұру, Выдержка) – 0, Ambience (Орта, Среда) – 8, баптаулардағы екі түс

те – ақ.


58-сурет

59-сурет


Нәтижесі 60-суретте көрсетілген.

60-сурет


Әріптерге металды түр беру үшін түстік қисықтарды пайдалану керек: Image 

→ Adjustments → Curves (Бейне → Баптаулар → Қисықтар, Изображение → 

Настройки → Кривые). 61-суреттегідей қисықты салыңыз.

Осы қисықты пайдаланғаннан кейінгі нәтиже 62-суретте көрсетілген.




Енді жазуды жарқыраған алтынға ұқсатып бояймыз. Ол үшін Image → 

Adjustments → Hue/Saturation (Бейне → Баптаулар → Түс/Қанықтылық, 

Изображение → Настройки → Тон/Насыщенность) командасын немесе Ctrl+U 

пернелерін пайдалану керек. Colorize (Түстендіру, Тонирование)-ке белгіше қойыңыз

да, сырғымаларды жылжыту арқылы қажетті мәндерді беріңіз. Ал біздің жағдайда 

63-суретте көрсетілген мәндер қолданылған.

Жазуға аз ғана көлеңке қосу арқылы нәтижені жақсартуға болады. Ол үшін 

қабаттың Drop Shadow (Сыртқы көлеңке, Внешняя тень) стилін қолданыңыз: Layer 

→ Layer Style → Drop Shadow (Қабат → Қабат стилі → Сыртқы көлеңке, Слой → 

Стиль слоя → Внешняя тень). Оның баптаулары 64-суретте көрсетілген.

63-сурет

64-сурет


Егер сіздің бейнеңіз жеткілікті мөлшерде ашық болмаса, онда оны алдыңғы 

мәзірдегі Brightness/Contrast (Ашықтық/Контраст) командасы-ның көмегімен 

жөндеуге болады.

Соңғы нәтиже 65-суретте көрсетілген.

65-сурет (нәтиже)




жүктеу 1,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау