Қалбатау ауылдық округі әкімі С. Торғаевтың Қалбатау ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері



жүктеу 131,23 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі131,23 Kb.
#6786
түріБағдарламасы

Қалбатау ауылдық округі әкімі С. Торғаевтың Қалбатау

ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері
Еліміздің жақын жылдардағы экономикалық дамуының бағыттары мен міндеттерін айқындап берген, Елбасымыздың «Нұрлы Жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етуі еліміздің қоғамдық саяси өміріндегі аса маңызды оқиға болды. Еліміздің ертеңіне жол сілтеген бұл жаңа бағдарламалық құжат әрбір Қазақстандықтың өмір сапасын жақсартуға арналуда. Жаңа экономиалық саясатты жүзеге асыру бойынша алдымызда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Қазір осы бағытта іс-қимыл жоспары жасалып, жұмыс жүргізілуде. Елбасы алға қойған міндеттерді облыс, аудан әкімінің тапсырмаларын, халықтың ұсыныс-тілектерінде айтылған мәселелерді орындауға бағытталды.

2014 жылдың 1 желтоқсандағы мәлімет бойынша округте 12 592 адам тұрады. Қазақтар саны – 11 575 адам - яғни – 92%, қалған 13 ұлттың өкілдер саны – 997 адам – 8%.

Елді - мекендер саны – 4

Аула саны – 3 249

Калбатау – 10 811 адам

Жаңаөзен – 1 281 адам

Батыр Қапай – 401 адам

Ортабұлақ – 93 адам

Жасы 0-15 тұрғындар – 3405

Жасы 16-29 тұрғындар саны – 2501

Еңбекке қаблетті тұрғындар –7499

Ұлы Отан соғысының ардагерлері –1

1941-1945 жылдары еңбек еткен азаматтар - 183

Ауған соғысының ардагерлері - 13

Чернобыль апатына қатысушылар-10

Зейнеткерлер – 1703

Мүгедектер - 267

Оралмандар – 1498

Медициналық мекемелер – 6 ( Жарма ауданы бойынша № 1 Мед. бірлестік, «Азат», « Жаңаөзен» дәрігерлік амбулаториясы, Фельдшерлік пункттер – 3)

Мектептер – 5

Бала-бақша - 2

Оқушылар саны – 1854

Мектеп алды тобында – 166

Шағын орталықтар мен бала-бақшаларда - 419

2014 жылы балалар жәрдемақысына 167 өтініш түсіріліп, 430 балаға – 6 млн 167 мың теңге төленсе, атаулы әлеуметтік көмек 47 жанұя 188 адамға 1 млн. 791 мың теңге төленді, былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 11 жанұяға азайған.

Тұрғын үй көмегін алушы – 433 жанұяға 6 млн519 мың теңге төленді.

«Өрлеу» пилотты жобасы бойынша 30 жанұя тартылып, шартты ақшалай көмек тағайындалды, барлығы – 2 166 750 тенге.

Оның ішінде – Калбатау ауылынан – 27 жанұяға 1 981 000 тенге, Қапай батыр ауылынан – 2 жанұяға – 131 872 тенге, Жаңаөзен ауылынан – 1 жанұяға 53 178 тенге төленді. Округ бойынша Ресми тіркелген жұмыссыздар саны 67. Былтырғы жылмен салыстырғанда екі адамға азайған. 150 жаңа жұмыс орындары ашылып, 2014жылы жұмысқа орналасуға өтініш бергендер саны 599 адам, 428 адам былтырғы жылдың деңгейімен жұмысқа орналасты.

2014 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аясында қайта даярлау курсынан малды қолдан ұрықтандыру операторына – 1 адам, ағаш шебері – 13,қонақ үй администраторы – 1, официант-бармен – 2 адам, тігінші мамандығына – 1 адам, азпазшы мамандығына – 3 адам өтті. Ал ұзақ мерзімді мамандықтар бойынша – слесарь КИП және автоматика – 1 адам, оператор ЭВМ – програмистке 4 адам Өскемен және Семей қалаларында оқуларын жалғастыруда.

2014 жылы Кәсіпкерлік картасына 21 жоба жоспарланған. Оның ішінде 20 жоба Жұмыспен камту - 2020 бағдарламасы арқылы және өз қаражаттары есебінен жүзеге асты. Тек 1 жоба ғана жүзеге аспады. Чипсы өнімін өндіруге, себебі Қытай елінен алынатын құралдардың қымбаттауына байланысты, жоба орындалған жоқ. Ағымдағы жылы I – транш негізінде 52 адам өтініш түсіріп, жобаға қатысты. Несие серіктестік "Жарма-2020" арқылы 14 адам несие алды 23900,0 мың.теңге несие алса, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" арқылы 18 адам 49100,0 мың.теңге несие алды. 2014 жылы I – транш бойынша барлығы 32 адам 73000 мың.теңге несие алып, өткен жылмен салыстырғанда, 30 пайызға немесе 24300,0 мың.тенгеге артты.



2014 жылы I – ші транш негізінде 73000 мың.теңге

Ірі қара мал өсіруге – 15 адамға 31400,0 мың.теңге

Мал бордақылау пунктін ашуға – 1 адамға 3000,0 мың.теңге.

ТҚС (СТО) ашуға – 2 адамға 6000,0 мың.теңге.

Сүтті ешкі өсіруге – 1 адамға 1500,0 мың.теңге.

Жем өңдеуге – 1 адамға 3000,0 мың.теңге.

Шошқа өсіруге – 1 адамға 3000,0 мың.теңге.

Ұсақ мал өсіруге – 1 адамға 2000,0 мың.теңге.

Етті коян өсіруге – 1 адамға 1000,0 мың.теңге.

Дәмхана ашуға – 1 адамға 3000,0 мың.теңге.

Тұшпара цехын ашуға – 1 адамға 600,0 мың.теңге.

Кондитерлік өнім шығаруға – 1 адамға 3000,0 мың.теңге.

Қондитерлік өнімін тасылмалдауға–1 адамға 3000,0 мың.теңге.

Балалар ойын-сауық кешенін ашуға-1адамға 3000,0 мың.теңге.

Асыл тұқымды бұқа сатып алуға – 1 адамға 1500,0 мың.теңге.

Ара шаруашылығымен айналысуға 1 адамға 3000,0 мың.теңге.

Көліктерге қызмет көрсету кешенін ашуға-1 адамға 3000,0 мың.теңге.

Картоп салуға – 1 адамға 2000,0 мың.теңге.



«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының III – бағыты 2 – ші компоненті арқылы 2014 жылы 5 үй 10 пәтер қолданысқа берілді. Жалпы сомасы 72000,0 мың теңгені құрады. Үйлерді «Жарма Құрылыс Газ» ЖШС-гі жүзеге асырды. 9 жанұя Қалбатау ауылының тұрғындары, 1 жанұя Тарбағатай ауданынан қоныстанды.

Қалбатау ауылдық округі бойынша 2014 жылы тіркелген кәсіпорындар саны 39, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 28 оның ішінде тоқтап тұрған кәсіпорындар саны 11.



Меморандумдардың орындалуы туралы ақпарат. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын дамыту мақсатында 2014 жылы 59 бизнес субъектілерімен ( 3 кәсіпорын, 33 шаруа қожалықтары, 22 жеке кәсіпкер) жалпы құны 22725,0 мың теңгеге меморандумдар жасасты. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы жасасқан меморандумдардың сомасы 21 % - ға артты.

Оның ішінде: 1-4 сынып оқушыларын, аз қамтылған отбасылардың балаларын ыстық тамақпен қамтуға, автокөлік жолдарын қалыпта ұстауға және жөндеуге, округті көгалдандыру, қөркейтуге және санитарлық тазалық жұмыстары, тұрмыс деңгейі төмен жанұяларға көмек көрсету және мәдени спорт іс- шараларына.



Ауыл шаруашылық саласы. Қалбатау ауылдық округі бойынша 2015 жылдың 1 каңтарына мал басы, ірі қара – 7616 бас, қой -ешкі – 23538 бас, жылқы – 2451 бас, шошқа – 282 бас, құс – 6000, оның ішінде тауық – 4915 былтырғы жылдың деңгейінде сақталды. Мал өнімдері: сүт 2013 жылмен салыстырғанда 102%, жұмыртқа 109%, жүн 101%, ет 104% артты.

Мал шаруашылығы бойынша субсидия алуға округ бойынша 11826000 тенгеге құжат өткізілді. Жалпы округ бойынша 2013жылы 13 бас, 2014 жылы 8 бас барлығы 21 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынып, ірі қара малын асылдандырумен айналысуда. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Каримов Мағаз 7000000 теңге несие алып асыл тұқымды ірі қара малын сатып алды. «Жайлау» бағдарламасы бойынша С. Жылқышинов, Т. Касенов 100 бастан 200 бас қой алды. «Айтуған» ш/қ Кельденов Серғазы «Құлан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2 асыл тұқымды айғыр сатып алса қосымша 600 саулыққа 20 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды. «Сүлеймен» шаруа қожалығы жылқы малын асылдандыру үшін 2 асыл тұқымды айғыр сатып алды. Бүгінгі күні сүт тауарлы фермасын ашуды жоспарлауда. Ауыл тұрғындарынан сүт жинау пунктін ашу бүгінгі күн тәртібіндегі басты мәселе болғандықтан округ тұрғындарына келешекте сиыр сауып, сүт тапсырумен айналысуымыз керектігін ескерткім келеді. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша Турагулов Рамазан 5000000 теңгеге құжаттарын өткізді. Сапаров Қайрат малды қолдан ұрықтандырумен айналысады. Биылғы жылы 310 бас қолдан ұрықтандырылды.

Егін шаруашылығы бойынша 2014 жылы 984 га дәнді дақылды себіліп, орташа өнімділігі 9,1ц/га, соя 152 га,орташа өнімділігі 3,9 ц/га немесе 600 цент өнім жиналды. Картоп 115 га, 20700 цент жалпы өнім немесе 180 ц/га. Мектеп 5 га 900 центнер, халық 178 га 32500 центнер.

Қүнбағыс бойынша «Арго» шаруа қожалығы 850 га жерден 1275 центнер өнім жинады немесе әр гектарынан 1,5 центнер. Ал қалған шаруа қожалықтарынан 339 га жерден 950 центнер немесе орташа өнімділігі 2,8ц/га.Агротехникалық талаптардың сақталмағандығынан, өнім төмен алынып отыр, сол себебті бүгінгі заман талабы егін шарушылығына қатты көңіл бөлуді әсіресе суармалы жерлерді тиімді пайдалануды қажет етеді. Округ бойынша 210000 центнер шөп дайындалды (18580га) орташа өнімділігі 11,3 ц/га құрады.

Шаруа қожалықтары бойынша 3550га жер субсидияға жатып, төленгені 20535000 теңге.Элиталық тұқым үшін 320000 теңге гербицидке 27000 теңге.Барлығы 20882000 теңге.

Парктерін жаңарту мақсатында Шаруа қожалықтары 2014 жылы лизинг бағдарламасы бойынша 5 МТЗ -82 тракторын алды.

Атап айтсақ «Айдын» ш/қ 2 МТЗ-82 9240000 теңгеге, «Аман Есен» 1МТЗ-82 1 пресс 5141250 теңгеге, Кәуелхан Теңіз 1МТЗ-82 және Кун-10 3900000 теңгеге сатып алды. Барлығы 18281000 теңгенің техникасы алынды.

Алгоритм бойынша ақпарат. Қалбатау ауылдық округі бойынша, алгоритм шеңберінде 2014 жылы үйлерін жалға беріп отырған 15 жеке тұлға тізімделді , құны төмен бағаланған 525 тұрғын үй анықталып тізімі салық басқармасына қарауға жолданды. Жеке меншік үйлерге жүргізілген алгоритм бойынша 38 монша, 22 гараж, 15 ас үй, 4 мал қора анықталып айлық есебі жасалды. «Ерлан», «Арго», «Өр Алтай», «Мерей», «Ернат», «Сулеймен» шаруа қожалықтары бойынша - 26 жалдамалы жұмысшылар анықталып тізімі аудандық экономика және жоспарлау бөліміне тапсырылды. Округ бойынша 6 тіркелмеген оралман бауырластарымыздың мини – тракторы және 6 мотоцикл анықталып, құзыретті органдарға қажетті құжаттарымен жіберіліп тіркеуге тұрып, көлік салықтарын төледі.

Салықтың орындалу барысы туралы. Қалбатау ауылдық округі бойынша жергілікті салықтың барлық түрі бойынша 2014 жылғы болжам 19 млн.079 мың.теңге, орындалды – 19 млн 589мың теңге, яғни 102,7%, оның ішінде: мүлік салығының болжамы – 344мың. теңге, орындалысы – 344 мың теңге 100 % құрап отыр. Жер салығының жоспары – 735мың теңге, орындалысы – 735 мың теңге 100 % құрайды.

Көлік құралдар салығының жоспары –18млн теңге, орындалысы – 18млн511мың теңге, яғни 102,8 %.



Мәдени-спорттық іс-шаралар. Қалбатау ауылдық округі бойынша ақпарат топтары және қоғамдық ұйымдармен мәдени-спорттық іс-шаралар, діни бірлестіктермен жұмыстар жүргізілуде. Жастардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында әртүрлі іс-шаралар өткізіледі.

«Толағай», «Жігіт сұлтаны», «Киелі мұраға тағзым», «Өнерлі өрге жүзер», «Ұрпағымын ұлы елдің», «Біз салауатты өмір салты үшін», «Бақытты балалық шақ, «Мен – Отанымның болашағымын» атты жас ақындар мүшайрасы, Халықаралық балалар қорғау күніне байланысты Қалбатау аулының білім мекемелерінің арасында «Бақытты балалық шақ» атты акция жүргізілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне байланысты «Бұл біздің – Ту! Бұл біздің – Әнұран! Бұл біздің – Елтаңба!», «Нұрлы жол болашаққа бастар жол», «Белсенді жастар-2014» мерекелік іс-шара өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің тарапынан, Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының қолдауымен Қалбатау, Жанаөзен ауылдарында «Рухани керуен» атты ақция ұйымдастырылды.

Бұдан басқа тілді дамыту мақсатында «Тілдарын -2014» , «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» облыстық олимпиадалары, «Туған ел – алтын бесігім» атты жыр сайысы өтті.

Қалбатау ауылдық округінде ардагерлер қатарынан 18 адамнан құралған «Мұрагер» клубы жұмыс атқаруда. «Қайран елдер каһарман» ардагерлер конкурсына қатысып, айтыс жанрында Жарма ауданы бойынша 3 орынға ие болып, облыстық ардагерлер кеңесінің дипломымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Демеуші кәсіпкерлердің көмегімен 150 мың теңге сомасында сахналық киімдері тігілді. Жетекшісі ардагер ұстаз - Жумакулбаева Рыскен Балтабекқызы биылғы жылы концертпен Қапай Батыр, Шалабай, Ақжал ауылдарына барды. Алдағы уақытта Қапанбұлақ, Үшбиик аулдарына, Жарма кентіне және Қалбатау ауылының 3 мектебіне концерт қоюды жоспарлауда.

Аудан әкімінің жүлдесіне арналған ІХ халық спорт ойындарында округтер арасында Қалбатау ауылдық округі 1 орынға ие болды. Жастарға бос уақытында спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалуда. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жерлесіміз Даулет Болатұлы Тұрлыхановтың демеушілігімен 300 млн. теңгеге елімізде теңдесі жоқ спорт кешені салынды. Республикалық көлемде ауданымыздың орталығында Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдық мерей тойы аталып өтті.



Сенбілік жұмыстары. Округтің елді мекендерін көркейту, көгалдандыру деңгейін одан әрі арттыру және лайықты санитарлық жағдайын сақтау мақсатында үш айлық және бір айлық сенбілікке апта сайын еңбек ұжымдарының, жергілікті мемлекеттік мекемелердің, білім беру мекемелері мен қоғамдық жұмысшылардың қатысуымен бірыңғай экологиялық және санитарлық күндер өткізілді. Мемлекеттік және жеке мекемелердің аймақтары, қоғамдық пайдалану орындары қалыпқа келтіріліп, ұйымдастырылмаған қоқыс орындары тазартылды.

«Таза жағалау», «Таза шеңбер», «Таза ипподром», «Жасыл ел» акциялары аясында ауылымыздың санитарлық тазалық жағдайы қалыпқа келтіріліп, Ханым өзенінің және ипподромның маңайлары тазаланды. «Киелі мұраға - тағзым» акциясы негізінде Ортабұлақ ауылының жанында орналасқан Ер Жәнібек батырға арналған ескерткіштің маңайы тазартылып, қалыпқа келтірілді. Жасыл ел бағдарламасы аясында, көгалдандыру мақсатында Қалбатау ауылдық округіндегі мекемелердің ауласына және орталық саябақта «Саябақтар шеруі – 2014», «Бүкіл Қазақстандық орман отырғызу күні» акциялары және де басқа да іс-шаралар аясында 4100 түп тал егілді. Ауылымыздың гүлденген келбетін қалыпта ұстау мақсатында орталық саябаққа, Тәуелсіздік монументіне және мекемелердің алдына әртүрлі гүл көшеттері отырғызылды.

Әр көшеге жауапты мамандар тағайындалған көше төрайымдары, төрағаларымен бірлесіп әрбір тұрғындармен үйлерінің қашаларын жөңдеп, жаңартып, бояп, маңайларының тазалығын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ауылымыз аудан орталығы болғандықтан тұрғындарымыздан ауыл көркіне қатты мән беруді қажет етеді.

2014 жылдың қараша, желтоқсан айларынан бастап Қалбатау ауылында аппаттық жағдайдағы тоғайларды кесу жұмыстары жүргізілуде.



Құрылыс бойынша округімізде жылдан жылға қазіргі заман талабына сай жаңа нысандар, ғимараттар бой көтеріп, ауылымызға көрік беруде, биылғы жылы 27 тұрғын үй құрылысы, көлемі 12564м3, жалпы алаңы 3214,1м2, құны 195,4 млн теңге сомасына іске қосылды. Шағын және орта бизнес бойынша жеке кәсіпкерлердің өз қаражатымен құны 3 млн. теңгеге «Алинұр» азық-түлік дүкені (ЖК Кусаинова А), «Шарм» киім-кешек дүкені (ЖК Бедина И) 3 млн теңге сомасында іске қосылды.

Жолдарды жөндеу және абаттандыру жұмыстары. Қалбатау ауылдық округінің автокөлік жолдарын қалыпта ұстау үшін аудандық бюджеттен тұрғын-үй коммуналдық-шаруашылық бөлімі арқылы және мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржы бөлініп тиісті жұмыстар іске асырылуда. Округ бойынша қазіргі таңда Қалбатау ауылының Абай көшесіне 145 млн. теңгеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қалбатау ауылы ішіндегі көшелерге барлығы 33 млн. теңгеге Мердігер «Жарма тас жолы» ЖШС-гі арқылы ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жарықтандыру жұмыстары. «Аумақты дамыту » бағдарламасы аясында 2,5 млн тенгеге Қапай батыр ауылының орталық көшесі жарықтандырырылды.

Қалбатау ауылында орналасқан үш мектепке жарықтандыру бағаналарын орнату жұмыстары бойынша аудандық бюджеттен 3,176 мын.теңге бөлініп, мектеп айналасы жарықтандырылды.



Су жүйесі бойынша. Округте 4 елді мекен, оның ішінде Қалбатау ауылы орталықтандырылған су құбырымен қамтамасыз етілген. 214 үйге жеке су өлшегіш құралымен қосылған. Барлығы ауылда 144 колонка.Қалбатау ауылының Киселев көшесіне 12 млн тенгеге су құбыры тартылды. Қалбатау ауылының су құбырларына ағымды жөндеу жұмыстарына 12564,1 мың. теңге қаражат бөлініп, аталған жұмыстар толығымен жүргізілді.

Тұрғындар тарапынан суға жиналған қаражат мәселесі қиындық туғызуда. Арнайы Казпошта, банктерде есеп шоттар ашылған. Ең бастысы су құбырлары өтетін көше тұрғындары Жарма Су мекемесімен шартқа отырып, суға міндетті түрде төлеуі керек. Осы жайында көше тұрғындарымен жиындар өткізіліп, газет беттеріне мақалалар жарияланды. 1 адамға 60 теңге төленсе, жартысын мемлекет тарапынан субсидия төленеді. Бұл түскен қаражат су құбырларын жөндеуге,қалыпта ұстауға жұмсалатынын білесіздер. Сол себепті, сіздер тарапыңыздан түсіністікпен қарап, таза суға уақытында ай сайын төлеп отыруларыңызды сұраймыз.



Білім беру жүйесі бойынша. Білім беру және балаларды тәрбиелеу саласында округ әкімінің аппараты мектептермен тығыз қарым – қатынаста жұмыс істейді.Абай атындағы мектеп-гимназия ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл – 85,7 пайызды құраса, Гергиевка орта мектебі бойынша – 87,4 пайызды құрап, аудан бойынша алдыңғы мектептердің қатарынан көрінді. Маяковский атындағы орта мектебі бойынша орташа балл 73,4 пайызды құраса, К.Шакенов атындағы орта мектебі бойынша орташа балл – 75 пайызды құрады.Округ бойынша 80,4 пайызды құрады. Мектептерде жастардың бос уақыттары жоспар бойынша әр түрлі қызықты спорттық және патриоттық бағытта интелектуалдық топтардың қатысуымен өткізілді. Тұрмысы төмен отбасыларының балаларына «Мейірім» сауықтыру лагеріне жолдамалар беріліп, жазғы демалыстары 4-ауысымда өтсе, мектеп жанындағы лагерде 2–3 ауысымда ұйымдастырылды. Жиыны 1216 бала қамтылды.

Білім беру мекемелерінде бюджет қаражатына жүргізілген жұмыстар бойынша Абай атындағы мектеп-гимназия интернатына жарақтандыруға бөлінген 22.960 мың. теңгеге мердігер «Үміт-Семей» ЖШС-гі жөндеу жұмыстарын жүргізсе, қосымша Абай атындағы мектеп-гимназия интернат ғимаратының шатырын жөндеу үшін аудан бюджетінен 9,0 млн теңге қаражат бөлініп, мердігер «Үміт-Семей»ЖШС–гі арқылы жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Жанаөзен ауылының «Шакенов атындағы орта мектебі» КММ – не аудандық бюджеттен 7,5 млн теңге бөлініп, мердігер «КSMK» ЖШС-сі футбол алаңы салынып берілді.

Медицина бойынша. Аудандық орталық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 107,1 млн. теңге қаражат бөлініп, мамыр айынан бастап аурухананың күрделі жөндеу жұмыстары басталды. (кәріз жүйесі мен су құбырлары және аурухана төбесі жөнделіп Мердігер: «Өскемен Құрылыс» ЖШС-сі арқылы жөндеу жұмыстарының 100% жүзеге асырылды. 2014 жылдың есепті кезеңіне жалпы тіркелген өлім 73 оның ішінде қатерлі ісік ауруынан 17 өлім болса, қан жүйесі ауруынан - 7. Туберкулез ауруының белсенді түрімен 29 адам тіркелген, оның ішінде жаңадан ауырғандар саны – 13 адам, соның ішінде 1 жасөспірім бала. Ашық түрімен – 4 адам тіркеуге алынған. Әлеуметтік мәртебесіне қарай: 3 адам – жұмыспен қамтылған, 21 адам –жұмыссыз, оқушы – 1 адам, зейнеткер – 4 адам, 3 топ мүгедегі -1 адам. Профилактикалық өткізуден айқындалғаны – 7 адам, өздігінен қаранған – 6 адам. Жаңадан ауырған 13 адамның дем ағзалары туберкулезі 11 адам, оның ішінде бациллді – 4 адам.

Туберкулез ауруынан қайтыс болғандардың саны – 1 адам.

Ауру іздегенше ауырмаудың жолын ізде дегендей, алдын ала жылына бір рет рентген аппаратынан тексеруден өтіп тұруымыз қажет екендігін естен шығармауымыз керек.

Қылмыс бойынша. Жарма АІІБ-і кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшенің қызметкерлерімен кәмелетке толмағандар арасында, қызмет пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жоспарға сәйкес қажетті жұмыстар атқарылды.

Заңсыз қоқыстарды төккен 64 адамға 76000 тенге айыппұл салынды. Қылмыспен күрес және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 4 учаскелік полиция инспекторы, 5 педагогикалық патруль, ақсақалдар кеңесі, әйелдер кеңестерінің қатысуымен профилактикалық шаралар жүргізілуде.



Жалпы жыл басынан жеке және заңды тұлғалардан 326 өтініш түсіп, оның ішінде жер телімдерін сұрағандар бойынша 72, құрылыс салу жөнінен 107, тұрғындардың әр түрлі әлеуметтік жағдайлары туралы 106, басқада тұрмыстық жағдайлар жөнінде 38 өтініш түсіп, барлығына тиісті жауаптары берілді.

Қалбатау ауылдық

округінің әкімі С. Торғаев
жүктеу 131,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау