Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет66/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   96

200
екі  сөз  ұғымдық  көлемі  әр  басқа  екі  терминдік  ұғым  ретінде 
жұмсалады деп қабылданады. Бір ұғым үшін бірі қазақ тіліндегі, 
екіншісі  орыс  тіліндегі  баламасының  ілестірілуі  (мыс.,  нобай, 
макет;  рұқсатнама,  виза),  сондай-ақ  бірнеше  синонимдердің 
көрініс табуы (мыс., тұрақтану, негізделу, орналасу – дислокация 
деген  мағынада)  олардың  қай-қайсысын  да  жанр  түрлерінде, 
мәтіндерде қолдануға болады дегенді білдіреді. Дегенмен біз бұл 
арада терминді қалыптастырудың негізгі қағидаларына, терминдік 
жүйенің нормалық ұстанымдарына сүйене отырып, нақты бір ұғым 
үшін терминнің ұғымдық көлеміне толық сәйкес келетін, оны аша 
алатын  бір  ғана  баламаның  ұсынылуы  қазақ  терминжасамының 
қалыптасуы мен жетілуіне игі ықпал жасайтындығын, сонда ғана 
бекітілген  терминнің  қолданысқа  түсу  мүмкіндігі  артатындығын 
атап өтеміз.
Өзгетілдік ұғымдардың қазақша баламасының қолданысқа ену 
мүмкіндігіне барынша ықпал жасайтын жайттардың тағы бірі және 
ең маңыздысы – термин үшін іріктеліп алынған қазақ тілі сөзінің 
семантикасын терең ескеру. Нақты бір тілдік бірліктің негізгі және 
қосалқы мағыналары, стильдік реңктері, басқа сөздермен тіркесім 
жасай  алатын  қабілеттері  толық  назарға  алынған  жағдайда 
терминдік  мағына  иеленген  сөз  тіл  айналымына  қосыла  алады, 
ол  алдымен  жазба  мәтіндерде  жұмсалып,  қолданыс  жиілігі  арта 
түскен сайын узуал нормалық тұлғаға айналып, кейінірек ресми-
іскери  тілдік  қарым-қатынастың  ауызша  түрінде  де  игеріле 
бастайды. Қазақ әдеби тілінің лексикалық қорына соңғы жылдары 
қосылған  жаңа  қолданыстардың  қалыптасу  тарихына  осындай 
сипат тән. 
Әскери  іс  саласына  қатысты  аталымдардың  қайсыбіріне 
лексикографиялық  еңбектерде  нұсқалатын  семантикалық  анық-
тамасы арқылы талдау жасап көрелік. 
Семантикалық  анықтаманың  мақсаты  –  жаңа  ұғым  үшін 
игерілетін  сөздің  ұғымдық  көлемі  мен  мазмұнын  жалпыға 
таныс,  түсінікті  сөздер  арқылы  жеткізу.  Бұл  тұрғыдан 
қарағанда,  әрине,  семантикалық  анықтама  кез  келген  сөздің, 
терминнің  лексикалық  мағынасына,  оның  ішкі  семантикалық 
құрылымына тұспа-тұс келеді. Дей тұрсақ та сөз мағыналарының 
семантикалық  анықтамасында  адам,  ұжым  танып-білген  ақиқат 


201
дүниенің  құбылыстары  жинақталады.  Семантикалық  анықтама 
шоғырландыратын объективті мағыналық ақпарат алдымен адам 
санасында ұғым, түсінік, идея, белгілі бір заттың, құбылыстың ойда 
жасалған сызбасы, суреті түрінде қалыптасады. Айталық, Сөздікте 
кеудебелгі  (нагрудный  знак)  деген  термин  бар;  осы  аталыммен 
танысқан адам (бұл арада, сөз жоқ, нағыз тіл иесі (носитель языка 
дегенге балама ретінде алып отырмыз. Орыс тілінде бұл термин 
өз  ана  тілін  жетік  білетін,  ана  тілін  кезкелген  жағдаятта, 
ауызша  және  жазбаша  түрде,  әдеби  нормаларға  сәйкес,  еркін 
жұмсай  алатын  Адам  деген  сөз  –  А.А.))  кеуде  және  белгі  деген 
сөздерге  қатысты  сананың  ақпараттық  қорындағы  мәліметтерді 
дереу еске түсіре алады, одан әрі нормативтік, энциклопедиялық 
лексикографиялық еңбектерде берілген анықтамаларға сүйеніп, өз 
білімін нақтылай түседі. Осы қатарға әмір (команда), әміртыйым 
(вето),  бомбапана  (бомбоубежище)  деген  сөздерді  жатқызуға 
болады.  Алдыңғы  екі  термин  мағынасының  нақты  екендігін, 
терминдік  мағынаға  сәйкес  келе  алатындығын,  мәселен,  Қазақ 
тілінің  түсіндірме  сөздігінде  берілген  анықтама  бекіте  түседі
әміртыйым. Әмір-бұйрық, жарлық, үкім [90, II, 452-б.]; тыйым-
тежеу, тоқтам [90, IX, 359-б.].
Сөздіктен  бұлғақ  деген  терминді  кездестіреміз.  Ол  орыс 
тіліндегі шатун дегеннің қазақша баламасы ретінде Мемтерминком 
тарапынан  бекітілген  (орыс  тіліндегі  референциалды  мағынасы 
–  деталь  машины,  механизма,  соединяющая  поршень  с  валом 
двигателя и служащая для передачи движения во время работы) 
[91,  СРЯ,  ІV,  С.704].  Қазақ  тілі  бойынша  лексикографиялық 
еңбектер  жоғарыда  аталған  мағынаны  көрсетпейді,  бір  ғана 
санамалау,  констатациялау  тәсілімен  берілген  түсініктемемен 
шектеледі: Бұлғақ. Бұлғақ – бұлғаң – бұлғаң етушілік, теңселушілік 
[90, II, 519-б.]. Бұл ретте нағыз тіл иесі берілген сөздің мағынасын 
түсінуде,  оны  термин  ретінде  шапшаң  қабылдауда  біршама 
кібіртіктейді (жазба мәтінде, сөйлеу актісінде орысша баламасын 
пайдалануға  бейім  болатындығының  бір  себебі  осы).  Нағыз  тіл 
иесінің санасында көркем мәтіндегі коннотацияға ие қолданыстар 
(мыс., бойы бұлғаң…), сондай-ақ осы сөздің орыс тіліндегі ауыс 
мағынасы (тот, кто любит шататься) туралы ақпараты болғанда 
ғана  қазақша  баламаның  ұғымдық  көлемі  жағынан  сәйкестігі//


202
сәйкессіздігі  туралы  пікір  қалыптастыра  алады  (орыс  тіліндегі 
затты  атау  үшін  (машинаның  тетігін)  де  шатун  деген  сөздің 
қосымша коннотациясы алынған).
Сөз  тудырушы  қосымшалар  арқылы  жасалған  қазақ  тілі 
терминдері  де  назар  аудартады.  Бір  қарағанда,  бұл  топтағы 
терминдердің ұғымдық көлемі айқын, анық деп есептеуге болады. 
Дегенмен бұл арада да сөздер мен қосымшалардың мағыналары 
мен анықтамаларын нақтылай түсудің қажеттігі туады. 
Берілген  терминдердің  бірі  –  шолғын;  екіншісі  –  шолғыншы. 
Түбірі мен қосымшаларының нақтылығы арқылы (шолу – байқау, 
байқастау;  -  ғын  және  -шы  –  зат  есім  тудырушы  жұрнақтар) 
терминдік  мағынаны  қабылдауға  болады,  алайда  өзге  тілдегі 
терминдік  ұғымның  семантикалық  анықтамасын  талдау  арқылы 
мыналарды аңғарамыз: 
Сөздіктің  көрсетуі  бойынша,  шолғын  –  дозор,  шолғыншы 
–  дозорный.  Ал  орыс  тілінде  дозор  екі  түрлі  семантикалық 
анықтамамен  түсіндіріледі  :  1.  устар.  обход  для  осмотра.  2. 
небольшой отряд, высылаемый для охранения и разведки [91, СРЯ, 
ІV, С.418]. 
Көріп  отырғанымыздай,  шолғын  –  дозор  дегендердің  негізгі 
терминдік  ұғымдық  көлемі  субъектіге  қатысты;  ал  шолғыншы  – 
дозорный  –  предназначенный  для  дозора;  сторожевой  (Сонда). 
Түпнұсқа тілдегі терминнің анықтамасын егжей-тегжейлі келтіріп 
отырғанымыздың себебі – түбір сөз бен туынды сөздің терминдік 
ұғымының нақты еместігі. 
Сөз тудырушы қосымша арқылы жасалған, ал түбіріне терминдік 
мағына  үстемеленген  әскери  терминдердің  тағы  бір  тобының  да 
семантикалық  анықтамасын  айтуға  тура  келеді.  Сөздікте  -уыш 
қосымшасы  арқылы  жасалған  бірнеше  аталым  бар.  Бұл  қосымша 
құрал-сайман  атауын  жасайтын  жұрнақтар  қатарына  енеді  [92, 
129-б.]. Дәлел ретінде төмендегідей мысалдарды келтіруге болады: 
есептеуіш, санауыш, қырнауыш, су себелеуіш және т.б. 
Осыған байланысты Сөздікте берілген айдауыш – досылатель 
терминінің ұғымдық көлемі сәйкес келмейді деп танимыз; өйткені 
түпнұсқа тілдегі досылатель термині субъектіге қатысты (дослать 
– выслать, послать дополнительно; продвинуть до определенного 
места  (снаряд;  патрон)  [91,  СРЯ,  ІV,  С.435].  Осыдан  барып 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау