164
байланыста өзгеріп, қалыптасып, дамып отырады. Себебі қоғамда
болып жатқан өзгеріс, жаңалық, соған байланысты туып жатқан
жаңа ұғымдардың тіл арқылы бейнеленіп отыратыны белгілі.
Ресми-ісқағаздары терминдерін жасауда қазақ тілінің сөзжасам
тәсілдері актив қызмет атқарады. Мәселен, ресми-ісқағаздар
тіліне қатысты кейбір терминдерді жасауда лексика-семантикалық
тәсіл, яғни, сөздердің мағыналарын тарылту немесе кеңейту
тәсілі қолданылады. Ал морфологиялық тәсілдің термин жасауда
қолданылатын басты құралы қосымшалар екені белгілі. Ресми-
ісқағаздар тілінде қолданылып жүрген термин сөздердің бірқатары
осы тәсіл арқылы яғни түрлі сөзтудырушы қосымшалардың
қызметі нәтижесінде пайда болған. Сөздерді біріктіру, тіркестіру
амалдары да ресми-ісқағаздар терминдерін қалыптастыруда актив
қызмет атқарып отыр. Ресми-ісқағаздары тілінде қолданылатын
терминдер мен стандарт тілдік бірліктердің көпшілігі калькалау
тәсілі арқылы жасалған. Өзге тілдегі терминдік ұғым мен
түсініктің идеясы мен мазмұнын ұлттық тілдің құралдары,
тәсілдері арқылы беру де іс қағаздар терминдерін жасауда өнімді
қызмет атқарған, қазір де қолданылып отыр. Ресми-ісқағаздары
терминдерінің де өзіндік қалыптасу, даму жолы, құрылымдық
модельдері мен жасалу тәсілдері, заңдылықтары бар. Бүгінгі қазақ
ресми-ісқағаздар терминдері әлі де толық қалыптасып, сараланып
біткен жоқ.
2.6 Ісқағаздарын аудару тәжірибесінен
Аударма қазақ тілін аударма тіліне айналдырғандығы туралы
пікір қазіргі қазақ тіл білімінде кеңінен тараған процеске айналып
отыр. Бұл пікір орынсыз да емес. Қазақ тілінің қажеттілікке
айналмауы, қазір де айналмай отыруы қазақ тіліндегі мәтіндерді
аударма түрінде қолданысқа енгізуге, пайдалануға мәжбүрлеп
отыр. Мемлекеттік тілдің аударма деңгейінде қолданыс табуы да
қолайсыздау әрі өзекті мәселелерінің ұшы-қиыры жоқ мәселе.
Қысқасы, қалай болғанда да, бүгінгі практика аударманы қажет
етуде. Қазақ тілі әзірге аударманың деңгейінде құжаттар мен басқа
да деңгейлерде көрініс табуда. Қанша айтсақ та, бүгінгі таңда
бұл процестен қашу тағы мүмкін болмай отыр. Оны мойындауға