93
Дуанбасының репликасы түпнұсқада алты сөзден тұрады.
Сөйлеушінің қобалжып, мазасы кетіп, өзін-өзі ұстай алмай
тұрғанын сөйлеп тұрғанында ентігіп, демін алғаны білдірсе,
жазбаша тілде көп нүкте білдіреді. Осындай эмоциялық халін
түпнұсқа да, аударма да, біріншіден, арнайы лексика арқылы,
екіншіден, сөйлемнің үзілуі мен сөздердің қалыптасқан белгілі
ретті бұзу арқылы жеткізеді. Түпнұсқадағы ‘необыкновенные’,
‘неестественной величины’ деген сөздердің бағалық семаларынан
гөрі көлем, өлшем семаларының басыңқы екені анық.
Аудармадағы бұл сөздер эквиваленттерінің бағалық семаларының
басыңқы екеніне көзіміз жетіп отыр: ‘необыкновенные’ – ‘түрі
жаман’, ‘неестественной величины’ –‘добалдай’. Осы бағалық
мағына эмоциялық семаларды тудырып, оқырманға (көрерменге)
аударманың эмоциялық әсері түпнұсқаға қарағанда әлдеқайда зор.
Осы тәсілді келесі сөздерді салыстырғанда да көреміз: түпнұсқада
нейтралды ‘снились’ болса, аудармада ‘түсімнен кетсінші’
деп сөйлеушінің мазасызданып тұрғанын білдіреді. Сонымен,
аударманың эмоционалды-экспрессивті реңінің күшеюінде күмән
жоқ. Нейтралды ‘снились’ сөзіне аудармада ‘қайта-қайта’,
‘үнемі’ сияқты ұзақ мерзім мен қайталану семалар қосылған
‘түсімнен кетсінші’ деген перифраза сәйкестендірілген. Әрине,
М.О.Әуезовтің аудармашы шеберлігін үңіліп зерттеу әлде де талай
нәтижелерге әкеліп, толғандырады, үлгі болып ой салады.
Қорыта келгенде, ілеспе аударма – аударма түрлерінің ішінде
ең күрделі екенін мойындай отырып, ол салада айтарлықтай
жетістіктерге жету жолында аударма ісінде жиі қолданылатын
тәсілдерді игеріп алудың қажет екені анық. Онсыз ілеспе аударма
емес, аударманың қайсысы болса да ұстатпайтын тоты құстай болуы
мәлім. Аударма дағдылары қалыптасып, екі тілдің сөз байлығы,
идиома мен паремияларының сәйкестіктері жадында шұғыл пайда
болып, екі тілде де шебер және жылдам шешім қабылдап сөйлейтін
маман ілеспе аудармада жетістіктерге жететініне әбден сенеміз.
1.4.1 Автоматты (машиналық) аударма
Машиналық аударма жүйелері кибернетикалық модель
жасау аясына қатысты болуы себепті шет тіліндегі мәтінді ана
94
тіліне және керісінше аудару тұсындағы адамның тілдік әрекеті
арқылы іске асады. Сондықтан аударма ісі электронды-есептеу
машиналарының (ЭЕМ) көмегімен аудармашы әрекетін қайталауға
бағытталады.
Аудармашының тілдік әрекетінің, яғни сөйлеу-ойлау қызметінің
моделін машиналық аударма жүйесі арқылы жүзеге асыру екі түрлі
таптастыру параметрлері бойынша анықталады:
– автоматтандыру дәрежесі, яғни компьютерге жүктелетін
жұмыстың нақты көлемі. Мұнда мынадай жағдаяттарды айырып
қарастыру керек [19, 3-б.]:
1) аударма жұмысы толығымен немесе толыққа жуық ЭЕМ
арқылы орындалады;
2) аударма жұмысын аудармашы атқарады да, ал ЭЕМ жәрдемші
рөлін атқарады (мысалы, қажетті сөздің аудармасын сөздіктен
тауып алу жұмысында).
– аудармашы адамды қатыстыру стратегиясы, яғни аударма
жұмысының негізгі бөлігі компьютер арқылы орындалады да, ал
аудармашы аударылған мәтінді өңдеуге, яғни аудару кезінің әр
тұстарында (басында, ортасында, аяғында) редакциялық жұмысқа
қатынасады [20, 12-13-бб.].
Аудармашының сөйлеу әрекетінің ерекшелігі мынаған саяды:
бастапқы нысан ретінде бір тілдегі мәтін алынады да, ал тілдік
қызметтің нәтижесі ретінде – мағыналық жағынан аударылуға
тиісті мәтінге барабар, басқа тілдегі мәтін болып табылады.
Басқаша айтқанда, аталған нәтиже міндетті түрде мәтін түрінде
ұсынылуы қажет.
Аталған ерекшелік автоматты аудармаға белгілі принциптік
құрылымды сақтауды міндеттейді. Төменде ондай құрылым
мүмкіндігінің ең жақсы деген (идеалды) көрінісі берілді.
«Х» тіліне талдау жүргізу мен оны өзгертудің мақсаты – «Х»
тілінің сөздігі, грамматикасы және қолдану ережелері негізінде
«Х» тіліндегі мәтіннің мазмұнын ашу. Ал «Ү» тіліне жинақтау
әдісін қолдануды – «Ү» тіліндегі шығару мәтінін құрастыру
(немесе оны синтездеу) деп атайды. «Ү» тіліндігі мән-мағына сол
тілдің сөздігі мен грамматикасы негізінде ашылады.
ЭЕМ-сыз дәстүрлі аудармашының мәтінді аудару кезіндегі
талдау мен жинақтау компоненттерінің орын алуы айқын түрде
95
байқалмағанымен, автоматты аударма жасау процесінде ондай
тәсіл бөліктері міндетті түрде орын алуы қажет.
АНАЛИЗ СИНТЕЗ
(талдау) (жинақтау)
«Х»-ті өзгерту «Ү»-ті өзгерту
Сызба. Автоматты аударма процесінің
идеалдық құрылымы
Ал сызбадағы «өзгерту» топтамасының қажеттілігі ең
қарапайым жағдайда да айқын байқалады. Мысалы, аударуға
қажетті «Х» тілінің сөздік бірлігі мағыналық жағынан екінші тілдің
(«Ү») сөздік бірлігімен және екі тілдің («Х» пен «Ү») синтаксистік
құрылымдары да бір-бірімен сәйкес келіп тұрған жағдайда да
(тіпті сөздердің орналасу тәртібіне дейін) тиісті өзгерістердің
жасалатыны белгілі. Негізінен алғанда, сөздердің грамматикалық
тұлғалары мен аударма баламасының сөйлем ішінде дұрыс
орналасу тәртібі өзгертуді қажет етеді.
Бірақ жоғарыда қарастырылған жайт идеалды жағдаятына
сай және тілдің шектеулі сөздік бөлігі мен синтаксисіне тән
Ауызша аударма
Жазбаша аударма
Ілеспе аударма
Ізбе-із аударма
Көркем аударма
Аөпараттыө аударма
Параөтан аудару
Абзацты-фразалы аударма
«Х» тіліндегі
бастапқы мәтін
«Ү» тіліндегі
нәтижелік мәтін
«Х» тілініө ішкі тілдік
көрінісіндегі мөтін
«Ү» тілінің ішкі тілдік
көрінісіндегі мәтін
Мәтіннің мән-мағынасы
(мазмұны)
Достарыңызбен бөлісу: |