Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет51/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   96

154
сөздерінде мұндай сипат жоқ. Орысша А где выход? немесе А где 
вход? деп сұрасақ та, қазақша Кіру қайда? Шығу қайда? деп сұрай 
алмаймыз. Қазақ тілінің өз табиғаты мен нормалық қағидаларының 
сақталуы көзделсе, Кіретін есік. Шығатын есік болып жазылуы 
тиіс.
Құжаттарды  аудару  кезінде  синтаксистік  құбылыстарды 
жете  ескеруіміз  керек.  Орыс  тілі  мен  қазақ  тілінің  заңдылығы 
әртүрлі  болғандықтан,  сөйлем  құрылысы,  сөйлемдегі  сөздердің 
орын  тәртібі  бір-біріне  сай  келе  бермейді.  Қазақ  тілінде  әр 
сөйлем мүшесінің белгілі бір қалыпты орны бар. Интерференция 
құбылысының  негізгі  себебі  әртүрлі  жүйедегі  тілдердің  қатар 
қолданылуы болғандықтан, төмендегі мысалдан тілдік нормадан 
ауытқуды және қазақ тіліне аударылып отырған құрылымдардың 
түпнұсқа  тілінің  (бұл  жерде  орыс  тілінің)  ықпалына  түсуін 
байқауға  болады.  Түрлі  құжаттарда,  мәселен,  бұйрық  пен  өкім 
соңында төмендегідей сөздер жазылады:
ВНЕСЕНО: ___________ Учебно-методическое управление
СОГЛАСОВАНО: ________ Проректор по учебно-методической 
работе
Мұндай  құрылымдар  орыс  тілінің  синтаксистік  жүйесінің 
әсерінен қазақ тіліне қате аударылып жүр: 
ЕНГІЗІЛДІ: ______________ Оқу-әдістемелік басқарма 
КЕЛІСІЛДІ:____________  Оқу-әдістемелік  жұмыс  жөніндегі 
проректор
Сөз  тіркесі  мен  сөйлем  ішіндегі  сөздердің  орналасуының 
белгілі бір заңдылығы болады. Мысалы, қазақ тілінде сөйлемнің 
бастауышы,  негізінен,  бірінші  орында,  баяндауышы  сөйлем 
соңында,  анықтауышы  өзі  анықтайтын  сөзінің  алдында  келеді, 
толықтауыш пен пысықтауыш та баяндауыштан бұрын тұруы тиіс. 
Бірақ,  бұл  барлық  тілге  бірдей  ортақ  заңдылық  емес.  Мәселен, 
орыс тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі өзгеше. Сондықтан, 
жоғарыда  мысал  ретінде  келтірілген  құрылымда  сөздердің  орын 
тәртібі орыс тілінің заңдылығына емес, қазақ тілінің заңдылығына 
сүйене отырып, келесі ретпен берілуі тиіс:
Оқу-әдістемелік басқарма _____________ ЕНГІЗДІ
Оқу-әдістемелік  жұмыс  жөніндегі  проректормен  ––––– 
КЕЛІСІЛДІ


155
Амандық-саулық  сұрау  мен  құтты  болсын  айтуға  келгенде 
қазақ тілінен бай тіл жоқ шығар. Солай бола тұрса да орыс тілінің 
әсерімен жасалған таптаурын сөздерді қолдануға әуеспіз. Мысалы, 
Келуіңізбен! Табысыңызбен! Мерекеңізбен! дегендер орыс тілінде 
жылдар  бойы  қалыптасып,  олар  үшін  әбден  сіңісті  болған  С 
приездом!  С  успехом!  С  праздником!  сияқты  қолданыстардың 
аудармасы. Орыс тілінде бұл сөздерден кейін поздравляю, желаю 
сөздері  жазылмаса  да  білініп  тұрады.  Біз  Келуіңізбен  емес  Хош 
келіпсіз!  Табысыңызбен  емес  Табыстан  табысқа  жете  беріңіз! 
Мерекеңізбен  емес  Мейрамыңыз  құтты  болсын!  десек  айтуға 
немесе  жазуға  қаншалықты  қиындығы  бар.  Керісінше  алдыңғы 
нұсқаларымен  салыстырғанда  тыңдаушыға  да  жақсы  әсер  етіп, 
ұлттық  иісі  сезіліп  тұрары  анық.  Егер  дұрыс  қолдана  білсек 
қазақ  тілінде  құттықтау,  қуанышқа  ортақтасу,  жақсы  ниет-пейіл 
білдірудің бұдан басқа да әсерлі, ұтымды нұсқалары толып жатыр.
Ресми қарым-қатынаста дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білу үшін 
ресми  стильдік  элементтерді  бейтарап  стильдік  элементтерден 
ажырата білу, қазақ тіліндегі сөйлем құрылысының заңдылығын 
сақтау,  орфографиялық,  орфоэпиялық,  синтаксистік  норманы 
білу, қазақ тілінің табиғи қалпын сақтау қажет. Аудару барысында 
тілдік  интерференция,  бірінші  тілдің  екінші  тілге  тигізетін  кері 
әсері ескерілуі керек.
Ең  бастысы  ісқағаздарын  бірден  қазақ  тілінде  жазып,  қазақ 
тілінде жүргізуге көшуіміз керек. Аудармашылықпен айналысу тіл 
саясатын  жүргізудің,  ісқағаздарын  қазақша  жүргізудің  алғашқы 
кезеңіндегі ғана құбылыс болып қалу керек. 
2.5  Ресми  ісқағаздары  терминдерін  қалыптастырудағы 
аударманың ықпалы 
Қазақ  ісқағаздары  терминдерін  жасау,  қалыптастыру, 
жүйелеу,  реттеу  жұмыстарын  дұрыс  жолға  қою,  жалпы  даму 
бағытын  белгілеу  –  бүгінгі  күннің  ең  өзекті  мәселелерінің  бірі 
болып отыр. Соңғы он-он бес жыл көлемінде термин мәселесіне 
айрықша  көңіл  бөлініп,  тілші-ғалымдардың,  ісқағаздарын 
жүргізушілердің,  аудармашылардың,  жалпы  көпшіліктің  жаппай 
пікір  білдіріп  ат  салысып  жатқандығына  қарамастан,  қазақ 


156
ісқағаздары терминдерін қалыптастырудың өзіндік проблемалары 
аз  емес.  Қазақ  ісқағаздары  терминдерін  қалыптастыру  үшін 
термин  шығармашылығында  іске  қосылатын  амал-тәсілдер 
мен  пайдаланылатын  ішкі  мүмкіншіліктерді  айқындап,  өзіндік 
ерекшеліктерін көрсетудің маңызы ерекше. «Термин ең алдымен 
белгілі ғылым саласының ұғымдар жүйесінен туындайды. Ол осы 
құбылысты таңбалау үшін құрастырылған немесе сол жағдай үшін 
арнайы ойлап табылған шартты белгілер емес. Олар тілде бұрыннан 
бар белгілі бір мағынаға ие сөздер мен түбірлер негізінде пайда 
болады»,  -  деп  жазады  Ө.Айтбаев  «Қазақ  терминологиясының 
дамуы  мен  қалыптасуы»  атты  еңбегінде  [67,  10-б.].  Ғалым  өз 
еңбегінде  терминнің  басты  белгілері  дәлдік,  қысқалық  және 
жүйелілік  екендігін  атап  көрсете  отырып,  қысқа  әрі  ыңғайлы 
термин жасау үшін түркологияда, жалпы тіл білімінде қолданылып 
жүрген негізгі әдістерге тоқталады. Олардың негізгілері: термин 
құрауға  қатыстырылатын  кейбір  элементтерді  қысқарту,  термин 
құрамының  қайсыбірін  басқа  элементтермен  алмастыру,  термин 
құрамындағы  жеке  сөздерді  қосымшалармен  алмастыру,  бір 
синтаксистік конструкцияны екіншісімен ауыстыру.
Қазақ халқы өз даму тарихының әр кезеңінде түрлі елдермен 
араласып,  әртүрлі  қарым-қатынас  жасағаны  белгілі.  Бұл  қарым-
қатынас нәтижесінде қазақ тілінің сөздік құрамында бірқатар кірме 
сөздер  пайда  болды.  Олар  негізінен  VIII-XI  ғасырларда  ислам 
дінінің  енгізілуімен  байланысты  енген  араб-парсы  және  XVIII 
ғасырдан бастап Ресеймен арадағы қарым-қатынастың күшеюіне 
байланысты енген орыс сөздері. Араб-парсы тілінен енген сөздердің 
көпшілігі қазіргі кезде ана тілінің төл сөздеріндей болып, негізгі 
сөздік  қордан  түпкілікті  орын  теуіп  отыр.  Солардың  бірқатары 
ресми-ісқағаздар тілінде қолданылатын, жалпы халыққа түсінікті 
бола  отырып,  әлеуметтік  өмірдің,  шаруашылық  пен  өндірістің 
түрлі саласында жұмсалатын терминдер мен терминдік сипаты бар 
сөздер. Олар: нарық, қарыз, емтихан, ақпар, құн, қазына, жәрдем, 
жарнама,  хабар,  куә,  мөр,  саясат,  кеден,  өкімет,  өкіл,  құқық, 
әкім, мәртебе, азамат, айып, мырза, мекеме, мағлұмат, мәжіліс, 
мемлекет, бұқара, салтанат, абырой, әйел т.б. Қазір қолданыста 
жүрген іс қағаз атауларының бірқатары араб-парсы тілінен енген 
сөздерден  жасалған.  Мысалы,  арыз,  есеп,  ереже,  үкім,  өкім, 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау